Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 14:59, реферат
Балалардың мінез-құлық ауытқуларын сипаттауда қазіргі заманғы педагогикалық-психологиялық әдебиетте «девианттық мінез-құлық» термині қолданылады (латын тілінен аударғанда «deviatio» -ауытқушылық). Девианттық мінез-құлық –қалыптан ауытқушылық және ол адамның қоғам мен әлеуметтік топта қабылданған өзін-өзі ұстау нормалары мен ережелеріне сай келмейтін іс-әрекеттері мен қылықтары.
-ата-аналардың тиісті жылаулықты бере алмауы;
-балалардың ар- намысына тию;
-тәрбие жүйесінің сапасыздығы.
Қорыта келгенде, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шырмай, әрбір отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес, баланы дүниеге әкеле алдында тәрбиеге мән берсе дұрыс болар еді.
Резюме: В статье рассматриваются проблемы девиантного поведения, профилактика и предотвращение девиации в воспитании подростков, а такде дано опреденление понятия «девиантное поведение» и причины проявления девиантного поведения у подрастающего поколения. А также представлены социальные, психологические, биологические подходы девиационных концепции различных авторов.
Summary: This paper discusses the problem of deviant behavior, prevention, and prevention of deviation in the education of adolescents, takde opredenlenie given the term "deviant behavior" and cause manifestations of deviant behavior among the younger generation. Also represented the social, psychological and biological approaches compass deviation concepts of different authors.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
А. Айтбаева. Әлеуметтік педагогика негіздері. Алматы, 2011
Уикипедия жобасынан алынған мәлімет
Девиантты мінез-құлық ( лат. deviatio - ауытқу) - жалпыға ортақ ережелерден ауытқитын әлеуметтік іс-әрекет, осы ережелерді бұзатын адамдар мен әлеуметтік топтардың қылықтары; қабылданған құқықтық немесе моральдық нормаларды бұзған адамның мінез-кұлқы.[1]
Кең мағынасында девиантты мінез-құлық кез келген әлеуметтік ережелерден (мысалы, оның ішінде жағымды: батырлық, аса еңбек-қорлық, альтруизм, өзін құрбан ету, аса үлкен рөл ойнау, жетістіктермен қатар, жағымсыз: қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзу, адамгершілік ережелерін, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды аттап өту, өзіне-өзі қол жұмсау және т.б.) ауыт- қушылықты білдіреді.
Ал, тар мағынасында қалыптасқан құқықтық және өнегелік ережелерді тек белінен басып, аттап өту деп түсініледі. Мүндайдевиантты мінез-құлық әлеуметтік өмірді ыдыратып, әлеуметтік аномияға әкеп соқтырады. Ол конформизмге қарама-қарсы. Девиантты мінез-құлық әлеуметтік себептері қоғамның мәдени құндылықтары мен оларға қол жет- кізудің әлеуметтік қолдау тапқан құралдарының арасындағы алшақтықта (Р.Мертон), әлеуметтік құндылықтардың, ережелердің, қатынастардың әлсіздігі мен қарама-қайшылықтығында (Э.Дюркгейм). Девиантты мінез-құлыққа жауап ретінде қоғам немесе әлеуметтік топ арнайы әлеуметтік санкциялар қолданып, өз мүшелерін ондай қылықтары үшін жазалайды.[2]
Девианттық мінез-құлық әлеумет
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, дем
Девиацияның негативті формалары
әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсиком
Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді. Біріншілері оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:
Үшіншілері оларды негізгі
бес факторға бөліп қарастырады. Оларды жекеше қарастыратын
болсақ:
1. Биологиялық
факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне
кедергі жасайтын физиологиялық және ан
Бұлардың бәрі адамның
қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген
жағымсыз қарым-қатынасын тудырады,
ал балалар болса, өзіндік сезім
мен танымдық деңгейіне байланысты,
құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін
сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.
2. Психологиялық
факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің
басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар
жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда,
неврастенияда т.б. көрінеді. Акцентуациялық
сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң,
дөрекі болады. Оларға міндетті түрде
әлеуметтік-медициналық реабилитация,
сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған
тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек. Баланың
әрбір даму сатысында, олардың психикалық
қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері
қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында
әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе
керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі
мүмкін. Егер, балаға ата-ананың жылуы,
махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол
ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену
- невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен
қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық)
тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық,
психикалық аурулар және психологиялық
патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың
пайда болуына жол ашады. Егер, балада
адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса,
онда, ол пайдакүнемдік, қанағатсызды
3. Әлеуметтік-педагогикалық
факторлар. Олар мектептік, отбасылық,
қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде,
баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты.
Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы
жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына
және бағаларға парықсыз қарайтындар.
Бұның бәрі баланың оқудағы бейімсіздігін
көрсетеді. Оқушының оқудағы бейімсіздігінің
(дезадаптация) қалыптасуы мынадай сатылардан
өтеді:
Баланың психоәлеуметтік
дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі
факторы - ата-ана. Баланың бойындағы
асоциалды мінез-құлықты
Балаға көрсетілген қатыгездік
қатынасқа жататындар: қинаушылық,
физикалық, эмоционалды, жыныстық зорлық-зомбылық.
Қатыгездік үйде, далада, мектепте, балалар
үйлерінде, ауруханада көрсетілуі мүмкін.
Мұндай іс-әрекетке душар болған балалар
қалыпты түрде даму көрмей, қоршаған
ортаға бейімделе алмай қалады. Соның
әсерінен, бала өзін жаман, керексізбін
деп сезінеді. Баланың қаттыгездікке
жауап беру түрі баланың жасына,
тұлғалық ерекшелігіне, әлеуметтік тәжірибесіне
байланысты. Психикалық реакциялардан
басқа (қорқыныш, үрей, ұйқының бұзылуы,
тәбеттің болмауы т.б.) балалардың мінез-құлқы
да өзгереді: агрессия жоғарылайды, төбелескіш,
өзіне сенімсіз, ұялшақ, өзіне деген
бағасы өте төмен болады. Зерттеулерге
қарағанда, зорлық-зомбылықты көп көрген
балалар өскенде зорлаушы рөлінде
болуды қалайды.
