Ақша айналымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2012 в 08:17, курсовая работа

Описание

Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
Ақша- маңызды тауар
Ақша - бұл жалпыға бірдей маңызды тауар болып табылады. Олар тауар айырбастың даму нәтижесінде көптеген тауардан бөлініп шықты. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңінде ақшаның ең манызды ролін тауар (мал, тері, жүн және т. б.) атқарады. Сосын бірдей түрдегі, бөлінбелі, сақталатын сапага қабілетті металдар
пайда болды.

Содержание

КIРIСПЕ
I. АҚША АЙНАЛЫМЫ
1.1 Ақша айналымы туралы ұғым


ІІ. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢЫ
2.1 Ақшаның мәні, қызметтері, түрлері және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
2.2 Ақшаның мәні, пайда болу қажеттіліктері,түрлері және
атқаратын қызметтері
2.3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі және ақша жүйесінің ерекшеліктері
2.4 Ақшаның түрлері және әртүрлі ақша белгілері



IIІ. Ақша айналысы және Қазақстан Республикасындағы ақша айналысының тәртібін талдау



IV. Қазіргі кезде ақша жүйесіндегі жаңартулар және оны жетілдіру жолдары
3.1. Электронды төлем жүйесi және қызметтерi мен түрлерi



ҚОРЫТЫНДЫ


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

курсовой.doc

— 520.00 Кб (Скачать документ)

ҚОРЫТЫНДЫ

жұмыстың жазылуын аяқтай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болады. 
Жалпы, жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр. 
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша – несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді. 
Осы бөлімде мемлекеттің ақша – несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты — бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының субъектілері анықталды. 
Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша – несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша – несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды

жетілдіру жолдары қарастырылды. 

Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу бағыттарына сипат берілді. Сонымен қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 – 2009 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді. 
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізелетін пайыздық саясатының негізіг проблемалары мен оларды жетілдіру жолдарына

сипат берілді. 

Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ – ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖЕДЕЛДЕТУ


“Қазақстан-2030” Стратегиясын дәйектілікпен орындау өзіміздің алдағы ілгерілеуіміз үшін берік негізді қамтамасыз етті. Бізде бұрынғыдан да табыстырақ алға басуымыз үшін барлық негіз бар, біз мұндай тарихи мүмкіндікті уысымыздан

шығармайтын боламыз.
Сол үшін де Қазақстанды жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолы таңдап алынды.
Бұл – біздің бұдан былайғы дамуымыздың бірден-бір дұрыс арнасы.
 

Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз.

Бұл жолда Қазақстан мен өңірдің нақты жағдайын ескеріп, әрі әлемнің озық мемлекеттерінің жетістіктерін өзімізде іске асыра отырып, біздің:
Біріншіден, қандай да бір табыстарға қолымыз жетіп үлгерген секторларды жаңғырта жаңарту қарқынын жеделдете түсуіміз қажет;
Екіншіден, жаңғырта жаңартуды ешқандай алалаусыз Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік өмірінің барлық салаларына тарату керек.

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ


Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл – біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыз және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту.
Және мұның қажетті шарты – Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы.
Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге экономиканың барлық деңгейінде – бүгінгі де, сол секілді ықтимал мүмкін болатын нақты да перспективалы бәсекелестік артықшылықтарымызды қажеттілікпен әрі сарабдалдықпен анықтауға және

пайдалануға тура келеді.

Жүйелілік – біздің осы заманғы әлемде таяудағы онжылдықта алға жедел

жылжуымыздың басты қағидасы, міне, осы.
Бұл үшін бізде барлық алғышарттар бар.
Біздің иелігімізде: орасан зор аумақ; ұтымды географиялық және коммуникациялық-көліктік орналасуымыз; елеулі табиғи ресурстарымыз бар.
Біз өңірлік экономикада көшбасшылық шептерге шықтық, халықаралық әріптестерімізбен сындарлы қатынастар орнаттық, саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылыққа қол жеткіздік.

ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ


Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногының шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз он басты міндетті шешуге тиіспіз.

Бірінші міндет – экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп, ұстап тұру

емес, оның өсуін басқару.

