Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:29, реферат
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, Ұлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың қассасында сақталуға. тиісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Кіріспе
І. Ақша қаражаттарының аудиті
1.1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
1.2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ АУДИТІ
ЖОСПАРЫ
Кіріспе
І. Ақша қаражаттарының аудиті
1.1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
1.2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, Ұлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың қассасында сақталуға. тиісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәсшгелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шрттарын анықгауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілгең түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазьш алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады. Түгелдеу ақша қаражаттарына және басқа да, бетінде ақшалай бағаланып номиналды құндылығы жазылған құндылықтарға (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер басқадай ақша құжаттарға, жол жүру билеттері, ұшақ билеттері, демалыс үйлеріне және санаторийлеріне жолдама ж.т.б.) жүргізіліп, түгендеу актісінде көрсетілген нақты қолда бар ақша қаражаттарды, құндылықтарды, ақша құжаттарын сол түгендеу жүргізілген күні берген есеп мәліметтерімен салыстырылып нәтижесінің шырғарылғандығын тексереді. Жол үстіндегі ақша құжаттарын түгендеу жүргізгенде, сол түгендеу жүргізген күні жол үстінде екенін растайтын құжаттарының көшірмелерінің тіркелгендігін анықтайды.
Шаруашылықтың кассасына ұлттық валюта түріндегі ақшаларды қабылдау, сақтау және нақты ақшаны тарату операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сейкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетгі. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, Ұлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың қассасында сақталуға. тиісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.
Аудитор ақша қаражаттарының есебіне тексеру жүргізген кезде, құжаттары бойынша жүргізілетін жаппай тексеру әдісін қолдануға тиісті. Аудитор ақша қаражаттарының сақтау және заңды тұлғалармен есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының және шетелдердің банк мекемелерінде ұлттық және шетелдік валютада ашылған шрттарын анықгауға міндетті. Сондай-ақ, шаруашылықтың ішіндегі кассалардың санын да қоса анықтайды.
Аудитор шаруашылықтың есеп айырысу шрттарының және кассаларының құрылымымен танысқаннан кейін, ақша қаражаттарының есебін тексерудің аудиторлық бағдарламасын жасайды.
Бағдарламада тексеруді талап ететін мәселелер ретімен жазылып, тексеру барысында басшылыққа алынып, кездескен фактілерге байланысты толықтырылулар мен түзетулер енгізіліп отырылады. Ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы мынадай іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін;
- баланстық көрсеткішінің, Бас кітаптың және есеп регистрларының, машина жазбалардың мәліметтерімен салыстырып тексеруді;
- ақша қаражаттары шоттарының синтетикалық және аналитикалық есеп мәліметтерінің сәйкестігін және дұрыс жүргізілгендігн тексеруді;
- кассаға түгендеу жүргізуді және касса операцияларын тексеруді;
- есеп айырысу валюталық шоттардың ашылу тәртіптерінің сақталғандығын тексеруді;
- банктегі арнайы шоттардың ашылу тәртібін және жүргізілген операцияларының зандылығын тексеруді;
- есеп айырысу тәртібін бүзуға жол берген үшін қолданылған шараларды тексеруді;
- шаруашылықтың келісімінсіз, олардың шоттарынан қаражаттың аударылу және есептен шығарылу фактілерін тексеруді;
- шаруашылықтағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғандығын тексеруді.
