Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 06:19, магистерская работа
Жастар – жалпы айтқанда жасаралық белгілер мен оған қатысты іс-әрекет түрлері негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтық қауымдастықтың ұлғайған жиынтығы.
Нақтырақ әлеуметтану тілімен айтқанда, жастар - жас адамдардың жасы келе қалыптасқан әлеуметтік жағдайы негізінде, қоғамның әлеуметтік құрылымындағы алатын орны және қызметімен, өзіне тән мүдделері және құндылықтары мен ерекшелентін әлеуметтік – демографиялық топ.
КІРІСПЕ............................................................................................................4
1. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ………………………………………………………………………....11
Қоғамның әлеуметтік құрылымы және оның мәні, жіктелуі……….......11
Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастар: мәселелері, даму перспективалары…………………………………………………………………....19
Қазақстан Ресбубликасында жастардың әлеуметтік құрылымдағы белсенділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар…………....25
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАР……………………………………………....36
2.1 Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымындағы жастар………………....36
2.2 Қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы жастар…….....40
2.3 Жастардың мобильділігін әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан қарастыру…......52
2.4 Қоғамның әлеуметтік-аймақтық құрылымындағы жастар……………....80
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………......91
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………......93
Зерттеу мәселесі. Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастардың алатын орны мен атқаратын қызметін, әлеуметтік белсенділігін көтеруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың нақты жүйеленбеуі. Осы жағдайдағы орын алған қарама-қайшылықтардың нәтижелі тетіктерін қалыптастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазақстандық жастардың әлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлін айқындау үшін, жастардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының үрдістеріне, динамикасына, азаматтық белсенділігі мен рухани-өнегелік бағдарларына, білім деңгейі мен денсаулық жағдайына, сонымен қатар кәсіпкерлік тұрғыдан дамуы мен әл-ауқатына нақты әлеуметтік тұрғыдан талдау жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері: Алға қойған мақсаттарды орындау үшін мынандай міндеттерді атқару қажет:
Зерттеу объектісі - Қазақстан Республикасы жастарының әлеуметтік позициясы. Зерттеу пәні – әлеуметтік құрылымдағы жастардың алатын орны Зерттеудің негізгі болжамдары: Қазақстандық жастардың әлеуметтік құрылымдағы орны алдыңғы жылдармен салыстырғанда оң бағаланады. Жастардың тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Жастардың азаматтық белсенділік деңгейі орташа. Жастардың біраз бөлігі жастар ұйымдарының қызметтеріне қатысады. Қазақстандық жастардың
кәсіпкерлік даму деңгейі мен
инновациялық әл-ауқат деңгейі, қызметтік
мобильділігі дамыған елдердің көрсеткіштерімен
салыстырғанда айтарлықтай Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздемелері:
Осы диссертациялық зерттеу
жұмысы әлеуметтік құрылымдағы жастардың
рөлін социологиялық талдаудың
теориялық-әдіснамалық және бағдарлы
– әдістемелік потенциалын Әлеуметтік құрылымдағы жастар тобының әлеуметтік мінез-құлқы және демографиялық жаңғыруының әлеуметтік шартары туралы социологиялық, эканомикалық және демографиялық концепциялар; жүйелік зерттеудің классикалық және қазіргі бағыттары: жүйелік талдау, жүйелік және ақпараттық бағыттар, әлеуметтік жүйелерді үлгілеу мен жобалау теориялары, әлеуметтанудың теориялық және қолданбалы ережелері. Зерттеудің эмпирикалық
негізіне жастарға арналған әлеуметтік-саяси
және экономикалық саясат бойынша Қазақстан
Республикасының заң актілері,
жастардың әлеуметтік- Зерттеудің эмпирикалық негізі диссертантпен жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері де болды. Респонденттер негізінен алғанда жастар тобына жатқызылатын әлеуметтік мәртебесі әр-түрлі жеке тұлғалар болады. Олардың арасында, студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, белгілі бір мекеменің жетекшілері, мамандар, жұмысшылар, жұмыссыздар болады. 2012 жылы жарық көрген «Егемен Қазақстан», Жас Алаш және «Айқын» газетінің барлық нөміріндегі жастар тақырыбындағы мақалаларға контент талдау жасалынды. Сонымен қатар жастар арасындағы беделді (әр-түрлі саладағы) 10 тұлғадан эксперттік сауалнама алынды. Зерттеудің негізгі кезеңдері: 1-кезеңде (2012 ж) зерттелініп отырған мәселенің қазіргі күйіне шолу жасалынды, отандық және шетел социологиялық және экономикалық әдебиеттеріндегі аталмыш мәселенің зерттелу деңгейі талданды. Зерттеудің әдістемелік негіздемесі айқындалды, зерттеу бағдарламасы жасалынды, ақпаратты жинау жүзеге асырылды, зерттеу мақсаты мен міндеттері, нысаны, пәні, болжамы айқындалды. 2-кезең (2013 ж.) Әлеуметтік құрылымдағы жастардың атқаратын негізгі рөлін бағалау мен өлшеу көрсеткіштерін социологиялық зерттеуге арналған алдын-ала түзілген болжамдарды түзеу, зертеу нәтижелерін жүйелеу және қорытындылау жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасындағы жастардың қоғамдық құрылымдағы белсенділігін жоғарылатуға ұсыныстар жасалынды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жастардың әлеуметтік құрылымдағы алатын орыны мен атқаратын рөлін зерттеудің жүйелік әдістемесі жасалынды. Аталмыш жүйе негізінен бірнеше бөлімдерді, ал әрбір бөлім белгілі бір көрсеткіштерді қамтиды. Зерттеу жаңалықтарына:
Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңыздылығы: Зерттеудегі теориялық мәліметтер мен фактілер, қорытындылар мен ұсыныстар жастардың әлеуметтік құрылымдағы алатын орыны мен рөлін бағалау мен жақсарту тетігін қалыптастыруда қолданылуы мүмкін. Автордың аталмыш тақырыптағы жинаған мәліметтерге жасаған талдауы әлеуметтік құрылымдағы жастар белсенділігін арттыруға байланысты белгілі бір жобалар мен жоспарлар жасалынған кезінде ескерілуі мүмкін. Автор жүйелеген теориялық, социологиялық және статистикалық нәтижелер әлеуметтану, саясаттану, эканомика және демографиялық пәндердің жастарға қатысты тақырыпшаларын оқу барысында қолданылуы мүмкін. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Қазақстан Республикасының, соның ішіндегі жекелеген аймақтардың билік органдары әлеуметтік құрылымдағы жастардың потенциялы мен белсенділігін жоғарылату мақсатында қолдана алады. Жасалған әдістемелік тетіктер, барлық теориялық ақпараттар мен социологиялық зерттеудің жүйелік нәтижелері «Әлеуметтану», «Әлеуметтік – экономикалық статистика», «Саясаттану» және т.б. пәндер бойынша студенттерге, магистранттарға оқытылуы мүмкін. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдамалар:
Жұмыс құрылымы: Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері диссертациялық жұмыстың құрылымын айқындады, олар кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар [2]. Әлеуметтік құрылымның басты екі элементтері, олар: 1. Әлеуметтік қауымдастықтар (топтар) 2. Әлеуметтік институттар Ал әлеуметтік құрылымның өзге элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста,
қарым-қатынаста болатын ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады. Әлеуметтк топтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз. Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай: 1) қысқа мерзімдік байланысқа
негізделген, тұрақтылығы Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, пойыз вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдардың арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады. 2) Тұрақтылығы орташа топтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы) 3) Тұрақтылығы жоғары топтар (ұлттар, таптар) ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады. ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік топтар: 1) әлеуметтік-таптық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 2) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 3) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 4) әлеуметтік-аймақтық (аймақтың, облыстың, аудан, ауыл тұрғындары) деп жіктеледі [3]. Әлеуметтік топтарды осылайша жіктеу түсінікті де дәлірек болады. Ол сызбанұсқа түрінде былай көрінеді:
Сурет 1. Әлеуметтік құрылымның негізі
Қоғамның әлеуметтік құрылымын
осындай үш өлшем тұрғысынан жіктей
келе әлеуметтану ғылымы басты назарды
әлеуметтік-экономикалық қоғамдастыққа
аударады. өйткені қоғам мүшелерінің
арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мәнін,
себептерін түсіну үшін бұл аталған
өлшемнің мәні зор. Ол туралы алдағы тарауларда
айтылады. Жоғарыда біз әлеуметтік
құрылымының басты Қоғамдағы негізгі қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады: 1) Экономикалық инстиуттар
экономиканың тиімді дамуын Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы. 2) Саяси институттар қоғамды
билеу және басқару 3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің, өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді. 4) Отбасы институты - әлеуметтік
жүйенің негізгі және маңызды
саласы. Отбасы саналы азаматтың
қалыптасуында басты рөл Әлеуметтік институттар негізінен қоғам арасындағы түрлі мәселелердің де себебін анықтау, анықтап қана қоймай оны әлеуметтік жағынан талдау жұмыстарымен де жүйелі түрде айналысады. Соның нәтижесінде орын алуы тиіс күрделі мәселелерді шешудің оңтайлы жолдары табылады. Осы арқылы отабасындағы әр түрлі негативті себептер анықталып, шешіледі.
Сурет 2. Әлеуметтік институттар
меншік нарық сот білім ана Бұл сызбанұсқада келтірілген
әлеуметтік институттар арасында тығыз
байланыс бар. Мәселен, мемлекет тек
саяси билікті ғана жүзеге асырып
қоймайды, сонымен қатар экономикалық,
рухани және отбасы салаларының қызметтеріне
де елеулі ықпал етіп отырады. Қоғам
ілгеріліп дамыған сайын Ғылыми және әлеуметтік-саяси әдебиеттерде әлеуметтік құрылым түсінігінің бірнеше мағынасы бар. Кең мағынада бұл – қоғамның жалпы құрылысы, оның бүкіл негізгі элементтері арасындағы байланыстар жүйесі. Сондай-ақ, бұл ұғым әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың түрлері және олардың арасындағы қарым-қатынастың: әлеуметтік-таптық, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-этникалық сияқты түрлерін сипаттайды. Әлеуметтануда “әлеуметтік құрылым” ұғымы “әлеуметтік жүйе” ұғымымен тығыз байланысты. “Әлеуметтік құрылым” түсінігі “әлеуметтік жүйе” түсінігінің бір бөлігі болып табылады және 2 компоненттен тұрады - әлеуметтік құрам және әлеуметтік байланыстар. “Әлеуметтік құрам” – бұл осы құрылым қамтитын элементтер жиынтығы. Екінші компонент – осы элементтер байланысының жиынтығын білдіреді. Осылайша, “әлеуметтік құрылым” ұғымы бір жағынан қоғамның әлеуметтік құрылымын немесе ондағы әлеуметтік қауымдастықтардың түрлерінің жиынтығын қамтиды, екінші жағынан – мәні мен сипаттамасы бойынша іс-әрекеттінің үлестірілуі көлемімен ерекшеленетін бүкіл құрамдас бөліктердің әлеуметтік байланыстары болып табылады [4]. Әлеуметтік құрылым қоғамды
жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер
негізінде біріккен қабаттарға, топтарға
объективті бөлуді білдіреді. Бұл –
элементтердің әлеуметтік жүйедегі
тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның
негізгі элементтері болып Әлеуметтік қауымдастық - бұл белгілі бір өзара әрекет ететін индивидтер тобына ортақ болып табылатын, өмір әрекеті жағдайымен (экономиялық, әлеуметтік жағдай, кәсіби дайындығы мен білім, қажеттіліктер мен мүдделер деңгейі) сипатталатын индивидтер жиынтығы; тарихи қалыптасқан территориялық қауымдастықтарға (қала, ауыл), белгілі бір әлеуметтік институттарға (отбасы, білім, ғылым) енуі [4]. Әлеуметтік қауымдастық
әлеуметтік байланыс арқылы біріккен
адамдар топтарын ғана білдіреді. Қауымдастықтардың
негізгі екі түрін бөлуге болады:
әлеуметтік орта, яғни адамдардың белгілі
бір қарым-қатынастарды жүзеге асыруы.
Мұндай қауымдастықтар байланыстың
тұрақтылығы мен осы қарым- Әлеуметтік құрылымның болу
мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті
жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік
ету үшін белгілі бір қоғамдық,
ең алдымен өндірістік қатынастарға
түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады,
функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу
процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың
терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық
бөлінуі маңызды болып Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады [4]. Сонымен, қандай да болмасын құрылым немен сипатталады? Осыған байланысты түрлі көзқарастар бар, бірақ ең алдымен, өндірістік қатынастар үстемдік ететін қатал детерминацияланған әлеуметтік құрылым туралы айтуға болады. Бірақ әлеуметтік құрылымдар өндірістік күштермен де сипатталатындығын айтуға болады, техникалық прогресс өнімі болып табылады. Қазіргі социологиялық теория әлеуметтік құрылымның адамдардың мамандығына, жасына, біліміне байланысты ие болатын әртүрлі әлеуметтік позицияларына тәуелділігін анықтайды. Сондықтан, белгілі бір қоғамның әлеуметтік құрылымын анықтайтын факторлар өте көп, социолог олардың барлығын әлеуметтік процесс диагностикасы кезінде ескеруі керек. Сонымен әлеуметтік құрылымды анықтайтын негізгі, шешуші белгі, критерий қандай? Біздің ойымызша әлеуметтік
құрылым әрқашан бір де бірінің
басымдылығы жоқ көптеген факторлардың
нәтижесі болады. Нақты жағдайларда
кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады,
немесе, маңыздылығынан айрылады. Әлеуметтік
құрылымды қалыптастыруда ең маңызды
нәрсе ретінде өндіріс Біздің әдебиеттерімізде қоғамның келесі әлеуметтік жіктелуі кең таралған: - адамдардың бөлінуі - мекендердің негізгі түрлерін құрайтын (қала, макрополис, агломерация, ауыл, т.б.) территориялық құрылым; - жаспен, жыныспен белгіленетін
(ерлер, әйелдер, жастар, балалар,
«жұмыс жасындағы» адамдар, - отбасылық-тұрмыстық құрылым.
Көрші қауымдастықтар, ата-аналар
мен балалар, некелік пен 1) біріккен әрекет; 2) біріккен кеңістіктік–уақыттық
болмыс, қатынас (жалпы орта, территория,
коммуникация); Қоғамдық еңбек бөлісінің нәтижесі болып келесі әлеуметтік-экономикалық топтар табылады: 1) өзінің жеке меншікке қарым-қатынасы бойынша емес, атқаратын жұмысының түріне байланысты кәсіпкерлік топтар; 2) белгілі бір территорияда - қала немесе ауыл – 3) рангтық топтар – басшы мен бағынушы арасындағы қатынастар (негізінде тік өзара байланыс). Қандай әлеуметтік топтар жетекшілік орын алады, қандай мамандықтар көп екендігіне қоғамның түрі де, оның әлеуметтік-саяси құрылысы да тәуелді. Сонымен, әлеуметтік «әлеуметтік қауымдастық» категориясы қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негіз болып табылады. Әлеуметтік топтардың көптүрлілігін зерттеу үшін, оларды салыстыру үшін әлемдік социологияда «әлеуметтік стратификация» ұғымы енгізілді. Әлеуметтік стратификация теориясы әлеуметтік теорияның неғұрлым мықты дамыған бөліктерінің бірі болып табылады. Әлеуметтік стратификацияны зерттеудің қазіргі тәсілдерінің негізін М. Вебер салды және оны әрі қарай Т. Парсонс, Э. Шилз, К. Девис, У. Мур жалғастырды. Әлеуметтік стратификация
теориялары страта (латынша stratum – қабат),
әлеуметтік топ белгілі бір ортақ
позициялардағы немесе ортақ істері
бар адамдарды біріктіретін нақты
эмпирикалық тіркелетін қауымдастық
болып табылатындығына Батыс германиялық социолог Р. Дарендорф әлеуметтік стратификация негізіне “бедел” саяси ұғымын қоюды ұсынды. Оның ойынша бедел билікке қатынас пен әлеуметтік топтар арасындағы билік үшін күресті нақты сипаттайды. Осы ұғым негізінде Р. Дарендорф бүкіл қазіргі қоғамды басқарушылар мен бағынушыларға бөледі. Өз кезегінде басқарушыларды да екіге бөледі: жеке меншігі бар басқарушылар және жеке меншігі жоқ басқарушылар, яғни бюрократ-менеджерлер. Ал бағынушы топ та әртекттес болып табылады: онда да кем дегенде екі топты бөлуге болады – жоғарғы – «жұмысшы аристократиясы», төменгі – төмен квалификациялы жұмысшылар. Осы екі әлеуметтік топтың арасында аралық «жаңа орта тап» болады – жұмысшы аристократиясы мен қызметкерлер және басым тап – басқарушылардың ассимиляциясы өнімі. Француз социологы А.Турэннің
пайымдауы бойынша, қазіргі қоғамдағы
әлеуметтік дифференциация жеке меншікке,
престижге, билікке, этносқа емес, ақпаратқа
ие болу мүмкіндігіне байланысты. Көп
ақпаратқа қол жеткізу Әлеуметтік стратификация
теориясының негізгі 1) үлкен немесе кіші, тұрақты немесе тұрақсыз, қоғамда басты немесе қосымша рөл атқарса да, қоғамның барлық қабаттарын түгелімен зерттеу; 2) топтарды бірдей критерийлер бойынша өлшеу және салыстыру; 3) бұл критерийлер әр
қабатты толығымен және терең
суреттеу үшін жеткілікті Нақты қоғамның әлеуметтік
құрылымы әрқашан эволюция нәтижесінде
пайда болған, әртүрлі әлеуметтік
рөлдермен, позициялармен ерекшеленетін
стратификациялық жүйе болып табылады.
Бұл жүйе еңбек бөлінісі мен осы
қоғамдағы құндылықтар мен Әрбір қасиеттің маңызы өзгеріп отырады. Осылайша, стратификация келесі түрде болады: 1) белгілер жүйесі; 2) нақты қоғамның әлеуметтік құрлымы; 3) топтардың көлденең және тік орын ауыстыруы. Элементтердің көлденең тізілуі бізге көптеген критерийлер береді – ұлттық, кәсіптік, білімдік, мәдени, тік – жеке меншік қарым-қатынасы, табыс мөлшері, престижді көрсетеді. Стратификация – бұл тиісті
қабаттарды бөлу тәсілі ретінде де,
қоғамның бейнесі ретінде де болады.
Белгілі топтардың ажырату Стратификация – бұл жағдай
мен үрдістер, мұнда индивидтер,
жанұялар бір-біріне тең емес қатынаста
болады және бедел, меншік, билік, мамандық
пен мәдениет туралы өз көзқарастары
бар иерархиялы құралған страталарға
топтасады. Әлеуметтік мобильділік – қоғамның әлеуметтік құрылымындағы индивидтің немесе топтың алатын статусын, орнын өзгертуі. Бұл термин социологияға 1927 жылы П. А. Сорокинмен енгізілген болатын. Стратификация Сорокин бойынша – бұл белгілі бір адамдар жиынтығының (халық) иерархиялық рангтегі кластарға жіктелуі. Бұл төменгі және жоғарғы қабаттардың болуымен сипатталады. Ол стратификацияның 3 түрін бөледі: экономикалық, саяси, кәсіби. Әртүрлі елдерде осы проблемаға көптеген социологиялық зерттеулер арналады. Әлеуметтік мобильділік қоғамның ашықтығы дәрежесін, оның демократиялылығын, индивидтер мен буындарға белгілі бір қоғам төменгі категориядан жоғары жылжуына қаншалықты мүмкіндік беретіндігін, қоғамның басшы элитасы қандай жолмен қалыптасатындығын, басқа топтардан басшы элитаға өту мүмкіндігін адамдар білгісі келеді. Стратификацияда кластар ерекше және маңызды орын алады. Біздің әдебиеттердегі батыс қоғамның ғылыми кластық дифференциациясын жоққа шығаратын тұжырымдардың негізі жоқ. Социология туралы шетел оқулықтарында осы тұжырым кездеспейтін бөлім жоқ деуге болады. М.Вебердің ойынша, стратификацияны құру үшін топтың әлеуметтік мәселелері маңызды болып табылады. . Әлеуметтік топ – бұл
экономикалық, саяси және кәсіби статустарға,
позицияларға ие адамдар қауымдастығы.
Біз класс әлеуметтік құрылымның
бөлшегі болатындығын негізге аламыз.
Себебі, ол экономикалық, саяси, идеологиялық
қатынастардың тұрақты тасылмалдаушысы
болып келеді. Кластың құрылуы – күрделі
тарихи процесс, қоғамдық қабаттарға бөлінудің
нәтижесі. Әлеуметтік қабаттар бұл
тұрғыдан белгілі бір жеке мүдделер негізіндегі
адамдарды біріктіретін әлеуметтік қауымдастықтарды
білдіреді [6]. Әрбір әлеуметтік қайраткер
өз қажеттіліктерін Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік құрылымның дамуы кездейсоқтылығымен, анықсыздығымен, аморфтілігімен сипатталады. Алғы шетке меншіктік және әлеуметтік теңсіздік мәселесі қойылады. Ол кластық қарама-қайшылық және қақтығыстармен сипатталады. Экономиканың тұрақтануы және экономикалық заңдылықтар еркіндігін заңдастыру, әлемдік нарыққа өту негізгі әлеуметтік қауымдастар арасындағы қатынастар құрамы мен сипатына маңызды өзгерістер әкеледі. Қазіргі қоғамның негізгі сипаттамасы болып оның әлеуметтік поляризациясы, кедейлер мен байларға бөлінуі табылады. Дәстүрлі әлеуметтік топтардың
жойылуы, меншік, табыс, билік құрылымына
ену, перспектива сезімі, топтық әлеуметтік
мобильділік формаларына Мемлекеттік меншік формаларының
трансформациясы және дәстүрлі кластық-топтық
қауымдастықтардың жағдайының, шекараларының,
сандық-сапалық Қазір жаңа қабаттар өзінің құрамы, іс-әрекет түрлері, даму перспективасы тұрғысынан әртүрлі. Олардың болашақтағы дамуы, мінез-құлқы, өмір сүру салты меншіктің жаңа формаларын заңдастыруға байланысты болады [8].
1.2 Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы жастар: мәселелері, даму перспективалары Қазіргі қоғамдағы жастар
рөлі, жас буынның әлеуметтік қызметтері,
оның саяси позициясы мен көзқарасы,
білімі мен кәсіби біліктілігінің
деңгейі, адамгершілігі мен мәдени
қажеттіліктері туралы мәселелерді
зерттеудің теориялық және практикалық
мәні аса зор. Қоғамдық үрдістегі
жастардың рөлі, олардың қызметінің
түрлері, құндылықтары, дүниетанымы, қызығушылықтары,
қажеттіліктері мен психологиялық
қасиеттері әлеуметтік және геосаяси
даму сипаты, қоғамдық қатынастар, тарихи
жағдайлар сипатымен Жастардың қоғамда алатын
орнын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан
талдау қажеттілігі ең аз дегенде
екі маңызды шартпен 18-24 жас кезеңдері аралығындағы
жастарға студенттер немесе Еңбек нарығындағы жағдайлардың маңызды көрсеткіші, жұмыспен қамтылу түрлері, жұмыссыздық деңгейі т.б. Жастар еңбек биржасында басқа жас ерекшелік топтарымен салыстырғанда өте сирек тіркеледі [9]. Сонымен қатар нарықтық қатынаспен қамтамасыз етудің жаңа түрлері де есепке алынбай жатады. Қазіргі кезеңде өндірістік емес салада жұмыс күшіне сұраныс жылдам өсу үстінде, әсіресе саудамен байланысты салаларда. Егер де қазіргі кезеңде білікті мамандарды дайындау саласына қойылатын талап күшейтілмесе біліксіз мамандардың көбейіп халық арасында жұмыссыздықтың ұлғаюына алып келуі мүмкін. Жалпы білім беруді және жастарды кәсіптік тұрғыдан даярлауды ұтымды ұйымдастыру қажет. Жастарды жұмыспен қамтамасыз ету ұйымдасқан экономикалық қатынастар жиынтығын бейнелейді. Бұл басқару объектісі мен субъектісінің әлеуметтік және экономикалық жетістіктеріне бағытталып, жұмыспен қамтамаз ету кепілдігін қамтамасыз етеді. Бұл жүйе:
Адам өміріндегі негізгі
кезеңдердің тізбекті ретпен ауысуы
барысында даму процесінің кері айналмайтын
уақытының кезеңдері балалық
шақ, жасөспірім жас, кемел жас және
қарттық шақ орын алады.Уақыт
өте келе олар бір-бірін алмастырады.
