Қаржылық есептеме аудитінің процесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 11:17, реферат

Описание

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасы і.docx

— 25.99 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Шет тілдер және іскерлік карьера университеті

«Информатика  және Есеп және аудит» кафедрасы 
 
 
 

Тақырыбы: Қаржылық есептеме аудитінің процесі 
 
 
 
 

Орындаған: Есеп жәе аудит 

4- курс  Алжанова А.Е

Қабылдаған: Телагусова 
 
 
 

Алматы-2011ж.

    Қаржылық  есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне  сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан  Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен  қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына  көшті.Шаруашылық ету жағдайларының  өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді. Атап айтқанда,есеп беру Халықаралық  бухгалтерлік стандарттардың талабына сай келе бастады. Кәсіпорынның,мекеменің  қаржылық есеп беруі есеп процесінің соңғы сатысы болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық есеп беруінде кәсіпорынның мүлік және қаржы жағдайына сипаттама  беретін жиынтық деректер, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері көрсетіледі.

    Нарықтық  қатынастардың қалыптасуы жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметін қаржыландыруды шектеу барынша күшейтіледі.Соған  байланысты шынайы және объективті қаржылық есеп берудің маңызы арта түседі, өйткені  оның көрсеткіштеріне жасалған талдау кәсіпорынның шын мәніндегі мүліктік және қаржылық жағдайын анықтауға мүмкіндік  береді.

      Кәсіпорынның қаржы жағдайы –  ресурстардың қолда барын,орналастырылуын  және пайдаланылуын , кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылығын , баланстың  өтімділігін көрсететін көрсеткіштер  жүйесімен сипатталатын кешенді  түсінік. Есеп беру кәсіпорын  мүліктерінің жалпы құнын, шашыратылған  құралдардың (яғни негізгі және  өзге де айналымнан тыс) құнын,  ұтқыр (айналым) құралдардың, материалдық  айналым құралдарының құнын, кәсіпорынның  меншікті қаражаттарының, қарыз  қаражаттарының мөлшерін анықтауға  мүмкіндік береді.

         Қаржылық есеп берудің деректері  бойынша қорлар мен шығындарды  қалыптастыруға арналған қаражат  көздерінің артықшылығын немесе  көпшілігін анықтайды. Бұл орайда  кәсіпорынның меншікті , несиелік  және өзге қарыз көздерімен  қамтамасыз етілгендігін анықтауға  мүмкіндік туады. Қаржылық есеп  беру кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін, яғни оның міндеттемелер бойынша  толықтай және өз уақытында  есептесе алатындығын бағалауға  мүмкіндік береді. Баланстың өтімділігі  кәсіпорын өз активтерімен міндеттемелерді  жабу дәрежесімен анықталады.   Қаржылық есеп беру мынадай  активтерді: неғұрлым өтімді активтерді, жылдам сатылатын активтерді  анықтауға мүмкіндік береді. Екінші  жағынан, қаржылық есеп берудің   деректері бойынша кәсіпорының  мынадай пассивтерін :неғұрлым  жедел пассивтерді , қысқа мерзімді  пассивтерді, ұзақ мерзімді пассивтерді  және тұрақты пассивтерді анықтауға  болады. Мұның өзі нарық жағдайында , бәсекелес – кәсіпорындардың  ортасында жұмс жасайтын кәсіпорындар  үшін өте маңызды.

    Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында есеп беру көрсеткіштерінің рөлі басқару  шешімдерін қабылдау , кәсіпорынның нарықтағы  жағдайын анықтаү кезінде өте  маңызды болмақ. 

    Қаржылық  есеп беру құрамы мен  элементтері.

    ҚР-ның  президентінің 1998 жылғы 26 желтоқсандағы  заң күші бар №2732 «Бухгалтерлік  есеп туралы» жарлығына сәйкес:

  1. Бухгалтерлік баланстан;
  2. Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептен;
  3. Ақша қаражаты қозғалысы туралы есептен тұрады.

    Сондай-ақ осыларға тіркелген түсініктеме  хаттардан сондай ақ басқа да қосымша  ақпараттан, таблицалардан, қаржылық есептерге  негізделген немесе солардан алынған  және солармен бірге оқылатын диаграммалардан  тұратын қаржылық есепті меншік формасы  мен қызмет түріне тәуелсіз заңды  тұлғалар құрастырады.

    Бухгалтерлік  баланстың, қаржы-шаруашылық нәтижелері туралы есеп пен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің мазмұны  мен форматы бухгалтерлік есептің  тиісті стандарты арқылы тәртіпке келтіріледі  және бір есепті кезеңінен келесісіне қолданылады.

