Ақша айналымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:17, курсовая работа

Описание

Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
Ақша- маңызды тауар
Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар
пайда болды.

Содержание

КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым


ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ
2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері
2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері



IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау



IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi



ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать документ)

операцияларды жүргізуге мүмкіндік береді. 

Қорыта айтқанда, электрон төлем жүйесін қолдану ақша айналымын жеделдетуге, айналыс шығындарын азайтуға, есеп айырысуды тездетуге, сайып келгенде айналыстағы қолма-қол акшаны азайтуға кең жол ашады.

1.4 Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы.

Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны. 
Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Мысалы, құнды тауарға салса, оның ақшалай көлемі кұн санап азая береді. Өйткені, ол тауарды сактау үшін белгілі көлемде шығын шығарылады. Ал, егер, құн ақшаға салынса, ондай шығын болмайды. 
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.

Дүниежүзілік ақша қызметі. 

Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың

интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар кызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу кұралы ретінде қызмет етеді. 
Бұл кызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша

қызметін алтынға балап бекітті. 

Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстің айтуынша: “Ақшалар өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы кымбат бағалы металл формасын киеді , яғни жалпыға

бірдей эквивалент формасына өтеді”. 

Бірақ алтын айналасы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп айырысулардың 80 %-зы ағылшын фунтстерлингінде бейнеленген аударым вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана кызмет етті. 1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін, көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та, ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына кызмет көрсетіп жүр. Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен жеке тұлғалармен алып-сату, ол үшін өзара есеп ажырасу, несие алу, оны қайтару деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді. Осыған байланысты, қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап келеді. Рас, кез келген ұлттық ақша емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар (валюталар). Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі бағаммен еркін айырбасталынатын ақшаға (доллар, евро, иена сияқты) ауыстырады да, содан соң оның өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды,

тек тежеулі көлемде. 

Бреттон-Вудстағы {1944 жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік ақшалардың жаңа формалары: СДР — арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ — еурапалық есепке алу бірлігі пайда болды. Ал 1999 жылдың қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі " евро" айналымға шықты. 
Демек, дүниежүзілік ақшалардың дамуы ұлттық ақшалардың металл ақшадан несиелік акшаға өту жолын кеш те болса қайталауда. 
Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктердің өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

1.5 Ақша табиғатының ерекшеліктері.

XX ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Барлық жерде де алтын жоғарыда аталған бес қызметін атқаруды қойды, еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді; ешбір елде алтын айналыста болмайды, алтын төлем құралы қызметін де атқармайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар – доллар, евро, иендер т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен алтынның айналыстан шығуы оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ, эквивалент рөлін атқаруды доғаруы. Осы жерде мынадай өте қиын теориялық сұраққа жақындаймыз. Қазіргі ақшалардың мәні, табиғаты жалпы қандай? Өйткені кімге де болса анығы қазіргі уақытта асыл металл ақша емес, қағаз ақша – ақша. Ақшаның барлығы немен анықталады, оның тұрақтылығы неге байланысты? 
Батыстың экономикалық теориясында бұл сұрақ бойынша пікір талас жүріп жатқанына кемінде екі ғасыр болды.Егер қағаз ақша салыстырмалы сиректік қасиетінен айырылатын болса, онда оның бағалығы төмендейді. Сондықтан қағаз ақшаның құны туралы мәселе айналысқа қажет қағаз ақшаның саны туралымәселемен тығыз байланысты. Ақшаның мәні оның қызметтерінен шығады (ең алдымен құралы және айналыс құралы ретіндегі)

Ақша айналымы

Ақша айналымы - бұл тауарды немесе қызмет көрсетуді өткізуде қамтамасыз ететін ақша қозғалысының нақты қолма-қол және нақтысыз формасы болып табылады. Сонымен қатар, шаруашьшықтағы есеп-айырысу мен тауар түрдегі емес

төлемдер де болып табылады .

Ақша айналымының объективті жағы - тауар мен ақшаны бөліп көрсететін тауар өндірісі болып табылады. Капитализм тұсында қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мсн жалпы ұлттық жөне әлемдік базардың калыптасуы ақша айналымының келешекте дамуына әкеледі. Ол жалпы қоғамдық өнім жиынтығын айналым мен айырбасқа әкеле отырып, капиталдың үнемі айналысқа түсуін

қамтамасыз етеді.