Бізге экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің тұрлаулы сипатын қамтамасыз ету үшін толымды стратегия әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ оның орындалуына

қатаң бақылау қажет болады.
Бұл стратегия біздің экономикамыздың жекелеген секторлары мен өндірістерінің нақтылы бәсекелестік артықшылықтарын негізге алып, әлемдік даму үрдістері мен

сыртқы рыноктардағы сұранысты ескеруге тиіс.

Бізге ендігі жерде “жинақталған” экономикалық өсуді жай пайдалану емес, осы өсуді нақты басқаруды үйрену, сөйтіп оны сапалық жаңа деңгейдегі экономикалық

дамуға ұластыру керек.
Біз Қазақстанды индустрияландыруға халықаралық рыноктардың талаптары мен шарттарына сай келетіндей қағидаттық жаңа тұрғыдан келуді қамтамасыз етуге тиіспіз.
Аса ірі монополистерді қайта құрылымдау мен бәсекелестік қатынастарды дамыту есебінен біздің табиғи монополиялар аясын қысқартуымыз қажет.
Экономиканың табиғи монополиялар сақталатын секторларында бізге салалық реттегіштердің көмегімен тарифтік және техникалық реттеу жөнінде елеулі жұмыс жүргізуге тура келеді.
Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге міндеттіміз.
Біздің тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек. Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға тартпайынша мүмкін емес.
Үкіметтің халықты инвестициялық сауаттылық әліппесіне тиісінше үйрету жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізуі керек.
Қазақстан үшін қолайлы шарттармен БСҰ-ға кіруі – біз қол жеткізуге міндетті мақсат.

Бізге халықаралық техникалық стандарттарды барынша жедел де кеңінен енгізу қажет.
 

Менің Үкіметке беретін ең басты тапсырмам осы. Бұл – оның тікелей міндеті және

қоғам алдындағы жауапкершілігі.
Екінші міндет – өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық экономикаға толыққанды қатысуды қамтамасыз ету.
Біз Қазақстанды экономикалық дамудың “өңірлік локомотивіне” және оны әлемдік экономиканың табысты “ойыншысына” айналдыра аламыз.
Бізде әлемдік шаруашылық жүйесінде нақтылы қазақстандық “тауашаларды” іздестіру мен игеру, шетелдік әріптестермен ірі озық жобаларға қатысу, сондай-ақ біздің экономикамызға қатысушыларды жан-жақты және жауаптылықпен қолдау, соның ішінде, оларға сапалы инфрақұрылымдық қызмет көрсету арқылы қолдау жөнінде ең таяудағы және алыс болашақтағы міндеттер бағдарламалары болуы керек.
Бұл ретте негізгі назарды Ресей, Қытай, Орталық Азия, Каспий мен Қара теңіз өңірлерінің рыноктарына шоғырландыру қажет.
ТМД, ЕурАзЭҚ, ШЫҰ шеңберіндегі экономикалық ықпалдастық саудадағы басты бағдар болып қала береді. Біз мемлекеттердің Еуразиялық экономикалық одағын құруға жетуді, оны біздің басқа көршілеріміздің кіруі үшін қолайлы етуді ұсынамыз.
Қазіргі кезде әлемдік рыноктарда біздің тауарларымызға, қызметтерімізге және озық идеяларымызға жаңа “тауашалар” құру мен жеңіп алу үшін жеке меншік бизнес пен мемлекеттің күш-жігерін топтастыру мәселесі қай кездегіге қарағанда

да өзекті болып отыр.
Бізге бәсекеге қабілетті экономика қалыптастыруда мемхолдингтердің рөлі мен орнын айқын анықтап алу керек.

