Ақша қаражаттарының аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 12:29, реферат

Описание

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің бекіткен нормативтік актілерге және басқа да заң актілерінің талаптарына сәйкес барлық шаруашылық жүргізуші шаруашылықтар өз ақша қаражаттарын оларға қызмет көрсететін банктердің тиісті мекемелеріндегі шоттарда сақтауға міндетті. Шаруашылық күнделікті қажетін өтеу үшін қалдырылған ақша-қаражаттары, Ұлттық банктің белгілеген көлемінде шаруашылықтың қассасында сақталуға. тиісті. Яғни, ақша қаражаттар деп шаруашылықтың кассасындағы және банктердегі шоттардағы нақты ақшасын айтамыз.

Содержание

Кіріспе
І. Ақша қаражаттарының аудиті
1.1. Ақша қаражаттарын тексерудің бағдарламасы және және оларға түгендеу жүргізуді тексеру
1.2. Кассалық операциялардың есебінің аудиті
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ақша қаражаттарының аудиті.doc

— 149.00 Кб (Скачать документ)

Кассаны және кассалық операдияларды аудиттеу, негізінен үш бағыт бойынша жүргізіледі. Нақты ақша-қаражаттарын түгелдеу; кассаға келіп түскен ақша қаражаттарының толық, уақтылы кіріске алынуын тексеру; жұмсалған ақшалардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын тексеру. Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келген күннен бастап жүргізіледі. Түгендеу жүргізердің алдында аудитор мыналарды анықтауға міндетті: шаруашылықтың кассасындағы нақты ақша қаражаттарын тосыннан жүйелі тексеру жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін  комиссияның тағайындалғандығы туралы шаруашылықтың төрағасының бұйырығының бар екендігін; бұйрықтың орындалуын, кассаны тосыннан тексеру актілері бар ма, олардың мазмұны қалай; тексерудегі шаруашылыққа бір немесе бірнеше кассир қызмет етеді ме (немесе оны атқаруға құқық берілген тұлға ма); кассир тек қана сол шаруашылықта немесе өзінің міндетін басқа шаруашылықпен қосып атқаратындығын; кассирді тағайындау туралы бұйрықтың және кәсіпорының әкімшілігімен кассирдің жеке материалды жауапкершілігі туралы жазылған шарттың бар екендігін; кассирдің кассалық есеп операцияларын жүргізу тәртібімен танысқанын.

Аудитор кассаны тексеруді жүзеге асырғанда мына талаптарды сақтауға міндетті; кассаға түгендеу жүргізу, құрамында міидетті түрде шаруашылықтың бас бухгалтер және кассирі енуге тиісті; шаруашылықтың төрағасы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшелерінің қатысуы мен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға басқа тұлғаның кіруіне рұқсат етілмейді; тексеру кезінде бүкіл кассалық операциялар тоқтатылады;

Аудитор кассаға түгендеу жүргізгенде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге тиісті;

Кассаны тексеру мүмкін болмағамда немеее бірнеше касса болса, олардың барлығын жауып бекітіп, мөр басып, кілтін кассиріне береді де, мөрді өзінде қалдырады. Бұл бір кассадағы жетіспейтін ақша қаражаттарының екіншісінің есебінен жабуды болдырмау мақсатында жасалады.

Кассир түгелдеу комиссиясының мүшелерінің қатысуымен соңғы күннің кассалық операциялары туралы кассалық кітапқа ақшаның қалдығын шығарып, кассирдің жасаған есебіне бүкіл кіріс, шығыс құжаттарын тегіс енгізіп, кассаға  алынбаған және шығыс жасалмаған ақша қаражаттар сомасының жоқтығы туралы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісінің бастапқы бөлігіне енеді.

3.              Кассирдің жасаған есебіне шаруашылықтың бас бухгалтері қолын қояды;

4.              Орамы бұзылған бос ақшаларды және банктың белгісі соғылған орамы бұзылмай ақшаның орамымен сақталуына қарамастан, оларға біртіндеп санау арқылы қайта санақ жүргізіледі. Бұндай міндетті іс-әрекеттер кассада сақталатын басқа да құндылықтар мен ақша құжаттарына да жүргізіледі (байланыс маркілері, маркілер, жол жүру билеттері, төленген әуежол билеті, демалыс үйлеріне, санаторияларға және т.б. төленіп берілмеген жолдамалар). Ақшаны және құндылықтарды екі рет санайды — бірінші рет кассир санаса, екінші рет комиссия мүшесінің бірі санайды.. Бұндай жағдайда аудитор, тәртіп бойынша, бұл-аудиторлық іс-әрекеттің дұрыс жүргізілгендігіне бақылау жасауды жүзеге асыруға міпдетті. Ақша құжаттарына санақ номиналды құны бойынша жүргізіледі. Ақшалы құжаттарға аудиторлық тексеру жүргізген кезде нақты ақшалық құжаттардың бар екенін, кімге арналғандығын, қандай қаржылардың ессбінен билеттердің және жолдамалардың төленгендігін олардың есебі ақшалық құжаттардың қозғалыс бойынша кітабында жүргізілгендігін анықтау қажет. Ақша құжаттарының кіріс, шығыс операциялары кассалық кіріс және шығыс құжаттарын толтыру арқылы жүзеге асырылуға тиісті. Кассир ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша есеп жасап, оны бас бухгалтерге тапсырады. Түгелдеу жүргізу кезінде, кассада жарым-жартылай төленген төлем ведомосты болуы мүмкін. Аудитор бас бухгалтерге және кассирге ведомостарды бекітілген тәртіпке сай жауып, кассалық шығыс ордерін толтырып, оны  кассирдің есебіне енгізуді ұсынуға міндетті.

