Жастар ортасындағы лидерлік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Февраля 2013 в 14:30, курсовая работа

Описание

Зерттеудің мақсаты: жастар арасындағы лидерлікті жалпы лидерліктен бөліп, ерекшеліктерін айқындау
Зерттеу міндеттері:
- Лидерлік, лидер феномендеріне анықтама беру;
- Лидерліктік қасиеттерді зерттеу;
- Лидерліктің функцияларын қарастыру;
- Лидерліктің стильдерін қарастыру;
- Лидерліктің деңгейлерін зерттеу;
- Лидерліктің пайда болу теорияларын қарастыру;
- Лидерліктің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу;
- Жастардың арасындағы лидерліктің ерекшіліктерін зерттеу;
- Лидерлікті анықтау жолдарын қарастыру;
- Лидерлік қасиетті дамыту жолдарын көрсету.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………..........3
І бөлім Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы.................................5
1.1 Әлеуметтік психологиядағы лидер, лидерлік туралы негізгі түсініктер...5
1.2 Лидерліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар.....................................7
1.3 Лидердің атқаратын функциялары.............................................................8
1.4 Лидерлік пен басшылық стильдері.................................................................9
1.5 Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.................................10
1.6 Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.........................................................11
ІІ бөлім. Жастар ортасындағы лидерлік..................................................12
2.1 Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы. ………12
2.2 Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы…….14
2.3 Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы……17
2.4 Топтың лидерді қабылдауы................................................................. 18
2.5 Лидерлерді анықтау тәсілдері………………………………………………18
2.6 Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі………………………………19
2.7 Лидерлікті дамыту………………………………………………………21
Қорытынды…………………………………………………................24
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………25
Қосымшалар........................................................................................26

Работа состоит из  1 файл

Каирбекова Г..docx

— 79.60 Кб (Скачать документ)

Лидерлік феномені қалай  қалыптасады, пайда болу теорияларын  атап өттік, оларға түсініктеме бердік. Лидерлердің лидер атануына қандай себептер әсер ететінін анықтадық.

Лидерлердің атқаратын жұмыстарына  қарай функцияларын бөліп қарастырдық, лидердің басқару стильдерін, басқару деңгейлерін анықтадық. Жыныс ерекшеліктеріне байланысты лидерлік басқару стильдерінің айырмашылықтарын анықтадық.

Жастар қауымдастықтарындағы лидерлердің өзіндік ерекшеліктерін, сапаларын, міндеттерін мен жауапкершілігін  анықтадық.

Лидерлерді жас кезінен  бастап диагностикалау тәсілдерін қарастырдық.

Лидерлік қасиеттерді дамыту жолдарын айқындадық.

Қорытындылай келе – лидер  болу әрбір адамның қолынан келеді, бірақ та барлығы лидер бола алмайды. Лидер болу дегеніміз үлкен жауапкершілікті  көздейді, өз күшіне сенімді құзіреттілігі  жоғары лидерлер ғана басшы функциясын атқару керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Г.М.Андреева. Социальная психология. Третье издание. М.: Наука 1994г.
  2. Т.В.Бендас. Вестник практической психологии образования № 4(17) октябрь—декабрь
  3. Дэвид Майерс. Социальная психология. Интенсивный курс.
  4. Морозов Александр Владимирович. Имидж современного молодежного лидера и особенности его формирования.
  5. Т.В.Бендас. Гендерная психология. Изд.Питер. С.П. 2006г.
  6. Фетискин Н.П., Козлов В.В., Мануйлов Г.М. - Социально-психологическая диагностика развития личности и малых групп. Изд-во Института Психотерапии. 2002 г.
  7. Майкл Аргайл. Психология счастья. Москва 2003.
  8. Евгений Павлович Ильин. Дифференциальная психофизиология мужчины и женщины. 2003г.
  9. Роберт Чалдини. Психология влияния. 4-ое международное издание. М. 2001г.
  10. Психологическая энциклопедия. От рождения до смерти. Под ред. А.А.Реана.
  11. Б.Г.Ананьев. Человек как предмет познания. СП. 2001 г.
  12. Р.И Федечкин. Лидерство как социальный феномен. Самара 2010.
  13. Всероссийская школа студенческого самоуправления. http://lider21vek.narod.ru/
  14. Лидерство в неформальных группах молодежи. http://revolution.allbest.ru
  15. Лидерство. Определение лидерства. http://lib.4i5.ru
  16. Лидер общественного мнения http://yavibral.ru
  17. А.К.Тихомов. Ступени лидерского роста. Вестник, НЛП №38