Бұл міндетті мемхолдингтердің өздерін тікелей қатыстыра отырып, шешу жауапкершілігін Үкіметке жүктеймін.
Үшінші міндет – өндіруші сектордың тиімділігін арттыру.
Біз алдағы уақытта да байсалды әрі өзара тиімді энергетикалық саясат жүргізу ниетіндеміз.
Көмірсутегі секторын одан әрі дамытуды, шетел мен жергілікті инвесторлар тартуды экономиканы әртараптандырумен тікелей байланыстыру және жаңа келешегі мол өндірістер құру жөніндегі аса маңызды міндеттерді осы арнада шешу қажет.
Біз Қазақстанның аса бай жер қойнауын игеріп жатқан шетелдік әріптестерімізді елдің мүддесіне қарай нақты бетбұрыс жасап, біздің экономикамызды әртараптандыруға шешуші түрде қатысуға, әлбетте, нарықтық негізде қатысуға көндіруге тиіспіз.
Үкіметке осы орайда тиісті жұмыс жүргізуді тапсырамын.
Бұл мәселеде бізбен келісетін компаниялар біздің қолдауымызға ие болады. Біз, ең алдымен, Қазақстанның ұлттық басымдықтарын негізге аламыз.
Бұл ретте Қазақстан энергия ресурстарын беріп отырған көршілеріміз бен халықаралық әріптестеріміз мүдделерінің тұрақтылығын, болжамдылығын және ұзақ мерзімділігін қамтамасыз етеміз.
Қазақстанның өңірлік, содан кейінгі жерде әлемдік энергетикалық кеңістіктегі тұғырларын одан әрі нығайтудың толымды стратегиясын әзірлейтін уақыт жетті.
Өзіміздің энергетикамыз бен мұнай химиясын дамытудың басты мәселесі – энергия өнімдерінің қосылған құнын ұлғайту арқылы бұл секторлардың кірістілігін көтеру. Әсіресе, мұнай химиясы, газ ресурстары, экспорттық энергия дәліздері сияқты басым секторларды басқару тиімді болуға тиіс.
Әлбетте, бұл – рынокқа қатысушылардың барлығына қойылатын, бірақ, ең алдымен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мен “Самұрық” мемхолдингіне қойылатын талаптар.
Төртінші міндет – өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды.
Үкіметтің экономиканың басымдықты шикізаттық емес секторларында инвестициялық “серпінді” жобаларды іске асыру жөніндегі өзінің бас стратегиясы болуы керек.
Жаңа экономикалық жағдай мен басымдықтарды ескере отырып, Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың тиімділігіне баға беретін мерзім жетті. Сондай-ақ индустриялық әртараптандыру жоспарларын қалыптастыру жөніндегі талаптар мен ұсыныстарды да тұжырымдау қажет. Жекелеген жобаларды алғашқы қаржыландырудан әртараптандыруды ауқымды қаржыландыруға көшетін мезгіл жетті.
Бұл – шағын және орта бизнестің белсенді қатысуы жағдайында Үкіметтің, әкімдердің, мемхолдингтердің жауапершілігі.
Бесінші міндет – өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту.

Біз стратегиялық инфрақұрылымның даму келешегін айқын пайымдай білуіміз және, ең алдымен, инфрақұрылымдық қызметті тұтынушы біздің отандық компаниялардың бәсекелестігін, сондай-ақ өзіміздің халықаралық экономикалық ықпалдастығымыздың мүдделерін ескере отырып, осы саладағы басқарудың сапасын едәуір арттыруға тиіспіз.
Бізге экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтарын айқындап алып, олардың дамуын тұтастай алғанда еліміз экономикасының мүдделеріне бағындыру керек.
Біздің өскелең экономикамызға электр энергетикалық ресурстарды дамыту мен басқаруға және Қазақстанда атом энергетикасының негіздерін қалауға деген қағидаттық жаңа көзқарастар талап етіледі.
Бұл – өңірлер әкімдерінің, Индустрия және сауда, Көлік және коммуникациялар, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктерінің, сондай-ақ мемхолдингтердің жауапкершілігі.
Алтыншы міндет – осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау, “парасатты экономиканың” негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту.
Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.
Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз.
Бізге халықаралық стандарттар деңгейінде оқу орындарын тіркеу мен аттестациялаудың пәрменді жүйесін жасау керек.
Жоғары білім беру саласында дәл және инженерлік ғылымдарды басымдықпен дамыту – бұл дамуымыздың жаңа кезеңінің міндетті шарты.
Біз жоғары технологияларды енгізу мен инновацияларды қолдауға бағытталған бірыңғай мемлекеттік стратегия жүргізетін боламыз.
Әлемдік шаруашылық байланыстарына белсене кіріккен барлық осы заманғы бақуатты мемлекеттер “парасатты экономикаға” сүйенген болатын. Ал ондай экономика жасақтау үшін, ең алдымен, өз қарауымыздағы адами капиталымызды дамытқанымыз жөн.
Бұл да – өзіміздің ортақ қазақстандық жобамызға қатысушылардың баршасының, алайда, ең алдымен, Білім және ғылым министрлігі мен Индустрия және сауда министрлігінің жауапкершілігі.
Жетінші міндет – атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту.
Біз шын мәнісінде зәру адамдарға атаулы қолдау көрсету жөніндегі саясатымызды жалғастыра береміз, бірақ оны нақты нарықтық қағидаттар негізінде шешеміз, бұлар:
қолжетімді тұрғын үй сатып алу мен жылжымайтын мүлік рыногын дамыту мәселелері. Мемлекеттік тұрғын үй салуды дамыту бағдарламасын іске асырудың екі жылында 11 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй іске қосылды. 2007 жылы 7 млн. шаршы метр іске қосылады. Үш жылдың ішінде 160 мың отбасы мен жарты миллионнан астам қазақстандық жаңа қоныстанушылар атанады. Бағдарлама 30