Бір қарағанда адам жасы ағзасының
өмірлік шектерін анықтайтын биологиялық
индикатор болып табылады. Бірақ
та мүлдем бұрыс пікір өйткені
адам ағзасындағы антропометриялық,
физиологиялық және психологиялық
өзгерістер біркелкі жүрмейді. Осыған
байланысты адамды және оның іс-әрекетін
зерттеу мәселелерімен Қазақстан Республикасының «мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі» заңына сәйкес жастар-бұл 14 жастан бастап 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы аумағында турақты өмір сүріп жатқан азаматтығы жоқ тұлғалар. Қазақстан Республикасында жастардың еңбек ресурстарының жоғарғы шектері әйелдер үшін 16-32 жасты, ал ерлерде 16-34 жасты құрайды. Бұған сәйкес, заңнамада және тәжірибелік қызметте жастардың еңбек ресурстарының жас шектерінің ұлғаюы статистикалық материалдарды өте объективті түрде өңдеуге және осы санаттағылар санын талдауға ғана ықпал етіп қоймай, сонымен бірге зор ғылыми нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігіне, жастар өмірінің жағдайлары мен өмір сапасын жақсартуға, олардың кәсіби және шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ ұсынылатын жас аралығында өте өнімді қызметті жүзеге асыруға ықпал етеді. Еңбек ресурстарының жас тобы (16-34жас) сан жағынан да, сапа жағынан да өмір сүру сипатына, білім деңгейіне, өмірлік қажеттіліктеріне байланысты әркелкі болып келеді.Сондықтан да, біздің пікірімізше, оларды екі жастар тобына бөлу керек: 16-25 жас және 26-34 жас аралығындағы, яғни әртүрлі бірдей кезеңдерге бөлінеді. 26 жас және одан асқан кезде жастар 16-25 жас аралығындағы жастармен салыстырғанда, кәсіби тәжірбие алады және олардың басым бөлігі әлеуметтік салада жұмыспен қамтылады. 26-34 жастағы жастар 16-25 жастағы жастармен салыстырғанда, ересек тұрғындарға жақынырақ болады,өйткені олардың қатарына еңбек қатынастарына түскен жұмыс бастылылықтың белгіленген мәртебесі бар еңбек жасындағы тұлғалар жатады. Оларда өздері орындайтын жұмыс жөніндегі көзқарас қалыптасқан және белгілі бір кәсіби және өмірлік тәжірбие жинақталған.Осы жасқа қарай, көптеген жігіттер мен қыздарда еңбек және кәсіби жетілу сондай-ақ өндіріспен кәсіби қызметке бейімделу үрдісі аяқталады. Әлеуметтік ортадағы жастардың жұмыс бастылылығы мен жұмыссыздығын зерттеу кезінде белгілі бір жастар тобының ерекшеліктерін ескеру керек, өйткені олар әр алуан болып келеді. Еңбек нарығы қазіргі заманғы әлеуметтік – экономикалық дамудың негізгі және стратегиялық бағыттарының бірі болып табылады. Ондағы бар бос орындарды есекере отырып жұмыс күшіне деген сұраныс ен ұсыныс арасындағы балансқа жетумен тұжырымдалатын оның басты міндетін шешу еңбек нарығын қалыптастыру факторларын айқындауды талап етеді [11]. Мемлекет жұмыспен қамту саясатын жүргізе отырып, жұмыскерлер мен жұмыс берушілер арасында құқықтық нормалар мен қатынастардың сақталуына бақылауды жүзеге асырады. Осыған байланысты мұнда еңбек нарығының нормотивтік-құқықтық базасының жұмыс істеу тиімділігіне байланысты институционалдық факторлар ерекшеленеді. Институционалдық факторлар олар үшін, бір жағынан, мемлекет немесе аймақ деңгейінде арнайы мақсатты бағдарламалар жасалатын, екінші жағынан, түрлі жәрдемақылар, стипендиялар, гранттар және т.б. төлеумен байланысты осы бағдарламалар мен түрлі заңнамалық актілер шеңберінде жұміспен қамту қорлары құрылатын жастардың еңбек ресурстарымен тығыз байланысты. Жастардың заманауи еңбек нарығының қалыптасуына ықпал ететін факторлардың келесі тобына әлеуметтік-психологиялық фактор жатады. Олардың ішінен кәсіптік бағдар беру, кәсіптік оқыту бейімделу, мамандықтың беделділігі, еңбек сипатының мазмұны, еңбек қызмктінің сипатын ауыстыруға дайын болу, оқумен жұмысты қатар алып жүру мүмкіндігі, сондай-ақ кәсіби өсу келешегін атап өтуге болады. Жастардың кәсіптік бағдарлану
үдерісі жалпы білім беретін
мекткепте өтеді.Олардың Егер еңбек қызықты
және мазмұны болмаса, онда жастар қызмет
сипатын өзгертеді. Жастардың еңбек
нарығын қалыптастырудың Жастардың еңбек нарғының қалыптасу факторларының басқа тобын жұмыспен қамту қызметімен байланысты ұйымдастырушылық фактор құрайды. Жастардың еңбек ресурстарының
қалыптасуына ықпал етуші әлеуметтік- 1) Жастардың еңбек ресурстарының саны; 2) Жастардың еңбек ресурсының икемділігі; Жастардың еңбек ресурсының
әлеуметтік-демографиялық 1) жалпы білім беретін, мәдени және кәсіптік-білікті дайындық деңгейі тұрғысынан алғандағы еңбекке қабілетті жастардың сапасы; 2) ой және дене еңбегімен
айналысатын жастардың 3) eңбекке жарамды жастардың
еңбекке дене күші жағынан
қабілеттілігі және 4) жастардың еңбек ресурстарының
ұлттық-этникалық құрылымы Жастардың еңбек нарығын
қалыптастырудың келесі әлеуметтік-демографиялық
факторы көші-қон болып Әлеуметтік-кономикалық факторлар есебінен жастардың ауылдық жерлерден қалаға, экономикалық хал-ахуалы нашар аймақтар мен елдерден барынша «бай» жерлерге көшуі туындайды. Жергілікті көші-қон түрі бойынша, көшіп қону легінде жастардың ауылдан қалаға кетуі басым, ал кері қайту легі жоқтың қасы. Жастар, бұрынғасынша ауылдан қалаға оқуға кетеді, олар оқуын аяқтаған соң, сонда орнығып қайта оралмауға тырысады. Мемлекет, жұмыспен қамту саласында түрлі шешімдер қабылдау және әр түрлі заңдар әзірлеу арқылы әлеуметтік-экономикалық және демографиялық саясатты жүргізе отырып, тиімді түрде еңбек ресурстарын басқаруға тырысады. Сондықтан замнауи еңбек нарығын, оның ішінде жастарды қалыптастыру саяси факторлардың әсеріне де байланысты. Барлық ТМД мемлекеттерінің
арасында шетел жұмыс күшін жалдау
туралы келісімдерге қол қойылған.
Сондықтан интеграция үрдісінің
факторлары және басқа елдердегі
жастардың кәсіби қызметі жастардың
еңбек нарығын қалыптастырудың
саяси факторы болып табылады.
Біз қарастырылған еңбек Институционалдық механизмнің
әрекеті кезінде түрлі 1) Жастардың еңбек нарығы
мәселелерінің аймақтық 2) Мемлекеттік бюджет
құралдары мен әлеуметтік 3) Индустриялық аудандарда,
сонымен бірге шағын және 4) Жас қызметкерлердің
жаппай жұмыстан шығарылуының
алдын алу, жастар үшін 5) Жастардың дәрменсіз
ұйымдардағы еңбек құқығын 6) Әлеуметтік қорғау және
біліктілікті арттыруды Аталған механизм әрекет еткенде жастарға қатысты мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің бірінші кезектегі функцияларын, оның міндеттерінің жастарға қатынасын анықтау қажет, ол біздің ойымызша, келесі мәселелерді қорытындылауы тиіс: - Жастардың жұмыспен қамтылу деңгейін дамытудың болжамы және жағдайының бағасы, сондай-ақ еңбек нарғындағы сол немесе басқа бос орындардың сандары туралы ақпараттандырып отыру; - Жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу бойынша мақсатты бағдарламалар жобасын жасау, оған оның жұмыспен шығарылу тәуекеліндегі бөлігін, сондай-ақ әлеуметтік қорғауға ерекше мұқтаж және жұмыс іздеп қиындық көріп жүргендерді енгізу; - Қолайлы жұмыс іздеуге, ал жұмыс берушілерге жастар арасынан қажетті жұмыскерлерді іріктеуге жәрдемдесу; - Кәсіптік бағдар, кәсіптік дайындауды ұйымдастыру, жұмыссыз жастарды қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату; - Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы түрінде әр түрлі әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамту қызметі органдарының жолдамасы бойынша оқытылу кезінде шәкіртақы тағайындау, жұмыссыз жастарға материалдық және басқа да көмектер көрсету. Жастарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге байланысты көрсетілетін қызметтерді жұмыспен қамту қызмет органдары тегін ұсынуы тиіс. Белсенді жастарды экономикалық-әлеуметтік қорғау механизмі мына бағыттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс: 1. Жұмыстың заңмен тыйым
салынбаған кез-келген қызмет
саласындағы түрінде жас 2. Еңбек қызметі үдерісін
қамтамасыз ету, яғни мәжбүрлі
еңбекке жібермеу туралы 3. Жалдамалы жұмыскерлер
үшін мемлекет бекіткен 4. Жас жұмескерлердің
сандық қысқаруы, кәсіпорынның жойылуы,
қайта құрылуы немесе Жастардың еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік тетігіне жастардың көші-қонын реттеу механизмі де жатады. Жастар, әлеуметтік жік ретінде жалпы көші-қонушылардың санының үлесін елеулі көбейтеді және көші-қонның басым бөлігінің жастар құбылысы ететін белгілі бір сапалық сипаттамаларды иеленген. Жастарға ата-аналарынан бөлініп, өз бетімен тәуелсіз тұру тілегі тән. Басқа қалаға немесе тіпті басқа елге көшіп-қону өз бетімен өмір сүруді және тәуелсіздікті көбейтеді, жас адамның ересектенуін тездетеді. Қазіргі жастар халықтың басқа көптеген топтарына қарағанда жоғары бейімделу дәрежесіне ие, бұл олардың жаңа жердегі өмірді игеру мен реттеуін жеңілдетеді. Сондықтан мемлекет жастардың еңбек нарғындағы көші-қон механизімін реттеу кезінде аталған үдерісті әлеуметтік қорғауға, оңтайлы салық салуға, қаржы және көлікпен қамтамасыз етілуіне, заңдық қолдауға және т.б. тұжырымдалған қажетті құқықтық және экономикалық нормалармен қамтамасыз етуі әрі қамқор болуы тиіс. Жастардың әлеуметтік құрылымдағы
еңбек нарығын реттеудің 1.3 Қазақстан Республикасында жастардың әлеуметтік құрылымдағы белсенділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар Жастар – жас адамдардың
әлеуметтік жағдайы, қоғамның әлеуметтік
құрылымындағы олардың орны мен
атқаратын іс-әрекеті, ерекше қызығушылықтары
мен құндылықтарының жас Қазақстанда жас мөлшері
14-тен 29-ға дейінгі адамдар жастар
қатарына жатқызылады. Бүгінгі таңда
жастар еліміздің халқының 27% құрап,
қоғамның маңызды бөлігі болып табылады.
Осыған сәйкес, жастар саясатының қазіргі
жағдайы мен оның болашағын айқындау
мәселесі үлкен өзектілікке ие. Жастардың
бәсекеге қабілеттілігін қолдау және
дамыту Қазақстан Республикасының
мемлекеттік саясатының стратегиялық
маңызы бар басымдықтарының бірі.
Жыл сайынғы Елбасының 14-29 жас аралығындағы әрбір
қазақстандық жас адам Біріншіден, жоғары оқу орындарына белгілі бір мамандықты оқуға түскен жастар еңбек нарығындағы ағымдағы сұранысқа назар аударады. Ал оқуларын аяқтаған жастар заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп кеткенін түсінеді. Екіншіден, техникалық мамандықтар,
ақпараттық технологиялар саласындағы
мамандар, сондай-ақ, био және нанотехнология
салаларындағы мамандықтарға Айта кететін жайт, жоғары
оқу орны түлектерінің оқу үрдісінде
алатын теориялық білімі, іс жүзіндегі
дағды мен ептілікті былай
қойғанда, еңбек нарығындағы жұмыс
берушілердің талаптарына мүлдем сәйкес
келмей жататынын жасырудың қажеті
жоқ.. Осылайша, Қазақстанның жоғары оқу
орындарындағы студенттердің Игерілген мамандықтың қыр-сырын
іс жүзінде шыңдай түсуге университет
қабырғасынан жаңа шыққан жастарды жұмыс
берушілердің қабылдамауы да кедергі
болып отыр. Тіпті жолы болып, сынау
мерзімінен сүрінбей өтіп жұмысқа қабылданған
жас түлектің жалақысы оның қажеттіліктері
мен талаптарына жауап Жастардың-қызметтік мансапты
жылдам өсіруді көздеп, жұмысты «әлеуметтік
лифт» ретінде ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2009 жылы ҚР Үкіметінің жанындағы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту және кадрларды даярлау жөніндегі Ұлттық кеңес құрылды. Нәтижесінде, әкімшіліктер мен орта және кіші бизнес субъектілерінің арасында 16,2 мың келісімге қол қойылды. 2009 жылы өндірістік іс-тәжірибеден өтуге 48 мың жұмыс орны берілген болатын [1]. ҚР статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2008 жылғы 13,4% көрсеткіштен 2010 жылы 5,9% төмендеген. 2010 жылдың 3 ақпанында өткен ҚР білім және ғылыми министрлігінің кеңейтілген отырысында cол кездегі министр Ж.Түймебаев 2009-2011 жылдарға арналған «Ауыл жастары», «Дипломмен ауылға», «Жастардың кадрлық қоры», «Жастар – Отанға» және «Жастар практикасы» жалпы ұлттық бастамалық жобалардың іске асырылып жатқанын мәлімдеді. Ж.Түймебаевтың есебінде жобалардың берген қорытындылары туралы ақпарат берілмеді, сол себептен де әрбір жобаның нәтижесін өзіміз сараптап көрелік. «Жастардың кадрлық қоры» жобасының нәтижелері бойынша, 2009-2011 жылдары 1000 үміткердің 32 тіркеуге алынып, барлығы дерлік оқыту мен іс-тәжірибеден өтті. «Жас Отан» ЖҚ сол кездегі атқарушы хатшысы Н.Утешевтің айтуы бойынша, іріктеу сындарының ең соңында кадрлар қоры 300 адамнан тұратын болады. Байқау сынының барлық кезеңдерінен өтіп, ең жоғары деңгейдегі көрсеткіштерге жеткен 300 үміткердің ішіндегі 70 адам республикалық деңгейдегі кадрлық қорға тіркеледі. Ал қалған 230 үміткер аймақтық деңгейдегі кадрлар қорына тіркелетін болады. Кадрлық қорға тіркеу – үміткердің одан да биік лауазымға ұсынылуы немесе мемлекеттік қызметке тұруына өзіндік «ұсыныс хат» болып саналады. Сонымен қатар, бұл жоба мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану мамандықтары бойынша білім алған студенттердің жұмыспен қамтылуына аз да болса үлес қосты. Өзіміз білетіндей, бұл
бағдарлама 2008-2010 жылдарға арналған, бірқатар
іс-шаралар кешенін жүргізу «Ауыл жастары» бағдарламасы бойынша, мысал үшін, Жамбыл облысында 200 жас маман жұмысқа орналастырылды. Олардың әрбіреуіне 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Педагогика мамандары үшін жұмыс орындарын табу қиынға соқпағанымен, жас дәрігерлердің мәселесі сол ашық күйінде қалды. Жастардың ауылдық жерлерде жұмыс істеуден бас тартуының негізгі екі себебін атап көрсетуге болады: жалақысы жоғары жұмыс пен қазіргі заман талабына сай инфрақұрылымның жоқтығы. Бұл мәселелерді мемлекеттің жастарға көрсетілетін қолдауынсыз шешу мүмкін емес. Бұл тұрғыда мемлекеттік қолдаумен қатар, жергілікті билік органдарының батыл әрекеттері ауадай қажет. Атап айтқанда, аудандық бюджеттерді бекіту кезінде жастарды ауылдық жерлерде үлкен сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту үшін қосымша қаражаттың бөлінуін қарастыру қажет. Сонымен қатар, жас мамандарға жеңілдіктер бойынша тұрғын үй беру, мал мен жер телімдерін сатып алуда көмек көрсету, қажет жағдайда – жас мамандардың балаларының мектепке дейінгі мекемелерге орналастырылуын қамтамасыз ету сияқты механизмдерді қолданып, аудандық бюджеттерден қосымша қаражат бөлу қажет. Мұндай мәселелерді шешудің тағы бір жолы ретінде «Дипломмен ауылға» акциясы ұйымдастырылған болатын [14]. Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметі бойынша 2009-2011 жылдары әлеуметтік саланың 6 582 маманы ауылдық жерлерге көшіп, жұмысқа тұрды. Бұл жоба 6 582 маманның қызметке тұрып, үлкен өмірге қадам басуына жасалған үлкен көмек болды. Дей тұрсақ та, бұл 600 000 жуық жас маманның 1 %-ынан сәл ғана артық болып отыр [15]. «Жастар практикасы» жобасы 2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасының аясында басталып, бірқатар жетістіктерге жетіп үлгерді. Бұл жоба оқу орындарының түлектеріне игерілген мамандық бойынша іс-тәжірибе жинақтап, кәсіпқой мамандармен бәсекеге түсуге мүмкіндік береді. Іс-тәжірибеден өту мерзімі 6 айды құрайды. Жастар практикасына жоғары және орта кәсіби білім беретін мекемелердің түлектері жіберілді. Ал оның ұзақтығы, жоғарыда аталып өткендей, алты айдан аспауы тиіс. Бұл бағдарламаның жүзеге асуы мен бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы ақпарат БАҚ-та таратылмады. Жалпы алғанда, «Жастар практикасы» бағдарламасын кеңейту барысында 51 мың жас маман жіберілген 13 мың кәсіпорынмен келісімшарттарға қол қойылған болатын. Алматы қаласының жастар саясаты мәселелері бойынша басқарма бастығының қызметін орындаушы Бахтияр Макеннің айтуынша, 2010 жылы 3044 жас маман жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, болашақ мамандардың жұмыспен қамтылуын қарастыратын 1000-нан астам келісімдерге қол қойылды. «Жас Отан» ЖҚ аясында «Жастар – Отанға» жобасы жастар арасындағы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған. Осылайша, 2010 жылы билік органдары жастардың 50 әлеуметтік жобаларына қолдау көрсеткен болатын. Осылайша, бүгінгі таңда Республика аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың ішінде, 2010 жылғы көрсеткіш бойынша жоғары оқу орындарының жұмыспен қамтылу ісінде «Дипломмен ауылға» жобасы ең үлкен жетістіктерге жетті, ал оның аясында 6 582 маман жұмыспен қамтылды [16]. Қалған жобалардың жұмысына қатысты жүргізілген сараптама көрсетіп отырғандай, олар жоғары оқу орындарының түлектерін кешенді жұмыспен қамту ісінде өз тиімділіктерін көрсете алмады. Жұмыспен қамтылған жас мамандардың саны бойынша екінші орын алатын жоба – «Жастар практикасы» болып отыр. Айта кететін жайт, мұндай жобалардың басым көпшілігі іс жүзіндегі жұмысты 2009 жылдың соңына қарай бастады, бәлкім, нәтижелердің төмендігі осыған байланысты болар. «Жастардың еуразиялық конгресі» ҚБ бизнес пен азаматтық қоғам, бизнес пен мемлекеттің арасындағы байланыс орнатушы түйін болмақ, ал бұл, өз кезегінде, еліміздегі азаматтық қоғамның дамуы мен бәсекеге қабілетті экономиканы құрудың шешуші факторы болып табылады [17]. Қазақстанда мемлекеттік жастар саясаты негізгі басымдылығы жастардың еркін әлеуметтік даму құқықтарын, өз мүдделеріне, ерекшеліктеріне, қабілеттеріне сәйкес, сондай-ақ қоғам мүдделерін есепке алып отыратын шығармашылық бастамасын іске асыру үшін жағдайлар жасау болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжат «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Жастар саясатын іске асыру сұрақтары Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген. 2011 жылы мемлекеттік жастар
саясатын іске асыратын Аталған мақсатқа жету көрсеткіштері ретінде мыналар қарастырылды: Әлеуметтік – маңызды жобаларды іске асыруға қатысатын республикалық жастар ұйымдарының үлесі; Жастардың жастар ұйымдарын қолдайтын және дамытатын ресурстық орталықтарының қызметімен қамтылуы; Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы және патритоттық тәрбие іс-шараларына қатысатын жастардың, жалпы жастар санынан үлесі; Жастардың еріктілік, әскери-спорттық, әскери патриоттық ұйымдардың желісімен қамтылуы; Білім және ғылым министрлігінің жастардың үкіметтік емес ұйымдарымен, сондай-ақ бизнес-секторлардың қатысуымен бірлесе отырып жыл сайынғы іске асыратын жобалары. Көрсеткіштерге қол жеткізу үшін: «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасы аясындағы көгалдандыру жұмыстарын жүргізуге оқушы жастар тартылды; Білімді, дағдыларды, қабілет
пен кәсіби шеберлігін тұрақты түрде
жетілдіруге бағытталған Жастардың азаматтық белсенділігін дамыту жөніндегі конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер жүргізілді; Жас ұрпақты өзара сыйластық пен патриотизм, Отанына және халқына адал қызмет ету принципіне негізделген патриоттық тәрбиелеу жөніндегі акциялар, кездесулер, дәрістер, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізілді. Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие жөніндегі және мемлекеттік жастар саясаты туралы талдамалы баяндамалар, әдістемелік ұсынымдар әзірленді; Жастар ортасында еріктілік қозғалысты дамытуға арналған оқыту семинарлары, кездесулер, «Ұлан» әскери-патриоттық ойындары өткізілді; Жастардың үкіметтік емес
ұйымдарымен бірлесе отырып патриотизмді
және жастардың азаматтық Іс-шаралар кешенін іске асыру барысында «2011 жылды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы жылы деп жариялау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы № 1144 Жарлығының орындалуына ерекше мән беріліп, Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктер жастар арасында кеңінен насихатталды [18]. Жастардың еңбек нарығындағы жағдайын ілгерілетуге бағытталған жобалар Қазақстан Республикасында еңбек және еңбекпен қамту саласындағы мемлекеттік жастар саясаты жастардың жұмысбастылық бағдарламаларын іске асыру, жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту және біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарында оқыту арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік жастар саясатының
бір міндеті болып табылатын
жоғары оқу орындары және техникалық-кәсіптік
мекемлердің бітірушілерін Түлектерді жұмысқа Соңғы үш жыл ішінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы аясында тұрақты жұмыс орнына 50 000 түлек жұмысқа орналасты. 2011 жылы жастар практикасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы мен Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында іске асырылды. Онда аталған шарамен 15,6 мың адамды қамту, оның ішінде «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК) аясында 9,6 мың адамды қамту қарастырылған. Бөлінген қаражат көлемі 2 199,5 млн. теңге, оның ішінде БЖК бойынша 1 499 млн. теңге бөлінген. Жалпы алғанда 2011 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдармен жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін 17 094 жұмыс орны құрылды (БЖК бойынша – 12 566 жұмыс орны), оларға білім беру ұйымдарының 18 026 түлегі жіберілді (БЖК бойынша – 10 604 адам). Жастар тәжірибесі аяқталғаннан кейін 2 155 қатысушы тұрақты жұмысқа орналасты [19]. 2012 жылдан бастап «жастар
тәжірибесін» Еңбекпен қамту
2020 бағдарламасының бір бөлшегі
ретінде толықтыру Жоғары оқу орындары және техникалық-кәсіптік мекемлердің бітірушілерін жұмыспен қамтуддың тағы бір маңызды жобасы «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасы. Ол бірнеше мақсаттан тұрады, ең бастысы ауыл жастарын дамыту үшін жағдайлар жасайды және қолдайды. Оған мемлекеттің қаншалықты салмақты түрде қарағанын келесі мәліметтерден көруге болады. «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын іске асыруға республикалық жергілікті бюджеттен 2009-2011 жылдарға бөлінген қаржының жалпы сомасы 10 738,10 млн. теңгені құраған (Анықтама түрінде: 2009 ж. - 2 806,05 млн. теңге, 2010 ж. - 3 379,37 млн. теңге, 2011 ж. - 4 552,68 млн. теңге.). Соңғы екі жыл ішінде жас мамандардың тұрғын үй алуы мен көтерме үстемақысына 20 млрд. аса теңге бөлінді. Аталған жобаны іске асыру 12 мың жас маманның ауыл игілігіне жұмыс істеуіне мүмкіндік берді. Аталған қаржы
аясында ауылдық жерлерде қалатын
жас мамандар үшін бір реткі көтерме
жәрдемақы төлеу қарастырылған. «Ауыл жастары» жалпыұлттық бастамасын іске асыру барысында «Дипломмен ауылға» жастар жобасы өмірге келді. Оның мақсаты – жастарға ауылдағы әлеуметтік сала мамандарын мемлекеттік қолдаудың негізгі идеясын жеткізу. Жобаға тек қана оқу орындарын бітіріп диплом алып келген мамандар ғана емес, ауылға келіп жұмыс істеп жүрген және онда бес жылдан кем емес тұрған еңбек өтілі бар мамандар да қатыса алады. Жобаны іске асырудың барлық кезеңінде 16 134 маман әлеуметтік салаға тартылды, оның 12 187 немесе 76% - ын педагогтар, 3 132 адам (19%) – денсаулық сақтау мамандары, 516 – мәдениет, 133 – әлеуметтік қамтамасыз ету, 166 - спорт саласының мамандары. Ауылға келіп жұмысқа орналасқан педагогтар саны 1,8 есеге, дәрігерлер – 2,7 есеге өскен. Негізінен, ауылға 30 жасқа дейінгі жастар келген (90%). Көтерме жәрдемақы төлеуге 1,6 млрд. теңге бөлінді, тұрғын үй алу үшін 3 953 маманға 4,7 млрд. теңге көлемінде бюджеттік несиелер берілді [20]. Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 шілдесіндегі №753 қаулысымен тұрғын үй алуға бюджеттік несиенің көлемі 630 еселік айлық есептік көрсеткіштен 1500 еселік айлық есептік көрсеткішке жетті (2,2 млн. теңгеден аса). Көрсетілген шараларды іске асыру 2009-2011 жылдар ішінде оң нәтижелерге қол жеткізді және бұдан әрі мемлекет ауылдық жерлерді кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жоспарлауда. Жастардың еңбекпен қамту саласына енуі олардың техникалық-кәсіптік және үшінші деңгей (жоғары кәсіби) біліммен қамтылу деңгейімен тығыз байланысты. 17 жыл бұрын
Қазақстан Республикасының «Болашақ» түлектері
қауымдастығы мен Халықаралық бағдарламалар
орталығы стипендиаттарды жұмысқа
орналастыру бағдарламасымен Сонымен қатар, абитуриенттерге, студенттер мен ата-аналарға халықаралық білім беру бағдарламаларының өзекті сұрақтары бойынша Call-центрлер жұмыс атқарады. Жасөспірімдер арасында сұраныстағы
мамандықтарды танымалдау жөніндегі
5 ұйымдастыру-практикалық және ақпараттық
іс-шаралар жүргізілді. Сұраныстағы
мамандықтар бойынша мәліметтер
базасы құрылды. Жастар практикасы мен
сұраныстағы мамандықтар «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасы. Қоршаған ортаны және табиғат байлықтарын қорғау саласындағы негізгі міндеттердің бірі республиканың экологиялық ахуалын тұрақтандыру және жақсарту. 2005 жылдан бері Мемлекет басшысының «Жасыл ел» елімізді көгалдандырудың бастамасы табысты іске асып келеді. Онда орман егуді ұлғайту, елді мекендерді көгалдандыру, осы процеске жастарды тарта отырып ел аумағын ормандандыруды ұлғайту жөніндегі негізгі мақсаттар мен міндеттер анықталған. Тәуелсіз Қазақстанды дамытудың қазіргі кезеңінде «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда маңызды роль атқарады. «Жасыл ел» жастар еңбек
жасақтары республикалық Бұл көрсеткіштер еліміздің жастарының Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауын іске асыруда белсенді ат салысып отыратындарын көрсетіп отыр. 2011 жылы еліміз бойынша «Жасыл ел» жастары белсенді жұмыс атқарды. 2011 жылы 12 000 адам жұмыспен қамтылып, 480 жасақ құрылды. Жалпы Жас отан жастар қанатының соңғы жылдардағы жұмыстары оң өзгерістерге бет бұра бастағандығы белгілі. Соның бір саласы осы «Жасыл ел» бағдарламасы болып отыр. Бұл бағдарлама жұмысы негізінен жастардың, соның ішіндегі студент жастардың еңбегін ел игілігі үшін тиімді пайдалануға, әрі олардың өздеріне де қосымша жұмыс бере отырып әлеуметтік ақуалына сәл де болса оң әсер теуге негізделген болатын. Кесте 1. Өңірлер туралы ақпарат [16].