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымшалар

Қосымша №1

Лидерлікті дамытуға арналған әдебиеттер:

  1. Лидер для себя, Роман Борсук
  2. Лидер для других, Роман Борсук
  3. Лидерство и власть. Вергилес Э.В.
  4. Название: MBA Start. Модуль 4: Организационное поведение. 2007
  5. Программа миллион лидеров. Максвелл Джон.
  6. Пять искушений руководителя. Притчи о лидерстве. Ленсиони П.
  7. Самооценка в организациях. Тито Конти.
  8. Теории лидерства,  В.В. Петров
  9. Козлов Николай,  17 мгновений успеха: стратегии лидерства
  10. Мистика лидерства. Развитие эмоционального интеллекта,  Манфред Кетс де Врис
  11. Максвелл Джон,  21 неопровержимый закон лидерства
  12. Абульханова К.А. "Время личности и время жизни"
  13. Рэндалл Кросби. Геометрия лидерства. Аксиомы эффективного лидерства в любой ситуации.
  14. Семинар «Я – лидер», Шлахтер Вадим. 
  15. Максвелл Джон, 25 ключевых принципов построения взаимоотношений с людьми.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша №2.

Стивен Кови бойынша принциптерге бағыт алған лидерлердің  негізгі  сипаттамалары:

Сипаттама

Түсініктеме

Үнемі білім алу

Сіз үнемі бір нәрсені  оқып үйренуге тырысасыз, курстарга  барасыз, тыңдап, сұрақтар қоясыз

Қызмет көрсетуге бағдарлану

Сіз өмірді мансап емес, миссия деп қабылдайсыз 

Жақсы энергия шығару

Сіз ақкөңіл, сізбер араласу  қызықты, адамдарды жарқын болашаққа  үміттендіресіз

Өзге адамдарға сенім

Өзге адамдардың негативті  мінез-құлқана деген көзқарасыныз қалыпты, басқа адамдарға ашу  ыза ұстамайсыз, стереотиптерді ұстанбайсыз

Қалыпты өмір салты

Сіз байсалды, ұстамды, даналыққа  ие, қарапайым адамсыз. Сізді біреудің еркіне бағындыру қиын. Сіз физикалық  және әлеуметтік белсендісіз, білімділігініз жоғары.

 Сіз фанатик емессіз,  және зиянды әдеттер құрбаны  емессіз.

Сіз өткен күндер туралы көп ойланбайсыз, Сіз марапат  пен сөгістерді адекватты қабылдайсыз. Және басқалардың жетістіктеріне шың  көңілден құанасыз.

Өмірді қызықты оқиға ретінде қабылдайсыз

Сіз қайсар, абсолютті икемділікке  ие зерттеушісіз, толыққанды өмір сүресіз.

Синергетикаға ұмтылыс

 Сіз эффективті, ақылды  катализаторсыз

Өздігінен жаңару үшін физикалық, рухани, эмоционалдық және интеллектуалдық  жаттығулар жасау

Сіз аэробикамен айналысасыз. Жазуды, оқуды, мәселелердің өзгеше шешімдерін табуды ұнатасыз. Сіз өзге адамдарды  құрметтей тыңдап, махаббат білдіресіз. Сіз медитация,дұға жасайсыз.


 

Қосымша №3.

Джеймс  О'Тул бойынша құндылықтарға бағыт  алған лидерлердің сипаттамасы

Сипаттама

Түсініктеме

Тұлғаның бүтіндігі

Сіз мақсатынызды ешқашан  ойыныздан шығармайсыз, ұстанымдарыңызға қарсы әрекет жасамайсыз. Сіз принципиалды, әрі сындарлы адамсыз

Сенім

Сіз қоластындағылардың құндылықтары мен ұмтылыстарын бейнелейсіз. Сіз  үшін лидерлік айрықша құқық емес, жауапкершілік. Сіз өзгелерге қызмет көрсетесіз.

Тыңдау қабілеті

Сіз қызмет көрсететін адамдардың пікірлеріне назар саласыз, бірақ  та қоғамдық пікірдің құрбаны емессіз. Сіз нонконформизмді жақтайсыз, мәселерді жан жақты талқылайсыз, дүдәмалдық көрсетуге мүмкіндік бересіз.

Қызметкерлерді құрметтеу

Егер де сіз осы қасиетке ие болсаныз – сіз лидерлер арасындағы лидерсіз. Сіз айтқаныңызға және атқаратын  ісіңізге сенімді, сындарлы адамсыз.


 


Информация о работе Жастар ортасындағы лидерлік