Қаржылық есептеме аудитінің процесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 11:17, реферат

Описание

Қаржылық есеп беру – бұл кәсіпорынның есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызметіне сипаттама беретін белгілі нысандарға топтастырылған көрсеткіштер жүйесі.Қазақстан Республикасы Ұлттық Комиссиясының 1996 жылғы 12 қарашадағы №2 қаулысына сәйкес барлық кәсіпорындар меншік нысаны мен қызмет түріне қарамастан Бухгалтерлік есептің Қазақстандық стандартына көшті.Шаруашылық ету жағдайларының өзгеруіне байланысты кәсіпорынның есеп беру нысандары жетілу жағына өзгереді.

Работа состоит из  1 файл

Қазақстан Республикасы і.docx

— 25.99 Кб (Скачать документ)

      Аудит мынадай дәйекті стадиялар бойынша  жүргізіледі:

  • жоспарлау тараптардың іс-қимылын іштей жүйелеуме;
  • аудитор объектісі туралы ақпарат алу және оны бағалау;
  • аудитор рәсімін жасау және бағдарламаны әзірлеу;
  • аудит рәсімін жүргізу;
  • аудиторлық қорытындыны қалыптастыру.
 

      Аудитор – бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы – шаруашылық және коммерциялық қызметіне жасалатын қаржылық бақылаудың біздің елдегі жаңа ұйымдық нысаны. Ол бақылау мен коммерциялық аудиторлық қызметті жеке кәсіпкер ретінде не аудиторлық ұйымның қызметкері ретінде  жүзеге асыруға құқылы.

      Аудитордың  міндеттері мемлекеттік бақылаудың міндеттерімен ұқсас: тексерілетін ақпараттың, жасалынған шаруашылық операцияларының  қолданыстағы заңға сәйкестігін  анықтау. Сонымен бірге аудиторлық қызметтің қаржы – шаруашылық қызметін тексеріс нысанында жүзеге асрытын  мемлекеттік бақылаудан айтарлықтай айырмашылығы бар: 

  • аудиторлық  қызмет кәсіпорындардың қаржы –  шаруашылық қызметінің тиімділігін  арттыруға, оның төлем қабілеттілігін қамтамасыз етуге, клиенттердің мүддесін қорғауға бағытталған. Тексеріс қызметі  бірінші кезекте мемлекеттің  мүддесін қорғайды, бұзушылықтарға ықпал  етудің сан алуан түрлерін қолдана  отырып, шаруашылық жүргізуші субъектілердің заңдарды, нормативтік актілерді  сақтауын қамтамасыз етеді;
  • аудит кезінде тексеруші ұйым мен бақылаудың объектісі арасындағы байланыстар деңгейлес, ерікті келісімшарт негізінде болса, тексеру жүргізгенде сатылас,  әкімшілік белгілеу ретінде болады;
  • аудиторлық қызметті клиент немесе оның келісімімен аудиторлық қорытындыны алуға мұқтаж болып отырған орган  төлейді. Тексеріс доғары орган немесе мемлекет төлейді;
  • аудиторлық тексерудің тиімділігін клиент аудитке жұмсалған шығындар мен аудиторлық тексеру нәтижелерінің ара салмағы ретінде айқындайды. Тексерістің тиімділігін тиісті бақылаушы орган анықтайды;
  • аудиторлық тексерудің нәтижелері клиентке арналған аудиторлық қорытынды мен ұсыныстарда қамтылып көрсетіледі. Тексерістің нәтижелері бойынша акт жасалынады, онда орындалуы бақыланатын ұйымдық түйіндер, жазалау, міндетті нұсқаулар және басқалары көрсетіледі;
  • аудиторлар алынған ақпарат пен аудит нәтижелерінің құпиялығын қамтамасыз етуі тиіс, ревизорлардың оларды жария етуіне құқы бар.
 