Жыл сайын жастар еңбек жасақтарының сарбаздары республикалық бюджет есебінен фирмалық экипировкамен (күртеше, шалбар, футболка, панама, кроссовкалар) қамтамасыз етіледі. "Жасыл ел" республикалық
штабы жұмыс беруші төлейтін
еңбекақыға қосымша ақы Кесте 2. 2011 жылы игерілген қаражат [16].
"Жасыл ел" республикалық
штабы және оның филиалдары
жүргізетін дәстүрлі іс- 2011 жылғы 18 наурызда Ақтөбе
қаласында Елбасының Жыл бойы өңірлерде аталған жобаны іске асыруға студенттік құрылыс және "Жасыл ел" жастар еңбек жасақтарының сарбаздары, ЖОО студенттері, орта және кәсіби білім беру ұйымдарының оқушылары, "Жас Отан" жастар қанатының белсенділері мен мүшелері қатысты. Еліміз бойынша 3717 жасақ құрылып, оған 600 мыңнан астам ұл-қыздарымыз қатысты. 2011 жылы «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, студенттік құрылыс жасақтары, «Жасыл ел» сарбаздары, жұмысшы жастар белсенділер қатарында болды. Биылғы маусымда 2 500-ден астам саябақ, 3000-ға жуық көше көркейтіліп, 250 объектінің құрылысы жүзеге асты. Сонымен қатар әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық 4 500 объект қайта жаңартылды [16]. Әртүрлі көздерден, оның ішінде ерікті қайырымдылық көмектерді қосқанда, жобаның жалпы қаржыландыру көлемі 1,7 млрд. теңгені құрады. Солтүстік Қазақстан облысында 23 мыңға жуық жастар елді мекендегі 2 мыңнан аса мәдени объектілерді абаттандырып, 128 000-ға жуық көшеттер отырғызып, су көздерін тазартты.Алматы облысында 4000-ға жуық жастар 135 тың тонна қоқыс шығарылды. Маңғыстау облысында 50 адамнан тұратын 15-тен астам жасақ Каспий теңізінің жағалауын тазартуға қатысты. Көрсетілген кезеңде 600 өзен, көл және суқоймасы тазартылды. Жалпы еліміз бойынша 530 000 ағаштар мен көшеттер отырғызылып, 370 000 тонна қоқыс шығарылды, сонымен қатар білім беру ұйымдарының, елді мекендердің аумағын тазарту, спорттық және балаларға арналған алаңдарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушылар киім- Марафон-эстафета кезінде жастардың өз құрдастарымен, аға буын өкілдерімен қарым-қатынас жасауы достық, өзара көмек және бірлік сияқты қарапайым адами құндылықтарды түсінуіне мүмкіндік берді. Жалпы алғанда «Жас отан» жастар қанатының бастамасымен ұйымдастырылып, жүзеге асқан бастамалардың (жоғарыда келтірілген) жастардың танымдық деңгейі мен белсенділігін арттыруға өз үлесін қосқаны белгілі. Жастар арасындағы бағдарламалардың көпшілігі өз өміршеңдігін жоғалтып алып жатқандығы да жасырын емес. Бұл саладағы ғылыми еңбектердің аздығы да өз кезегінде өз кедергісін тигізіп отыр. 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАСТАР 2.1 Қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымындағы жастар тобы Қоғамның әлеуметтік құрылымындағы негізгі өлшемдер әлеуметтік-таптық түсініктерге тән. Себебі әлеуметтік-таптық құрылымның компоненттері көп жағдайда қоғамның ішкі жүүйесіне елеулі әсер етеді. Әлеуметтік-таптық құрылымдағы жастар, жалпы жастардың алатын орыны қандай деген сауалдар бүгінгі күнгі өзекетілігі жағынан алып қарағанда жоғары болып отыр. Негізінен біз жастарды әлеуметтік-таптық құрылымның ішіндегі әлеуметтік топ ретінде қарастырамыз. Көптеген әдебиеттерде, ғылыми мақалаларда да негізінен жастарды осы тұрғыдан қарастырады. Сондықтан да біз алдымен әлеуметтік-таптық құрылымдағы «әлеуметтік топ» түсінігін талдап алуды жөн санаймыз. Топ - мүшеліктің ресми немесе бейресми критерийлерімен шектелген индивидтердің (адамдар немесе заттардың) ұжымы немесе көпшілігі. Әлеуметтік топ оның мүшелері өзара рөлдер мен әрекеттерді қамтитын әлеуметтік интеракцияға қосылған кезде пайда болады. Мүшелік тұрғысынан әлеуметтік топтар салыстырмалы ашық және қозғалмалы (достар тобы) немесе жабық және қозғалыссыз (масондық ұйымдар) болуы мүмкін [22]. Әлеуметтік топ — жеке тұлғалардың ортақ, ынтымақты, үйлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адамдар бірлестігінің, өзара әрекетінің негізгі түрі,бірігу дәрежесі әрқилы бірлестіктердің құрамын белгілейін өте кең ұғым. Жалпы, әлеуметтік топ ұғымы мүдделердің, құндылықтар мен жүріс-тұрыс нормаларының ортақтығы мен айырмашылықтарына орай халықтың жіктелуін бейнелейді. Қазіргі әлеуметтік ғылымдарда әлеуметтік топтар ретінде таптар, сословиелер, таптар және сословиелер ішіндегі бөлімшелер, этникалық, кәсіптік, жыныстық, жас ерекшелігіне қарай, мекендік, тұтынушылық, діни, білімі бойынша және басқа да топтар қарастырылады. Әлеуметтік топтар теориясында топтар үлкен, орта және кіші болып бөлінеді: Кең мағынасында «әлеуметтік топ» ұғымы адамдардың кез келген әлеуметтік бірлесуін – отбасынан, құдастар тобынан елдің, тіпті, бүкіл адамзат қоғамына дейінгі түсінікті қамтиды. Бірақ әлеуметтануда көбіне тар мағынада - қандай да бір жеке, ұжымдық немесе қоғамдық мүдделер мен мақсаттарды жүзеге асыруды көздеген өзара әрекеттегі адамдар жиынтығы - қоғамның ішіндегі құрылым ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтік топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді [22]. 1. Үлкен әлеуметтік топтарға
халықты қамтитын бірлестіктер
кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар,
әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас
ерекшелігі бойынша, этникалық, 2. Орташа топтар өндірістік,
территориялық бірлестіктерден
құрылады, олардың арасында әр
түрлі мүдделер мен саяси 3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоцияциялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі. Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше. Таптар: еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен); жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін); жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, парасатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай); капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады [9-86 б]. Шағын топ - барлық мүшелерінің арасында тікелей қатынас болатын әлеуметтік топ, оның синонимі қатынастық топ. Атаулы топ - талдау мақсаты
үшін мағынасы зор бірқатар белгілер
бойынша бөлінетін адамдар Алғашқы топ - негізінен бастапқы әлеуметтенуді индивидтін басқа топтарға кіруін қамтамасыз ететін шағын топтың бір түрі (отбасы, жасты адамдардың, достардың топтары, кейде көршілер топтары). Референтті топ - әлеуметтік салыстыру процесінде индивидтер үшін үлгі ретінде болатын, олар өзінің әлеуметтік жағдайын, мінезқұлқы мен ұстанымдарын салыстыратын нақты немесе елестетілетін әлеуметтік топ. Әлеуметтік топ - кең мағынада белгілі бір нақты әлеуметтік, яғни ең алдымен қоғам өмірімен байланысты белгілердің қоғамдағы қоғамдық қатынастар жүйесінің негізіндегі топтық қауымдастықтардың кең жиынтығы [22- 48 б]. Ресми топ - заңды статусы бар, әлеуметтік институттың, ұйымның бір бөлігі болып табылатын, осы институт немесе ұйым ішіндегі еңбек бөлінісі шеңберінде белгілі бір нәтижеге (өнімге, қызметке, т.б.) жетуді мақсат тұтатын әлеуметтік топ. Этникалық топ - ядросы басқа әлеуметтік ағзаның құрамында болатын этностың (тайпаның халықтың, ұлттың) бөлігі («Сынығы»). Топтық динамика - белгілі бір уақыт арасында бір топта пайда болатын және топтың бір кезеңнен бір кезеңге қозғалуын, яғни оның дамуын бейнелейтін динамикалық процесс жиынтығы. Тендер тобы - тең статусты
индивидтер тобы. Термин көбінесе отбасының
иерархиялық тәжірибесіне қарағанда
өз жасындағылар тобында әрекет ете
отырып, әлеуметтенуіне әртүрлі ықпалды
сезінетін балалар мен Топтық динамика - әлеуметтік топтар ішіндегі интеракцияларға қосылған процестер. Әлеуметтану негізінен қақтығыстардың қысымы үлгісінің ауысуы, топ ішіндегі түзетулер мен ынтымақтастыққа, сондай-ақ, басқару стильдерін зерттеуге басты назар аударады. Топтық терапия - психологиялық ауруларды «бетпе бет», бірлесе қобалжу мен эмоция арқылы топтық процеспен емдеу тәжірибесі. Бұл үлкен өзін-өзі түсіну мен түзетуге әсер етеді. Терапевттік топтар негізінен лидерге немесе «жеңілдеткішке» ие болады, себебі олардың құрамы мен бағдарламасы мұқият жоспарланған болуы керек және барлық мүшелерінің мақсаттарын жүзеге асыру үшін басқарылуы тиіс. Әдістеме бірқатар теоретикалық тәсілдермен бекітілуі мүмкін, мысалы, психодинамикалық, роджериандық, феминистік. Топтастыру - бақыланатын объектінің бірліктерін маңызды белгілері бойынша біртекті жиынтықтарға біріктіру.[3] Қысым топтары - мемлекеттік
органдардың нақты шешім Мүдде топтары - өзі үшін қолайлы және пайдалы шешімдерді қабылдау мақсатымен саяси институттарға ықпал етуге талпынатын ортақ мүдделер негізіндегі индивидтердің бірлестігі. Тәуекел топтары - қылмыстық немесе делинквентті іс-әрекетті жасауға басқалардан қарағанда бейім халық категориялары. Өзара көмек көрсету топтары
- психологиялық денсаулықты Адам әлеуметтік тіршілік
иесі болғандықтан, түрлі әлеуметтік
топтармен қарым-қатынас Біз жоғарыдағы жазбалар арқылы қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымын, соның ішіндегі әлеуметтік топ түсінігін жіктеп алдық. Енді әлеуметтік-таптық құрылымдағы жастардың жай күйі, олардың алатын орны, атқаратын қызметі қандай екендігін зерделеп көрелік. 1. Еңбекші шаруалар табындағы жастар (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен); Негізінен бұл топқа қазіргі күнде жастардың біршамасын жатқызуға болады. Мысалы оқуға түсе алмай ауылда қалып, қара жұмыспен айналысып жүрген жастарды осы топқа кіргіземіз. Олардың кәсібі мал бағу немесе егіншілікпен айналысу болып табылады. Яғни өзге бір байдың малын аз ғана жалақыға бағу немесе өзге бір жер иесінің егініне аз жалақы алу үшін көмектесу болып табылады. Қазіргі заманауй жаңалықтар мен дамудан көш артта қалған жастардың бұл шоғырының табысы өте төмен. Расын айтсақ тек өзінің ғана тамағын тойдыруға жетерлік табыс табады. Игерген кәсібі жоқ болғасын, алатын нәсібі де аз. 2. Жалдамалы жұмысшылар табындағы жастар (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін); Бұл таптағы жастардың жағдайын да алдыңғы таппен шамалас немесе сәл ғана дұрыс. Негізінен бұл таптағы жастарға ауылда қалуды жөн санамай қалаға келіп, құрылыстарда, ірі кәсіпорындарда, зауыттарды жалдамалы қара жұмысшы болып жұмыс атқарып жүрген жастарымызды жатқызсақ болады. Олардың біразының жоғары білімі әрі дипломы бар. Бірақ қазіргі заманда танысың немесе ақшаңның жоқтығы кедергі болып қызметке тұра алмағандар. Сондықтан нәсібін лажсыз ауыр еңбектен іздеген жандар. Қазіргі таңдағы жастардың көбі осы таптың өкілідері болып отырғаны жасырын емес. 3. Жер иеленушілер табындағы жастар (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, парасатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай); Бұл таптағы жастарға біз белгілі бір кәсібі бар немесе тұрақты қызметі, орташадан жоғары табысы бар жастарды жатқызамыз. Соңғы жылдары жеке кәсіппен айналысып жүрген жастарымыздың саны артуда. Олардың бірқатары өздерінің жеке фирмаларын құрып, шет елдермен байланыс орнатып тірлігін дөңгелетіп отыр. Шағын және орта бизнестегілердің де бірқатары осындай жастар. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Ал қызмет маңындағы жастарға тоқтала кетер болсақ, лауазымды орындықтарда отырғандардың саны санаулы. Ал тұракты мемлекеттік қызметтегі жастар, жалпы жастар санының 20%-ға жуығын құрайды. Жеке салада қызмет ететін жастар да шамамен 30% көрсеткіш шамасында. Ал 30% пайызға жуығы әр түрлі жұмыстар жасап күнелтсе, 20%-ының мүлдем жұмысы жоқ [15]. 4. Капиталистер табындағы жастар (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, құқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Бұл тап өкілдерінің арасындағы жастар көп емес. Олар негізінен ауқаттылардың балалары немесе жақын туыстары. Бүгінгі Қазақстан қоғамы жағдайында өз күшіңмен өсіп ондай мансапқа ие болу үшін жиырма тоғыз жас жеткіліксіз. Әрине кез-келген қоғам үшін де бірден «қызметтік лифт» арқылы көтерілу қиын. Себебі оған ұзақ уақыт жұмыс жасайтынын ұмытпау керек. Ал қызметте лифт арқылы тез көтерілуді қалайтындар белгілі бір сатыға жеткенде қателіктерге бой алдырып, төмен құлдилайтыны жасырын емес. Мұндай қиялдарға жастардың бой алдыруы өздері үшін де, қоғам үшін де тиімді емес. Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады. Осы тұрғыдан қарастырғанда әлеуметтік таптардың бөлігіндегі жастар да әлеуметтік-саяси қатынастардың маңызды субъектісі болып табылады. 2.2 Қоғамның әлеуметтік-
Қоғамның әлеуметтік құрылымында
елеулі орнын әлеуметтік- Белгіленген құрылымның әрқайсысы тұрғындарды келесі белгілер бойынша құрамын сипаттайды: жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған жері, белгілі жерде тұру уақыты. Тұрғындардың құрамын және оның өзгеру заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы өте зор. Ол ең алдымен қоғамның келешегін білу үшін, экономикалық-әлеуметтік жоспар құрып, салуатты саясат жүргізу үшін қажет. Тұрғындардың даму келешегін алдын ала көре білу, демографиялық болжам жасау - әрқашан да ғылымның алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе ол қазіргі адамзат қоғамы өзінің даму жолын өзі айқындап алуына ұмтылып отырғанда өте қажет. Демографиялық үрдістердің заңдылықтарын мен айғақтарын білу сындарлы демографиялық саясат жүргізуге – көп балалы отбасыларға көмек көрсету жолдарын, адамдардың денсаулығын сақтау, тұрғын үйлер салу, тұрғындарды азықпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмек көрсете алады [24]. Тұрғындардың жыныстық-жастық құрылымы - екі «өлшемнің» қосындысын айқындайды: бірінші жағдайда қандай да бір территорияда (аудан, ауыл) немесе ұжым құрамында (ең алдымен еңбек) еркек пен әйелдер арасындағы арақатынас, екіншіде - әртүрлі жас адамдарының арасындағы арақатынас. Бұл құрылымдар кейде биологиялық ретінде белгіленеді. Шынында да, бұл айырмашылықтар биологиялық негізге тіреледі. Бірақ, адамдар жиынтығының жасы мен жынысы бойынша орнығуы әлеуметтік дамудың бір салалары. Әлеуметтік шарттар мен себептерден әлем елдері тұрғындарында әйелдердің басым болып келуі тәуелді. Сондай-ақ, әртүрлі елдер мен әртүрлі кезеңдерде олардың арақатынасы әртүрлі болып келеді [25]. Жыныстық-жастық құрылымды белгілі бір белгі бойынша (жынысы немесе жасы), немесе екі белгі бойынша талдауға болады. Үлкен қызығушылық тұрғындардың үш топқа ажыратылуы белгіленеді: 0-14 жас (балалар), 15-49 жас (жас және орта жастағы), 50 жас және одан жоғары (ересек). Осы топтар арасындағы арақатынас тұрғындардың жыныстық, жастық құрылымының түрін сипаттайды. Неғұрлым құрылым прогрессивті, соғұрлым онда даму мүмкіндігі жоғары, еңбек потенциалының дамуы тұрақты болып келеді [26]. Тұрғындар санының белгілі өсімі мен оның прогрессивті өзгерісі негізіндегі жыныстық-жастық құрылым, елдің әлеуметтік дамуының, еңбек және демографиялық потенциалының маңызды сипаттамасын айқындайды. Тұрғындардың отбасылық құрылымы - келесі көрсеткіштер: саны, көлемі, отбасы құрамы, бөлек мүшелерінің өзара қатынасы негізінде сипаттайды және ұдайы өндіріс, миграция, тұрғындардың өмір деңгейі мен тұрмысы, жастардың әлеуметтенуі мен үлкендердің зейнетке өтуін, тұрғындардың әлеуметтік, этникалық, ұлттық құрылымын сипаттау мен зерттеуде кең қолданылады. Тұрғындардың отбасылық Отбасы – қоғамның тірегі, оның алғашқы ұяшығы. Адам өмірінің мәні алдымен оның отбасының болуы немесе болмауымен өлшенеді. Отбасының бірнеше түрі болады. Ата-анасы және балалары бар отбасы толық деп аталады. Ата-анасының біреуі ғана бар болса, ол толық емес отбасына жатады. Ата-анасына мен балаларынан басқа туысқандары қосылып өмір сүріп жатқан отбасын күрделі отбасы деп атайды [27]. Тұрғындардың отбасы құрылымымен неке жағдайы тығыз байланысты. Неке - отбасын құру мақсатын көздеген ер мен әйелдің тең одағы. Некеге отырған ерлі-зайыптылар бір-бірінің алдында белгілі құқықтырға ие болады және міндеттер орындайды. Неке міндетті түрде тіркелуі керек. Тек тіркелген некеде тұрғандардың ғана әрекеттерінің заңды салалары болады. Отбасының түрлі тұптары бар. Олардың ішінде қазіргі замандық қоғамда кең таралғаны кіндік отбасы ата-аналардан және олардың балаларынан тұрады. Кіндік отбасының екі нұсқасы болуы мүмкін: балалы және баласыз, ерлі-зайыптылардан ғана тұратын отбасылар. Кеңейтілген отбасы ерлі-зайыптылармен, олардың балаларымен қоса, өзге туысқандарын да біріктіреді. Мұндай кіндік отбасымен ата мен әже немесе үйленген ересек балаларымен немесе аға-жеңге, апа-жезде балаларымен бірігіп өмір сүруі мүмкін [28]. Жыныстық байланыстарына қарай отбасылар негізінен моногамды және полигамды болып бөлінеді. Бір әйел мен еркектің некелік одағы моногамды отбасы делінеді. Бұл некелік формалардың ішінде кең таралған түрі. Екі немесе одан да көп әйел алушылықты полигамия дейді. Некенің бұл түрі де өзіндік нышандарымен дүниежүзілік мәдениеттерінде де ұшырасады. Кейбір ислам елдерінде полигамияға рұқсат етілген. Отбасының атқаратын функциялары: - бала өсіріп, тәрбиелеу арқылы ұрпақ жалғастығын қамтамасыз ету; - баланы әлеуметтенуге, яғни қоғамда өмір сүруге дайындау; - отбасы мүшелерін баспанамен, көлікпен, киіммен, тамақпен, үй заттарымен, оқуға, еңбек етуге қажетті жабдықтармен, тағы басқа материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету. Генетикалық құрылым – тұрғындардың
берілген мекенде түған, немесе басқа
аумақтан көшіп келген адамдардың
арақатынасын белгілейді. Келушілердің
арасында уақыт қонысына байланысты
топтар ажыратылады. Бұл құрылымның
түрі әлеуметтік-демографиялық Жастар социологиялық зерттеудің объектісі ретінде 14 жастан 29 жасқа дейін жастағы ірі қоғамдық топты белгілейді. Жастар әлеуметтанудың пәні болып, жастардың қоғамның әлеуметтік құрылымында алатын орны мен рөлін, айқындалу формалары мен жастар ортасында әлеуметтік заңдылықтар мен заңдардың іске асыру механизмдерін зерттеу болып табылады. Спецификалық жастардың Жастардың демографиялық ахуалы: Жастар әлеуметтік құрылымның қалыптасуы кезеңінде өзіне тән арнайы көзқарастары бар қоғамның ерекше әлеуметтік-демографиялық тобы. Қазіргі уақытта, қазақстандық жастар қоғамның әлеуметтік-демографиялық құрылымындағы ірі әлеуметтік топтардың қатарына жатады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2011 жылы жастардың жалпы саны 4 483 285 адамды құрады. Сөйтіп, қазіргі заманғы қазақстандық қоғам құрылымындағы жастар республика тұрғындарының жалпы санынан 27%-ды құрады [1]. Кесте 3.Тұрғын халық құрылымындағы Қазақстан жастарының 2011 жылға арналған саны
Кестеден көріп отырғанымыздай,
жас тұрғын халық құрылымында
жас категориясы бойынша 19-23 жас
аралығындағылардың саны басым, одан кейінгі
саны жағынан басымдылық 20-24 жас
аралығындағылардың үлесінде. Жалпы
он екі жылдық (1999 жыл) статистикамен
салыстырғанда демографиялық Жастардың санының өсу бұл біздер үшін қуаныш. Себебі бізде қазір халықтың орта жасы 35 жасты құрап отыр. Яғни Қазақстан Республикасын жас мемлекет деп айтуға толық негіз бар. Халықтың гендік тұрғыдан жас болуы, оның даму потенциялына өте зор мүмкіндіктер береді. Мысылы: Еуропа елдеріндегі халықтың орта жасы 50-ді көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш кейбір дамыған елдерінде тіпті бұдан да жоғары жасты көрсетуде көрсетуде. Әрине батыс елдеріндегі бұл жағдай олардың қатты алаңдаушылығын тудырып отырғаны жасырын емес. Ал біздегі осы жас шақты тиімді пайдалану жолдарын қарастыру қажет [29]. Ал енді 2010, 2011, 2012 жылдардағы
жастар санының өзгерістері
Сурет 3. Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі Жалпы осы деректемелерге қарай отырып жастар санының жыл сайын өсу үстінде екендігін айқын аңғаруға болады. 2010 шы жылғы көрсеткішпен 2011 ші жылғы жастардың өсу көрсеткішін салыстырар болсақ айтарлықтай өсім бар. Дәлірек айтсақ 32471 адамға жастарымыздың саны артқан. Бұл көңіл қуантарлық жағдай. Дегенмен 2012 ші жылы бұл көрсеткіш кеміді. Яғни 47075 адамға жастарымыз кеміді. Бұған не себеп деген кезде, соңғы жылдары жастар арасындағы өлімнің жиілеуін айтса болады. Ал қала мен ауыл жастарының арасындағы сандық айырырмашылықтарды анықтау үшін төмендегі суретті ұсынамыз.