Нақтылай және нақтысыз формадағы ақшаның көмегімен тауардың айналым процесі, сонымен бірге жалған және ссудалық капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақша айналымы екі сфераға бөлінеді: нақтылай және нақтысыз. Нақтылай ақша айналымы - бұл қолда бар ақшаның қозғалысы. Ол банкноттармен, әр түрлі тиындар (немесе монеталар) мен қағаз ақшаларымен қамтамасыз етіледі.
Нақтысыз ақша айналымы - бұл қолма - қолсыз ақша айналымының козғалысы

болып табылады.

Оған клиентгердің есеп шотындағы банк депозиттсрі жатады. Ол чектердің, несие карточкалары, электрондық аударымдардың көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, ақша айналымында вексельдер, сертификаттар да қолданылады. Ал кейбір елдерде түрлі міндеттер мен талаптар қолданылады.
Нақтылы ақша мен нақтысыз ақшаның арасында тығыз және өзара байланысқан тәуелділік бар: ақша үнемі бір сфера айналымынан басқа сфераға өту арқылы, нақтылы ақша белгісі - банкінің депозит формасына ауысады және керісінше. Банкі есеп шотына нақтысыз ақша құралының келіп түсуі - бұл міндетті түрде ақшаны беру (немесе тарату) шарты болып табылады. Сондықтан, нақтысыз төлем айналымы нақтылы ақша айналымынан ажырамас құрал. Ол еліміздің бірдей ақша

айналымының жүруін құрайды.
1.2 Айналымдағы ақша

Өнім базары (нарыгы) –бұл фирмалармен өндірілген тауарлар мен қызмет түрлерін үй шаруашылығы сатып алатын базары болып табылады.
Ресурстар базары -бұл фирмалардың өндіріске қажетті ресурстарды сатып алудағы базары болып табылады жұмысшы күші, капитал және табиғи ресурстар. Бұл жеңілдетілген экономикалық жүйеде барлық ресурстар үй шаруашылығына жатады, яғни ресурстарды фирмаларға белгілі ақшалай төлемдермен сатады; бұл төлемдер еңбек ақы, ренталық төлемдер, проценттік табыстар түрін қамтиды. Бұл

процестер үздіксіз және жалғасқан.

Ұлттық өнім - бұл экономика жүйесінде өндірілген барлық дайын тауарлар мен

қызмет түрлерінің құнының бағасы.

Дайын тауалар мен қызмет көрсету- бұл сатуға дайын немесе сатылған, өз кезегінде тұтыну үшін, инвестиция үшін, мемлекеттік сатып алуларды (закупок) жүзеге асыру үшін немесе экспорт үшін қолданылатын тауарлар мен қызмет түрлері.
Аралық, тауарлар, мысалы: коммерциялық пекарниялармен нанды дайындау үшін сатып алынған ұн немесе автомашинаны өндіру үшін автомабиль заводтарымен сатып алатын құрыш ұлттық, өнімге жатпайды.
Ұлттық табыс - бұл үй шаруашылығымен алатын барлық табыстар:оның ішінде барлық еңбек ақы, рента, проценттік төлем және пайданы көрсетеді . Айналым үлгісінде ұлттық табыс пен ұлттық өнім тең.
Айналымнан құралған бөлігі нақты түрде, сол сияқты номиналды түрде өлшенуі мүмкін.
Экономика ғылымында номиналды тсрмині инфляцияны есепке алмайтын, бағада көрсетілетін кез келген сандық белгі үшін қоданылады, яғни сол бағада тауарлар мен қызмет көрсету түрлерінің нақты сатылып қоюы.
Нақты - мұнда инфляция эффектілері есепке алынады және соған сәйкес түзетулер жүзеге асырылады. Бұдан басқа сандық керсеткіштер бар. Оны статистикалық мөлшер деп атайды. Бұл көрсеткіштер кейбір нақтылы уақыт сәттерінде санды өлшеуге қызмет етеді. Мұндай мөлшер уақыт интервалының есебінсіз-ақ көрсетіледі.
1.3 Сақталған қаржы, инвестиция және қаржы нарығы
Қазіргі таңдағы нарықтық экономика жағдайында үй шаруашылығының жыл сайынғы шығыны орташа, олардың табыстарының көлемі төмен. Үй шаруашылығының табысының бір бөлігі сақталған қаржы болып табылады. Себебі, ол тауарларды сатып алуға, салықты төлеуге жұмсалынбайды, тек сақтауға жіберіледі.
Сақтаудың ең көп тараған формасы табыстың бір бөлігін нақты ақша түрінде жинақтап құрау немесе сақтау банкілеріне ақша салу , иә болмаса құнды

қағаздарды алу болып табылады.

