Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:12, реферат

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ақша қаражаттары.doc

— 652.00 Кб (Скачать документ)

Төлем құжаттары (слип) төлем карточкаларын ұстаушылардың қолынсыз-ақ жасалуы мүмкін, ол кезде олар электрондық құжаттарын негізгі алады. Төлем құжаттарын жөндеуге, өшіруге рұқсат етілмейді.

   Сауда чегі  – төлем карточкасын жүзеге  асыру кезінде жасалады, яғни  төлем жасалып біткен соң карточканы ұстаушыға беріледі (слиппен де,слипсыз да) және келесі міндетті реквизиттерден тұрады:

  • құжат нөмірі және оның жазылған күні, айы және жылы;
  • операцияны жүзеге асырушы ұйымның атауы (коды, идентификаторы);
  • төлем сомасы;
  • төлем карточкаларының реквизиттері.

    Төлем карточкадан  қолма-қол ақшаны алған кезде  есеп беретін адамған ақша  қаражатын берген сияқты рәсімделеді,операциялар  одан әрі қарай жалпы қабылданған  тәртіп бойынша көрініс табады.

   Мысал. Қолма-қол ақшаны және оны есептеумен байланысты уақытың және басқа да шығындарын қысқарту мақсатында кәсіпорын еңбеккерлердің еңбек ақысын төлем карточкасында төлеуді ұйғарған.

    Сонымен, пластикалық  карточканың,яғни төлем карточкаларының  бірқатар артықшылықтары бар:  сатып алушы клиент үшін пайдалануға ынғайлы; сауда ұйымының тауар айналымын арттырады; банк шоттарында ақша қаражаттының әжептеуір сомасы жинақталады, бірақ осы артықшылықтардың бәрі бухгалтерді қуантып отырған жоқ, өйткені жаңа проблемалар туындауда.

     Төлемнің  бұл түрі – касса арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу есем екенін , демек кассир – операционист  кітабында нақты өткізілген

 төмен сома көрсетіле  ме немесе оның банкке немесе  кәсіпорын кассасына өткізілген  сомаға сәйкес келмеуіне бола ма? –деген сұрақ пайда болатының бәрі де жақсы түсінеді.

    Сонымең, пластикалық  карточкалары пайдаланылатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар банкпен, есеп айырысу жүйесінің иелерімен жасалатын шартқа сәйкес ережелер бойынша  жүзеге асырылады. Кәсіпорын банкпен шарт жасасқан кезде тауардың өткізілуін немесе қызметтер көрсетілуін кейін дұрыс қадағалап, ескеруге мүмкіндік беретін бірқатар пункттерге назар аудару қажет:

  1. жүзеге асырылған транзакцияларға қалайша есеп жүргізіледі;
  2. бухгалтерияның слипті төлеуге банкке қаншама уақыт ішінде тапсыруы қажет;
  3. сатып алушы тауарды транзакция жүргізілгеннен кейін қайтарған жағдайда сауда жасаушы кәсіпорын мен банк арасында есеп айырысулар қалайша жүзеге асырылады;
  4. есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін терминал мен импрентер қалайша орнатылады және бағдарламамен қалайша жүктемеленеді;
  5. РОS – терминалдарға тараптардың қайсысы техникалық күтім жасайды және оларды жөндеуге кім ақы төлейді;
  6. Шығыс материалдарына не жатады және сол материалдарды кім сатып алады немесе кім ақы төлейді;
  7. Шартта өзара есеп айырысуларды салыстыру әдістері көрсетілген бе және олар қандай құжаттармен жүзеге асырылады;
  8. Банк қызметтері үшін сомалар қандай процентте және кімнен ұстап қалынады (сауда жасаушы кәсіпорыннан ба немесе сатып алушыдан ба);
  9. Босатылған тауар үшін сомалар банктің есеп айырысу шотына түспеген жағдайда не істеу керек.

     Әдетте, жабдықты  сатып алу мен орнатуды және бағдарламалық қамтамасыз етуді , сондай –ақ оның мазмұнын банктер өздеріне алады және шартқа сәйкес сауда жасайтын немесе қызмет көрсететін ұйымның уақытша пайдалануына береді.

     Банктер  сондай-ақ:

  • сауда кәсіпорының қызметкерлерін пайдалану ережелеріне үйрету мен дауысты және электронды автоландыру кезінде транзакцияны рәсімдеу;
  • карточкалар ұстауышыларға қызмет көрсету тәртібі;
  • кәсіпорын қызметкерлеріне жабдық орнатылатын жерлерде нұскамалар беру жөніндегі міндеттемелерді де өзіне алады.