    Бухгалтерлік  баланс кәсіпорынның жылдық есебінің жылдық формасы болып табылады. Ол кәсіпорынның есепті жылдың басы мен  соңындағы қаржылық жағдайын көрсетеді. Баланс бас кітапта немесе мышинограммаларда  көрсетілген есеп шоттар бойынша  қалдықтар негізінде құрылады.

    Баланс  «Актив», яғни «субъектінің құнды бағасы бар мүлкі, мүліктік және жеке мүліктік игіліктері мен құқық» және пассив, яғни жеке меншік капитал мен міндеттемелер  болып бөлінеді. Актив пен пассив теңестірілген.

    Бұған қоса баланста сыртқары есеп шоттарға есепке алынатын игіліктердің бар екені  туралы анықтама келтіріледі. Баланс қаржылық есептің үш элементін көрсетеді:

  • Активті;
  • Жеке меншік капитал және міндеттемелер;
  • Қалған екі элемент табыс пен шығын қаржылық шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте көрініс табады.

    Осынау  есеп қорытындыланған есеп шоты, табыстар мен шығындарды көрсететін басты  форма болып табылады. Есепті жасауға  қажетті бүкіл деректер регистрлерден  және бухгалтерлік есеп шоттарынан тікелей  алынған.

    ҚР-ның  шаруашылық жүргізуші субъектілері үш қаржылық есептің жаңа формасы  № 3 «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп» формасы болып табылады. Ол есепті кезеңнің ішінде заңды тұлғаға  келіп түсетін және шығатын ақша қаражаттарының операциялық, инвестициялық  және қаржылық қызметтер шегіндегі  негізгі арналарын көрсетеді.

    Қаржылық  есепте сондай-ақ түсініктеме хат, қосымша  таблицалар мен басқа да ақпараттар болады. Түсініктеме хаттың мазмұны  оның қызметін ұйымдастыру мен сипатының  ерекшеліктеріне байланысты. Алайда оны құрудың көптеген талаптары  артық күйінде қалады. Түсініктеме  хатты деректер сыртқы ақпарат тұтынушыларға  да және сол кәсіпорын басшыларына  да бірдей дәрежеде қажет. Қаржылық есепке түсініктеме хаттың тіркеліп берілуі  сол қаржылық есепті тұтынушылардың оны түсініп, деректерін салыстыруға  көмектеседі.

    Қаржылық  есептің алдына қойған мақсатына  қол жеткізу үшін ол осы есептің  негізінде алынған, БЕС-ның халықаралық  негізі ретінде қабылданған БҰҰ-ның  тұғырнамалық ережелерінде көрсетілген  белгілі бір принциптері мен  талаптарына сәйкес келуі керек.

    ҚР-нда  енгізілген қаржылық есеп негізгі параметрлері бойынша халықаралық стандарттар  талаптарына сәйкес келеді.

    ҚР-ның  заңдарында бұл тұғырнамалар жүзеге асырылады. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру ҚР-нда есептеу, үздіксіздік, дәлдік, шынайлылық пен кедергісіз берілетіндік, бейтараптық, салыстырмалық, жүйелілік принциптеріне сай  жүзеге асырылады.

    Есептеу принципі мынаны білдіреді: табыстар еңбек  сіңіріліп табылғаннан кейін  аударылады, ал шығындар шығарылған соң  есептелінеді, яғни операциялар мен  оқиғалар есептік баланс пен қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есепте олардан  түскен несие ақша қаражаты төленген сәтінен бастап емес, пайда болған сәтінен бастап есепке алынады.

    Аталған принциптердің сақталмауы шаруашылық субъектілерінің мүліктік және қаржылық жағдайдың көрінісін, қызметтің  түпкі нәтижесін бұрмалайды.

    Есеп  беру мен баланс статьяларының бағасын  бұрмалаған, әдейі өзгертілген есептік  деректер берген басшылар мен бас  бухгалтерлер қолданылып жүрген заңға  сәйкес жауапкершілікке тартылады.

    Қаржылық  есеп ҚР-ның валютасы түрінде жасалуға тиіс. Көрсетілу единицасы – мың  теңге. Есепке осы жұмыстың уақытылы орындалуына жауап беретін субъект  басшысы мен бас бухгалтері қол  қояды.

    Қаржылық  есепті жасау үшін есептік уақыт  болып есепті кезеңдегі календерлық  соңғы күн есептелінеді. Қолданылып жүрген заңға сәйкес жылдық есеп үшін есеп беру кезеңі календерлық жылдың 1 қаңтарынан бастап 31желтоқсанға дейін. Егер ҚР заңында басқаша жағдай қаралмаса, есеп әр жылдың 30 сәуірінен кешіктірілмей  тапсырылуы керек.