Айталық, барлық үй шаруашылығы ақшаны сақтау категориясына жатпайды, Мысалы, үй шаруашылығының жастар жағын алып қарайтын болсақ, олар кейбір қымбат тауарлар мен қызмет көрсету түрлерін үй, білім жоне т.с.с сатып алу үшін, ақшаны еңбектеп тапқаннан гөрі, қол ақша жұмсағысы келеді Бұл заттарды сатып алу займдар бойынша жүзеге асырылады.
Фирмалармен жүзеге асырылатын инвестиция екі түрлі компоненттен тұрады:
Бірінші – бұл инвестиция бастапқы капитал, яғни қайта өндірілген капитал игіліктерін қалыптастыру (өндіріс кұрал-жабдықтары, компьютерлер және өндіріс ғимараты).
Екішісі- өндіріс процесінде қолдануға жататын шикізаттар қорын (залас) көрсететін тауар-материалдық қор инвестициясы болып табылады. Сондықтан, ақшаны сақтауды көбінесе үй шаруашылығы жасайтын болса, ал инвестиция фирмалармен жүзеге асырылады. Сол себепті ақшаны орналастыруды жүзеге асыратын механизм жиынтығы қажет. Міне, бұл механизмдер қаржы нарығы

арқылы іске асырылады.

Қаржы нарығының өзі көптеген каналдардан тұрады. Бұл каналдардың өзін екі

негізгі топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа тікелей қаржыландыру каналдары жатады, яғни ақша құралы тікелей сақтаушының меншігінен несие алушыға келіп орналасуы. Тікелей қаржыландыру

әдісін екіге топтастыруға болады:

- капиталды каржыландыру, бұл фирманың ақшаны алу арқылы өз мақсатын жүзеге асыру үшін берілетін құқық , яғни инвестиция алу

- несиені алу арқылы қаржыландыру

Екінші топтағы канал жанама қаржыландыру. Жанама қаржыландыру кезінде қаржы үй шаруашылығынан фирмаларға өтуде, маңызды институттар арқылы өтеді: мысалы, банкілер, өзара қорлар, сақтандыру компаниялары. Бұл ұйымдар

қаржы деддалдары деп аталынады.
Қаржы жүйесінің мәні мен құрылымы

Қаржы – бұл мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың арасында ақша құралдары қорларының қалыптасуы, бөлу және пайдалану жөнінде болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Қаржы ақша құралдары қорының қалыптасуы мен пайдалануының бақылау және ЖІӨ-нің бөлінуі мен қайта бөлінуінің экономикалық құралы. Қаржының мәні оның қызметтері арқылы анықталады: бөлу, бақылау,

ынталандыру, фискалдық. 

Қаржының бөлу қызметтері шаруашылық субъектілерін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, олар мақсатты бағытталған ақша қорлары формасында пайдаланылады. Салық арқылы мемлекеттік бюджетте қаржы құралдары шоғырландырылып, өндірістік, әлеуметтік, халық шаруашылық проблемаларын шешуге жұмсалынады. Салық арқылы мемлекет кәсіпорындардың, фирмалардың, азаматтардың табыстарының бөлігін қайта бөліп, оларды өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына, шығындарды белгілі мерзімде өтейтін қор және салаларға инвестиция түрінде жұмсайды. Ақша формасында қоғамдық өнімнің құнының қозғалысымен байланысты қаржылар ұдайы өндіріс процесін жалпы және фазалар бойынша сан жағынан бейнелейді. Сондықтан қоғамда қалыптасатын экономикалық пропорцияларды үнемі бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Қаржының ынталандырушы қызметі: салық ставкаларын, жеңілдіктерді, салық салу жағдайларын өзгерту арқылы мемлекет белгілі салалар мен өндірістердің тез дамуына жағдайлар жасайды және қоғамның өзекті проблемаларын шешуге ықпал етеді. Салық жеңілдіктері арқылы мемлекет техникалық прогресті, жұмыс орындарының көбеюіне, өндірістің ұлғаюына күрделі қаржылардың салынуын ынталандырады. 
Қаржының фискалдық қызметі ол салық көмегімен кәсіпорындар мен азаматтардың табысының бір бөлігін орталықтандырып, мемлекеттік қызметті жетілдіру үшін өндірістік емес сфераны дамытуға жұмсайды.
Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржы қатынастарының жиынтығы мемлекеттің қаржы жүйесін құрайды. Қаржы жүйесі орталықтандырылған, орталықтандырылмаған қаржылар мен үй шаруашылығының қаржыларынан қалыптасады.
Орталықтандырылған қаржылар – ол мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік несие, мүліктік және өзіндік сақтандыру қорлары, арнайы бюджеттік қорлар. Олар ұлттық экономиканы жалпы реттеудің, маңызды әлеуметтік, экономикалық мәселелерді шешудің құралдары ретінде пайдаланылады.
Орталықтандырылмаған қаржылар – әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылары. Бұл заңды тұлғалар арасындағы, заңды тұлғалар мен мемлекет арасындағы және заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Кәсіпорындар мен салалар қаржылары қаржы жүйесінің негізін құрайды. Мұнда қаржы ресурстарының маңызды бөлігі қалыптасады. Әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындардың қаржы жағдайынан елдің жалпы

