Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 06:19, магистерская работа
Жастар – жалпы айтқанда жасаралық белгілер мен оған қатысты іс-әрекет түрлері негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтық қауымдастықтың ұлғайған жиынтығы.
Нақтырақ әлеуметтану тілімен айтқанда, жастар - жас адамдардың жасы келе қалыптасқан әлеуметтік жағдайы негізінде, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы алатын орны және қызметімен, өзіне тән мүдделері және құндылықтары мен ерекшелентін әлеуметтік – демографиялық топ.
КІРІСПЕ............................................................................................................4
1. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………………………....11
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның мәні, жіктелуі……….......11
Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастар: мәселелері, даму перспективалары…………………………………………………………………....19
Қазақстан Ресбубликасында жастардың әлеуметтік құрылымдағы белсенділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар…………....25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАР……………………………………………....36
2.1 Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымындағы жастар………………....36
2.2 Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы жастар…….....40
2.3 Жастардың мобильділігін әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан қарастыру…......52
2.4 Қоғамның әлеуметтік-аймақтық құрылымындағы жастар……………....80
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………......91
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………......93
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы
6М0905 - Социология
МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі мен орны
Орындаған
_________ Байтуов Б.К. "_____" _______2013
ж.
Ғылыми жетекеші: Соц.ғ.д _____________________
Қорғауға жіберілді: Кафедра меңгерушісі:
Соц.ғ.д, профессор ________ Абдирайымова Г.С. "_____" _____2013 ж
Алматы 2013
ҚЫСҚАРТУЛАР
|
- ЖПДИ – жастар потенциалының даму индексі;
ЖОСПАР
КІРІСПЕ.......................
1. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН
ОРНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАР……………………………………………....36
2.1 Қоғамның әлеуметтік-таптық
құрылымындағы жастар………………....
2.2 Қоғамның әлеуметтік-
2.3 Жастардың мобильділігін
әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан
2.4 Қоғамның әлеуметтік-аймақтық
құрылымындағы жастар……………....
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………………………………….....
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Зерттеу тақырыбы дәл қазіргі жағдайда Қазақстан қоғамы үшін де, әлеуметтану ғылымы үшін де маңызды.
Жастар – жалпы айтқанда жасаралық белгілер мен оған қатысты іс-әрекет түрлері негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтық қауымдастықтың ұлғайған жиынтығы.
Нақтырақ әлеуметтану тілімен айтқанда, жастар - жас адамдардың жасы келе қалыптасқан әлеуметтік жағдайы негізінде, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы алатын орны және қызметімен, өзіне тән мүдделері және құндылықтары мен ерекшелентін әлеуметтік – демографиялық топ.
Қазіргі уақытта БҰҰ-ның мәліметтері бойынша 15 тен 24 жасқа дейінгі жастардың саны 1,3 млрд. құрайды. Қазақстанда жастарды 14 тен 29 жасқа дейінгі аралықта есептеу негізге алынған. Қазіргі уақытта, аталған жас топтары халықтың 27,2%-ын құрап, қоғамның ең маңызды бөлшегіне айналып отыр. Осыған орай, мемлекет үшін жастардың пікірлерін зерттеу, олардың қазіргі жағдайы мен әлеуметтік құрылымдағы орынын анықтау, жастар саясатының жағдайына мониторинг жасау өзекті мәселелер қатарында.
Жастардың еліміздегі әлеуметтік, эканомикалық және саяси үрдістерге белсенді қатысуы немесе одан шет қалып қоюы негізінен алғанда бүгінгі таңда елімізде көрініс тапқан жалпы әлеуметтік-саяси ақуалдың жай-күйін анықтаумен қатар, оның болашақтағы бағытына да елеулі түрде әсер етеді. Өйткені жас буын өкілдері, яғни жастар мемлекетіміздің ең маңызды стратегиялық ресурсы, сонымен қатар еліміздің болашағы болып саналады. Жастар елдігімізді, теңдігімізді нығайтуға айырықша үлес қосатын ең негізгі қозғаушы күш. Олардың қоғамнан өз орынын табуына барынша жағдай жасау мемлекеттің негізгі міндеттерінің қатарына кіреді. Сондықтан да жастарды еліміздің алдында тұрған күрделі әлеуметтік, эканомикалық, құқықтық және саяси мәселелерін реттеуге немесе шешуге атсалысуға тартудың әр түрлі қырларын зерттеу аса маңызды жұмыс болып есептеледі. Себебі елдің ертеңі үшін атқарылатын істердің басы-қасында жастардың болуы олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы беделі мен белсенділінің жоғарылауына бастайтын ең басты баспалдақ болмақ.