Егер кассаны тексеру еңбек ақы тарату кезеңімен сәйкес келген жағдайда,   әлі де ведомость бойынша түгел таратылмаған сомаларды ведомостар бойынша кассирдің берген есебіне қоспай актіде ішінара төленген шығыс құжаты ретінде жазады. Бұндай жағдайда әрбір төлем ведомостында еңбек ақы қандай реттік нөмір бойынша төленгені және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазулар бас бухгалтердің, кассирдің және аудитордың қолдары қойылып расталады. Кассадағы нақты ақша қаражаттарының қалдығының есебіне растаушы құжаттары ретінде дұрыс толтырылмаған кассалық шығыс ордерлері және ведомостар, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген әр түрлі тұлғалардың қолхаттары ендірілмейді. Бұндай құжаттарды анықтаған кезде аудитор тәртіп бүзушылықты кассаны тексеру актісінде кімге, кімнің өнімі бойынша, қашан, қандай мақсатқа, ақшаның қандай сомада берілгендігін көрсетеді. Шаруашылықтың кассасында сақталатын бүкіл нақты ақшаны және басқа да құндылықтарды сол шаруашылыққа тиісті деп санайды, өйткені кассада басқа шаруашылықтың ақшасын және басқа да құндылықтарын сақтауға қатаң тыйым салынған.

6. Ақшаны және құндылықтарды санап болғаннан кейін алынған соманы бухгалтерлік есепте көрсетілген олардың қалдықтарының мәліметтерімен салыстырады.

7. Аудитор ақша қаражаттарын тексеруді жүзеге асыра отырып, олардың сақталу орнының жағдайына касса бөлмесінің ақша қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша техникалық беріктігі өрт қауіпсіздігін сақтау қауіп төнген жағдайларда дыбыс беретін құралдармен жабдықтаулардың ережесіне сай екендігін қадағалауы тиіс.


Қорытынды

Қорыта келе нарықтық экономикалық жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Баикінің рұқсатынсыз шетел банктерінде валюталық шот ашқан фактілерін;

-   шетелдерде   өнімдер   сатудан   түскен   шаруашылықтың
меншігіндегі валюталық түсімдердің дұрыс пайдаланылғандығын, нақты шетел валютасы түрінде және шетел валютасына сатып алынған материалды құндылықтардың сақталуын.

Субъект тауарларды шетелдерден сатып алған кезде (тауар айырбастау  операцияларын  қоса),   келіп  түскен тауарлардың сатып алу құны (материалдардың жартылай фабрикаттардың жабдықтардың ж.т.б.) екі жақты жасалған келісімде (шартта) қаралаған шаруашылыққа кіріске алынған күні, олардың құнынаға, кеден төлемдеріне, тасымалдау шығындарына қарай есептеп шығарылу, ал жасалған тауар айырбастау кезіңде (бартерлік келісімдер) сатуды есепке алу және қаржылық нәтижені анықтау жүк өткізу кезіндегі шетелден сатып алынған тауарларға жасалған декларацияда көрсетілген күніне және екі жақты келісімінде (шартта) қаралған қүны бойьшша есептеліп шығарылу талаптарының орындалғандығын. Бұндай жағдайда салық салынатын түсім екі жақты келісім (шарт) жасалған сәтінде қолданылған    өнімнін    нарықтық   бағасы   бойынша   есептелген құнынан төмен болмауы керек.

Банктегі арнайы шоттардағы яқша каражаттарының есебінін аудиті. Аудитор банктегі арнаиы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысын шаруашылыктың қаржы шаруашылық қызыметінін бухгалтерлік есебінің типтік жоспарында қаралған 42 «Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары», 421  «Аккредитивтегі ақша қаражаттары», 422 «Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары», 423 «Банктердегі басқа да арнайы шоттардағы нақты ақша каражаттары» және 424 «Басқадай» синтетикалық шоттардағы, мемлекеттің аумағындағы және шетелдердегі аккредитивтердегі, чек кітапшаларындағы, ағымдағы, арнайы және шетелдік басқа да төлем құжаттарыңдағы (векселъден басқа) ұлттық және шетелдік валютадағы нақты ақша қаражатгарының қозғалысы мен оқшаулап сақтауды талап ететін мақсатты бағыттағы қаржылармен түсімдердің жинақталып тіркелген мәліметтерімен салыстырып тексереді.

 

 


Пайдаланған әдебиеттер

1.      Ажибаева З.Н. «Аудит учебник» 2004

2.      М. Байдаулетов С.М. Байдаулетов « Аудит Қазақ университеті»  Алматы 2004

3.      Д.О. Абленов «Аудит негіздері» экономика 2005 ж

.

 

13

 



Информация о работе Ақша қаражаттарының аудиті