Сурет 4. Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі Онда қала жастары санының өскендігі байқалады. Егер 2012 жылы қала жастарының саны 2 448 610 адам болса, онда бұл көрсеткіш ауылда 1 987 600 адамды құрады [1].
Сурет 5. Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттіг Суреттен байқағанымыздай 19-23 жас аралығындағы жастардың саны басымдыққа ие болып отыр. Өңірлердегі жастар саны:
Сурет 6. Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі 2011 жылы жастар ортасында ер адамдар басым – 2 245 249 (әйелдер – 2 238 036 адам). Кесте 4. Өңірлердегі жастардың саны.
Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі Жастардың басым көпшілігі Оңтүстік Қазақстан (736 029 адам), Алматы (510 281 адам), Шығыс Қазақстан (348 516 адам), Қарағанды (343 943 адам) облысында және Алматы қаласында (420 842 адам) тұрады. Сонымен қатар, жастардың саны батыс өңірлерде, яғни Маңғыстау облысында 66 945 адамға, Ақтөбе облысында 54 248 адамға, Атырау облысында 34 922 адамға өскен. Бұл ең алдымен жаңа кәсіпорындардың және оған сәйкес жаңа жұмысшы орындарының ашылуымен тығыз байланысты болуы мүмкін. Жас отбасыларының репродуктивтік деңгейі 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 2 648 адамға өскен. Аталған мәліметтерге сүйене отырып, қазіргі әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысына қарамастан қазақстандық жастар еліміздің әлеуметтік-демографиялық саласындағы мемлекеттік қолдауды айқын сезінуде. Жастардың әлеуметтік-демографиялық жағдайының жақсару бұл мемлекет үшін маңызды мәселе. Әлеуметтік құрылымдағы алатын орнының айқындалуы ең бірінші кезекте әлеуметтік жағдайға келіп тірелетіні жасырын емес. Яғни жастардың тұрмыс жағдайының жақсаруымен қоса белсенділігі де арта түседі [30]. Қазақстандағы демография жағдайына әсер етуші факторлар: 1. Әлеуметтiк-экономикалық
факторлар, адамдардың қоныс 2. Тұрғын-үй бағдарламасы
жүзеге асып жатқанымен, бұл саясат
орта тап өкілдеріне 3. Халық санын ұлғайтуда
біз табиғи жолды ұстанғанның
өзінде 1,5 млн адамды қоса аламыз,
ал шет елдерден 4. Өзіндік саяси даму
және ұлттық мемлекеттік Кесте 5. 2011 жылғы мәліметтер бойынша некеге тұрушылар саны Ерлер
Әйелдер
2011 жылғы некелесулерді жас бойынша талдап көрсету
Сурет 7. Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі Жоғарыдағы суретке назар аударар болсақ 20 мен 24 жас аралығындағы некеге тұрушылардың саны әлдеқайда басым болып отыр. Яғни қазіргі Қазақстан жастары үшін осы жас мөлшері үйленіп, отбасын құру үшін ең қолайлы кезең деп те айтуға болады. Жастардың отбасын құру жасы соңғы жылдары кешеуілдегені рас. Оған себеп жастардың өз ойынша, ең бірінші тұрғын үй мәселесі болып отыр. Одан кейінгі кезекте қызметтік тұрғыдан көтеріліп алуды да жастар жағы үйленуді кешіктіретін негізгі факторлардың бірі ретінде көрсетуде. Ал ажырасушылардың саны төмендегідей:
Сурет 8. Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі Жастар арасындағы бала туу көрсеткіштері кестедегідей: Кесте 6. Жастар арасындағы бала туу саны
Қайнаркөз: Қазақстан Республикасының статистика агенттігі Жастар арасындағы бала туу
жағдайы жыл сайын жақсарып келеді.
Бірақ бұл жетістіктеріміз Елбасымыз 2020 жылы халық санын 20 миллионға жеткізуді мақсат етіп қойды. Бірақ ол санға жету қазіргі демографиялық жағдайды сараптасақ, мүмкін еместей. Себебі, елімізде жарты миллиондай кәрі қыз бен сұр бойдақтарымыз бар [32]. Адам өміріндегі басты
құндылық — шаңырақ көтеріп, отбасын
құру, ұрпақ өрбіту. Ал қызмет, мансап,
карерьа, атақ-даңқ уақыт еншісімен
толығатын, аз күнгі құндылық. Дей
тұрғанмен, бүгінгі жастарымыз үйленіп
отбасы болудан гөрі, алдымен
жеке бастың қажеттілігін көбірек ойлайтын
сияқты. Кеше жастарымыз 13 жасында отау
құрып, отбасы тізгінін ерте бағындырса,
бүгінде орда бұзар отызға келсе
де сүр бойдақ жүрген жігітеріміз
бен кәрі қыздарымыз жетерлік. Ал осының
себебі неде? Халқымыздың санын көбейтетін
қыз-жігіттер неге үйленуге асықпайды?
Дәл осы сауалды жасы келсе
де, үйленуге, тұрмыс құруға талпынбай
жүрген ұл-қыздарға қойып, жауабын
іздедік. Олардың көбісінің айтуы
бойынша ең басты мәселелердің бірі
қызметте биікке жетуді көздеу, отбасын
құрудан бұрын. Ал екінші фактор әлеуметтік
жағдайдың төмендігі мен Егер себептеріне тоқталып өтетін болсақ, әрине біріншіден әлеуметік жағдайы, қаржы мәселесі. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөз бар ғой. Иә жастардың үйленуі оңай, бірақ оның ар жағында «қай жерде тұрады, олардың тұтынған жарығына, газына, телефонына және жалдамалы пәтеріне ақша қалай төленеді?» деген сансыз жауабы жоқ сауалдар тұрады. Міне, соған біздің жастар дайын емес. Бұрын социализм, коммунизм заманы болды. Онда жастар үйленгеннен кейін барлығына үй берілетін, қазір ешкім «сен үйлендің бе, үйленбедің бе?» оған мән беріп жатқан жоқ, Үйленген болсаң, «мә саған ақша, мә саған пәтер» — деп беріп жатқан үкіметте жоқ. Міне, жастарымыздың үйленбеуге асықпайтын бірден-бір үлкен себебі осы. Бұрын адамдар әйтеуір болашақта пәтер алатынына сенімді болатын. Қазір ондай сенім жоқ. Сондай-ақ, демографиямыздың өсуіне де үкімет тарапынан қолдау қажет. Бірінші бала туылғанда қомақты ақша төлеймін десең, жастар ұрпағын өсіруден еш қашпайды. Ал жеке басын асырай алмай жүрген қазіргі заманда қалайша өмірге ұрпағын сеніммен әкеледі? Мемлекетке керек емес болған азамат, жеке адамға керек болмайды [32]. Білім деңгейі жоғары, сауатты жастарымыз жетерлік. Бірақ оның деңгейіндегі жұмыс орны дайын ба екен? Қазір көптеген білімі жоғары жастарымыз жұмыс істемейді, неге? Себебі, жұмысқа барса, олардың айлығы төмен. Ал аз жалақымен отбасын қалай асырайды? Мен ойлаймын білімі өте жоғары қазақтың қыз-жігіттерінің барлығына бір-бір жұмыс орнын берсек, қоғамдағы шешімі табылмай келе жатқан мәселенің барлығы да оп-оңай шешіледі. Осы Алматы қаласының өзінде қаншама тамаша қыздар жүр, соларға қарап жаным ашиды. Көпшілік қыздар үйленгісі, бала тапқысы келеді, ал бірақ мүмкіндігі жоқ. Қаладағы пәтердің құны өте қымбат. Үкіметтің жұмысында жүретіндер жақсы дегеннің өзінде 45-50 мың теңге алады. Қуықтай бір бөлмелі пәтерді 60 мыңға жалдап тұратын 4 қыз айына 15 мыңнан пәтер ақысын төлейді. Ал оның тамағы, киімі бар. Жастарымыздың кеш үйленетіні демография мәселесін туындататыны да сөзсіз. — Нарықтық-экономикалық жағдайда қазіргі біздің жастарымыз жаһанданудың ықпалымен кеш үйленетін болып жүр. Мұны демографияда Еуропалық отбасы құру жолы деп айтамыз. Негізінде жастар толық пісіп-жетіліп, жұмысқа орналасып, өзінің болашақ жағдайын жасап алғаннан кейін барып, үйленуге қадам жасайды. Жастарды кінәлауға болмас, өйткені, бұл өмірдің өз тенденциясы, бағыты. Әрине бұл демографиядағы жаһанданудың бір көрінісі. Ата-бабаларымыз жастарды ерте үйлендіріп, балалалы болуын қалаған. Алайда қазіргі экономикалық жағдайда біздің жастарымыз көбінесе ұл балалар 30 жастан кейін, қыз балалар 25 жастан асып барып отбасын құратын болып отыр. Мұнда үлкен қауіп бар деп айтпау керек. Бұл отбасының үлкен бір даму жолдары. Егер біздің ер азаматарымыз 30 жастан кейін, қыздарымыз 25 жастан кейін үйленсе де, 3-4 баланы өсіріп тәрбиелеуге толық мүмкіншілігі бар. Бірақ кейбір жастарымыз асықпаймыз деп жүріп, үйленуді тым кеш қалдырады. Ер азаматтарымыз 35 жасқа дейін, қыз балалар 30 жастан асқанша жүріп қалады. Міне, осылайша қоғамда сұр бойдақтар мен кәрі қыздардың мәселелері туындайды. Тек туындап қана қоймай, олардың саны күн санап өсіп келеді. Қазіргі статистикалық мәліметтер бойынша, 25-50 жас аралығындағы ешқашан күйеуге тимеген, бірде-бір баласы жоқ әйел адамдардың саны 350 мыңға жетіп отыр. Бұл аз көрсеткіш емес, оны айтып та, жазып та жүрміз. Алайда жастарды осындай қадамға әкеліп отырған заманның өзі [33]. Егер кәрі қыздардың проблемасы өсетін болса, ол қоғам үшін, халықтың өсуі үшін едеуір үлкен кедергі жасайды. Қоғамдағы 350 мың кәрі қыздар, ол ащы да болса, ақталмаған үміт, жағылмаған ошақ, көтерілмеген шаңырақ, ашылмаған гүл, туылмаған бала деген сөз. Егер қоғамда 350 мың кәрі қыз, 150 мың сұр бойдақтарымыз болса, жарты миллион пісіліп жетілген жастарымыз отбасылық тыныстан тысқары қалып отыр. Міне, мұндай жайттың тым көп болудың қажеті жоқ, оған қарсы күресу керек. Содан кейін бұл мәселенің
тағы да ғылыми астары бар, ол қазір
ер азаматтардың арасында өлім-жітімнің
көптігіне байланысты. Еркектердің
өлімі әйелдерге қарағанда Түйін: Әрине, жастарымыздың жасы келсе де жалғыз жүргені жаны ауыртарлық трагедия. Оған себепші — қатал қоғам да, заман талабы да және бойдақ жүрген жастардың өздері де. Жастар заманды, қоғам жастарды кінәласақ та, Алла алдында жауапкершіліктен қаша алмаспыз. Ендеше, жастар ешнәрседен қорықпастан отбасын құрып, ұрпақ қалдыруды мақсат етіп қойғанымыз абзал. «Дүниеге бір перзент келсе, бір қозы артық туады, бір қозы туылса, бір уыс шөп артық шығады», — дейді атам қазақ. Демек, тәуекел түбі жел қайық, мінесің де кетесің! Демографиялық болжаудың
диапазоны елдің немесе аймақтың
халқының болашақтағы санын жалпы
бағалаудан халықтың жорамалдағы жас-жыныстық
құрамын егжей-тегжейлі есептеуге
дейін әр түрлі болуы мүмкін. Демографиялық
болжамдар кез келген әлеуметтік
болжам жасау мен жоспарлаудың негізінде
жатыр. Олар негізінен аталған әлеуметтік
үдерістерге болашақ М.Г. Назаров алда тұрған
кезеңге олардың санын есептеуді
білдіретін еңбек ресурстарын болжауды
жеке жіктейді. Еңбек ресурстарының
ең маңызды бөлігі еңбекке жарамды
жастағы халық болғандықтан, еңбек
ресурстарын болжау, зерттеушінің пікірі
бойынша, келешектегі демографиялық
ахуалды айқындауға және халықтың жынысы
мен жасы бойынша келешектегі
санын есептеуге негізделеді. Жоғарыда айтылғандардың барлығын қорытындылай келе, біз берілген болжау әдістерінің жіктелімі қалай болғанмен де, еңбек нарығында жастардың еңбек ресурстарының санын болжауға деген бірыңғай көзқарасты анықтамайды деп есептейміз. Осыған байланысты, енді қолда бар деректерді, тәжірибені назарға ала отырып, аталған үдерісті әдістемелік әзірлеу және одан әрі зерттеу қажеттілігі туындайды. Бұл сұрақты шешу үшін еңбек нарығындағы жастар еңбек ресурстарының санын болжау әдістемесі ұсынылады, бұл туу-өлім және механикалық өсім немесе келген кеткендер санына экстраполяциялық тренд құру әдістемесін қолдануға негізделеген. Табиғи өсім көрсеткіштерін қолдануды қарастыра отырып, туылғандар және қайтыс болғандар санын қандай да бір бөлек-бөлек алынған халықтың жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтары мен еңбек ресурстарын емес, олардың жалпы жиынтығын есепке алу керек. Бұл, біздің ойымызша, халық саны бала туу есебінен ұлғая және өлім-жітім есебінен азая отырып, үнемі динамикада болуына байланысты. Яғни өлім-жітім мен бала туу жекелеген жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтарға емес, оның бүкіл жиынтығына, оның ішінде жастардың еңбек ресурстарына әсерін тигізеді [35]. Сонымен бірге еңбек ресурстарының болжамды санына көші-қон көрсеткіштері де әсер етеді. Мұнда еңбек ресурстарының саны еңбек ресурстары кеткенде азая, келгенде көбейе отырып динамикада болады. Келгендер мен кеткендер саны арасындағы айырмашылықты көші-қон сальдосы көрсетеді [36]. Осыған сәйкес, табиғи өсу көрсеткіштері жағдайында, механикалық өсім нәтижесінде келгендер мен кеткендер саны жекелеген жасы үлкен-кішілігіне қарай бөлінген топтарға емес, оның бүкіл жиынтығына, оның ішінде жастардың еңбек ресурстарына әсерін тигізеді [36]. 2.3 Жастардың мобильділігін
әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады, соған байланысты әлеуметтік мобильдік деген құбылыстың түсінігі пайда болды. Оны ғылыми жағынан негіздеп, «әлеуметтік мобильдік» теориясының авторы П. Сорокин терең зерттеді. «Әлеуметтік мобильдік» деп,
қоғамдағы жекелеген индивидрет
мен адамдар тобының бір Әлеуметтңк мобильдіктің екі типі болады, олар:
Веритикальды мобильдік – индивидтің бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының нәтижесінде оның әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кеу бағытында болады. Жоғары өрлеу бағытындағы мобильдікке адамның қызметінің жоғарлауы (кәсіби вертикалдық мобильдік), әл-ауқатының, тұрмыс-жағдайының жақсаруы (экономикалық вертикалды мобильдік) жатады. Адамның вертикальды төмен бағыттағы құлдырауы да өмірде жиі кездесетін мобильдіктің түрі. Әсіресе, қазіргі біздің елдің жағдайында мобильдіктің бұл түрі қоғамда жиі орын алып отырған құбылыс. Э. Гидденс мобильдіктің бұл типіне жан-жақты талдау жасаған. Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты индивидтің өзінің бұрыңғы статустық дәрежесінен айырылуынан деп түсіндіреді. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан айырылуы да жатады [37]. Жоғары бағытта өрлеу
мен төмен түсудің арасында белгілі
бір ассиметрикалық (яғни, бөліктердің
бір-біріне сай келмеуі) байланыстар
болады: әрбір адам қызметте (лауазымда)
көтеріліп, жоғарылауға тырысады, керісінше
ешқандай адм қызметінің төмендеуін
қаламайды. Басқаша айтқанда, жоғарлау
– ерікті құбылыс, ал, төмен түсу
– еріксіз құбылыс болып Горизантальды мобильдікте – индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді. Мысалы, кәсіпорындағы жоспарлау бөлімінің экономисі бухгалтерлік есеп бөліміне экономистік қызметке тағайындалса, онда оның статусында айтарлықтай өзгеріс болмайды [37]. Сол сияқты көлденең бағыттағы
мобилдіктің мысалына индивидтің бір
азаматтықтан екінші бір азаматыққа
ауысуы; ерлі-зайыпты адамдар Көлденең мобильдікке географиялық мобильдік те жатады. Бұл индивидтің әлеуметтік жағдайында ешқандай өзгеріс әкелмейді, ол тек қана бұрыңғы жағдайды сақтай отырып, бір жерден екінші жерге қоныс аударуды білдіреді. Мысалы, оған ауыл-селодан қалаға және керісінше қоныс аудуруды жатқызуға болады. Мобилдіктің ұрпақтар арасында және ұрпақ ішіндегі мобильдіктер деген де түрлері бар. Ұрпақтар арасындағы мобильдікте
балалар өздерінің әке- Ұрпақтар ішіндегі мобильдікте индивид өз өмірінде вертикальды өрлеу немесе төмен түсуге байланысты бірнеше әлеуметтік жағдайда болуы мүмкін. Жоғары өрлеу-әлеуметтік мансапқа жету болып есептеледі. Мысалы, индивид өз өмірінде токарь, инжинер, одан кейін цех бастығы, сонан соң заводтың директоры немесе машина жасау саласында министр болуы мүмкін. Әлеуметтік мобильдіктің
бірінші түрі, яғни ұрпақтар арасындағы
мобильдік ұзақ мерзімдік процеске,
ал, екінші түрі, яғни ұрпақтардың іштей
мобильдігі – қысқа мерзімді процеске
жатады. әлеуметтік мобильдіктің бірінші
түрінде әлеуметтанушылардың Сонымен, индивидтің немесе әлеуметтік топтың кез-келген қоғамда бір әлеуметтік жағдайға ауысуыболып отырады. Бұл ауысулар кешенді түрде, бірнеше өлшемдер тұрғысынан, яғни экономикалық, саяси, білім, мәдени, т.б. өлшемдер тұрғысынан болатын сапалық өзгерістерге байланысты болуы мүмкін. Кейде әлеуметтік жағдайдың өзгеруі бір ғана өлшемнен шектелуі мүмкін. Индивид бір статустық топтан екінші бір топқа өтеді. Айталық, жоғары білім алған адамның айлығы жоғары төленетін қызметке тұруы, оның өмір деңгейі мен өмір салтының өзгеруіне ықпал етеді. Оның сонымен қатар мінез-құлқы, қоршаған ортасы да өзгереді. Сол сияқты ол жоғары топтың адамыме некеге тұруға тырысады. Әлеуметтік мобильдікті басқа да критерийлерге байланысты жіктеуге болады. Мәселен, оның топтық және жеке мобильдік деген де түрлері бар. Жек мобильдік туралы біз жоғарыда түсндіріп кеттік. Бұл жеке индивидтің әлеуметтік саты бойымен жоғары өрлеуі немесе керісінше төмен қарай құлдырауы [37]. Топтық мобильдік тұтас таптың, топтың, сословиенің әлеуметтік статусының жоғарылауымен немесе төмендеуімен түсіндіріледі. П.А. Сорокиннің пікірі бойынше, топтық мобильдіктің факторларына әлеуметтік революциялар; шетел интервенциясы мен шапқыншылықтар; мемлекетаралық соғыстар; азамат соғыстары;әскери төңкерістер мен саяси режимдандің ауысуы; шаруалар көтерілісі; ақсүйектік тектердің арасындағы күрестер; империяны құру жатады. Топтық мобильдік әлеуметтік
революциялар нәтижесінде жоғары қарқынмен
жүреді. Мәселен, Ресейдегі Қазан
төңкерісі большевиктер партиясының
бұрын болмаған беделін көтеріп,
қоғамға мойындатты. Сонымен қатар
еңбекші таптан шыққан адамдардың білім
алуға, ғылыммен айналысуға, билікке
қол жеткізулеріне кең Жоғарыда көрсетілген
әлеуметтік мобильдіктің негізгі типтермен
бірге оның ұйымдасқан мобильдік
түрі де болады. Мұнда топтардың
жоғары, төмен, көлденең бағыттағы мобильдігі
мемлекеттің тікелей Мысалы, ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еркін түріне КСРО-да қоғамдық пікірдің үндеуімен тың жерлерге жастардың келуі; ұйымдасқан әлеуметтік мобильдіктің еріксіз түріне орта шаруаларды тәркілеу; сол сияқты ұлы Отан соғысы жылдарында ингуш, шешендер, татарларды, т.б. туып өскен жерлерінен басқа жаққа күштеп қоныс аударту жатады. Топтық мобильдік халық шаруашылығының құрылымдық өзгеруіне байланысты қайта құрулардың нәтижесінде де болады. Ал, бұл жеке адамның еркіне байланысты емес. Мвсалы, халық шарушылығының кейбір салаларының қысқаруы, кейбір мамандықтың жойылуы халықтың үлкен топтарын ауыстыруға, басқаша орналастыруға мәжбүр етеді. Мысалы, 50-70-жылдары бұрыңғы Кеңес Одағында көптеген ауыл-село қысқартылып, оларды іріктендіру процесі болды. Сол сияқты экономикалық дағдарыстар қоғамдағы халықтың басым көпшілігінің әл-ауқатының төмедеуіне, жұмыссыздар санының ратуына әкеледі. Соның нәтижесінде қоғамда топтық әлеуметтік мобильдіктің вертикалды төмен құлдырау бағытында болуы жиі байқалады. Сонымен, топтың мобильдігі қоғамда орын алатын революциялық, дағдарыстық, қайта құру кезеңдеріне тән сипатты белгі. Ал, дамуы бір қалыпты, тұрақты қоғамдарда жеке мобильдіктің үлес салмағы жоғары, ол қоғамдарда топтық мобильдіктер өте сирек кездеседі. Әлеуметтік мобильдік құбылысының екі өлшемі бар. Олар – мобильдіктің жылдамдығы және көлемі. Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы белгілі бір уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны) немесе жеке индивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі экономикалық, саяси, кәсіби страталардың санымен өлшенеді. Мәселен, біреулер қысқа мерзімде жоғары статусқа ие болса, екінші біреулердің ондай дәрежеге көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл процестің ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Мысалы, кеңестер Одағында қарапайым адамның жоғары саяси элита қатарына өтуі үшін ұзақ уақыт және көптеген әлеуметтік сатылардан өтуі керек болған. Яғни, қарапайым қызметкер комсомол ұйымында, бастауыш партия ұйымдарында, аудан, қала, облыс көлемінде басшылық қызметтеде жоғары беделге ие болған соң ғана жоғары саяси элитаға мүмкіндік алған [37]. Ал, мобильдіктің көлемі немесе
қарқыны белгілі бір уақыт
аралығындағы өздерінің әлеуметтік
статустарын өзгерткен Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып келеді және ол қоғамдарда жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары. Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты? деген сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін, әлеуметтік экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары статусқа ие болуы үшін әрбір индивидтің қажымай –талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет. Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші бір әлеуметтік жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, ондағы мүмкіндіктер ықпал етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде кең мүмкіндіктер бар. Ол елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары. Американ әлеуметтанушылары
П. Балу мен О. Дункан дамыған елдердегі
әлеуметтік қарқынын зерттеу нәтижесінде
АҚШ-да тік жоғары бағыттағы мобильдік
басым деген қорытындыға Ескерте кететін бір жағдай, вертикальды мобильдіктің абсолютті түрдегі еркіндігі болмайды, яғни бұл тек жеке адамның өз еркіне ғана байланысты құбылыс емес. П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: “Егер мобильдік абсолютті түрде әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік страталар да болмас еді . Олай болса барлық қоғам страталарға жіктеледі. Қоғам өзінше бір “елеуіш” тәрізді, яғни онда индивидтер мен топтарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші біреулер төменгі сатылардан орын алады”. Жастардың мобильділігін әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан қарастырмас бұрын жастар тобының Қазақстан қоғамындағы негізгі қозғаушы күш екендігіне, сондықтан да олармен жасалынуы тиіс жұмыстар да айырықша сипатқа ие болуы керектігін басты назарда ұстауымыз керек. Қоғам – адамзат өркениетінің білігі мен біліміне, адамгершілік-этикалық нормаларына тікелей қатысты дамиды. Біздің бүгінгі тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміт артары – жастар. Мемлекет тәуелсіздігінің бүгінгі даму сатысында ел жастарына артылып отырған сенімнің жауапкершілігі ауыр, күтілетін үміттің үлесі мол. Жастарға сенім артып, жастардан үкілі үміт күту – қай қоғамның да басында бар болатын құбылыс. Алайда, біздің қоғамның жастардан күтер үміті айрықша. Олай дейтініміз, бүгінгі жастар – мемлекетіміздің егемендігімен тұстас, санасы кешегі қызыл қоғамның идеялық ұстанымымен уланбаған ұрпақ. Қоғам дамуының алғышарты адам факторы, адамның білімі мен біліктілігімен тікелей байланысты деген қағидаға сүйенер болсақ, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай ғылымға келуіне мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Республикамыздың білім саласындағы жасалып жатқан көптеген шаралары да негізінен жастарға арналып отыр. Ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші болып табылатын жастар – қоғамның жемісті дамуының кепілі [38]. «Жастар - болашаққа апаратын
алтын көпір»,- дейді дана халқымыз.
Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби
біліміне сай қоғамымызда өз орнын
табуы қажет. Біздің әлеуметтік-экономикалық
даму жолындағы қарқынымыз жастардың
қоғамдық-саяси өмірдегі ұстанымына,
олардың ертеңгі күнге деген
сенімі мен белсенділігіне тікелей
байланысты. Ендігі кезекте тәрбие
мазмұны мен жастарды тәрбиелеу
ісі олардың дүние танымын
қалыптастыру және ақпараттық-саяси
мәдениетін көтеруге баса көңіл аударуға
тиіспіз. Себебі жастардың өмірдегі
ұстанымдары әркез қоғам Жастардың өздерінің қарым қабілетіне орай, қоғам үшін қажетті мамандықтарды таңдай білуі де аса маңызды. Бұл тұрғыдан қарасақ жастар мобильділігінің негізгі тетігі осы жерден басталатын тәрізді. Кеңес Үкiметi тұсында ауылдан
келген қара көз қыздарымыз бен ұлдарымыз
ҚазПИ, ҚызПИ, АШИ (СХИ), АЗМИ-дiң (АЗВИ) табалдырығын
босатпайтын. Дерлiгi мұғалiм мен
мал технигi, мал дәрiгерi болуды қалайтын.
Ал, қазiр бұл оқу орындарының
ауласынан бұрынғыдай иiн тiрескен
жұртты көре алмайсыз. Керісінше жастар
қазір заңгерлер мен Қазіргі жоғары оқу орындарын
бiтiргендердің 4,3 бөлiгi заңгер, экономист,
кеденшi мамандықтарын құрайды. Олардың
ойынша сол кәсіп иелерінің болашағы
зор. Жоққа шығаруға болмайды, ол мамандықтардың
табар табысы басқаларға қарағанда
көптеу. Әйтсе де қазіргі таңда
нақ осы мамандықтар бойынша
оқу бітіргендердің жұмыс тауып,
бір жерге сіңісіп кетуі Бір жағынан алып қарасаңыз
көше сыпырушы болсаң да, сол істің
асқан шебер маманы болуың керек.
Мамандықтың бәрі керек. Қазір ойлап
қарасаңыз қай мамандық иелері артылып
жатыр? Ешқандай. Егер маман барлық
салада жеткілікті болса «Қазақстан-2030»
стратегиялық бағдарламасы керек емес
болып қалар еді. Бір ғана мысал,
+1С бухгалтер мамандығына Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы негізгі факторлардың бірі білім екендігі дау тудырмайды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл қазақстандық ЖОО алдына әр азаматтың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды. Негізінен алғанда, индустриалды және информациялық технологияның даму заманына өткен соң, ірі өндріс ошақтары – көп мәселені шешетін объекттерге айналған. Егер де, мұнайшының баласы Астанаға немесе Көкшетауға көшсе не істер еді? Міне сол себепті ол экономика мамандығын игеруге тура келеді. Маңғыстауда экономиканың локомотиві болып тұрған әзірге осы мұнай саласы. Облыстың ішкі жалпы өнімінің 90 пайызын мұнай саласы екені айтпаса да түсінікті. Ал Қазақстанның ЖІӨ-нің 60 пайызы тағы да осы сала. Инвестиция көбіне осы салаға келіп жатыр. Стабилизациялық қордың көп бөлігі осы саладан келіп түскен қаражаттан құралған . Экономикада барлығы бір-біріне байланысты және басқа жанама салаларда осыған байланысты дамиды. Сондай байланыстың әсерінен қазір дағдарыс салаларды шетінен күйзеліске ұшыратты. Кейбір салалар бойынша мамандар тұрмақ сол саланың негізгі базасы жетіспейді немесе тіптен жоқ десе де болады [40]. Мысалы, Президент нанотехнологиялық орталықтар мен зерттеу институттарын қалай болғанда да дамыту керек деген-ді. Қазіргі дамыған елдердің соңына түсіп жүре берсек, оларды қуып жете алмаймыз. Сондықтан олармен бірге жүру үшін нанотехнология саласын дамыту керек. Бұл сала дамыса, өзімен бірге химиялық биология, биотехнология сынды ғылымның тармақтарын да қоса алып жүруге түрткі болады. Себебі, олар бір-бірімен тығыз байланысты. Мамандарды осы салаға баулу жұмыстары басталып та кетті. Осы тұрғыда ҚазНТУ да жаңа техникалармен жабдықталған лабараториялар іске қосылған. Өкініштісі, білімді мамандардың тапшылығында. Бүгінде елімізде техникалық мамандығы бар кадрлар тапшы екені мәлім. Айталық, облыстардағы комбинаттар мен зауыттар 5400 орта буынды маманға зәру. Оларды шебер де білікті толқынмен толықтыруға ықпал ету бізге зор жауапкершілік жүктейді Бұрын да техникалық бiлiмi бар мамандар көп емес едi. Қазiр де сол көрiнiс белең алып отыр. Әсiресе, заманауи техникадан хабары бар қандастарымызды емге таба алмайсыз. Сол сияқты, ауыл шаруашылығының мамандары аса қажет. Себебі, бүгінде маман аз, ал сұраныс көп ең алдымен агроном мамандары аз. Жеке өнеркәсіпті меңгерген адам ешқашан далада қалмайды. Ауыл – ауыл деп шулаймыз. Сол ауылдарға мал дәрігері жетіспейді..Ет өндіретін зауыт, оған өнімін әкелетін малшы, ал малын емдейтін мал дәрігері, еттің сапасын анықтайтын мекемелер бар. Мұражай ісіне де сұраныс көп. Мұнай өндіру мен өңдеу жұмысында да өзіміздің ұлттан шыққан жетік мамандар аса қажет. Химиялық тамақ өнеркәсібінің болашағы да өте зор. Себебі бұл мамандықтарды меңгерген әрбір азаматтың келешекте өзінің жеке өнеркәсібін ашуға мүмкіндіктері мол болмақ. Сондықтан, қазіргі мектеп бітірген түлектер «қандай кәсіп иесі болғанда елге пайдам тиеді?» деген сауал төңірегінде ойланғаны абзал. Осыдан екi-үш жыл бұрын
геоақпаратпен қамтамасыз ететiн
бiр орталықтың басшысы: «инженер-геодезист
мамандығын алған бiр қазақ таба
алмадым. Неге балаларымыздың осындай
сұранысқа ие мамандықтар алуына
мүмкiндiк жасамаймыз» деп, қынжылғаны
есiмiзде. Осы жерде: шетiнен жоғары
оқу ордасын тәмамдап, беделдi қызмет
атқаруды аңсаған жастарымыздың
мансап қуып, қара жұмыс iстеу былай
тұрсын, дәрежесi сәл де болса төмен
қызметте жүргендерге төбеден Жастардың көшбасшылық мобильділігінің кәсіби жетілуін дамытуға бағытталған жобалар «Жастар кадрлық резерві» жобасы Қазақстанның кадрлық резервін бүкіл өңірден қатысқан 2000 адамның ішінен 100 адамды іріктеу негізінде қалыптастыруға бағытталған. Әлеуметтік маңызды жұмыстарға баулу және оқыту үш бағыт бойынша жүргізіледі: Мемлекеттік қызмет; Қоғамдық-саяси жұмыс; Бизнес-қауымдастық. 2011 жылы жобалардың Сонымен қатар, мемлекеттік
қызмет мектебіне стажерларды 2011 жылы барлығы 110 өтініш түсті, емтиханынан өткен соң 52 стажерлар келесі бағытта сабақ оқиды: мемлекеттік-құқықтық реттеу, мемлекеттік экономикалық реттеу, халықаралық қатынастар, дінтану. Стажерларға арналған көшбасшылық қасиеттер мен жеке өзіндік қасиеттерді жетілдіру қабілеттерін дамыту мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік органдарда іс жүргізу, жастардың ұжымда бір-бірлерімен қарым-қатынасы бойынша 5 семинар-тренинг өткізілді. Сондай-ақ, «Жастар Отанға!» лагерінде танымал қазақстандық саясаткерлер және қоғамдық қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастырылып, жастардың өзін өзі дамуға бағытталған мастер-класстар, тренингтер, семинарлар өткізілді. 14 өңірлік мемлекеттік қызметшілер мектептеріне әдістемелік және ұйымдастыру қолдаулары көрсетілді [42]. Жоғарыда көрсетілген
жастарды еңбекпен қамтуға байланысты
проблемаларды шешу жөніндегі мемлекеттік
құрылымдар тарапынан жасалып отырған
нақты іс-қимылдар мен әртүрлі
қолдаулар жас мамандардың Дегенмен, бұл жобалар жастарды тұрақты түрде жұмыспен қамтуға бағытталмаған. 2011 жылы Қазақстан Тексерістің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жастарды еңбекпен қамту саласындағы қабылдаған шараларына қарамастан көңілге қонымсыз жағдайлардың орын алғаны анықталды. Бір де бір орталық мемлекеттік
органда жастарды жұмыспен қамту
жөніндегі мемлекеттік Жастарды жұмысқа орналастыру және оқыту мәселелері халықты жұмыспен қамтудың жалпы бағдарламасы мен жоғарыда аталған жобалар аясында ғана шешіліп отыр. Олардың заңға сәйкестігін тексеру барысында көптеген бұрмалаушылықтарға жол берілген. Атап айтқанда: - оқу курсын өтпеген немесе жартылай өткен тұлғаларға қайта даярлау және біліктілігін арттыру туралы куәліктер берілген; - кәсіпорындардағы бос орындар арқылы жастарға арналған әлеуметтік жалған жұмыс орындары құрылған (қосымша жұмыс орындарын құруға ақша бөліну барысында); жұмыссыз ретінде есепте тұрмаған немесе өзге де кәсіпорындарда тұрақты жұмысы бар жас мамандар жалған жұмыстарға орналастырылған; жастар тәжірибесіне сәйкес білімі жоқ және бір уақытта бірнеше ұйымдарда жұмыс істеп жүрген немесе тәжірибеден өтпегендерге ақша бөлінгендігі орын алған; көтерме жәрдемақылар мен тұрғын үй алуға несиелер беру барысында бұрмалаушылықтарға жол беріліп, басқа тұлғалар иемденген; ауыл жастарына берілген квота шеңберінде оқуға түскен білім грантының иегерлерін жұмысқа орналастыру қамтамсыз етілмеген. Мысалы, «Тараз қаласы Еңбекпен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік Алайда, тексеру қорытындысымен анықталғандай жоғарыдағы 33 маман «ПрофиБух» жеке кәсіпорнында жұмыс істемек тұрмақ, жұмыспен орналастыру сұрақтары бойынша еңбекпен қамту бөліміне өтініш түсірмеген [43]. Тек қана Алматы облысының 3 ауданында (Алакөл, Еңбекшіқазақ, Сарқан) жұмыспен қамту бөлімі жастарды жалған жұмыстарға орналастырумен айналысқан 138 факт анықталды. Тағы бір жағдайда, Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігімен С. И. Луценко деген азаматқа Дубровное ауылына жұмысқа келген маман ретінде 90 720 теңге көлеміндегі көтерме жәрдемақы төленген. Тексеру көрсеткендей С. Луценко Дубровное ауылында 1993 жылдан бері тұратын болып шықты. Алматы облысы Қарасай ауданында тексеру барысында жеңілдік несие (10 млн. теңгеге жуық) алғандардың әлеуметтік қолдау шараларын алу құқықтарын растайтын құжаттары болмаған. Дәл осындай фактілер Жамбыл және Ақтөбе облыстарында да тіркелген. Барлық анықталған бұрмалаушылықтар
бойынша прокуратура органдары
өкілетті органдарға 128 ұсыным енгізіліп,
әкімшілік құқық бұзушылық Халықты еңбекпен қамту туралы қолданыстағы заңнамаларға талдау оның жеке нормаларын жетілдіру қажеттігін көрсетті. Қазақстан Республикасының «Халықты еңбекпен қамту туралы» заңына сәйкес мемлекет халықтың мақсатты тобына жататын жиырма бір жасқа дейінгі жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету жөніндегі шараларды қамтамсыз етеді [43]. Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жастар саясаты туралы»
Қазақстан Республикасының Құқықтық кеңістіктегі жастардың жас категориясындағы әртүрлі анықтамалар жас адамдардың еңбек мен жұмысбастылық саласындағы құқықтарының теңсіздігіне әкеліп соқтырады. Осыған орай, Қазақстан
Республикасының «Халықты еңбекпен
қамту туралы» заңында Осылайша, жастардың еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету саласының, жастарды жұмысқа нақты орналастыру құқықтарының заңға сәйкестігінде көптеген бұрмалаушылықтарға жол берілгендігі туралы мәліметтер анықталды. Көрсетілген құқық бұзушылықтардың бір себебі жастар саясаты туралы заңнамалардың сақталуы мен орындалуына қадағалау жасайтын, осы саладағы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ететін және өзге де мемлекеттік органдармен нақты қарым-қатынас орнататын арнайы органның жоқтығы. Жалпы алғанда, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2011 жылғы 1 қазандағы мәліметтері бойынша жұмыспен қамту органдарында 16-29 жастағы 35 425 жұмыссыз тіркелген [44]. Өңірлік деңгейде ең үлкен жұмыссыздық көрсеткіші Оңтүстік Қазақстан (5 248), Қарағанды (4 585) облыстарында және Астана қаласында (4 336) тіркелген[44]. Кәсіби статусы бойынша жаратылыстану мен инженерлік ғылым, биология, ауылшарушылығы, денсаулық сақтау, білім беру саласының жоғары білікті мамандары тіркелген (6 701), әр түрлі саладағы біліктілігі жоқ жұмысшылар (7 064), орта біліктілігі бар мамандар (2 588), билік органдары мен барлық басқарушы деңгейдің, оның ішінде ұйымдардың жетекшілері (1 452). Жұмыспен қамту органдары 79 418 немесе 69,9% жоғары білімі бар жастарды жұмысқа тұрғызды [44]. Жастардың кәсіпкерлік мобильділігін дамыту мен қолдауға бағытталған жобалар. Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жастар саясатының негізгі
бағыты жастардың кәсіпкерлік Жастарды кәсіпкерлік саласына тарту Қазақстанда ғана емес әлемде шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті бағыты болып табылады. Соңғы жылдары жастар кәсіпкерлігіне аз көңіл бөлінуде. Бұл бағыттағы жұмыстар өз ісін бастауға ниет еткен жастарды оқытумен ғана шектеледі. 2011 жылғы қарашаның басынан «Даму» қоры «GlobalEducationProvider» компаниясымен бірлесе отырып: «Жас кәсіпкерлердің шығармашылық мектебі» атты жаңа жобаны жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты мектеп оқушыларын кәсіби өзін-өзі анықтауға ықпал ету, олардың көшбасшылық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін кәсіпкерлік саласындағы арнайы білімді, дағдыларды беру жолымен дамыту [45]. Жоба жоғары сынып оқушылары үшін мансап пен бизнесті жоспарлау, өз ісін ашуға дағдылар қалыптастыру жөніндегі практикалық курстар, шағын және орта бизнестің табысты өкілдерімен мастер-класстар және «Даму» қоры өкілдерімен кездесулер өткізу қарастырылған. Қазір жоба пилоттық сипатқа ие, егер ол тиімділік танытқан жағдайда Қазақстан қалаларының мектептерін кеңірек қамтитын болады. SIFE қорымен бірге қатысушыларға бизнес-жобаларды жазуға көмек көрсететін тренингтер тобы өткізілуде. Одан кейін ең үздік бизнес жобаға конкурс ұйымдастырылады. Конкурс және конференция аяғында өз оқу орындарында SIFE командасын құруға лебіз білдірген бастамашыл топтарға тренингтер, консультатциялар жүргізілетін болады. Тренингтерге жоғары білікті тренерлер шақырылып, қажетті әдістемелік ұсынымдар, сертификаттар шығарылды. Жастарға тренингтер мен
интерактивтік дәрістер арқылы материалдар
беру жолымен жұмыс жасау жақсы
қырынан көрінді, өйткені қажетті
дағдыларды тиімді беруге және сабақ
барысында практикалық Сонымен қатар, студенттер іске асырған жобалардың бірқатары кәсіпорындарда табыстарға ие болды. Жобаға қатысқаннан кейін жастар өз бизнес жоспарларын құруға және дамытуға қажетті маңызды практикалық дағдыларға ие болды. Сонымен қатар SIFE өзін көптеген өңірлерде көрсете білді, сондықтан ол онда тренингтерге қатысқандар санынан командалар құрудың алғышартына айналды. Көп жылғы тәжірибе көрсеткендей келешекте SIFE бағдарламасымен жұмыс жасаған студенттер өзінің жеке бизнесін жеңіл әрі табысты жүргізе алатын болады [3]. Өз кезегінде SIFE жаңа жасақталған командаларға консультациялар беріп, оларды толық қолдайтын және жыл сайын өтетін ұлттық жарыстарға шақыратын болады. Сонымен қатар, жастар кәсіпкерлігін дамыту мен қолдау жөніндегі бірқатар іс-шаралар өтті. 2011 жылғы 19 қарашада Кәсіпкерліктің
глобалды апталығы аясында Форум мақсаты жастар бизнесін дамытуға және оның өсуінің негізгі тенденцияларын анықтауға көңіл аударту, сонымен қатар, жастар арасындағы кәсіпкерлік әлеуетін ашуды ынталандыру болып табылады. Форум жаңа кәсіпкерлік жобаларды жасауға және іске асыруға, сонымен қатар, ең үздік бизнес бағыттарда жастарға арналған жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін шешуге, жастардың өзін көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған сұрақтарды талқылауға арналған жаңа дәстүрлі алаңға айналды. Кәсіпкерлік апталығының аясында барлық облыс орталықтарында «Даму» қорының өңірлік филиалдарының қатысуымен дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, семинарлар, баспасөз конференциялар өткізілді. Бұл іс-шаралардың мақсаты жастарды кәсіпкерлікке тарту, сонымен қатар, кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі ережелерін түсіндіру. 2011 жылғы 16 қыркүйекте
«Нұр Отан» ХДП облыстық 2011 жылғы 30 қыркүйекте
Қазақстан Республикасы 2011 жылғы 24 қазанда Алматы
қаласында «Даму» қорымен Әл- Қол қою рәсімінде «Даму» қоры Басқармасының төрағасы Л.Ибрагимова жастар бизнесін дамытудың маңыздылығын және жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтуын қамтамсыз ету үшін жағдай жасау қажеттілігі туралы айтты. Оған қоса, тараптар сұхбатқа білім, ғылыми-зерттеу, кәсіби бағдарламаларды бірлесе іске асыруға дайын екендерін білдіріп, осындай әлеуметтік әріптестікті кәсіби білім сапасын арттыру арқылы ғана бизнес үшін қызықты етуге болатын бірдей пікірге келді. Бүгінгі күні жастар өз болашағына
сенімді. Осындай көрсеткіш әлеуметтік
зерттеулердің нәтижесінде Өзінің алға қойған жоспарларының іске асатынына 75% жастар сенімді. Бұл көрсеткіш жастардың оң көзқараста екенін және өз күшіне сенімді екенін білдіреді [47]. Жастар білім жүйесінде: Біздің қазақ «оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» десе, бұл — білімнің қажеттілігін білумен қатар, оның қадірін түсіну деген сөз. Өйткені білім — дүние жүзі дамыған елдерінің негізгі басым бағыты, әрі дамудың басты көрсеткіші. Олар өздерінің тауарларымен, көрсететін қызметтерімен ғана емес, құндылықтарымен, білім беру жүйесімен де бәсекеге түседі. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан орын алу міндетін алға қойған Қазақстан осы ретте бәсекеге түсуге қаншалықты дайын? Елімізде нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге қабілетті білікті мамандар жеткілікті ме? Білім саласындағы қордаланып қалған мәселелер жастардың кәсіби мобильділігінің өсуіне айтарлықтай кері әсерін тигізетіні белгілі. 1. Дипломы бар, жұмысы жоқ: «Елбасының тікелей бастамасымен өмірге келген «Болашақ» бағдарламасы Қазақстанның бүгіні мен ертеңі үшін ең алдыңғы қатарлы білімді мамандар дайындаудың тамаша үлгісі болғаны анық. Бұл бағдарламаның басталғанына биыл 17 жыл толды және осы уақытқа дейін әлемнің ең үздік оқу орындарын 3 мыңға жуық қазақстандық жастар бітіріп, маман атанды. Әлі оқуын жалғастырып жатқандар саны 4 мыңнан асады [21]. Алайда соңғы уақытта осы «Болашақ» бағдарламасы арқылы мемлекет қаржысымен оқып, елге оралған жастардың жұмыс табуы түйінді мәселеге айналып барады. Оларға жұмысқа тұру үшін жұмыс өтілі (трудовой стаж) талап етілмейтін және мемлекеттік органдарға бірден басқарма бастығы қызметіне тағайындалуына мүмкіндік жасалған. Алайда ресми ақпараттарға қарағанда мемлекеттік қызметте немесе ұлттық компанияларда ғана емес жай жұмыс таба алмай жүргендердің саны 400-ден асады. Кейбір ақпараттарда 600 адамды құрайды деп жазылған. Осы орайда мынандай бірнеше сұрақ туындайды: 1. Бағдарлама басталған
1994 жылдан бергі бітірген 2788 түлектің
қаншасы Қазақстанда қызмет 2. «Болашақ» бағдарламасы бойынша 2010 жылы 1259 адам бітірді. 2011 жылы бұл көрсеткіш 1058 адамды құрады [21]. Бұл түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету қалай жүзеге асуда? 3. Түлектердің жұмыс таба
алмауының нақты себебі неде?