    Қолда бар  қаражат қозғалысын есепке қоюдағы  проблемалар көбінесе кассалық  аппараттар POS-терминалдар кассалық  аппаратқа жалғастырылған және  тауарды сканирлеу және транзакция жүргізу кезінде сатып алу сомасы слипте де, кассалық аппаратта да көрсетіледі, сондықтан осы ерекшеліктерді ескеру керек. Ауысымның аяқ кезінде операторлар тәуліктік есепті кассалық аппараттан да терминалдан да алады.

     Қазіргі кезде де есеп айырысу Салық кодексінің 546-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай есеп айырысу міндетті түрде фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын (бұдан әрі - БКМ) қолдану және бақылау чегін беру арқылы жургізіледі.

           Көптеген ұйымдар өз қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді жалақы жобасы бойынша жүргізеді. Бул ретте компания қызметкерлері үшін басты проблема шешіледі: жұмыстан сұранудың қажеті болмайды, өйткені банк мекемелерінің жұмыс режимі біздің көптеген мекемелеріміздің жүмыс кестесіне сай келеді. Қазақстанның кейбір банктері пластикалық карточка үстаушыларды жалақы жобасының шеңберінде кредиттеуді жүргізе бастады. Қарыз айлық жалақы со-масының 70-80% шегінде беріледі.

Сөйтіп, біз  пластикалық карточкалардың пайдалануға ыңғайлы екеніне және біздің қызметкерлердің компания басшылығына риза екеніне көз жеткіздік, бірақ ол үйым бухгалтериясы үшін қаншалықты ыңғайлы?

Артықшылықтары  бар екені күмәнсіз, және бұл барлық қызметкерлер карточкалық жүйе бойынша есеп айырысуға көшірілген кезде бірден байқалады: инкассация шығындары мен жалақыны үйымның өзінде беру процесінің өзі жойылады. Яғни жалақы беру уақыты қысқарады және сонымен бірге кассада қолма-қол ақшаның үлкен сомасын үстамау мүмкіндігі туындайды. Бір төлем тапсырмасымен, егер филиалдар болса, олардың орналасқан жерлеріне қарамастан, барлық қызметкерлерге жалақы беріледі, депоненттеу қажеттілігі жойылады және бұл орайда төлемдер бойынша толық құпиялылық сақталады.

      

 

 

                  1.4 Төлем талап - тапсырмалары арқылы есеп айырысу.

 

      Төлем талап-тапсырмаларымен есеп айырысу. Мүндай нысан болған кезде жеткізуші жөнелтілген өнімге төлем талап - тапсырмасын ресімдейді де,  оны төлеушіге бағыттайды. Ол бұнымен танысқаннан кейін төлем жайында шешім қабылдайды. Төлеуге шешім қабылдағаннан кейін төлеуші оған қол қояды, мөрін басады және оны өзінің банкіне өткізеді. Төлеушінің банкі  ақшаны оның есеп айырысу шотынан есептен шығарады және оны жеткізушінің шотына есептеу үшін соның банкіне аударады. Есептен шығарылған және есептелген сомалардың бухгалтерлік жазбалары есеп айрысу шотынан банк беретін көшірмеснің негізінде жүргізіледі.

    Төлем талап-тапсырмасы тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметі көрсеткенде бенефициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген талабы болып табылады.

      Бенефициар  төлем талап-тапсырмарны  банкке  ұсынады және төлем талап тапсырмалар  белгіленген бланктердің нысанында тиісті реестрлеріне тіркеледі.

     Төлем талап-тапсырмасы  реестрмен бірге бенефициар - банкісіне  ұсыныады, ал бенефициар барлық  реквизиттердің толық толтырылғанын тексеріп,төлем талап-тапсырманы ақша жіберуші банкке бағыттайды.

    Егер де  бенефициарға қызмет көрсететін де, ақшаны жіберуші де бір банк болса, онда бенефициар банкісін жанай өтіп, төлем талап-тапсырмасы реестрсіз бірден жіберушінің банкісіне ұсынылады.

    Егер де  төлем талап-тапсырманы орындау  үшін қажетті ақша қаражаты  болмаса, онда төлем талап-тапсырманы сақтау мерзімі және реестрінің мерзімі бөлініп төленуі мүмкін. Сондықтан алушы – банк тек акциптелген немесе акцептті қажет етпейтін бөлігін ғана сақтауы мүмкін.

   Осы туралы  төлем талап-тапсырманың бет жағына  белгі соғады.

   Төлем талап-тапсырмаларына толық немесе ішінара ақы төлеуден бас тарту кезде ол туралы оған қызмет көрсететін банкке үш күннің ішінде хабарлайды. Талап-тапсырма құжаттарымен қоса оған берілген тиеу құжаттарын және төленбейтін бөлігі туралы хабарламасымен бірге тіклей жабдықтаушыға (өнім берушіге) қайтарылады.