Шаруашылықтағы ақша-қаражаттарының есебінің тиімділігін арттырып, талапқа сай жүргізілуіне бірден-бір әсер ететін фактор - ол уақтылы жүргізілген түгендеу. Аудитор түгендеудің материалдарымен танысып, оның нәтижесі бойынша жасалған актіде көрсетілген фактілерге назар аударып, олардың кейбіреулерін қағазға жазып алып, тексеру барысында қайталануын бақылауға алады. Түгелдеу ақша қаражаттарына және басқа да, бетінде ақшалай бағаланып номиналды құндылығы жазылған құндылықтарға (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер басқадай ақша құжаттарға, жол жүру билеттері, ұшақ билеттері, демалыс үйлеріне және санаторийлеріне жолдама ж.т.б.) жүргізіліп, түгендеу актісінде көрсетілген нақты қолда бар ақша қаражаттарды, құндылықтарды, ақша құжаттарын сол түгендеу жүргізілген күні берген есеп мәліметтерімен салыстырылып нәтижесінің шырғарылғандығын тексереді. Жол үстіндегі ақша құжаттарын түгендеу жүргізгенде, сол түгендеу жүргізген күні жол үстінде екенін растайтын құжаттарының көшірмелерінің тіркелгендігін анықтайды. Банкеттегі есеп айырысу (ағымдағы) валюталық және арнайы шоттардағы ақша құжаттарына жүргізілген түгендеудің банктен алынған көшірмелердегі мәліметтерімен салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылғандығын анықтайды. Шаруашылықтың басшысының түгендеудің нәтижесінде жасалған актіні мамандарды қатыстырып талқылап бекіткендігін анықтап, кеткен кемшіліктер бойынша қаралған шараларды растайтын хаттамамен танысып, кассалық операциялардың есебін тексерумен ұштастырып жалғастырады. Шаруашылықтың қаржы шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарында ақша-қаражаттарының ақпараттарын жинақтал, қозғалысын таратып отыру үшін V «Ақша қаражаттары» бөлімінің 41 «Жол үстіндегі ақшалар», 42 «Банктегі арнайы шоттардағы нақты ақша қаражаттары», 43 «Валюталық шоттағы нақты ақшалар», 44 « Есеп айырысу шотындағы нақты ақшалар» және 45 «Кассадағы нақты ақшалар» бөлімшелерінің синтетикалық шоттары қаралған.
Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату және сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.
Кассаға нақты ақша қабылдау, тарату жөне өткізу операциялары заңды тұлғалармен де, жеке тұлғалармен де жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұндай операциялар ұлттық валютамен де, шетелдік валютамен де бірдей жүргізіледі. Демек, кассадағы операциялар есебі 45 «Кассадағы нақты ақшалар» бөлімшесінің, 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақшалар», 452 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақшалар» шоттарында жүргізіледі.
Шаруашылықтың кассасына ұлттық валюта түріндегі ақшаларды қабылдау, сақтау және нақты ақшаны тарату операцияларының есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассалық операцияларға есеп регистрларын (журнал, ордерлер, ведомостар ж.т.б.) қолданған жағдайда, оларды шоттың дебетіндегі және кредитіндегі жазуларымен салыстырып, қол жеткізу керек. Олар міндетті түрде бір-біріне сәйкес келуге міндетті. Сомаларында ауытқулар кездескен жағдайда кассалық кіріс, шығыс ордерлері, банк көшірмелері бойынша, ал қажет болған жағдайда банк мекемелеріне сұрау салып алынған мәліметтерімен салыстырып тексереді.
Ақша қаражаттар операциялары, әсіресе олардын өте сусымалы бөлігі нақты ақшалармен жасалған операцияларды (еңбек ақы тарату, өндіріс шығындарын төлеуге берілген есеп бсруге тиісті сомалар, жәрдем ақы тарату ж.т.б.) міндетті түрде жаппай тексеруді талап етеді. Сондықтан кассалық құжаттар тұтасымен жаппай тексеруге ұшырайды.
Кассалық құжаттарды жаппай тексеруге кіріспей тұрып, аудитор тексерудің жоспарын жасайды. Өйткені «жаппай тексеру» бүкіл кассалық құжаттарды бірінен кейін бірін қарап шығу деген ұғымды білдірмейді.
Бір құжаттың өзін бірнеше рет қарап шығуға тура келеді. Өйткені аудитор тексерудің бағытына және мақсатына байланысты, кейде тіпті өзгеше іс-әрекеттерді де орындайды.
Сондықтан аудитор кассалық операцияларды тексерудің бағдарламасына жасап, оның орындалуын қадағалап кездескен фактілерге сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіп отырады. Аудитордың жасаған бағдарламасында мынандай сұрақтар қаралады:
- кассадағы нақты ақша қаражаттарға және басқа да құңдылықтарға түгендеу жүргізу және олардың сақталуын тексеру;
- кассалық операциялардың дұрыс құжатталып толтырылғандығын тексеру;
- кассаға ақшаның уақтылы және толық дұрыс кіріске алынғандығын тексеру;
- жұмсалған ақшалардың дұрыс шығыс жасалғандығын тексеру;
- бухгалтерлік есепшоттарында операциялардың дұрыс көрсетілгендігін тексеру;
- кассалық операциялардың есебінің аудитінің нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныстар жасау.