    Заңды тұлғалардың қаржылық есебі мүдделі  тұтынушылар үшін жариялануға ашық болып табылады. Ондағы ақпараттың анықтығын заңды тұлға белгіленген  тәуелсіз аудиторлық қорытынды немесе жеке аудитор дәлелдейді.

    Сөйтіп, нарықтық қатынастарға көшу жағдайында қаржылық есептің рөлі елеулі түрде  артады екен. Қазіргі заманғы білікті  бухгалтер есепті қолданылып жүрген нормативті ережелер мен талаптарға сәйкес ол өзіне тиістілі рөлін –  тұтынушыларды субъектінің мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық  та ақпаратпен қамтамасыз етуі ойдағыдай  атқаратындай есеп жасауға міндетті.

    Түсініктеме хат.

    БЕС сәйкес қаржылық есеп құрамына түсіндірмелік  хат та кіргізілген.

    Оның  құрылымы экономика саласының ерекшеліктерін ескере отырып қарастырылуы қажет. Түсінік  хаттың бір басты мақсаты –  бүкіл бухгалтерлік есеп ақпаратын  пайдаланушылар алдында кәсіпорын  қызметінде орын алған проблемаларды  анықтау, айналыс құралдарының айналысының  кеміп кетуін айту, рентабельділіктің  тмендеуі мен жоспардың орындалмау себептерін «негіздеу».

      Аудиторлық  палата коммерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзінөзі басқаратын және өзін-өзі  қаржыландыраитын ұйым болып табылады.

      Қаржы аудиты деп оған уәкілеттігі бар  ұйымдар мен мамандардың қаржылық есептемесіне сараптама және талдау жүргізу, қаржы – шаруашылық қызметін бақылау, шаруашылық жүргізуші субъектілерге  олардың тапсыруы бойынша қызметтің  басқа түрлерін көрсету жөніндегі  және солардың есебінен жүргізетін тәуелсіз қызметін айтады.

      Аудит дамуының тарихы өзінің бастауын Ұлыбританиядан алады, мұнда ХІХ ғасырдың ортасында  алғашқы бухгалтерлік – аудиторлар пайда болды. Ал 1862 жылы Англияда «Міндетті  аудит туралы заң» шықты. Франция  мұндай  заңды 1867 жылы, АҚШ-та 1937 жылы жарияланды.

      Бүгінде тәуелсіз қаржылық бақылау аудиторлық институт нысанында дамып, нарықтық экономиканың ажырамас бөлігі болып  отыр.

      Қазақстан Республикасында 1998 жылдың 20-қарашасынан  бастап «Аудиторлық қызмет туралы заң» жұмыс істейді. Ол аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік  органдар, зады және жеке тұлғалар, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.

      Аудиторлық  қызмет – бұл аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың қаржылық есептеме аудитін  жүргізу жөніндегі кәсіпкерлік  қызметі. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар, өз қызметінің бағыты бойынша  қаржылық есептеме аудитінен басқа  да қызметтер көрсете алады. 

      Аудиторлық  қызметтің негізгі қағидаларына мыналар жатады:

  • тәуелсіздік;
  • объективтілік;
  • кәсіби біліктілік;
  • құпиялылық.
 

      Аудит Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептеменің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір  білдіру мақсатында заңды тұлғалардың  аудиттелетін субъектілердің қаржылық есептемесін тексеру аудит болып  табылады.

      Аудиттің  түрлері – міндетті аудит және бастамашылық аудит. 

      Міндетті  жыл сайынғы аудитке мыналар  жатады:

  • банктер
  • кредиттік серіктестіктер
  • банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар және бағалы қағаздар рыногында қызмет істейтін ұйымдар
  • сақтық ұйымдары
  • жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар
  • шетел қатысатын кәсіпорындар
  • ашық халықтық қоғамдар.
 

      Аудит жүргізу, сондай-ақ Қазақстан республикасының  заңнамалық актілерінде көзделген  өзге жағдайларда да міндетті болып  табылады.

      Бастамашылық  аудит аудиттелетін субъектінің  бастамасы бойынша аудиттелетін субъектінің және аудитордың, аудиторлық ұйымның арасында аудит жүргізуге  жасалған шартта көзделген нақтылы  міндеттр, аудит мерзімі мен көлемі ескеріле отырып жүргізіледі.

      Аудит сыртқы және ішкі болуы мүмкін. Сыртқы аудит – аудиттің тәуелсіз нысаны,  ішкі аудит – шаруашылық жүргізуші  субъектісін бақылаудың ведомстволық немесе ішкі нысаны. Ішкі аудит шаруашылық жүргізуші субъектісінің тілегі бойынша және шартымен жасалды. 

Информация о работе Қаржылық есептеме аудитінің процесі