Егер өз елімізде жұмыс 4. Осы уақытқа дейін
бітірген түлектердің 70-80 пайызы
ағылшын, орыс тілдерін 5. Бұл бағдарламаны одан әрі жалғастырудың қажеттілігі бар ма?» Қазір бізге белгілісі
— басқаны былай қойғанда, аса
жоғары білікті маман болады, деп,
«Болашақ» бағдарламасы бойынша
шетелдердің маңдайалды жоғары оқу
орындарында оқытқан жастардың
жұмыссыздық қамытын киіп отырғаны.
Бұл артық айтылғандық емес. «Болашақ»
бағдарламасымен Ломоносов 2. Университеттер қаптап кетті: Он алты миллиондай халқы бар елімізде жүз қырық алты жоғары оқу орны бар, оның үштен бірі ғана мемлекеттік. Әлемнің жетекші елдеріндегі жағдаймен салыстырғанда 60 миллионнан астам халқы бар Ұлыбританияда — 89, 52 миллион халқы бар Финляндияда — 20, 10,2 миллион халқы бар Чехияда — 66. Шығыс Азия елдерінде, Еуропа, Ресей мен Батыста 150 мыңнан 700 мың адамға шаққанда бір оқу орнынан келеді. Дүние жүзінде орта есеппен бұл көрсеткіш — 320 мың, ал, Қазақстанда — 80 мыңдай. Еліміздің жоғары оқу орындарында 800 мыңдай студент оқыса, Канаданың 100 оқу орнында — 1,5 миллион, сол сияқты Ұлыбританияның 89 оқу орнында 640 мың жас оқиды екен [13]. Демек, жоғары оқу орындарының саны жағынан біздің елге пара-пар келетін бірде-бір ел жоқ. Оның есесіне жоғары біліммен қамтуда көштен қалып қойған жайымыз бар. Бұл — жоғары оқумен қамтудан бастап жұмысқа орналастыруда сәйкессіздік пен жүйесіздікке ұшырап отырғанымыздың салдары. XXI ғасырдағы жоғары білім
туралы Дүниежүзілік Біздер білікті маман даярлауда да, оқыған маманды жұмысқа орналастырып, оны пайдалануда да артта қалып отырмыз. Мысалы, Қазақстан Дүниежүзілік экономикалық форумының бағалауынша, экономикалық дамудың бәсекеге қабілеттілік индексінде жоғары білім беру және мамандарды қайта даярлау деңгейі бойынша 2007 жылғы 57 орыннан 2008 жылы 59 орынды иеленді. Республикада жоғары білім деңгейі төмендігінің себептері көп. Біріншіден, жоғары оқу орындарының саны мен оларда қамтылған студенттердің арасындағы сәйкессіздік бар екенін қайталап айтамыз. Білім және ғылым министрлігі қаптаған жоғары оқу орындарының санын азайтып, сапасын көтеру үшін қысқарту шараларын жасағанмен, одан нәтиже шыққан жоқ. Бақылаусыздықты әлі де пайдалануда. Бұрынғыша сапаны сан билеп тұр. Екіншіден, республикада жоғары білімнің өткір проблемасының бірі — білім алудың қымбатқа түсетіні. Халықтың әртүрлі жігінің арасында теңсіздік жағдайы қалыптасты. Яғни жан басына шаққанда орташа табыстың көлемі ақылы негізде оқуға мүмкіндік бермейді. Он алты мыңдай қазақстандықтың жасы егде тартқандарының 15 пайызының өзі жоғары білім алуға қызығушылық танытса, шын мәнінде елде білім алуға құштарлар әлдеқайда көп. Бірақ бәрінің бірдей, соның ішінде ауыл жастарының қаржылық проблеманың салдарынан жоғары білімге қолы жете бермейді. Мемлекеттік қолдау жеткілікті емес. 3. Студент төлеген ақша
қайда кетіп жатыр? Білім Бақытжан Жұмағұлов Білім
және ғылым министрінің орынтағына
отырған кезінде жеделдете « Үшінші мәселе — салада
қаржының жетіспейтіні. Бюджетте білім
беруге бағытталған қаржы мөлшерінің
өсуіне қарамастан, ішкі жалпы өнімге
шаққанда өте төмен. Айталық, ішкі жалпы
өнімге шаққанда үшжылдықтағы сала шығындарының
үлесі 2009 жылы — 1,2 пайызды, 2010 жылы 1,1 пайызды
құраса, 2011 жылы бұдан да төмен. Жергілікті
бюджеттердің де осы салаға жұмсайтын
шығыны жыл сайын кемуде, мәселен,
2008 жылы салаға жұмсалатын қаржының көлемі
ішкі жалпы өнімнің 3,0 пайызы болса,
бұл көрсеткіш — 2009 жылы 2,8 пайыз,
2010 жылы — 2,7 пайыз, 2011 жылы — 2,5 пайыз.
ЮНЕСКО-ның ұсынымдарына сәйкес тұрақты
даму үшін білім беруге арналған шығыстар
жалпы ішкі өнімнің 6,7 пайызын құрауы
тиіс. Жоғары білім жүйесінің әлемдік
рейтингісінде АҚШ-тан кейін Бүгін республикадағы жоғары
оқу орындарында оқитын жастар негізінен
білім алып, маман болып шығуды
емес, диплом алуды ғана ойлайды. Профессорлық-оқытушылық
құрам да сапалы білім беруден
гөрі жеке бастарын күйттеп кеткен.
Яғни жоғары білім саласында сыбайлас
жемқорлық қызып тұр. Бұл ең алдымен,
профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысына
қатысты. Мысалы, Оңтүстік Кореяда жаңа
бастаған оқытушының жалақысы — 2000-2500
доллар. Бізде қанша екенін айтпай-ақ
қоялық. Жалақының осындай Сол сияқты қаржы тапшы
болса, оқу орнының материалдық- 4.Институттар тұрғанда
орталықтар неге керек? Биылғы
жылдың қаңтар айында « 5. Кеңес Одағының тәжірибесі кем емес Осы ретте мәжілісмен Ирак Елекеевтің Премьер-министр Кәрім Мәсімовке жолдаған төмендегі сауалына назар аударып көрелік. «Мемлекет оқуына аса үлкен қаржы жұмсайтындықтан оның қайтарымы болу үшін «болашақтықтарды» жұмысқа орналастыру — бүгінгі күні аса өзекті проблема. Әрбір оқу бітірген жас алған білімі мен тәжірибесін ел экономикасына қосуға міндетті. Кеңестер дәуірінде маманға жолдаманың қалай берілгенін еске түсірелік. Жас мамандардың жер-жердегі өндірістерде жұмыс істеуі үшін үлкен насихат жұмыстары жүргізілді. Менің есімде, беделді оқу орындарында білім алған жастардың өзін өңірлердегі газ-мұнай саласына бұрғылаушының көмекшісі етіп жіберетін. Қазір «болашақтықтардың» Астанада немесе Алматыда басқару лауазымдарын иеленгісі келеді. Менің ойымша, Үкіметке Кеңестер кезеңінің тәжірибесін пайдалану қажет. Шетелдік компаниялар болса, «Қазақстанда кадрлар жоқ» дегенді сылтауратып, шетелдік мамандарды тартады. Мен біздің «болашақтықтар» шетел мамандарынан бір де кем түспейді деп ойлаймын. Жастарға басқару лауазымының елдің бәріне жетпейтінін, өндірісте жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған соң, лауазымға да ие болатындығын түсіндірумен қатар жұмыс берушілермен шетелдік мамандардың орнына шетелде білім алып келген жас мамандарды көптеп тарту бағытында белсенді жұмыс жүргізу керек. Бұл іске мемлекеттік емес ұйымдар да жас мамандар мен жұмыс берушілерді тарту арқылы бос жұмыс орындарына әртүрлі жәрмеңкелер өткізу жолымен жағдайдан шығуға үлкен үлес қоса алады. Жағдайдан шығудың тағы бір жолы — жас мамандардың кейін сатуға болатын жаңа өнер табыстар ашу жолымен өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруы үшін әртүрлі технопарктерді көптеп ашу» [13]. Кез-келген өркениетті дамудың шарты — білімділік, білім алуға еркіндік беру. Егерде, мемлекет білім беруді пайда табу саласына айналдырса, ол білім сапасына кері әсерін тигізіп қана қоймай, мемлекеттің өзінің кері кетуіне әкеліп соғады. 6. Бағыт бар, бағдар жоқ: Жоғары білімді ғана шиырлап, кәсіптік-техникалық білімді мүлдем ұмытып кеткен едік. Екі-үш жылдан бері: «Түбінде күрек ұстайтын болса, жоғары білім неге керек, орта арнаулы білім де жетеді емес пе» деп ақылымызға ақыл қосып, кәсіптік орта білімге басымдық беретін басқа елдердің тәжірибесіне ден қойғандай болдық. Мұның қажетті екеніне дау жоқ. Өйткені, біріншіден, мемлекет дамыған сайын жұмысшы кадрлар тапшылығын бастан кешіреді. Кәсіптік білім беру дегеніміз — тек академиялық білім емес, біліктілік пен кәсібиліктің жоғары деңгейіне сай жұмысшы мамандарды даярлау. Осы ретте Қазақстан экономикасының тұрақты өсуі еңбек нарығының құрылымында едәуір өзгерістер, атап айтқанда, білікті мамандарға сұраныстың табиғи артуын туындатты. Мысалы, экономиканың базалық салалары: тау-кен өндіру, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс; өңдеуші өнеркәсіп: машина жасау, мұнай-химия, құрылыс материалдары өндірісі, сондай-ақ, сервистік сектор: туризм, әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсетуде тиісті мамандарға деген сұраныс аса жоғары болып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін орта буын мамандарын көптеп даярлауымыз керектігіне тоқтап, Қазақстан Республикасындағы кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін дамытудың 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалған-ды. Сөйтіп жоғары білімнен арнаулы орта білімге, кәсіптік білімге көштік дегенмен, өткен екі жылда оны да жетістіре алар емеспіз. Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары мәселені көтеріп, Үкімет басшысына сауалмен шығуда. Мысалы, мәжілісмен Гүлнәр Сейтмағанбетова Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке жолдаған сауалында: «Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы — облыс орталығынан 500 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан ірі аудандардың бірі. Тәуелсіздік алған 19 жыл ішінде аудан тұрғындарының саны 2 еседен артық өсті және олардың жартысына жуығын тарихи отанына оралған қандастарымыз құрайды. Ауданның экономикалық өсу қарқыны жоғары, мұнда жыл сайын жаңа өндіріс орындары ашылып, шағын және орта бизнес қарқынды дамуда. Осыған байланысты аудандағы кәсіпорындарды жұмысшы мамандармен қамту өте өткір мәселе болуда. Бұл мәселені шешу мақсатында 1967 жылы салынған теміржолшылардың 80 орындық балабақшасының ескі ғимаратын пайдаланып, «Бейнеу кәсіптік лицейі ашылған болатын». Онда 10 мамандық бойынша 429 оқушы білім алады, оның 94 пайызы оралман отбасының балалары және олардың білім алуға деген сұранысы өте жоғары [48]. Сондықтан облыс әкімдігінің
ұсынысы бойынша Қазақстан Алайда, экономикалық дағдарысқа
байланысты бұл жоба Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі №515
қаулысына сай уақытша Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының оралман отбасылары көп қоныстанған, еліміздегі ең шалғай аудандардың бірі екендігін ескеріп, жергілікті тұрғындарға кәсіптік білім беріп, аймақта қолға алынып жатқан ірі жобаларға тарту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында «Бейнеу кәсіптік лицейінің» құрылысын үстіміздегі жылы бастауға тиісті қаражат бөлуіңізді сұраймын. Объектінің мемлекеттік сараптамадан өткен жобалық-сметалық құжаттары дайын», — деп атап көрсеткен. Сонымен қатар экономиканың өсуі мен инновациялық-индустриаландыру бағдарламасын жүзеге асыруда жұмысшы мамандарының тапшылығы қатты сезіле бастағанын айтады. Мемлекеттік тапсырыс көлемі әлі төмен күйінде қалуда. Мысалы, 2010 жылы агроөнеркәсіптік кешен мамандықтары бойынша — 10459, энергетикалық сала бойынша — 4158, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша 396 адам қабылданды. Ал, бұл мамандықтарға деген қажеттілік бірнеше есе көп [48]. Осыған байланысты салалық
министрліктер жұмысшы Жұмыс күші — дамудың
қозғаушы күші, локомотиві. Кез келген
сала жұмыс күші жеткілікті ғана емес,
әрі білікті болса, қарқынды дамиды.
Басқаны емес, қазіргі назардағы
еліміздің дамуының 2010-2014 жылдарға
арналған үдемелі инновациялық- Жастардың кәсіби мобильділігін
арттыру және оларды жұмыспен қамту
саласындағы халықаралық Жастар – жас адамдардың
әлеуметтік жағдайы, қоғамның әлеуметтік
құрылымындағы олардың орны мен
атқаратын іс-әрекеті, ерекше қызығушылықтары
мен құндылықтарының жас Қазақстан Республикасының
2004 жылғы 7 шілдеде қабылданған « Бұл бағдарлама экономиканы
жаңғыртудың басты бағдары Барлық мемлекеттік органдар бұл жұмысты өздерінің негізгі қызметі деп есептеуі тиіс. Тек өткен жылы ғана сомасы 970 миллиард теңгеден асатын 288 жоба пайдалануға берілді. Соның нәтижесінде 30 мыңнан астам тұрақты сапалы жұмыс орындары ашылды. Біз экономикамыздың озық кластерлерін құруды және дамытуды одан әрі жалғастырудамыз. Бұл жұмыстың қарқыны төмендемеуге тиіс. Үкіметке инновациялық кластерлердің
инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті
қаржы қарастыруды тапсырамын»- Мұндай әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы мен алдағы уақытта тұрақты дамуының шешуші факторы – жаһандану жағдайындағы қазіргі халықаралық талаптар мен стандарттарға сәйкес келетін отандық бәсекеге қабілетті жастар қатарын қалыптастыру және дамыту болып табылады. Осындай жастарымыздың болуы – ұлттың гүлденуі мен дамыған азаматтық қоғамның кепілі, яғни, еліміздің демократия институтының тірегі. 14-29 жас аралығындағы әрбір қазақстандық жас бала өмірінің маңызды бөлігін жұмыспен қамтылу мәселесі құрайды. Жоғарыда айтылып өткендей, өздерінің жас мөлшеріне байланысты жас адамдар қандай да бір салада үлкен тәжірибеге ие болмағанымен, ірі көлемді инновациялық және шығармашылық мүмкіндіктер, сондай-ақ жемісті еңбек етуге деген айрықша құлшынысқа ие. 18-24 жас аралығындағы жастар, бұл – студенттер немесе кәсіптік дайындықты аяқтаған жастар. Олар еңбек нарығына кіріп жатқан, жеткілікті кәсіптік және әлеуметтік тәжірибесі жоқ, сонымен қоса төмен бәсеклестік мүмкіндігі бар осал топ болып табылады. 25-29 жастағы жастар, негізінен,
кәсіптік таңдау жасайды, Жоғары оқу орындары түлектерінің жұмыспен қамтылу деңгейінің төмен болу себептерін келтіреді: Біріншіден, жоғары оқу орындарына белгілі бір мамандықты оқуға түскен жастар еңбек нарығындағы ағымдағы сұранысқа назар аударады. Ал оқуларын аяқтаған жастар заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп кеткенін түсінеді. Екіншіден, техникалық мамандықтар, ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар, сондай-ақ, био және нанотехнология салаларындағы мамандықтарға бөлінетін мемлекеттік гранттар санының арту үдерісіне қарамастан, білім беретін оқу ордаларының професорлық-оқытушылық құрамы мүлдем өзгермейді, осыған байланысты, студенттерге берілетін білім нарықтағы жұмыс берушілердің талаптарына сай келмей, бұрынғы сабақтастығын сақтап қалады. Әлемде жастар саясатын жүзеге асырудың үш моделі бар. 1) Либеральды - жастар жеке әлеуметтік- демографиялық топ ретінде қарастырылмайды және мемлекеттік саясаттың тікелей объектісі болып танылмайды. Бұл жағдайда мемлекет жастарға білім беру, мәдениет, спорт, денсаулық сақтау және т.б. салаларда әлеуметтік қолдау көрсету саясатымен шектеледі. Жастар көшбасшыларының қалыптасу үрдісі мемлекетпен қадағаланбайды. Жастар қозғалысын қаржыландыру көздері болмайды немесе бұл мүшелік жарналар мен жеке меценаттардың және қайрымдылыққа берілген қаржылар, сонымен бірге бұған шетелдік қаржыландыру да кіреді. Осы модель англосаксондық елдерде және Африка мен Азияның кейбір елдерінде қолданылады. 2) Максимальды тарту -
жастар жеке әлеуметтік- 3) Әлеуметтік жауапкершілік
- жастар ең осал әлеуметтік
топ болып саналады да, оған
бөлек ерекше өтемдік саясат
құрылады. Осы модельді қолданатын
елдерде, оның сәйкес заңы мен
арнайы бағдарламасы болады. Жастар
саясатын қаржыландыру Екінші және үшінші модельдерді
қолданылатын елдерде «Мемлекеттік
жастар саясаты» туралы айту қалыпты.
Жалпы екі модельде де жастар жеке
әлеуметтік топ ретінде қарастырылады
және олардың құқықтары мен Жұыссыздық – жалпы біздің елімізде ғана емес, қаржылық дағдарысы кезіндегі барлық елді де есеңгіретіп отырған қауіпті дерт. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2009 жыл үшін экономикалық тарылудың салдарынан жұмыссыздықтың да арта түсетінін айтқан болатын. Ал бүгінде жаһандық экономика 2,6% тарылып отыр. Бұл көрсеткіш жылдың басынан бергі болжамдардың барлығынан жоғары. Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, әлемдегі он миллиондаған адамды кедейшілік қинауы мүмкін. Тек бұл көрсеткіштің біраз бөлігін біздің еліміз еншілеп кетпесін деп тілейміз. Көршіміз Ресейде де жұмыссыздық деңгейі 2012-ші жылы соңғы 9 жылдағы рекордтық көрсеткішке жетті. «Ресей статистика» агенттігінің мәліметтері бойынша сәуір айының соңында елдегі нақты жұмыссыздық көрсеткіші 7,7 миллион адамды құраған, бұл экономикалық белсенді халықтың 10,2%. Ал Қазақстанда 2012-нің қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2%-ды құрады [51]. Ал Еуропада жұмыссыздық 10% асып кетті. Англияда жұмыссыздар екі миллионға жетіпті. Дамыған мемлекеттерде жұмыссыздық қаржы саласының қызметкерлерін қамтыса, дамушы мемлекеттерде шикізатқа әлемдік сұраныстың төмендеуіне байланысты осы саланың жұмыскерлерін қамтыған. Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) болжамы бойынша әлемде 2009 жылы жұмыссыздар саны 50 миллионға жетсе, оның 23 миллионы Азия мемлекеттерінің тұрғындарына тиесілі делінген. Испанияда да 2000 жылдың шарықтау шегін аттап, былтырғы жылдың соңында мемлекеттің жұмысқа қабілетті тұрғындарының арасында жұмыссыздық көрсеткіші 3,91% өскен. Испаниядан кейін Словакия мемлекеті тұр – 10%. Соған ұқсас жағдай Чехияда да 5,3% көрсетті. Қытай мемлекетінде де жаппай жұмыссыздық, ресми тіркелген жұмыссыздар саны АҚШ-тан бес есе көп [51]. 2012 жылы Еуропа елдері арасында жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Польшада - 14,1%, ең төмен деңгейі – Данияда – 3,5% тіркелді. Бельгия, Германия және Францияда ол – 8,6-8,9%, Португалия, Испания және Финляндияда – 7,2-7,9 %, Нидерланды, Ирландия, Австрия және Люксембургте – 4-4,9% құрады. Жұмыссыздық деңгейі Сирияда – 40%, Йеменде – 35%, Тунисте – 22%, Алжирде – 20%, Мысырда – 20% құрайды. Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 2011 жылдың қыркүйегінде (бағалау бойынша) 5,5% құрады [51]. Көптеген Еуропалық 2010 жылдағы Еуропа аймағындағы
жастардың жұмыссыздық деңгейі
2010 жылда жастар (25 жасқа дейінгі)
жұмыссыздығының деңгейі Еуро- Батыс Европаның кейбір мемлекеттерінде жалпы еңбек ресурстары мен жұмыспен қамтуды ретеудің бағыттарына толығырақ тоқталайық. Жастарды жұмыспен қамту
саясаты әлеуметтік- Швецияда жастарды жұмыспен қамтудың белсенді саясаты келесі мақсаттарға ие: 1) Жұмыс күшінің қоғамдық
өндіріске қатысудың жоғары 2) Толық жұмыспен қамтылу.
