Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:59, реферат
Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық» термині қолданылады (латын тілінен аударғанда «deviatio» -ауытқушылық). Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары.
Жасөспірімдердің тәрбиесі мен дамуындағы мінез- құлық
ауытқушылықтар және оларды жою және алдын алу жолдары
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
п.ғ.к. Шағырбаева М.Д.
Балалардың мінез-құлық
ауытқуларын сипаттауда қазіргі
заманғы педагогикалық-
Нормалардың реттеуші ықпалы-олардың мінез-құлықтың түрлерін, шарттарын, шекарасын ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге, қарым-қатынас шарттарын, мақсаттары мен құралдарын жасайтындығында.
Әдетте, қабылданған нормаларды
бұзу-қоғамның әлеуметтік топтары мен
институционалдық формалары тұрғысынан
осы ауытқуларды жою
Психологияда «қылық»- адамның
рухани-адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы
және сол тұрғыда оның өзге адамдарға,
өзіне, қоғамға және қоршаған табиғатқа
деген қарым-қатынасын
Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім –тәрбиелік идеялар қазақтың халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашғари, Ахмет Иассауи еңбектерінде, қазақ ақын-жыраулары Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы т.б. мұраларынан да елеулі орын алған.
Мінез –құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ұғым бастапқыда ғылымда емес, күнделікті өмірде қолданып жүрді. Біраз уақытқа ұмытылып, XX ғасырдың 50-60 жылдарында қайтадан қолданысқа енді. Алғашқылардың бірі болып бұл салада зерттеу жүргізгендердің бірі - П.П. Бельский. Проблеманы алғаш болып көтерген белгілі Ресей педагогы П.П. Блонский. Ғалым қиын балалардың жеке басылық ерекшеліктерінің өмір жағдайларымен, тәрбиемен өзара әрекеттестігін есепке алып, кешенді түрде зерттеулер жүргізіп, оны тәжірибеде қолдану жолдарын анықтады.
Ал, А.С. Макаренконың бұл мәселеге арналған еңбектері педагогика ғылымының алтын қорына енді.
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық әсерін Т.В. Лодкина, А.В. Захаров, В.С. Мухина, З. Матвейчик, Е.О. Смирновалар атап көрсеткен.
Белгілі психолог ғалым Б.Г. Ананьев тұлғаның мінез-құлқының деңгейіне және күрделілігіне қарамастан, оларда:
· Адамдар туралы ақпарат пен тұлғаралық қарым-қатынас арасында;
· Адамның қарым-қатынас процесіндегі қылықтарын өздігінен реттеуі мен коммуникация арасындағы;
· Тұлғаның өзіндік ішкі әлемін өзгертуі сияқты қарым-қатынастар түрлері болатындығын дәлелдейді.
Бұларда балалар мінез құлқындағы ауытқушылықтарды бағалау мен сипаттауда және олардың себептері мен жою шарттарын анықтауда есте -ұстау қажет.
Девиантты мінез-құлықты кең және тар мағыналарында қарастырады. Кең мағынадағы девианттық мінез-құлық деп–қоғамдағы қабылданған нормалар мен әлеуметтік стереотиптерге сай келмейтін кез-келген іс қимылды айтамыз. Бұл жағдайдағы девиацияны жағымды және жағымсыз деп екі түрге бөлуге болады.
Жағымды девиантты мінез-құлық – бұл көпшілік әдеттен тыс, таңғаларлық деп қабылдаса, кейбіреулер теріс деп қарамайтын құбылыстар болуы мүмкін. Бұлар-ерлік, өзін-өзі құрбандыққа шалу, біреуге шектен тыс берілу, біреуді шамадан тыс аяу т.б. көріністер болуы мүмкін.
Жағымсыз (негатив) девиация, керісінше, көп адамдарды мақұлдамау, жек көру сезімдерін туғызатын мінез-құлық ауытқушылықтары. Мысалы, терроризм, вандализм, ұрлық, сатқындық, жануарға қатыгездік жасау т.б.
Тар мағынасындағы девианттық
мінез-құлық дегеніміз жалпы
Сонымен, девианттық мінез-құлық
–кез келген қоғамдағы қабылданған
әлеуметтік мінез-құлық нормаларына
қарама-қайшы келетін қылықтар жүйесі.
Бүгінгі таңда девиантты мінез-
XIX ғасырдың аяғы мен
XX ғасырдың басында девиацияның
биологиялық және
Девиациялық концепциялар.