 

 

                   1.5.Төлем тапсырмаларымен есеп  айырысу. 

 

      Төлем тапсырмалар – ол банкіге тиісті қаржыларды жеткізушілер, салық органдары және басқа ұйымдарға аудару туралы тапсырма. Бухгалтер оны «көшіргіш» пен немесе компьютерде қажетті дана бойынша басады.

      Онда төлеуші мен  оның банкісінің, алушы мен оның  банкісінің реквизиттері, сомасы мен тағайындалуы көрсетіледі. Банктің қызметкері төлем тапсырмасын орындауға қабылдап алып, оның соңғы данасына таңба қойып, одан соң ол операцияны есепте бейнелеу үшін бухгалтерге қайтып береді. Басылған, бірақ, банкіге өткізілмеген төлем тапсырмасы он күн ішінде жарамды болып саналады.

    Төлем тапсырмасымен есеп айырысу тауар-көліктік немесе тауардың босатылуын немесе қызметтің көрсетілуін растайтын өзге құжаттың нөмері мен күніне сілтеме жасалған жағдайда алынған тауарлар мен қабылданған қызметтер үшін, сондай-ақ тауарлық емес операциялар бойынша жүргізіледі.

    Төлем тапсырмалары:

1. Мерзімді (төлем өнімді жөнелткенге дейін немес жөнелткеннен кейін, ішінара төлем).

2. Мерзімнен бұрын (алдын ала төлем).

3. Кейінгі қалдырылған болуы мүмкін.

      Төлеуші болып  кәсіпорынның есеп айырысу шоты  ашылған банк саналады және  сол бөлігінде кәсіпорынның аталуы  мен оның есеп айырысу шотының нөмері көрсетіледі.

      Төменде біз ҚР  – ы Ұлттық банкіде біздің банкіге берілген кодын, ал «дебет» бағанасында - ҚР ҰБ - дегі есеп айырысу шотының шифрін көрсетеміз. Одан төмен алушының банкі, ҚР ҰБ-дегі банкінің коды (МФО «межфилиальные обороты - филиалдар арасындағы айналымдар»), ал «кредит» бағанысында – ҚР ҰБ-дегі алушы банкінің корреспонденциялық шоты көрсетіледі.

       Аударылатын қаржы  көлемі бас әріппен сөз түрінде  басылады. Оның сандық мөлшері  жоғарыдағы оң бұрышта қайталанады.

        Төменгі жақта  төлемнің тағайындауы көрсетіледі, басшы мен бас бухгалтердің қол таңбаларымен қоса кәсіпорынның мөрі қойылады.

        Төлем тапсырмалары онда көрсетілген  соманы бенефициардың пайдасына  ақшаны жіберушіге қызмет көрсетенін  банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу ушін есеп айырысу кезінде, сондай ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаға кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

         Төлем жасаушы банкке белгіленген  нысандағы бланкілердегі төлем  тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға  қоса төлем жасаушы банктің  талап етуі бойынша салынатың  салықтың шот-фактуралары және  төлемдердің мақсатың растайтын  басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қолданылады.Төлем құжаттарын электронды түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электронды көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

          Төлем тапсырмасын толтыру кезінде  келесі реквизиттері (көрсеткіштері)  көрсетіледі:

  • төлем тапсырманың нөмірі;
  • төлем тапсырманың жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген коды (ЖТК немесе ИИК)
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шотындағы нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан тұрады:біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  • банк–алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен–жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасыа келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (иденфикациялан-ған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдар-дың коды (ФАК немесе МФО);
  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік – құқықтық актісімен белгіленген және соңын негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үшін символдан (белгілерден) тұрады;
  • бюджеттік классификңациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюттілген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының) банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

      Төлем  құжатына кез келген жөндеудің  түрін жасауға рұқсат етілмейді.  Шаруашылық жүргізуші субъектілердің  арасындағы жасалған келісімдері  бойынша төлем тапсырмалары: жедел  мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін деп айта кеттік.

     Жедел мерзімді төлем  мынадай нұсқалар бойынша жүзеге  асырылады: аванстық төлем, яғни  тауар тиелгенге дейін;тауар тиелгеннен  кейін,яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

      Субъектілер: жеке  өздеріне тиесілі ақша қаражатты  (зейнетақы, алимент, жалақы, іс  – сапар шығындары,авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына;  жалақы  төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атың, онда ол орналасқан банктің сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны қөрсетіледі. Байланыс қәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдағы жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжаттары келіп түскеннен кейін төлейді.

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу