Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 16:17, реферат
Қазiргi қоғамның демократиялық қайта құрылуы жағдайында ойдан кейбiр құндылықтарды шығару мен асыра бағалаудың қажетi жоқ. Әлеуметтiк дамуды адамнан тыс қарау, оны iзгiлiктiң түп қазығынан айыру деген сөз. Дүниеге көзқарастың тек осындай мағынасында ғана, iзгiлiк қазiргi қоғам дамуының ғаламдық беталысын көрсетедi. Ал жалпыадамзаттық құндылықтар: шығармашылық, дербестiк, өзiндiк ерекшелiк, өзгенiң көзқарасын құрметтеу және т.б. рухани құндылықтар мағынасына ие болады. Қазiргi елiмiздiң дамуының өзгеше ерекшелiктерiнiң бiрi, оның болашаққа ұмтылысы болып табылады. Бұл жерде адамгершiлiк, iзгiлiк мұраттарын, әдетте экономикалық табыстармен байланыстыратын алыстағы болашаққа қалдыруға болмайды. Iзгiлiк өмiрден тыс қаралмайды.
Қазiргi қоғамның демократиялық қайта құрылуы жағдайында ойдан кейбiр құндылықтарды шығару мен асыра бағалаудың қажетi жоқ. Әлеуметтiк дамуды адамнан тыс қарау, оны iзгiлiктiң түп қазығынан айыру деген сөз. Дүниеге көзқарастың тек осындай мағынасында ғана, iзгiлiк қазiргi қоғам дамуының ғаламдық беталысын көрсетедi. Ал жалпыадамзаттық құндылықтар: шығармашылық, дербестiк, өзiндiк ерекшелiк, өзгенiң көзқарасын құрметтеу және т.б. рухани құндылықтар мағынасына ие болады. Қазiргi елiмiздiң дамуының өзгеше ерекшелiктерiнiң бiрi, оның болашаққа ұмтылысы болып табылады. Бұл жерде адамгершiлiк, iзгiлiк мұраттарын, әдетте экономикалық табыстармен байланыстыратын алыстағы болашаққа қалдыруға болмайды. Iзгiлiк өмiрден тыс қаралмайды. Әлеуметтiк дамудың процесi шын мәнiнде осы бастаулардың өсуi мен пiсiп жетiлуi олай болмағанда, адамзат прогресi туралы сөз етудiң мәнi жоқ. Елiмiздегi демократиялық процестердiң дамуына байланысты үйлесiмдi дамыған, әлеуметтiк белсендi, өз бетiмен шешiм қабылдайтын және оларды iске асыра алатын "шығармашылық тұлғаға" сұраныс туып отыр. Бүгiнгi күнi, жеке тұлғаны дамытудың мазмұны мен түрiне әлеуметтiк, экономикалық мәселелердiң шешiмi, адамның қауiпсiздiгi де тәуелдi деуге болады. Демек қазiргi заманның өзектi мәселелерiнiң бiрi адамның үйлесiмдi дамуы, оның iзгiлiкке бағыты, психологиялық жай-күйiнiң қорғалуы. Бұл мәселелердiң шешiмiн табуы бiлiм беру деңгейiмен де байланысты.
Ізгілік (латынша Нumanitas — адам табиғаты) — адамның еркін ойлауының әр түрлі көріністерімен байланысты; оған сәйкес еркіндікті, адамның индивидуалдық дамуын уағыздайды.[1] Қоғамдық жағдайы мен өзінің шығармашылық күштерін еркін дамытатын жеке бас құқығына тәуелсіз түрде, адамның құндылығын, адамдардын арасындағы тендік, әділеттілік, адамгершілік қатынастарды қуаттайтын көзқарастар мен идеялар жиынтығы.
«Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.
Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдарың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы «қоғам» ұғымын зерттейді.
Көп уақытқа деін «мемлекет» және «қоғам» ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын «қоғам» ұғымынан айырып қарау үшін «stato» деген ернайы термин енгізді.
Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді.
«Мемлекет», «қоғам», «ел» деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атаулардың жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам – бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынас болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет – со қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория.
Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанмен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар.
Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді.
Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастанқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.
Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір-біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.
Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам-адамдар арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым-қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) менқұндылықтар болып табылады деген.
Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді.
Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі – қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл – қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады.
Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама бере керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын , өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.
Жекелеген адамдар және адам топтарының арасында болатын байланыстар, қарым-қатынастар және өзара ықпалдасу тұрақты сипатта болады және тарихи дамып, бір ұрпақтан екінші бір ұрпаққа ауысып отырады.
Әлеуметтік байланыстар – фактілердің жиынтығы. Ол белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының арасында нақты бір уақытта бірлесе қызмет ету нәтижесінде пайда болады. Ол байланыстар объективтік қажеттіліктен туындайды және белгілі бір мақсатты көздейді.
Әлеуметтік өзара ықпалдасу – бұл да жеке адамдар мен адам топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал етулерінің нәтижесіде пайда болатын процестер. Күнделікті өмірде адамдар өздерінің іс-әрекеттері арқылы басқаларға әсер етеді. Соның нәтижесінде шағын топтарда немесе тұтас қоғамда өзгерістер болып отырады.
Әлеуметтік қарым-қатынастар – адамдар және топтар арасында болатын салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстар. Кез келген адам өз өмірінде сан қилы қатынастраға түседі. Мәселен, өзінің отбасымен, туған-туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбылармен – достық, жолдастық қатынаста; өндірісте – еңбек қатынасында; билік орындарымен – саяси қатынас орнатады.
Сонымен, қоғамның тұтастығын осы жоғарыда айтылған әлеуметтік мәні бар байланыстар, қарым-қатынастар және адамдардың өзара әсерлесуі қамтамасыз етеді. Бұлар жеке тұлғалардан жоғары тұрады. Өйткені қоғамның әрбір адамға қарағанда бастапқылық сипаты бар. Адам өз өмірін бастағанда әлгі айтылған әлеуметтік қарым-қатынастар мен байланыстарға тап болады. Өзінің әлеуметтенуінің барысында адам оларға араласады.
Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.
Кооридинация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір-бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.
Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызы орын алатындығы баршамызға мәлім.
Әлеуметтануда
қоғамға жүйе тұрғысынан қарау детерминистік
көзқараспен толықтырылады. Бұл теория
марксизмде айқын көрініс тапқан. Маркстік
ілім бойынша, қоғамның өзі экономикалық,
саяси, әлеуметтік және идеологиялық деген
жүйелерге жіктеледі. Олардың арақатынасы
себеп-салдарлық байланысқа негізделген.
Яғни, әр жүйе өз алдына жеке дара емес,
керісінше, басқалармен өзара тығыз байланыста
болады. Марксизм бұл жүйелердің ішінде
экономикалық жүйеге басты орын береді.
өйткені экономикалық жүйенің негізінде
материалдық игіліктер өндірісі қоғам
мүшелерін өмір сүруге қажетті алғышарттармен
қамтамасыз етеді. Бұл аталған жүйе қоғамның
негізі болып саналады және әлеуметтік,
саяси, идеологиялық салалармен өзара
тығыз байланыста болады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Бейсенов Қ.Ж. Қазақ топырағында қалыптасқан
ғақмиятты ой кешу үрдістері – А.: 1994
2. Алтаев Ж. Философия және мәдениеттану:
оқу құралы – 2-ші басылымы – А.: 2001 – 272
б.
3. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында – Алматы
4. Нұрпейіс К. «Ұлттық рух» //Ақиқат, 2000,
№ 10, 3-9 б.
5. Қысқаша философия тарихы – А.: 1999 –
272 б.
6. ХХІ ғ. Ұлттық философияның көкжиегі
көріне ме? //Ақиқат, 1998, №11, 12-20 б.
7. Орынбеков М. Ежелгі қазақтың дүниетанымы
– А.: 1996, 168 б.
8. Өмірәлиев Қ. VІІІ – XII ғ. Көне түрік әдеби
ескерткіштері – А.: 1985
9. Тұрғынбаев Ә.Х. Философия тарихы – А.:
2001 – 378 б.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Қарағанды Банковский
колледжі
Реферат
Тақырыбы:Ізгілікті
қоғам
Қарағанды – 2011ж