Түсіндіру тұрғысындағы девиация |
Теория |
Автор |
Жетекші идея |
1 |
2 |
3 |
4 |
Биологиялық |
Қылмыстық бағыныштылықпен Байланысқан физикалық белгілер
Девианттар арасында жиі кездесетін дене бітімінің ерекшеліктері |
Ч. Ломброзо
У.Х. Шелдон |
Дене бітімінің Физикалы0 ерекшеліктері девиациясының себебіне айналады |
Психологиялық |
Психоаналитикалық теория |
З. Фрейд |
Тұлғаға тән қақтығыстық жағдайлар девиацияны тудырады |
Әлеуметтік |
Аномия
Әлеуметтік дезорганизация
Мәдениеттанушылық теориялар
Стигмеотизация теориясы
Радикалды криминология
|
Э. Дюркгейм
Шоу Маккей
Селлин, Миллер, Сутерленд, Клауорди, Оулин Беккер
Турк, Квинни, Тэйлор, Уолтон Янг |
Девиация әлеуметтік нормалардан ауытқу салдарынан туындайды. Көп жағдайда девиация мәдениет құндылықтарының, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың бұзылуынан, әлсізденуінен қарама-қайшы жағдайға түскендігінен пайда болады. Девиацияның пайда болу себебі, субкультура мен мемлекеттік нормалар арасындағы конфликтілер Девиация билігі бар топтардың барынша аз қорғалған топтардың мінез құлықтарына қоятын таңба тәрізді. Девиация капиталистік қоғамның нормаларына қарсы әрекеттің нәтижесі болып табылады. |
Девиантты мінез- құлық үлкен екі категорияға бөлінеді. Біріншіден, ашық немес жабық психопатологиясы бар, психикалық саулық нормасынан ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл әрекет еленбейтін болса, оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай және оларды жазаланатын болса-қылмыс деп атайды. Жастар арасында соңғы жылдары тәртіп бұзушылық, нашақорлық, ұрлық жасаушылық, ішімдікке салынушылық, жезөкшелік кең орын алуда. Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік, сезімтал. Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын (теледидар, түрлі түсті бейресми журналдар, т.б.) көргендерін тез қабылдайды. Міне, сондықтанда алған ақпарат пен телехабарла беріліп тұратынқылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер жастарды қатыгездік пен жүгенсіздікке ұрындыруда.
Қоғамның басқа топтарына
қарағанда девианттық мінез-құлық
жасөспірімдерде көбірек
Неліктен жасөспірім шақ қауіп тудыратын шақтар?
Біріншіден, психогармоналды процестерден басталып, Мен концепциясының бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтар әсер етеді. Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден, әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылуына байланысты туындаған қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері қалыптасып үлгермеген.
Жүргізілген зерттеулер бойынша жасөсіпірдерде девиантты мінез- құлықпен (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді жасау, есірткіні қолдану, ішімдік, басқыншылық мінез-құлқы, суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл байланыс немен түсіндіріледі.
Ғылыми әдебиеттерде осыған байланысты 4 басты гипотеза бар:
1. Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлаудың төмендеуіне септігін тигізеді. Себебі, соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның ойларын бөледі, сонымен қоса өзін де.
2. Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік қабылдау әдістерін тапқысы келеді.
3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе, төменгі бастамалы өзін құрметтеу девиантты мінез-құлықтың жоғарлануына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсе етеді.
4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін әсерін береді.
Статистикалық зерттеулерге
қарағанда жасы толмаған құқық бұзушылардың
44 пайызы сәтсіз отбасында тәрбиеленгендер.
Ғалым
А.Е. Личко отбасының сәтті дәрежесін талдай
келіп, жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп
көрсетеді:
1.Отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека) баланың ішкі өмірінің көріністерінен (оның ойлануына, сезіміне, мінез-құлқына) отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің болуы;
2. Немқұрайлық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз қалуы.
Ресейлік ғалым Я. Гилинский девиацияның шығу көзі деп-қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті атайды. Девиация сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, мәдени және т.б. факторларға байланысты келеді.
Бұл проблема, әсіресе, өтпелі
кезеңдерде күшейе түседі, себебі, бұл
кезде қоғам өмірінің барлық салалары
түбегейлі өзгерістерге түсіп, бұрынғы
мінез-құлық ережелері қайта
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды байқаймыз, яғни, объективтік және субъективтік факторлар. Объективті себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Объективті немесе сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлықының қалыптасуына әсер етеді. Төмендегі сандар жиынтығынан девианттық іс-әрекеттердің бір қырынан динамикасын көруге болады:
3. Бейнесіне жасалуы, барлық
уақытта баланың ниетіне
4. Отбасында «күл қызының»
пайда болуы-бұл ата-ананың
Деликвенттік жасөспірімнің
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін мына жағдайларды көрсетуге болады:
-жиі болатын ата-аналар арасындағы ұрыс-жан-жалдар;
-ата-аналардың бірін-бірі және балаларын сыйламауы;
-балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
-жасөспірімдердің пікірін елемеу;