Швецияда ол еңбек нарығы 3) Жоғары құзырлылық және жеке тұлғаның даму мүмкіндігі. Швецияда құзырет мәселелері бәсекелестік күрестегі жетістікке жетуде шешуші роль атқарады. Сондықтан ондағы ең басты мәселе – жақсы жұмыс істейтін, мектеп білімінің және жоғары дамыған жоғары білім мен ғылымның жүйелері болуы тиіс. Еңбек ету процесінде жетілу үшін өздерінің қызметкерлеріне мүмкіндік ұсынғаны үшін, жұмыс берушілердің жауапкершілігі кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату үшін де, ең үздік нәтижелерге жетіп жатқан, егер жұмыс беруші олардың жетілуі мен уәжді дамуына мүдделі екенін көрсе, жұмысшылардың моральді жағдайы үшін де маңызы бар. 4) Барлық өңірлерде маңызды және бәсекеге қабілетті жұмыс орындарын құру [53]. Мемлекет нарықтық экономиканың
негізінде кәсіпкерлік үшін жақсы
алғы шарттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік
жасалды. Осыған байланысты, нақты сөз,
салық салу, несиемен қамтамасыз ету
және т.б. салалардағы іс-шаралар
қозғалысқа ұшырауда. Өңірлік саясатта
мемлекет, өндірістің даму дәстүрінің
әлсіздігімен, аз қоныстанғандығымен,
орталықтан алыстығымен немесе ауа-райының
жағдаларына байланысты кейбір өңірлердің
кемшіліктерін өте төмен Германиядағы еңбек нарығын реттеу жүйесінің сараптамасы, біздің экономикамыздағы жағдайда да қолдану үшін көкейкесті жағдайдың неміс жастары үшін келесі тән сипаттарды атауға мүмкіндік беруде. Біріншіден, бұл еңбек нарығын реттеу субъектілерінің саралануы. Мүгедектер сияқты, кейбір шаруашылықтар да еңбек келісім-шарттарын еркін түзе алмайды және көп жағдайда корпоративті одақтарға енуі тиіс, олардың іс-әрекеттерінің ауқымы еңбек және әлеуметтік заңнамалармен анықталады. Сондықтан еңбек нарығын реттеудің негізгі субъектілері – бұл тек мемлекет емес, сонымен қатар кәсіподақтар мен жұмыс берушілердің одақтары ретіндегі қоғамдық ұйымдар. Кесте 7. Еңбек нарығын реттеу үлгілері
Қоғамдық корпорация мүшелерінің
мүдделерін қорғайтын және еңбек
нарығына айтарлықтай ықпал ететін
пәрменді жүйе елдегі оны реттеу жүйесінің
маңызды элементі бола алады. Екіншіден,
Германиядағы еңбек ресурсын реттеудің
тиімді құрал-сайманы ретінде тарифтік
келісім-шарттар қызмет етеді, олардың
қолдану тәжірибесі қазақстан ағдайларында,
өндіріс кірістерін әлеуметтік адал
бөлуді қолдануға, толық жұмыспен қамтылу,
ақша бірліктерінің тұрақтылығы, сыртқы
және ішкі экономикалық тепе-теңдік сияқты
себепші болатын, әлеуметтік өмірге
көмек көрсететін еркін, қоғамдағы
және экономикадағы әлеуметтік, бәсекелестік
тәртіпті құру сияқты жалпы экономикалық
мақсаттарға жету. Ең соңғы, үшіншіден,
еңбек нарығы мен әлеуметтік қорғауды
реттеудің пәрменді жүесінің Қазақстанда
құрылуы еңбек және жұмыспен қамту
саласында пайда болатын теріс
экономикалық және әлеуметтік себеп-салдарға
әкеп соғатын түрлі кемшіліктерді
бақылаудың алдын алудың жүйесімен
ілесуі тиіс. Көптеген он жылдықтардың
ішінде еңбекті басқарудың Жапондық
жүйесі ең тиімді және өміршең үлгінің
бірі болып саналды, оған келешек
тиесілі. Бірақ соңғы уақыттарда
оған да жұмыссыздықтың өсуін тудырған
экономикалық қиындықтармен бетпе-бет
келуге тура келді. Орта және ұзақ мерзімді
келешекте жапондық өндірісте құрылымдық
өзгерістер, экономикалық іс-әрекеттің
интернационалдылығымен (кең ауқымдылығы
мен) және ақпараттық технологияның
дамуымен байланыстырылған. Бұл, сөзсіз,
еңбек нарығындағы жағдайға ықпал
етеді. Осыған байланысты соңғы жылдары
экономиканың құрылымдық қайта құрылу
мақсаттарын ескеріп, Жапонияның Еңбек
министрлігі елдің еңбек - жұмыс күшіне деген
сұраныстың кезеңдік ауытқу - мемлекеттік жұмысшылардың
оқуын ұйымдастыруға және - жұмысқа орналастыру
және жұмысшылардың бір - жұмысқа орналастыру бойынша жеке агенттіктерінің жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік бюролардан басқасын да қолдау; - оқу орындарының бітірушілерін жұмысқа орналастыруға көмек көрсету; - мүгедектердің жұмыспен
қамтылу деңгейін қолдау және
жоғарылату бойынша Жапонияда жастарды жұмыспен
қамту саласындағы заң Батыстың, АҚШ-тың, Жапонияның және Қытай елдерінің халықтың жұмыспен қамтылуын реттеуге деген көзқарастары осындай. Қазақстан үшін қай үлгі немесе олардың қандай ұштастырулары артықшылықта екенін анық айту мүмкін емес. Жалпы алғанда, нарықтық құрылымдардың даму кезеңінде, экономикасы дамыған елдердің еңбек нарқын реттеудегі жинақталған айтарлықтай тәжірибесі, өңірлік әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін ескеріп, бідің елімізде оның пайдаланылу мүмкіндігі де жан-жақты зерттелуін талап етеді. Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату. Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента» алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді. Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады: - кіші және жанұялық
кәсіпорынға мемлекеттік - географиялық мобильділік,
яғни жұмыс күші тапшылық - қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға , құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6 айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100% болатын ( сол кәсіптің орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу; - жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия беру; - арнайы техникалық жабдықтау,
кәсіпорында мүгедектерге Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар). 1980 жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін болады. Осы орайда жастар ісінін үлгісін зерделеуде классикалық капитализмдегі Ұлыбритания мен «скандинав социализмінің» өкілі Швеция үлгілері маңызды. Аталған екі мемлекетте де жастармен жүргізілетін жұмыстар мемлекет пен азаматтық қоғамның серіктестігі арқылы бірлесіп жасауына негізделген. Ұлыбритания мен Швецияда, сондай-ақ Қазақстанда да мемлекеттің жастар тобымен жүргізіліп жатқан әр түрлі жұмыстарын жүзеге асыруда басты рөл жергілікті ұйымдардың еншісіне берілген. Ұлыбританияда білім алу және оны одан әрі арттыруды күшейтетін іс-шаралар қолданылады. Мысалы, мұнда кәсіптік дайындықтан өту үшін оңтайлы кредиттер жүйесі қарастырылған. Оларда білім кредиттерінің пайыздық ставкасы 2-3% көлемінде болса, Қазақстанда ол 9-30% шамасында. Швецияда мемлекеттік оқу орындарында орта және жоғарғы білім тегін болса, Ұлыбритания мен Қазақстанда ақылы негізде. Бұған қоса Швецияда тұрғын үй мен оқу әдебиеттеріне берілетін стипендиядан басқа қосымша несие алуға болады. Бұл несиелер студент оқуын бітіріп, жұмысқа тұрғаннан кейін жалақысының 4% көлемінде сол қарызды қайтаруға аударылып тұрады. Ал Қазақстанда қарыз алушының жұмысқа тұруы, не тұрмауына назар аударылмастан,тәуелсіз анықталған уақытта (көбіне 10 жыл ішінде) қайтарылуы тиіс. Ұлыбританияда жұмыссыздықпен күрес «Жас азаматтарға жаңа бағыт» атты бағдарлама төңірегінде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның негізінде британдықтар үкімет пен бизнес қауымдастығы арасындағы серіктестік негізінде жас азаматтарды өзінің кәсіби мамандығы бойынша жұмысқа орналастыруға тырысады [54]. Швецияда жұмысқа орналасу және кәсіптік қайта даярлау мәселесі жергілікті еңбек нарығының ерекшеліктері мен бизнестің кадрлық тапсырыстары ескеріліп, жергілікті деңгейде шешіледі. Айта кеткен жөн, Швецияның әлеуметтік бағдарламалары әлем бойынша ең кең және әсерлі болғандықтан бұл мемлекеттің халқы жыл сайынғы зерттеулерде әлемдегі ең бақытты 5 мемлекетке кіреді. Азаматтық тәрбиелеу тек жастардың өз құқықтарын қорғау ғана емес, сондай-ақ тұтастай әлеуметтік-саяси құрылымдағы белсенділігін арттыру (Ұлыбританияда 2002 жылдан бері мектептік білімдік бағдарламалардың бір бөлігі ретінде азаматтарды тәрбиелеу курстары жолға қойылған) еуропа елдерінің жастар саясатындағы басты бағыттардың бірі болып табылады. Үш елдің жастармен жүргізілетін ішкі жұмыстарындағы негізгі ұқсастықтар: Біріншіден, үш елде де жастар
істері және саясаты бойынша арнайы
министрлік жоқ, сондықтан сала бойынша
іс-шаралар түрліше Екіншіден, білімнің сапасы
мен жетімділігі дұрыс Үш мемлекеттің жастармен жүргізетін жұмыстарындағы негізгі айырмашылықтары: Ұлыбританияда жастар жұмысын
жүзеге асыру бойынша іс-шаралар
Білім министрлігінің Жастармен
жұмыс бойынша басқармасы мен
Балалар және жастар істері бойынша
комитетінің құзырына жатады. Ал Швецияда
бұл Мәдениет министрлігінің құзырында.
Британдық парламенттік құрылымдарда
жастар мәселесі бойынша комиссиялар
жоқ, ал Швецияда жергілікті деңгейде
Мемлекеттік жастар кеңесі және басқа
да тәуелсіз жастар кеңестері жұмыс
істейді. Ал Қазақстанда бұл сала
Білім және ғылым министрлігі
мен жергілікті атқарушы органдар арқылы
жүзеге асырылады. Бірақ Қазақстандағы
мемлекеттік жүйенің Жалпы, теориялық тұрғыда алғанда, Британ және Қазақстан жастар ісімен айналысатын орталықтары – жас азаматтарды ұжымшылдықтан гөрі индивидуализмге тәрбиелеп және анықталған мөлшерде ғана әлеуметтік қолдау көрсетіп, мемлекеттің мойнына аса жүк артпауға негізделген. Бұл тарапта жастар ісі көбіне дамыған азаматтық қоғамға негізделуі тиіс. Билік пен азаматтық қоғамның өзара ықпалдасуы арқылы жастарға қатысты түрліше бағдарламалар жасалады және де сол бағдарламаларды жүзеге асыруға тікелей жастардың өзін қатыстырады. Бірақ Қазақстанда әзірше бұл тек теориялық негізде болып, практикада толыққанды жүзеге асырылмайды. Себебі, бұндай модельді енгізу үшін жалпы бағдарламаның жүрегі болатын азаматтық қоғам дамымаған. Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытуға атқарушы биліктің өзі дайын емес. Оның дамуына заң жүзінде де практика жүзінде де тосқауылдар қойылады. Сол себептен кешегі социалистік құрылым негізіндегі жастар саясатынан бас тартқан билік «жасаймыз» деген классикалық капиталистік модельді де енгізе алмай отыр. Бірақ сол капиталистік құрылымдағы жастар ісі социалистік кездегі жастар жұмысынан да әсерсіз және социалистікте әділдік басым екенін заман мойындап отыр. Мысал ретінде социолистік ел ретінде бұрынғы Кеңестер одағы мен капиталистік ел ретінде қазіргі Қазақстанды салыстырып көрелік. 1. а) Кеңес одағында-орта және
жоғарғы білім 100% тегін. 2. а) Кеңес одағында-жастар жұмыспен
қамтамасыз етіледі. Тіпті жұмыс істемеген
азаматтарды мемлекет жауапқа тартады. 3. а) Кеңес одағында-тұрғын үй мәселесі арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы шешілген. б) Қазақстанда-тұрғын үй мәселесі бүгінгі қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі болып, жастардың басым бөлігі үйсіз-күйсіз босып жүр. Осының салдарынан жастарымыз үйленуден бас тартып, демографиялық мәселе өткірлеп, болашаққа «халықтың қартаюы» («старение населения») дайын болып отыр. Ал баспанасы жоқтығына шыдай алмаған жас жанұялар арасында түсініспеушілік туындап, ажырасу-айырылысу саны артуда. Жастардың әлеуметтік құрылымдағы алатын орнының жоғарылау үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс, қандай шаралар атқарылуы керек-бұл бүгінгі қоғамдағы басты проблема. Жастардың кәсіби мобильділігін арттыру үшін шетелдік тәжірибелерді салыстырмалы түрде мысал қылдық. Сонымен қатар кешегі келмеске кеткен кеңестер одағындағының да үлгі алар тұстар тізіп көрдік. Бастысы біз осыдан тұжырымдай отырып Қазақстан жастарына, қазақ қоғамына тиімді ой түйіп жүзеге асыруға асығуымыз керек. 2.4 Қоғамның әлеуметтік-аймақтық құрылымындағы жастар Жалпылама алғанда әлеуметтік жіктеу жүйесі – тарихи құбылыс. Ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі барлық адамзат қоғамы жіктелген, сараланған. Тарихта әлеуметтік жіктеудің жүйесі өзінің мәні, түрі және құрылымы бойынша әр түрлі болды. Әлеуметтік жіктеудің қазақстандық жүйесі таптық-страттық және құрылымдық жүйе ретінде анықталады, өйткені Қазақстанның әлеуметтік құрылымында таптар, старттар, тапқа жатпайтын топтар, кәсіби топтар және басқа да элементтер бар [55]. Осыған орай дәл қазіргі Қазақстан қоғамның әлеуметтік-аймақтық құрылымындағы жастарды негізінен екі үлкен топқа бөліп қарастыруға болады.
Сонымен қатар жекелеген аймақтардағы (облыс, аудан, ауыл) жастардың жай-күйі мен хал-ақуалын, олардың аталмыш құрылымдағы атқаратын рөлі мен алатын орынын, әлеуметтік және саяси белсенділігін талдау маңызды. ҚР қазіргі таңда жастардың көп бөлігі ауылшаруашылық(16,7%), сауда (14,3%), білім беру және денсаулық сақтау салаларында (12,3%) жұмыспен қамтылған. Жастар арасындағы жұмысыздық - 5,2% деңгейінде [51]. Дегенмен жастар арасында жұмыспен қамтуда өз-өздерін қамтамасыз ету мен арзан табыс көзі бар жұмыс көзіне тәуелділіктерін ескеруіміз қажет. Қазақстандық жастардың жеке кірісінің деңгейiне келер болсақ, мүлдем тұрақты кірісі жоқ жас азаматтардың үлесі-24,9%, табысы 15 мың теңге -16,4%, табысы 15-30 мың теңге-16,2%, табысы 30-60 мың теңге -21,4%, табысы 60-100 мың теңге -6,2%, 100 мың теңгеден жоғары тұрақты кірісі бар азаматтар -2,5 % [47]. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесі бойынша 50%-дан астам жастардың дербес кірісі 30 000 теңгеден төмен. Ауылдық жерлерде бұл көрсеткіш елеулі төмен. Бұл жастардың қажетті тәжірибесінің болмауы салдарынан тұрақты жұмыс пен жалақысы жоғары жұмыс табуының қиындығымен байланысты. Бұған қоса, жастардың бір бөлігі орта және жоғары оқу орындарында оқып жүргендіктен, тұрақты кірістері жоқ. Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде репродуктивті жаста бола отырып, сонымен бірге тұрғын үймен аз қамтылғандар қатарында. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, респонденттердің 21,7%-жекеменшік үйім бар, 18,3%-үйді жалға алудамын, 52,7%-ата-ана, туысқандарыммен тұрамын, 6,9%- жатақханада тұрамын, 0,3%-жауап беруге қиналамын деген жауаптарды көрсеткен [47]. Пайыздық көрсеткіштерден көретініміздей жастардың басым көпшілігі жеке баспанамен қамтамасыз етілмегендіктен ата-ана, туысқандарымен тұрады. ҚР жастары арасында некеге тұрудың орта жасы ЕО мемлекетерімен (27,3 жас) шамалас, яғни 1999 жылы 25,9 жас болса, 2009 жылы 26,8 жасты құраған [1]. Бұл мәселені біріншіден, жастар арасындағы құндылықтардың батыстық сипатта өзгеруімен, екіншіден әлеуметтік-экономикалық себептермен түсіндіруге болады. Бүгінгі таңда жастардың еңбекпен қамтамасыз етілуі 93% жуықтап (60% жуығы өзін-өзі жұмыспен қамтушылар), жұмыссыздық деңгейі 5,2% құрағанымен кедей халықтың 26,9% 15-29 жас аралығындағы жастар құрайды [41]. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың (сотты болғандар) құрамы бойынша 14-29 жас аралығындағылардың үлес салмағы-45,4% құрайды [41].Осындай проблемалар қысқа және ұзақ мерзімде жастардың барлық санаттары келешекте өзіндік белсенді азаматтық санасын тәрбиелеуге, олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысуына бағытталған жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын тиімді қызмет ететін мемлекеттік органдармен қорғау жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Жастардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдайы – оның дамуының, маргинализациялаудың ең төменгі деңгейіне мәлімет, жастар ортасындағы қылмыстың төмендеуінің кепілі. Сонымен, бүгінгі таңда ҚР жастары үшін негізгі әлеуметтік-экономикалық проблемалар - тұрғын үй мен жұмыс табу. Халықты, соның ішінде әсіресе жастарды баспанамен қамту мәселесін мемлекет ел саясатының басым бағыттарының бірі ретінде қарап келеді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев өзінің 2012-ші жылғы жолдауында бұл тұрғысында былай деген болатын: «Біз жаңа тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыруға кірісіп кеттік. Елімізде жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Алайда біз жарты миллионнан астам жас отбасын жеке баспанамен қамтамасыз етуге тиіспіз. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет. Ұзақ мерзімді жалға беруде сатып алынатын және сатуға жатпайтын екі түрлі жолды қарастыру қажет. Оған қоса жалға алғаны үшін жасалатын төлем әл-ауқаты орташа отбасы мүмкіндігіне сай болуы тиіс. Мұнымен бірге отандық құрылыс саласы үшін жаңа мүмкіндіктер туады. Соның бәрін жаңа «Қолжетімді
баспана-2020» бағдарламасында Мемлекет бұл бағдарламаны тиісті қаражатпен қамтамасыз етеді» [49]. Жастар мемлекеттің қоғамдық- Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік, саяси, эканомикалық қарым-қатынастар жүйесі барлық салаларда түбегейлі өзгерістерге ұшырап, жаһандану жағдайында нарықтық қатынастардың әсерімен қалыптасуда. Сондықтан да әлеуметтік рөлдер мен әлеуметтік мәртебелердің, осыған дейін қалыптасқан құндылықтарының өзгеріске ұшырауы олардың электоралдық мінез-құлқында да жеткілікті дәрежеде көрініс табуда [56]. Осы орайда жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары қажеттілігі көрінеді. Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары өзгенің мүддесін көздейтін топтар (халықаралық қорлар, дәстүрлі емес, қызметіне елімізде тыйым салынған діни ұйымдар, т.б бірлестіктер) тарапынан жүргізілу барысына мемлекетпен қатар ҚР жастары қырағылық танытулары аса маңызды. Қой терісін жамылған қасқырлардан сақ болу әрбір жас азамат үшін үлен мәнге ие. Жастардың құндылықтық бағытталу құрылымының үзінділіктігінің айтарлықтай күшейуі, қоғамның әлеуметтік өзгеру жағдайындағы жастардың құндылықтар жүйесін қамтамасыз етуге оң ықпал жасайды. Басқарудың әр түрлі деңгейдегі субъектілеріне аймақтық және мемлекеттік саясат бағыттарын жасау барысында әлдеқайда тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді [57]. Еліміздің соңғы жылдарында қоғамдық саяси өмірінде шындығында атаулы оқиғалар болды. Қазақстан Кеден Одағына енді, ДСҰ-ға енуге дайындықтың соңғы кезеңінен өтті, сонымен қатар VII Қысқы Азия ойындары табысты өтті. ҚР халықаралық саяси аренада тағы бір рет танытқан 2010 жылдың ең маңызды қоғамдық саяси оқиғасы, ол соңғы 11 жылда бірінші рет саммиті өткізілген Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі болды. Жастардың негізгі ішкі саяси және халықаралық оқиғаларға берген бағасы, сондай-ақ жастардың еліміздің қоғамдық саяси өміріне қатысу деңгейін бағалауы әлеуметтік сауалнамалар нәтижесінде түзілген мәліметтер бойынша осы блокта қарастырылады. 2010 жылғы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін Сiз қалай бағалайсыз?» деген сауал бойынша жастардың көбі (70%-ға жуығы) Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуін оң бағалайды. Жауапқа негіздемелер ретінде еліміздің саяси имиджіне оң ықпал мен демократиялық жаңарулардың болуына, сонымен қатар ішкі қауіпсіздік стандартына әсері ететіндігі көрсетілген. Бірақ, бұл туралы хабардар еместер де болған, олар 13%-ы құрайды (негізінен мектеп оқушылары), ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуді теріс бағалағандар (2%) төмендегі себептерді алға келтірген: «бұл өте көп ақшалай қаражатты шығындады»; «бұның ешкімге қажеті жоқ»; «бұл еліміздің имиджін жасау үшін ғана қажет болды». Сондай-ақ, көпшілік жастар Ресей, Қазақстан және Белоруссияның бiрыңғай экономикалық және кеден кеңiстiгiн құруына оң баға береді. Тек 2% жастар бұған теріс баға берген [53]. Келтірілген көрсеткіштер жастардың маңызды халықаралық қоғамдық саяси, оның ішінде Қазақстанның бастамасымен болған оқиғаларға толығымен оң көзқараста екендігін көрсетті. Бұл аталған іс-шараларды өткізудің басымдығын түсіндіру және қажетті шешімдерді қабылдау жөніндегі ақпараттық насихаттау компанияларымен байланысты. Сонымен қатар, жас азаматтардың, жас ерекшеліктеріне қарай Отанында болып жатқан маңызды халықаралық оқиғаларды дұрыс сезінуі қуантады. Бұдан әрі жастардың еліміздің қоғамдық-саяси өміріне қатысуын бағалау жүргізетін болсақ, негізінен жастар еліміздің қоғамдық-саяси өміріне жастар ұйымдарының қызметіне қатысу арқылы араласады. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәліметтері бойынша жастар ұйымдарының саны екі есеге дейін өскен және қазір бұл көрсеткіш 743 –ті құрайды, оның ішінде ұйымдардың басым көпшілігін құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оларға ақпараттық-кеңес берушілік, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызмет ететін бірлестіктер құрайды. Барлық қоғамдық бірлестіктердің жұмыс атқару формалары мәдени-көпшілік және патриоттық акциялар, қайырымдылық іс-шаралары, концерттер, пікір-сайыстар, интеллектуалдық ойындар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және басқалары болып табылады. Жастар үшін әлеуметтік жүйедегі белсенді қимыл бұл-әлеуметтік әрекет болып саналады. Әлеуметтік құрылымдағы жастар қоғам, рухани өмір, мәдениет арналарындығы өзгерістер мен серпілістерден де шет қалмақ емес [58]. Алайда, жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны өскеніне қарамастан, олар әлі күнге дейін көпшілік үшін қызмет атқара алмай отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 30 мыңнан астам азаматы тұратын, оның көпшілін жастар құрап отырған Байқоңыр қаласында жастар қоғамдық бірлестіктері жоқ. Қазіргі бар үкіметтік емес ұйымдар әлі де жастардың мүддесін толық дәрежеде білдірмейді. Өйткені олар тек мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері секілді жастардың тек белгілі бір санаттарымен ғана жұмыс атқаруда, ал жұмыс істейтін немесе жұмыссыз жүрген және басқа да санаттардағы жастар қамтылмай қалып отыр. Сауалнаманы талдау бойынша