қаржы жағдайы тәуелді болады. 

Үй шаруашылықтарының қаржылары – өзіндік қаржылар, яғни ортақ шаруашылық жүргізетін жеке тұлғалар арасындағы қаржы қатынастары. Қаржы жүйесінің әрбір элементі өндіріске әсер ете алады және өзінің қызметтері бар. Орталықтандырылған қаржылар көмегімен мемлекеттің негізгі орталықтанған қорына ресурстар жинақталып, халық шаруашылық салалары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді. Фирмалардың қаржылары өндірісті қамтамасыз етеді. Олардың қатысуымен ЖҰӨ өндіріледі. Үй шаруашылығының қаржылары олардың өмірінің материалдық негізі болады. Сондықтан жалпы қаржы жүйесі қаржы қатынастарының әртүрлі сфераларының жиынтығынан тұрады. Макроэкономикалық зерттеу көзқарасынан мемлекеттік қаржылар маңызды роль ойнайды. 
1.4. Ақша айналымында мемлекеттің атқаратьш ролі. 
Мемлекет бюджетіне келіп түсетін салыктар- бұл үй шаруашылығы секторынан ақша құралының тасқындай келуінен кұралады. Бірақ, бұл тасқындай келген ақша үй шаруашылығы төлемдер төлеу арқылы толтырылуы мүмкін; бұл төлемдер формасы трансферттік төлем деп аталады. Оған жататындар: зейнетақы, жұмыс

істемейтіндерге жәрдем ақы , табысы төмен

адамдарға төленетін төлем.

Салық жүйесіне таза әсер қалдыруын анық бағалау үшін, яғни үй шаруашылығынан үкіметке келіп түсетін салыққа, біз трансферттік төлемді келіп түсетін салықтан алып тастаймыз. Нәтижесінде біз таза салық көлемін аламыз. 
Үкімет айналымының басқа да элементтсрімен байланыса отырып, келесідей үш

әдіске тән.

Біріншіден, үкімет үй шаруашылығынан таза салық алады (трансферттік төлемдермен келіп түсетін салықтар арасындағы айырмашылық).
Екіншіден, ол өнімдер нарығында тауарлар мен қызмет көрсетуде сатып алуды

жүзеге асырады.

Үшіншіден, егер импорт экспорттан асып кетсе, онда ішкі қаржы нарығы шетелден капиталдың ағылуын көрсетеді. Егер экспорт импорттан асып кетсе, онда ішкі экономикалық жүйеден капитал тоқтатылады.
Айналым процесіне мемлекет тарапынан әсср ететін көздердің бірі-фискалдық (салықтық- бюджеттік) саясат болып табылады.
Фискалдық саясат – бұл үкіметтің салық салу және мемлекеттік шығындар аумағындағы саясат.
Үкімет таза салықты ұлғайту арқылы үй шаруашылығынан алынатын ақша құралының көлемін жоғарлатады. Мұндай жағдайда, үй шаруашылығы- өзінің тұтыну шығындарын, сақталған қорды қысқарту арқылы немесе басқа да жолмен

өндіру арқылы еріксіз барады. 

Таза салықты төмендету – сақталған қорды, тұтыну өсімін, сол сияқты ұлттық өнімнің өсуіне әсерін тигізе отырып ынталандырады.
Ақша-несие саясаты-бұл айналымдағы ақша санына ықпалын тигізетін үкіметтің саясаты болып табылады.

Информация о работе Ақша айналымы