Зертеу тақырыбының өзектілігі қазіргі кезде қазақстандық қоғамда жастардың әлеуметтік дамуын реттеуде қалыптасқан көптеген қарама – қайшылықтардың себебі мен шешімін табудың объективті қажеттіліктерінің туындауымен айқындалады. Бұл жағдайда көрініс табатын қарама-қайшылық көптеген қоғамдық қарым-қатынастарда да көрініс табады, әсіресе, халықтың негізгі бөлігінің өмір сапасына елеулі әсер ететін әлеуметтік-еңбек қарым – қатынастарында. Жастардың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштері, білім деңгей, денсаулық жағдайы, тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, әлеуметтік жеңілдіктердің қарастырылуы, тұрмыс құру жайы, қызметтік мобильділігі т.б көптеген сұрақтар төңірегінде қордаланып қалған мәселер өте көп. Әсіресе жастардың жұмыспен қамтылу төңірегіндегі мәселелер кезек күттірмей жолға қоюды талап етеді. Мысалы: жастар өндірістік немесе эканомикалық салада өз мамандығының иесі атанып, жұмыс атқарғанымен де, алатын жалақысы олардың өндірген тауарының тек үштен бір бөлігін құрайды. Бұл деңгей АҚШ және Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда екі-үш есе төмен. Ең негізгі мәселе – еңбекті төлеудің осындай деңгейі тауарлар мен қызметтерге бағаның өсу шарттарында халықтың өмір сапасына соның ішіндегі ел ертеңі саналатын жастардың өсуіне кері әсерін тигізеді.
2011 жылғы статистикалық деректерге сүйенсек, 4 483 285 адам жастар шоғырына жатқызылған. Бұл жалпы халықтың 27.2℅ құрайды [1]. Бұл әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан өте маңызды көрсеткіш. Бірнеше жылдардан кейін-ақ осы әлеуметтік топ мемлекетіміздің әлеуметтік-эканомикалық, әлеуметтік-демографиялық сонымен қатар саяси әрі рухани даму жағдайын, яғни даму тағдырын айқындайтын болмақ. Сондықтан да еліміздегі дәл бүгінгі таңдағы саяси және әлеуметтік тұрғыдан белсенді топтар мен күштердің болашақтағы ізбасарлары болып танылатын жастар тобының нендей құндылықтарды бойына сіңіріп, қандай бағыт-бағдарларды жолбасшы етіп ұстанады, олардың ой-көзқарастары қай тұрғыдан қалыптасып жатыр, басты мақсаттары мен өмірге деген тұжырымдамалары қайсы деген мәселелер халықтық тұрғыдан да, мемлекеттік тұрғыдан да, стратегиялық тұрғыдан да аса өзектілігі жоғары болып табылады.
Осы орайда жастардың қоғамдағы, соның ішінде әлеуметтік құрылымдағы белсенділігін арттырып, олардың барлық күш-қуаты мен әлеуетін қоғамның игілігіне бұру мақсатында, сонымен қатар сол жас қауымның мүдделерін жүзеге асыру үшін жалпы Қазақстан елінің жоғарғы жақ тарапынан тың бастамалар көтеріліп, ауқымды жоспарлар жолға қойылуы керек деп есептейміз. Жастардың ойлау деңгейі мен санасының биік сатыларға көтерілуін, олардың елдік істерге белсенді араласуын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқарудың жастарды әлеуметтік-саяси процестерге бейімделуге бағытталған стратегиялық тұрғыдан маңыздылығы басым бағыттарының бірі болып есептеледі. Жастардың әлеуметтік құрылымдағы белсенділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды зерделеудің маңыздылығы жалпы алғанда осы зерттеу тақырыбын қозғауға бастама болды.
Жастардың әлеуметтік құрылымдағы атқаратын рөлінің өзектілігін айқындайтын факторларға мыналарды жатқызуға болады: диссертация жұмысының тақырыбын зерттеуге арналған алуан түрлі әлеуметтанулық және экономикалық бағыттар. Әдебиеттерді жалпылау және кездесетін мәселелердің негізгі бір аспектілерін зерттеуге арналған теориялық бағыттарды салыстырмалы талдау аталмыш тақырып аясындағы құбылыстың маңызды сипаттамаларын айқындауға мүмкіндік береді. Көптеген ақпараттарды жинастырып әрі оны жүйелеу мен теориялық тұрғыдан сапалы талдау жасау, қоғамның әлеуметтік құрылымының, жаһандану факторларының жастар рөлінің артуына, белсенділігінің өсуіне әсерін зерттеу мен талдау еліміздегі жастар тобының жай-күйін барынша саралай отырып олардың әлеуметтік құрылымдағы алатын орынын айқындауға айырықша мүмкіндік береді. Осы мәселені зерттеу үлкен көлемдегі статистикалық және белгілі бір ақпараттық қызметтердің социологиялық мәліметтеріне, диссертациялық жұмысты жазу барысында жүзеге асырылған әлеуметтанулық зерттеулерге негізделеді.