4. Әлеуметтік-экономикалық
факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның
кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың
кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік
кернеу, т.б.
5. Моралді-этикалық
факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік
қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани
құндылықтардың бұзылуы. Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі
қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда
көп шыдамдылық пен белсенділік қажет.
Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық
талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер
негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін
жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау
қажеттігі туады:
Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын
жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір
жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім
жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне
сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы
әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір
мінездік кемшіліктерін түзетіп қана
қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен
ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып
әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне
көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер
мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік
қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен
тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы
қарым-қатынастар (достық, жолдастық,туыстық, сү
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жастардың ауытқитын
мінез-құлыққа жасайтын социологиялық
зерттеулердің маңызы қазіргі кезде өте
зор, себебі, бір жағынан алғанда қоғамдық
тәртіпті бұзушылардың ішінен жас ұрпақтың,
әсіресе біздің қазіргі кездегі студенттеріміздің
үлесі мол, ол халықтың басқа да жастық
топтардың арасынан салыстырғанды, екінші
жағын алғанда, бағыттылықтың құрылуы
(қажеттіліктердің, қызығушылықтардың,
мотивтердің, бағалы құндылықтардың) осы
жастық кезеңде өтеді. Осыдан барып жастардың
девианттық мінез-құлықты бастан кешіруі
жастардың ортасындағы негатиі құбылыстардың
болуымен байланысты болып келеді.
Қазіргі кездегі жастар үшін ең маңызды
мәселе ретінде бірнеше кедергілер, қиындықтармен
ұшырасып отырады, ол жұмысқа орналасу,
тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, қоғамдық
қатынастардың жаңа жүйесіндегі бастапқы
капиталдың жоқтығы, осының барлығы едәуір
толғандыратын мәселелер болып табылады.
Сонымен қатар еңбек нарығындағы төмен
бәсекелестік жағдайлары, профессионалдық
білімдер мен тәжірбиенің жетіспеуі, осының
салдарынан еңбек нарығындағы тұрақты
орындарын таба алмай жастар ортасындағы
девианттық мінез-құлықтың өсуі мен жұмыссыздық
мәселесінің бел алуы таң қалдырарлық
жәйт емес. Қоғамдағы қалыптасқан вакуумдағы
моральдық құндылықтардың жоғалуы мен
қатар, орындарын таба алмай жас тұлға
ішімдікке, нашақорлықка әуестене бастайды,
өздерін қоғамдық ағымға қарсы коюмен
жол табуға үйір бола бастайды. Бұндай
құбылыстар жастар арасында массалық
көлемді алып келеді, яғни бұл құбылыстар
қоғам моральдық-психологиялық жағдай
өз әсерін тигізеді. Бірақ та әлеуметтік
шындық жастардың қылмыстық әлемге бой
алдыруға жол бермейтін механизмдерді
әлі ойлап таба қойған жоқ.
Девианттық мінез - құлықтың әлеуметтік
алғышарттарының барлығының себептері,
ол Қазақстан Республикасында өндірістік
қатынастағы адамдардың теңдігі мен материалдық
жағдайларындағы теңсіздігі арасындағы
қарама-қайшылық бар. Сонымен қатар Қазақстан
Республикасындағы экономиканың әлсіз
дамуы объективтілігі мен тұтыну заттарындағы
теңсіздік мәселесі жастардың өзіндік
материалдық жағдайларымен қанағатсыздық
танытуының бірден-бір себептері және
қоғамнан алатын жақсылықтары өздерінің
қажеттіліктерін әртүрлі жолдармен қанағаттандыруға
белсенді ете түседі.
Әсіресе қазіргі кезде жастардың үлкен-үлкен
қалаларда, ауылдық жерлерде тұратын басым
көпшілігі үшін кейінгі кезде рухани қажеттіліктерді
қанағаттандыру мәселесінің әлеуметтік
әділдігінің жоқтығы жанға бататын жағдай.
Көптеген қалаларда немесе ауылдарда
тіпті кинотеатрлар және мәдениет үйлері
жоқ. Сонымен қатар олардың тұрғындарының
негізгі бөлігін жастар құрайды. Әрине
бұндай аймақтарда девианттық мінез-құлықтың
деңгейі республикамен салыстырғанда
өте жоғары болып саналады.
Бірнеше әлеуметтік мәселелерді біз кейінге
қалдырамыз, оларды «қалдықты үйлесім»
дейді, яғни ондай мәселелерді біз күн
тәртібінде бірінші орынға қоймағандығынан
олар әсіресе біздің жастарымыздың өмірінен
көрініс табатын жағдай болғандықтан
және жас қыздар мен жігіттердің санасынан
орын тебетіндіктен жастар арасындағы
әлеуметтік әділ мәселесінің шиеленісуіне
алып келді.
Девианттық мінез-құлықтың дамуына арнайы
бір қоғамдағы әлеуметтік шындықтың бұзылуы,
негізгі демократиялық принциптердің
бұзылуы, экономикалық реформаларды жүргізгенде
кеткен қателер нәтижесінде осы жастар
арасындағы қиындықтардың пайда болуына
алып келеді.
Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы
социологиялық зерттеудің актуалдылығының
негізін ашуға көмектеседі, оның мақсаты
жастар арасындағы девианттық мінез-құлық
социологиясының теориялық және эксперименталдық
аспектілерінде қарастырылуы болып табылады.