      Аудиторлар  мен аудиторлық ұйымдардың жүргізетін қызметтері сан алуан. Оны Қазақстан  Республикасындағы алғашқы және ең ірі аудиторлық ұйым –  «Қазақстанаудит» компаниясының мысалынан көруге болады. Аудиторлық қызмет көрсету, консалтингтік қызмет көрсету, бағалау және оны саралау, кедендік кеңестер, қаржы – шаруашылық қызметін талдау, құрылтайшылардың құжаттарын жасау, қайта құрылымдау мен банкроттық рәсімдердегі кәсіби қызмет және басқалары – компания көрсететін қызметтердің толық емес тізбесі осындай. «Қазақстанаудит» компаниясының Астана қаласында және республиканың барлық облыстарында құрылымдық бөлімдері бар. Компания аудиторлық қызметтің қағидаттарын бұлжытпай сақтайды.  

Қаржылық  есептеме аудитінің  процесі

Ірі халықаралық  және отандық аудиторлық фирмалардың  іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің процесі  он шақты кезеңге бөлінуі мүмкін. Нақты компаниялардың тексеру ісін ұйымдастырудың тәртібі мен стратегиясы  әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда  олар бірдей жүйемен жүгізіледі.

ТМД елдерінің  озық тәжірибесін есепке ала отырып, қаржылық есептілік аудитті процесін төрт кезеңге бөлуге болады: ақпарат  жинау, жоспарлау, аудитті жүзеге асыру  мен есеп берудің мүмкіндігі.

Қаржылық есеп беру аудитінің бірінші кезеңінде  тексерілуге тиіс фирманың іс-әрекетін жүргізу жағдайындағы іскерлік ортасы жете зерттеледі. Фирма басшылығы  осы орта жағдайларына сәйкес есеп бергенде мынадай мәселелерді көрсету  керек:

1) фирманың клиенттері  қандай ?

2) өнімнің жаңа  түрлерін жасау жүргізіле ме ?

3) өндіріске  қажетті ресурстарды сатып алу  жағдайы;

4) өндірістік  процестің ұйымдастырушылық сипаты;

5) өнімді (жұмысты,  көрсетілген қызметті) өткізу.

Қызмет бабындағы  жылдық есеп беру түсіндірмелік хатында  кәсіпкерлік іс-қызметтің барлық ерекшеліктері ашып көрсетілуі керек. Сонымен бірге іс жүзінде шығарылатын  өнімді жөнелту мен тұтынушыларға  қызмет ету де атқарылады.

Қаржылық есеп беру аудитінің екінші кезеңі технологиясының, негізгі процедуралары аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін бағалау, тексерудің стратегиясы мен жалпы  жоспары мынадай бағыттар бойынша  жүргізіледі:

1) компания-клиенттің  обьектілері мен іс-қызмет циклдерін  тексерудің нақты бағдарламасын  жасау;

2) аудиторлық  тәуекелдіктің елеулілік деңгейін  анықтау;

3) баланс баптары  мен Бас кітаптың баптарын  тексеру, шығындар және қаржы  нәтижелерінің шоттары мен сәйкестендірілетін  шоттарды анықтау, шығындарды  өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін  қызметтің өзіндік құнына жатқызудың  дұрыстығын тексеру;

4) өнімнің,жұмыстың  және көрсетілетін қызмет көрсету  мен кірістерін алу циклінің  аудиты;

5) сатып алу  циклінің аудиты;

6) өндірістің  және ресурстарды жұмсау циклінің  аудиті;

7) еңбек ақыны  есептеу мен төлеу тәртібін  тексеру;

8) таза пайданы жасау мен қолдану тәртібін тексеру;

9) бюджетке салық төлеудің уақытылығы мен есептеудің дұрыстығын тексеру;

10) меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;

11) міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақыттылығын тексеру;

12) дебиторлық  және кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;

13) ұзақ мерзімді активтердің аудиті (негізгі құралдар, кауымдасқан компанияларға, еншілес және тәуелді ұйымдарға ұзақ мерзімдік инвестициялар);

14) ақша мен  басқа ағымдағы активтердің аудиті (касса, ағымдағы және валюталық шоттар,құнды қағаздар мен қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, тауарлы-материалдық босалқылар) және т.с.с.

Үшінші кезеңде  құзыретті мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен обьектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады. Бұл кезең бұрынғымен, яғни стратегияны, жалпы жоспарды және аудит бағдарламасымен өзара тығыз байланысты. Аудитті орындағанда тексеру стратегиясын, жоспарын және бағдарламасын қайта қарау мен түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Информация о работе Қаржылық есептеме аудитінің процесі