Зерттелініп отырған мәселенің ғылыми өзектілігі, сонымен қатар, қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастардың өмір сапасы мен әлеуметтік әл-ауқатын көтеруге бағытталған түрлі бағдарламалар мен іс-шаралардың нәтижелілігінің көрсеткіші болуымен де айқындалады. Жастардың өмір сапасындағы оң өзгерістер, алуан түрлі әлеуметтік топтардың сан қилы ұстанымдары мен түрлі талаптарына жастардың тәуелділік деңгейінің төмендігін сипаттайды. Бұл жағдай да жастардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы алатын орыны мен атқаратын рөлінің айтарлықтай жоғарылауына үлкен мүмкіндік тудырады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу алғышарттарын әлеуметтану ғылымының классиктері М.Вебер, Э.Дюркгейм, Г.Зиммель, К.Маркс, Г.Спенсер, П.А.Сорокин қалыптастырған. Олар қоғамдық құрылымдағы және мемлекеттік құрылымдағы басқару бағыттарын өзгертудің қағидалық ұсыныстарын қалыптастырды. Мемлекеттік басқарудың модернизациясының нәтижесіне-әлеуметтік бағыттылығы, әлеуметтік қызметтердің жақсаруы жатады.
Қазіргі уақытта әлемдік социологияда қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу, соның ішіндегі жастар тобын зерттеп, талдауға арналған жұмыстар өз алдына жеке бағыт болып қалыптасты. Әр заманның өзіндік ерекшеліктері мен құндылықтарына сәйкес жаңаша тұрғыда сипат алып отыратын әлеуметтік-саяси өзгерістер мен үдерістер толқынында жастардың алатын орынының бейнесін айқындау, сонымен бірге белсенділігін анықтауға деген ерекше қызығушылық жылдан-жылға арту үстінде. Әрине біл жағдаят ең алдымен ғалымдардың назарына ілігеді. Әрі соны ғылыми тұрғадан талдап сәт сайын болатын тың өзгерістерді де қалт жібермейтін осы бір қоғамның озық ойлы тұлғалары болмақ.
Жалпы әлеуметтік құрлымды талдау тұрғысындағы шет елдік және отандық ғалымдардың еңбектері айтарлықтай мол. Ал енді сол әлеуметтік құрылым ішіндегі жастар тобын зерттеген, олардың рөлін анықтау мәселесін көтерген еңбектер саны біршама аздау. Дегенмен де біршамасын атап өтер болсақ, шет елдік ғалымдар: Д. Истон, Д. Хебдидж, Х. Химэн, Ресейлік ғалымдар; Е.П. Поликанова, Е.Б. Шестопал, Л.А. Гордон, Н.А. Свирдов, М. Шабанова, О.Ю.Волхова, В.А. Авксентьев, В.А. Шаповалова, Н.П. Медведев т.б ғалымдар айналысқан.
Ал Отандық ғалымдардың
ішінен жастар мәселесіндегі әлеуметтік-
Г.С Әбдірайымова «қазіргі қазақ жастарының құндылықтық бағдарларын» концептуалдық және жүйелі зерттеумен айналысады. Негізінен алғанда аталмыш тақырыптағы оның еңбектері ұрпақтардың құндылық бағдарларын салыстырмалы түрде зерттеуге, ұрпақтар сабақтастығы мен қарым-қатынасына, олардың арасындағы рухани байланыстарға, жастардың қазіргі қоғамдағы әлеуметтену мәселелерін айқындауға, сонымен қатар айқындалған мәселелерді әлеуметтанулық талдауға, олардың өмірлік жоспарларының қалыптасуын зерттеуге арналған. Әсіресе, қазіргі таңдағы қазақстандық қоғамның әлеуметтік дамуындағы жастардың алатын орны мен атқаратын рөлі туралы жаңа көз-қарасты қалыптастыруда әлеуметтанулық зерттеуге аса назар аударады.
Р.С. Салықжанов «глобализация және Қазақстан жастар социологиясының өзекті мәселелері» тақырыбын тереңірек зерттеумен айналысады. Бұл тақырыптағы оның зерттеулеріндегі тұжырымдамалардың негізі қазіргі жаһандану процесіндегі Қазақстан жастарының бет алысы мен бағыт бағдарындағы жаңашылдықтың қалыптасуы болып табылады. Сонымен қатар жастардың қазақстандағы жасалынып жатқан түбегейлі реформаларға көзқарастарын әлеуметтену тұрғысынан қарастырады.
Л.Ж. Сүлеймен өзінің ғылыми еңбектерінде жастар тақырыбына Қазақстан жастарының электоралдық мінез құлқының даму үрдісі мен болшағына баса назар аударады. Электоралды мінез-құлықтың жастардың әлеуметтік-саяси белсенділігіне әсерін зерттейді.
Ал, Т.К. Әуелғазина болса жастарды - саяси әлеуметтену процесінің маңызды субъектісі ретінде қарастырады. Оның бұл тақырыптағы ғылыми зерттеулері саяси әлеуметтену процесіндегі жастардың көзқарастары мен бағыт-бағдарларын негізге ала отырып сандық және сапалық ерекшеліктерге баса назар аударады. Сонымен қатар патриоттық тәрбиені – Қазақстан жастарының азаматтық тұлғасын қалыптастырудың маңызды факторы ретінде қарастырады.
Информация о работе Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі мен орны