Бұл бағдарламаны табысты жүзеге асыру үшін аудитор кассадағы ақша-қаражаттарының ішкі қозғалысының жағдайын бақылауды және шаруашылықта кассалық, тәртібінің сақталуын бағалау үшін әрбір іс-әрекеттер бойынша тестің сауалнамасын жасау қажет. Тесті бағдарламада қаралған пункттерге байланысты қаралатын сұрақтарына бейімдеп, әрбір аудитор өзінің іс тәжірибесіне сүйене отырып жасайды.
Жүргізілген тестің нәтижесі бойынша, шаруашылықта кассалық тәртіптің сақталуы және кассалық операцияларды ішкі бақылаудың ұйымдастырылуы туралы аудиторға белгілі бір қөзқарас пайда болады.
Шаруашылықтың кассасындағы ақша қаражаттарының ішкі қозғалысын бақылаудың мүлдем жоқ немесе жеткіліксіз екендігінін белгілері:
- кассадағы бүкіл нақты ақшаны және басқа да құндылықтарды біртіндеп санаудың және кассаны тосыннан тексеру жүйесінің жолға қойылмағандығы;
- шаруашылықта баж тексеруді белгілеген әкімшіліктің бұйрығының жоқтығы;
- кассаны тексеруге қалай болса солай бұйрық жасалғандығын тексеру комиссиясына тұрақты тұлғаларды тағайыңдау, банкноттарды біртіндеп санағандығы туралы куәлік ететін тексеру комиссиясының тексеру актісіне тіркелетін жұмыс құжаттарының тіркелмегендігі;
- кассаға тексеру жүргізілетнін кассирдің алдын ала біліп, оған дайындық жүргізуі;
- шаруашылықтың төрағасының бұйрығында көрсетілмеген кіріс және шығыс құжаттарына бас бухгалтерден және шаруашылықтың төрағасынан басқа тұлғаларға қол қоюға құқық берілгендігі;
- кассирді алмастырған (жұмыстан босатқанда) кезде кассаға үстіртін тексеру жүргізілгендігі;
- шартта кассирлік қызмет қаралмай, шаруашылықтың төрағасының жазбаша өкімімен бұл қызметті атқару есеп қызметкерлеріне жүктелуі;
- кассирдің толық материалды жауапкершіліг туралы шарттың болмауы;
- кассирдің кассаны тексеруге дайындауға дағдыланбағандығын дәлелдейтін, күнделікті орындалуға тиісті операциялардың жүзеге асырылмауы.
Тесті жазбаша немесе ауызша түрде жүргізуге болады.. Аудитордың алдын ала дайындаған сұрақтарына қарай қойылған сұрақтарына кассир бухгалтерлер және ішкі бақылау (аудит) қызметкерлері жауап беріп, содан кейін сауалнама мәліметтері кассирдің және бас бухгалтердің қолдары қойылып расталады. Өте тиімді жолы жазбаша тест жүргізу болып табылады. Бұл құжат, көрсетілген түрінде, аудитордың даусыз дәлелі болып табылады.
Кассалық операцияларды тексерген кезде, құжаттарын оқу, тексеру-зерттеу және жазуларын қарама-қарсы салыстырып тексеру, аналитикалык; мәліметтерін санап тексеру сияқты бақылау әдістерін қолдануға болады.
Тестің сауалнамасына алынған жауаптарын талдаудың кезіиде ішкі бақылаудың жағдайы, кассалық операциялардың бухгалтерлік есебтің ұйымдастырылуы, қойылымы және жүргізілуі бекітілген талапқа жауап бермесе, аудитор суүзбелеп тексеру әдісін қолданады.
Кассалық құжаттарды жаппай үздіксіз элементері бойынша, қандай да бір сәйкессіздік табу үмітінде қарап шығу.