Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2011 в 16:17, реферат
Қазiргi қоғамның демократиялық қайта құрылуы жағдайында ойдан кейбiр құндылықтарды шығару мен асыра бағалаудың қажетi жоқ. Әлеуметтiк дамуды адамнан тыс қарау, оны iзгiлiктiң түп қазығынан айыру деген сөз. Дүниеге көзқарастың тек осындай мағынасында ғана, iзгiлiк қазiргi қоғам дамуының ғаламдық беталысын көрсетедi. Ал жалпыадамзаттық құндылықтар: шығармашылық, дербестiк, өзiндiк ерекшелiк, өзгенiң көзқарасын құрметтеу және т.б. рухани құндылықтар мағынасына ие болады. Қазiргi елiмiздiң дамуының өзгеше ерекшелiктерiнiң бiрi, оның болашаққа ұмтылысы болып табылады. Бұл жерде адамгершiлiк, iзгiлiк мұраттарын, әдетте экономикалық табыстармен байланыстыратын алыстағы болашаққа қалдыруға болмайды. Iзгiлiк өмiрден тыс қаралмайды.