жастардың қоғамдық-саяси Саяси жоғары бағалауларды,
жеке алғанда қазақстандық жастардың
электоралды әлеуетін талдау саяси
институттарды еліміздің Ауыл – қашан да қазақы дәстүрдің қайнаған алтын бесігі. Ғұлама мен данышпан, не керек, есімі елімізге танымал тұлғаларымыз мен арыстарымыздың өніп-өскен жері. Қазақылықтың қаймағы атанған осы ауыл жастарына қаншалықты көңіл бөлінген?! Біз бүгінгі мақаламыздың тұсаукесерін осы сұраққа жауап іздеуден бастамақпыз. Ауыл жастары қала жастарынан айтарлықтай аз емес. 2 487 826 жас – қала тұрғыны болса, ауыл жастары – 2 022 609 адам [1]. Қанша жерден қазақы дәстүрдің алтын бесігі деп қастерлесек те, бүгінгі күні ауыл жастарымен жұмыс көңіл көншітпейді. Мәселен, ауылда жастарға арналған медициналық орталықтар саны өте аз, бүкіл еліміз бойынша барлығы – 31. Сол сияқты, елдегі кинотеатрлар саны 94 болса, Алматы қаласында – 21 кинотеатр, Атырау мен Ақмола облысында бір-бірден ғана кинотеатр бар екен. Сонымен бірге, елде мекендердегі спорт зал, кешендер, секциялар саны 14 146 болса, оның көбі Оңтүстік Қазақстан мен Павлодар облысының еншісіне тіркелген, ал Маңғыстау облысында небәрі – бесеу ғана. Мәліметтерге қарап-ақ, ауыл жастарына қаншалықты жағдайдың жасалып отырғанын бағамдай беруге болады. Осы олқылықтардың орнын толтыруға Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің 2009 жылғы 29 мамырдағы №76 өкімімен ауыл жастарының дамуына жағдай жасау және қолдау мақсатында 2009-2011 жылдарға арналған “Ауыл жастары” жалпы ұлттық бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Бұған өз кезегінде жалпы көлемі – 10 млрд. 738 млн. теңге бөлінген. Ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға көтерме жәрдемақысын беру қарастырылған. 2010 жылы ауыл жастарына бөлінген оқу гранттарының жалпы саны 6 004 болды. Сондай-ақ былтыр жастар саясатын іске асыруға 1 153,86 млн. теңге бөлініп, соның ішінде әлеуметтік тапсырыс жиынтығының көлемі 404,81 млн. теңгені құраған [53]. 2010 жылы “Дипломмен – ауылға” жобасы аясында ауылдық елді мекендерге барған жас мамандардың саны 7 305 адам болды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бірде-бір облыста дипломын алып ауылдың қызу тірлігіне атсалысуға аттанған жастардың саны мыңға да жетпейтін көрінеді. Бүгінде еліміздегі ЖОО-да оқитын жастардың саны – 552 454 адам, яғни, бұл жастардың – 12 пайызын құрайды. Техникалық және кәсіптік білім алып жатқандар саны – 408 392 адам (9,1%). Ал ЖОО-дан кейінгі оқу сатысына құжат тапсырғандардың саны – 9 330 адам (0,2%). Яғни, жастарымыздың көбісі – жоғары білімді мамандар деген сөз. Жастардың 387 605-і – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болса, 1 411 455-і – жалдамалы жұмысшылар, 15 526-сы – қамтылған жұмыс берушілер. Жас буынның басым бөлігі ауыл шаруашылық саласында (16,7%) еңбек етсе, 14,3%-ы сауда саласында, 12,3%-ы білім және денсаулық саласында жұмыс істейді. Сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында жастарымыздың 8,0%-ы қызмет етіп жатыр [47]. Елімізде жастардың 82,9 пайызы қазақ тілінде ауызша түсінеді, 75 пайызы еркін оқи алады, 71,8 пайызы еркін жаза алады. Қазақ жастарының 98,4 пайызы қазақ тілін ауызша түсініп, 96,1 пайызы еркін оқи алса, 94 пайызы еркін жаза алады. Яғни бұл көрсеткіштер – қазақ жастары түгелдей дерлік мемлекеттік тілді біледі деген сөз. Қазақ тілін меңгеру жөнінен елімізде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері ішінен өзбектер, түріктер, қырғыздар, тәжіктер, ұйғырлардың көрсеткіші әжептәуір жоғары. Мәселен, өзбек жастарының 95,8 пайызы ауызша түсінеді, 80,8 пайызы еркін оқи алады, 71,2 пайызы еркін жаза алады. Сол сияқты ұйғыр жастарының 93 пайызы түсінеді, 72,9 пайызы еркін оқи алса, 64,7 пайызы еркін жаза алады екен. Қырғыз жастарының 91,7 пайызы қазақша түсінсе, 70,4 пайызы еркін оқи алады, 62 пайызы еркін жаза алады. Демек, оларды қазақ тілін жете меңгерген жастардың қатарына әбден қосуға болады. Бірақ өкінішке қарай, орыс, неміс, беларусь, поляк жастарының мемлекеттік тілді білу деңгейі төмен. Мысалы, орыс жастарының 38,3 па-йызы қазақша ауызша түсіне алатын болса, 19,1 пайызы еркін оқи алады, 14 пайыздан астамы еркін жаза алады екен [47]. Соңғы кездері жастарымыздың дін мәселесіне келгенде іркіліп қалып жататынымыз бар. Десек те, мәліметтерге сүйенсек, 14-28 аралығындағы жастардың 74,8 пайызы ислам, 21,9 пайызы христиан дініне сенетін болса, дінге сенбейтіндердің үлесі 2,7 пайызды құрады [59]. Өзге діндерге сене-тіндердің саны 1 пайызға жетпейді. Дін мәселесінде мұндай көрсеткіштер көрініп отырғанымен, соңғы жылдары жастар арасындағы діни фундаментализмге бойұрушылық үрдісі елімізді алаңдатып отырғаны жасырын емес. Жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша 2009 жылы барлығы 4 055 іс-шара өткізілген. 2010 жылдың еншісіне 4 436 іс-шара жазылған. Арнайы мекемелердің зерттеу қорытындылары бойынша 2009 жылы жастар арасындағы патриотизмнің деңгейі 74,50 пайыз болса, 2010 жылы бұл көрсеткіш 80,10 пайызға жетті. Аймақтар арасында Астана қаласының жастары патриот деп танылған. Бас қаламызда былтыр патриот жастар 91,30 пайызды құраған. Бас қаладан кейінгі орында 90 пайызбен Батыс Қазақстан облысы тұр. Патриотизмнің ең төменгі деңгейі Маңғыстау облысында тіркелген, ондағы көрсеткіш – 56,70 пайыз. 2010 жылы жастар ұйымдарының саны 1 043 болса, оның көпшілігі Алматы (160), Шығыс Қазақстан (110) және Қостанай облыстарында (100) жұмыс істеп жатыр . Жастардың абсентеизмі –
мемлекет жүргізіп отырған саясатқа
қарсы қарсылық белгісі ретінде
жиі қолданылатын апаттық құралдарының
бірі. Жас сайлаушылар сайлау күні
өз таңдауларын жасауға келмейді,
өйткені олар «мұнымен ештеңе де шешілмейтіндігіне»
сенімді. Мұндай көңіл-күй қазақстан
жастарының арасында қаншалықты күшті,
бұл кімге ұнайды және құқықтары
мен бостандықтары бұзылған жағдайда
өз қарсылықтарын қандай нысанда
көрсетуге бейімділігін зерттеу
жұмысының осы бөлігінде Әлеуметтік құрылымдағы жастардың орны мен рөлі тақырыбы негізінде «Егемен Қазақстан», Жас Алаш және «Айқын» газетінің 2012-ші жылы жарық көрген барлық сандарына контент талдау жасалынды. Контент талдау әдісітемесі бойынша жастар тобындағы ең өзекті мәселелерді (10-нан көп кездескен), сонымен қатар мемлекет тарапынан жіберілген кемшіліктерді (жарияланған мақала негізінде), негізгі түсініктерді топтап жинақтадық. Контент талдау әдісі бойынша түзілген мәселелер; Жастармен жұмыс жасау барысында мемлекет тарапынан жіберілген (ең кемі 10-рет кездескен) олқылықтар: 1. Жастар функциясы нақты анықталмаған және бір жүйеге қойылмаған. 2. Мемлекеттік идеологияның жастарды толық қамти алмауы.
Жастардың түрлі (мақсаты бөтен, адасқан) ағымдардың соңында кетуіндегі басты себептер (10-нан көп кездескен): 1.Ата-ананың баласымен ой бөліспеуі, көңілдерін аудармауы;
Жастар арасындағы ең өткір мәселелер (10-нан көп кездескен): 1.Криминалды топтарға жастардың қызығушылығы;
Зерттеу нәтижесінен байқағанымыздай 100-ден көп кездескен ұғымдар: Жастарды баспанмен қамтудың жолға қойылмауы, жастар арасындағы жұмыссыздықтың белең алуы, жастардың тұрмыс деңгейінің төмендігі және білім және діни сауатының төмендігі болып отыр. Яғни жастардың әлеуметтік құрылымдағы алатын орынының жоғарылауына осы аталған мәселелер белгілі бір деңгейде өз кедергісін тигізіп отыр. Жаһандану заманында тың бастамалар көтеріп, жоғарыда аталып өткен мәселелерге жіті қарамасақ, мемлекет өз алдына, ал жастар өз алдына байланыссыз әйтеуір тіршілік етіп өмір сүріп жатқандығы айқындала түседі. Зерттеу жұмысы барысында
зерделенген мәліметтерді қаперге
ала отырып әлеуметтік құрылымдағы
жастардың рөлін күшейту – соңғы курстардағы болашақ
мамандарға жетекшілік ету, олардың
іс-тәжірибеден өтуін Дәл қазіргі ең басты қауіп ол жастар арасында дінді бетпердеге айналдыру мәселесі көрініс табуда. Осыны тез арада реттеу аса маңызды. Ел болған соң елдігімізді айқындап, ұлттық болмысымызды сақтауымыз керек. Жас мемлекетімізге сыннан көрі, қазір ұсыныстар айту аса маңызды. Осы негізде экстремизмнің алдын-алу барысында мынадай ұсыныстарға тоқталсақ: 1. Арнайы, ғаламторлардағы
желідегі пікірмен санасып, 2. Желілік маркетингті
(сетевой маркетинг) жүйелі 3. Экстремизм, терроризмге
қарсы бағытталған 4. Ұсақ қақтығыстарды уақытылы реттеу, созылмалы диалогтан қашу. Мемлекет адамдар алдындағы өз міндетін, адамдар мемлекет алдындағы өз міндеттерін, парыздарын білуі және ұмытпауы тиіс. Бүгінде қауіп жоқ болса - жұмыс жоқ, - деген қағидаға нүкте қоюымыз өзекті болып тұр. Әр құрылым өз ісін жетік біліп, кәсіби мамандарын қалыптастыруы шарт. Елімізге тыныштық тілесең тыныш жүр. Ел дамуын ойласаң үлесінді қоса жүр дегендей қағидалар ауадай қажет. Ойымызды түйіндей келе, Шәкәрімнің мынадай ұлы сөзі бар: «шын ғылыммен таппаған дін шын дін емес жындылық»,-демекші әуелі ғылыммен сусындамай, мұрынына білімнің иісі бармай дінді білу, тану болмайтын іс. Бүгінгі жастардың бейнесі
бәсекеге қабілетті, жарқын жүзді, білімге
құштар, ар-намысы мен рухы биік, тарихына
таныммен, құрметпен қарайтын, еліне
жаны ашитын адамгершілігі мол жан
болуы тиіс. Ал жастар арасында ер балалардың
қыз мінезді болып Мына жайттың әлі де болса жастар бойында сақталуы көптеген мәселені шектеуде. Ол - құлдық психология. Үлкенге кұрмет, кішіге ізет қылсаң ешқашан кемімейсің, ал кейбір жастарымыз жалпақтаумен, көшбасшылары жастар атынан сөз алып трибунаны сәтті пайдалана алмауы ашу ызаны арттыруда. Жастар ұйымдарына да мүше жастар неге өзін өзге жастардан жоғары ұстап, шенеунік ретінде көрсетуге тырысады. Бұл да құлдық психологияның белгісі. Сондықтан ер мінезді жастардың еңсесін түсірмей жастардың талаптарын бірінші кезекке қоя алу аса жауапты және құлдық психологиядан жастарды тазарту кезек күттірмейтін нысанада болатын нақты мәселе. Бұдан шығар қорытынды жастарға қолжетімді істер жасай отырып, оларды елін сүю мен құрметтеуге үйрету. Бұдан мемлекет де жастар да жапа шекпейді. Алаштың аманатын арқалап, асыл мұратты жүзеге асыратын, елін қорғап, елдігімізді арттыратын жастар қандай болмақ, осы тұрғыда ойланайықшы. ҚОРЫТЫНДЫ 90-шы жылдары Қазақстан
тәуелсіз ел болып, Теориялық түрде кез келген мемлекеттің жастарға деген негізгі мақсаты - жас азаматтардың қоғамда өз орнын табуына мейілінше жағдай жасау. Себебі әрбір жас-жастық шағында толыққанды саналы тұлға ретінде жеке өмірге жол бастау үшін білім алуы, кәсіптік тұрғыдан мамандануы, өз құқықтары мен міндеттерін өз бойына сіңіруі, сондай-ақ азаматтық және моральдық тәлім-тәрбие алуы тиіс. Дәл бүгінгі кезеңдегі ҚР жастары әлеуметтік-саяси тұрғыдан қалыптасу, жаңару үстінде. Ал оның векторы елдің ұстанып отырған әлеуметтік-саяси дамуының қоғамдағы бағытына қарай айқындала түседі. Жастар тобы қоғамға елеулі түрде әсер ете алатындай дәрежеде өзінің құндылық бағдарлары, өзгеше идеялары, символдары, өзіндік ұстанымдары бар өз мүдделерін қорғайтын саяси алаңдарын құрып алуы керек. Дәл қазіргі таңда ҚР жастары осыған талпыну үстінде. Бірақ олардың бұл жоспарын орындауына қоғамдағы, ішкі саяси жүйедегі қалыптасып қалған ескі қағидалар елеулі түрде кедергісін тигізіп отырғаны ақиқат. Диссертация тақырыбына байланысты жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша осы кедергілердің көпшілігі нақты көрсеткіштер бойынша атап көрсетілді. Мысалы жастардың арасында кездесетін ең өзекті проблемалар анықталды. Сонымен қатар жастармен жұмыс жасауда, жастар саясатын жүзеге асыруда мемлекет тарапынан жіберіліп отырған кемшіліктер де айқындалды. Соңғы жылдары жастардың түрлі діни секталардың (мақсаттары бөлек, адасқан) жетегінде кетуінің ең басты себептері де атап көрсетілді. Нақты проблемалар анықталғаннан кейін, ол олқылықтарды жою үшін шетелдік тәжірибелерді салыстыра отырып ұсыныстар да айтылды. Қазіргі таңда жастарымыздың әлеуметтік құрылымдағы белсенділігін арттыру үшін, әлеуметтік-эканомикалық жағдайын көтеру мақсаты негізге алынып мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстар, қабылданып жатқан бағдарламалар аз емес. Олардың бірқатарына жоғарыда тоқталып өттік. Дегенмен бұл бағдарламалар аясында жасалынып жатқан жұмыстардың өзі бізді қанағаттандырмай отыр. Себебі қаншама жұмыс жасалғанымен оның нәтижесі, кеткен уақыт пен шығынға лайықты емес. Яғни біздегі жұмыстардың көпшілігі нақты іспен айналысуға емес, жалпылама ұрандатуға бағытталған. Оның үстіне жемқорлық мәселесі тағы бар. Соның салдарынан есеп берер кезде бірнеше қағазды толтырып жазғанымызбен, нәтижесіне келген кезде бір беттен де аса алмай жатамыз. Сондықтан да мемлекет тарапынан нақты істі талап ететін іс-шараларды жүзеге асыру аса маңызды болып отыр. Ал жастарымыз өз кезегінде берілген бар мүмкіндікті жүйелі әрі толық пайдаланып қалуға тырысуы керек. Диссертациялық жұмыста жастардың әлеуметтік құрылымдағы алатын орнын жоғарылату-олардың әлеуметтік жағдайларының ерекшеліктерін саналы түрде көрсететін, қоғамның әлеуметтік-саяси өмірінде жастардың топтық мүдделерін біріктіретін айырықша үлгі ретінде қарасатырылды. Әлеуметтік таңдауларда жастардың қатысу белсенділігінің деңгейін өте күрделі факторлар жүйесі айқындайды. Олардың ішінде: жастардың әлеуметтік жағдайының жақсаруы, әлеуметтік-саяси қызметке етене араласуы, саясатқа қызығушылық танытуы, тыныштық пен саяси тұрақтылықты Қазақстан Республикасының дамуы үшін ең қолайлы жағдай ретінде тануы сынды маңыздылығы зор факторларды атап көрсетуге болады. Жастар әлеуметтік-саяси қалыптасу жағдайында, яғни олардың әлеуметтік және саяси өрлеуі қоғамдық дамудың бұдан былайғы бағытына қарай болары анық. Жастардың әлеуметтік әлеуетін және саяси белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру керек: - жастардың әлеуметтік-саяси қызметтерді жүзеге асыруға дайын болуы; - азаматтық құқықтарын заңдық тұрғыдан талап ете отырып, өз бастамаларын жүзеге асыруға мүмкіндік алуы; - әлеуметтік және саяси субъектілердің жастардың әлі қалыптасып үлгермеген, түсініксіз пікірлері мен ұстанымдарын мақсатты бағдарламалар дайындау арқылы дұрыс жолға сала білуі; - жастар мен институционалды жүйелердің нақты мемлекеттік идеологияны дұрыс қалыптастыру үшін қазіргі заманның ерекшеліктері мен өткен кезеңнен жинақтаған тәжірибені сабақтастыра білуі. Зерттеу жұмысының нәтижелері,
жастардың әлеуметтік құрылымдағы
алатын орнын жоғарылату мемлекетік
жастар саясатының басты бағыттарының
бірі болуы қажет екендігін көрсетіп
отыр. Жас ұрпақты әлеуметтік саясаттың
дербес субъектісі ретінде бөліп
қарастырмай, тең құқықтылыққа және
азаматтық мүдделерді қорғауға негізделген
тұрақты қоғамның жүйелі түрде дамуы
мүмкін емес. Жастардың әлеуметтік
құрылымдағы белсенділігін Жалпы алғанда магистрлік
жұмыс тақырыбының мақсатына
сай жүргізілген зерттеу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қазақстан Республикасының статистика агенттігі www.stat.kz 2 Тажин М., Аяганов Б. Социология негіздері. – Алматы, 1997ж. 3 www.testent.ru 4 Әженов М.С., Бейсенбаев Д.Э. Социальная стратификация в Республике Казахстан. Алматы: Санат-1997. 5 Вебер. М. Основные понятия стратификации//Социологические исследования, №56 1994ж. 6 Тәжин М.М., Социология 1-том 2005ж 7 Борисов Е.Ф. Экономикалық теория. Оқу құралы - М., 2000ж. 8 Пайпс Р. Меншік және
тәуелсіздік. Саясатты 9 Рузавин Г.И. Нарықтық экономика негіздері: ЖОО арналған оқу құралы. 1996ж – 423 б. 10 Ефимова Е.Г. «Заңгерлерге арналған экономика» Оқулық. – М., 2003ж. 11 В.Усиков, Т.Казановская, А.Усикова, Г.Зобенова. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Алматы: Атамұра, 2009ж. 183 б. 12 Әбдірайымова Г. С., Жастар социологиясы. Оқу құралы. –Алматы: «Жібек жолы», 2008ж. – 256 б 13 www.shyn.kz Жастардың жұмыспен қамтылуы (мақалалар бөлімі), 2012ж. 14 Талас жастары газеті,
Талас жастарының жұмыспен 15 www.egemen.kz 16 www.zhasotan.kz 17 www.eurasiacongress.org 18 www. tylek.wksu.kz 19 www.government.kz 20 www.ult.kz 21 www.bolashak.kz 22 Смелзер Н. Социология. – Москва 1999ж. – 143 б. 23 Тәжин М.М., Социология 2-том, 2005ж. 24 Борисов В.А. Демография. Москва 1999ж 25 Б.Алпысбаев «Демографиялық процестер және денсаулық» Денсаулық, №5, 2001 ж.24 б. 26 Тәтімов М.Б. Демографическая
депопуляция (Стратегически 28 М.Асылбекова, Козина В.
«Қазақстандағы бүгінгі 29 М.Тәтімов «Дербестігіміз демографияда» М.Тәтімов, Ж.Әлиев – Алматы: «Жеті жарғы», 1999.-113б. 30 Әзімбай Ғали «Көбеймесек көсегеміз көгермейді» Қазақ елі №20 шілде Алматы 2005ж 31 Ковалев В.А. И.Я.Ковальская География населения. - М.: Знание, 1978ж-243б. 32 Жағанова А. «Демографияны қолдау – елдігіміздің белгісі» – Егемен Қазақстан, 2002ж, 19 маусым. 33 Тәтімов М.Б. Грозит ли Казахстану демографический кризис? / Евразия.-2002ж.- №2. – 22-30 б. 34 М.Б. Тәтімов Динамика численности Казахского народа (этнодемографический обзор) Столичное обозрение-1999ж- 25 шілде – 4-5 б. 35 Тәтімов, А.Даулетова “Жалпы Демография” Шымкент 2005ж. 36 Еңсепов Қ. Қазақстандағы көші-қон процестері және оның зерттелуі. Алматы: 2007ж- 97б.
38 http://www.kazakzaman.kz/ 39 www.el.kz 40 Қайранов А. Молодежь на рынке труда, тенденций, проблемы и перспективы». 41www.Намыс.kz
министрлігінің ресми сайты.
57 Әбдірайымова Г. С., Қазіргі Қазақстан қоғамындағы жастардың құндылықтық бағдарларының жүйесі (әлеуметтанулық талдау). Автореферат. – Алматы, 2006ж. 58 Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет.
|
Информация о работе Жастардың әлеуметтік құрылымдағы рөлі мен орны