пайыздық озықтықпен орындалуда;
медициналық қызметтің сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту;
жинақтаушы зейнетақы жүйесін жетілдіру және жұмыс орындарын жасақтау.
Бұл үшін мемлекет, ең алдымен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі жауапты болады.
Сонымен қатар Үкіметке Астананың әкімдігімен бірлесіп, еліміздің бас қаласында тұрғын үй құрылыс жинақтаулары жүйесі арқылы бюджет саласының қызметкерлері үшін жедел қарқынмен тұрғын үйлер салу мәселесін пысықтап, қолға алуды тапсырамын.
Бұл елордамызда құрылатын қуатты медициналық және білім беру кластерлерін білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін қажет.
Сегізінші міндет – дамуымыздың жаңа кезеңінің ығытына сәйкес саяси жүйемізді жаңғырта жаңарту.
2007 жылы біз жүйелі демократиялық реформаларды одан әрі іске асыруға кірісеміз.
Демократиялық реформалар бағдарламаларын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемкомиссия саяси партиялар¬дың, қоғамдық бірлестіктердің, сарапшылардың ұсыныстарын, еліміз азаматтарының пікірлерін қорыта келіп, мемлекеттегі алдағы саяси жаңғыртулар жайында нақты ұсыныстар дайындады.
Маңыздысы сол, бұл ұсыныстар бөгденің тәжірибесін көшіру немесе дерексіз теорияларды қайталау емес. Олар біздің қоғамымыздың қажеттіліктерін, қазақстандық нақтылықтарды ескереді. Бізде саяси реформалардың өз моделіміз, саяси көшудің өзіндік “Қазақстан жолы” қалыптасу үстінде.
Оның ерекшеліктері мен етене белгілері – президенттік басқару жүйесін сақтау, реформалардың кезеңдестігі, қабылданған шешімдердің екшенділігі, жалпыұлттық үнқатысу мен негізгі саяси күштердің топтасуы.
Ұсыныстардың құқықтық ресімделуін қамтамасыз ету үшін қазірдің өзінде іске кіріскен заңгерлер тобы еліміздің Конституциясына, сондай-ақ жекелеген заңдарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеуде.
Тұтастай алғанда, демократиялық реформалардың алдағы кезеңі мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі.
Біріншіден, Парламенттің өкілеттігін кеңейту.
Парламенттің Конституциялық Кеңесті, Орталық сайлау комиссиясын, Есеп комитетін қалыптастырудағы, сондай-ақ, тұтастай алғанда, бюджетті бекіту мен атқарылуын бақылау мәселелеріндегі өкілеттіктері ұлғайтылады. Парламенттің Үкіметті жасақтаудағы рөлі күшейтіледі.
Екіншіден, саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған шаралар қабылданатын болады. Партиялық фракциялардың өкілеттіктерін кеңейту, саяси партияларды республикалық бюджеттен қаржыландыру ұсынылады.
Біз Мәжілісті сайлау кезіндегі партиялық тізімді кеңейту туралы мәселені де қараудамыз.
Үшіншіден, реформалардың аса маңызды бағыттарының бірі – сот-құқық жүйесін жетілдіру болады. Биылдан бастап біз алқа билер сотын енгіземіз. Тұтқындауға құзырлылықты соттарға беру туралы қағидаттық шешім қабылданды. Біз біртіндеп осы заманғы және ашық тұрпатты сот өндірісіне көшеміз.
Төртіншіден, жергілікті өкілетті органдарды дамыту. Біз мәслихаттарды күшейтіп, оларға қосымша өкілеттіктер беретін боламыз. Мәслихаттардың тексеру комиссияларын нығайтамыз.
Уақыт өте келе аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқаруды қалыптастырудың негізіне айнала алады.
Саяси өзгерістердің біз үшін басты мақсаты – биліктің бір мезгілде елде саяси тұрақтылықты сақтап, біздің азаматтардың барлық Конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша тиімді жүйесін қамтамасыз ете алатын осы заманғы демократиялық пішініне қарай қадам басу.
Қуатты мемлекеттік билік пен демократия – бір-біріне кереғар емес. Демократия тек заңдылық қатаң сақталатын жерде ғана дамиды.
Мен Парламентті, Үкіметті және азаматтық қоғамның барлық институттарын осынау басты мақсатқа қол жеткізуге шақырамын.
Тоғызыншы міндет – халықаралық іс-тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу.
Біз мемлекеттік басқарудың корпоративтік басқару, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілігі қағидаттарын арқау ететін сапалық жаңа моделін түзудеміз.
Біздің мақсат – Үкіметті жаңғырта жаңарту, жоғары кәсіби мемлекеттік қызмет пен тиімді басқару құрылымын жасақтау. Олар болса, мемлекет көрсететін қызметтің басты тұтынушылары – барлық азаматтар мен бизнестің тікелей талаптарына бағынуға тиіс.
Осынау міндетті шешудің жауапкершілігін тұтастай Үкіметке жүктеймін.
Оныншы міндет – жаңа Қазақстанның Орталық Азия өңірі мен әлемдік қоғамдастықтағы жетістіктері мен мүмкіндіктерін ілгерілету.
Бүгін біз басқа елдермен көкейкесті проблемалардың кең ауқымын шешуде ынтымақтасып отырмыз. Бұл энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де, өмірлік маңызы бар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу де, лаңкестікпен күрес те, індеттер мен экологиялық апаттарға қарсы күрес те. Біз алдағы уақытта да өңірлік ынтымақтастық пен халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретіндегі өзіміздің рөліміз бен беделімізді нығайта беретін боламыз.
Бұл – барлық саяси, экономикалық және қоғамдық басшылардың, алайда, ең алдымен, біздің сыртқы саяси ведомствоның жауапкершілігі.
Енді бір 10 жылдан кейін жаңа Қазақстанды жаңа әлемде таныту үшін біз жаңа уақыттың өктем талабына дер кезінде әрі лайықты үн қатуға тиіспіз.
Сондықтан да Үкіметке 2030 Стратегиясының негізгі қағидаларын Жаңа Кезеңде дамытатын барлық жоғарыда аталған міндеттерді дәйектілікпен шешуді тапсырамын.
Оларды орындау үшін мен біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағытын айқындадым, бұл – Қазақстанның жаңа кезеңдегі даму стратегиясы.
 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиет

 

 

1.      1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9

2.      Қазақ ұлттық энциклопедиясы

3.       Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. ISBN 978-601-288-026-7

4.      Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

5.      Қазақ ұлттық энциклопедиясы

6.      Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

7.      Қазақ ұлттық энциклопедиясы

8.      Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2

9.      Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ Энциклопедиясы", 10 том

10. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

11. С. Әкімбеков, А.С. Баймұхаметова, У.А Жанандаров Экономикалық теория. Оку құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. — Астана: 2002. ISBN 9965-408-99-8

12. Кәсіпкерлік іс – әрекеттің негіздері. Экономикалық теория. В.М.Власова

13. Шеденов Э.Қ., Сағындықов Е.Н., Жүнісов Б.А., Байжомартов У.С., Комягин Б.И. Жалпы экономиялық теория. Ақтөбе 2004 ж.



Информация о работе Ақша айналымы