Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 20:12, реферат
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады. Есептесу 2 нысанда жүргізіледі:
1. Банк жүйесі арқылы қолма қолсыз ақша аудару жолымен.
2. Қолма-қол ақшамен төлеу түрінде.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.1 Вексельдер арқылы есеп айырысу
1.2 Чектермен есеп айырысу
1.3 Төлем карточкаларымен есеп айрысу
1.4 Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
1.5 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер
3010 - "Банктер несиелері", 3020 - "Банктен тыс мекемелерден берілген несиелер" шоттары — есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;
4120 - "Еншілес серіктестіктерге қарыздар", 4140 - "Тәуелді серіктестіктерге қарыздар", 4130- "Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалрға қарыздар" шоттары — еншілес және тәуелді серіктестіктерге есеп айырысу шотынан қарыздарды өтеуге;
3130 - "Қосылған құн салығы", 3140- "Бюджетпен басқа да есеп айырысулар" шоттары — салықтар бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;
4210 - "Жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша есебі" - жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша қарыз сомасын телегенде;
3110 - "Төленетін ағымдағы табыс салық" - бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.
2..2
Валюта шотындағы қолма-қол
Шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарын пайдаланады және әртүрлі мынадай валюталарда:
а) ұлттық;
б) еркін айырбасталатын (шетелдік басқа валюталарға еркін және ек-теусіз айырбасталатын);
в) тұйық (айырбасталмайтын) валютада (жақын шетел мен дамушы ел-дердің ұлттық валюталары);
г) клиринг валютасында (қарсылама талаптар мен міндеттемелерді өза-ра есепке алу негізінде қолма-қолсыз есеп айырысуға қатысушылар келіскен валютада) операциялар жасайды.
Резиденттер арасындағы жасалатын төлем операцияларының барлығы, нормативтік актілерде қарастырылғаннан басқасы, тек теңге түрінде жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасындағы резиденттер және резидент еместер арасындағы валюталық операциялар Ұлттық банктің нормативті-құқықтық актілерінде, салықпен кеден зандарында, қарастырылғаннан басқа жағдайларда, өкілетті банктер және банктік емес қаржылық мекемелер арқылы жүргізіледі.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық ретту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.
ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 1997 жылгы 2 мамырдағы № 206 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізудің ережесіне" сәйкес валюталық операцияларды жасау үшін заңды және жеке тұлғалар өкілетті банктердің бірінде валюталық шот ашады.
Шотты ашу үшін заңды тұлғалардың тапсыратыны:
5)Салық төлеуші ретінде есепке қойғаны туралы салық органының анықтамасы.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер занды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Заңды тұлғалар — резиденттері өкілетті банктердегі шетелдік валютада және оларды жабуы 2 маусым 2000 жылғы №266 "Қазақстан Республикасының банктердегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртіптері туралы" Нұсқауда қарастырылған болатын.
Занды тұлғалардың өкілетті банктердегі есеп шоттарына қолма-қол ақшасыз тәртіппен келіп түскен шетелдік валюта шектеусіз түрде есепке алынады.
Занды тұлға-резиденттердің экспортталған тауары (қызметі, жұмысы) үшін телем ретінде алған валютасы, 120 күннен аспайтын мерзімді, міндетті түрде банк шоттарына кірістелуі керек.
Заңды түлғалар-резиденттер, резидент еместердің пайдасына төлемдер жүргізген кезде, өкілетті банктерге тиесілі тәртіп бойынша әзірленген құжаттарды (келісімдер, контрактілер, инвеойстар, коносаменттер, т.б.) тапсыруы тиіс. Лицензия немесе бұл бойынша талап Үлттық банкіде тіркелгені женінде куәлік талап етілетін операциялар жүргізілген жағдайда занды тұлға-резиденттері өкілетті банкке тиісті құжаттарын тапсыруы тиіс.
Өкілетті банктер валюталық заңдарды сақтауға байланысты қосымша ақпараттар мен құжаттарды талап етуге құқылы.
Резиденттер мен резидент еместер арасыңдағы операциялар бойынша төлемдер екі жақтың кез келген валюта түріндегі келісімдері бойынша жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместердің өкілетті банктер арқылы жүзеге асырылатын ағымдағы операциялары шектеусіз жүргізіледі.
24 желтоқсан 1996 жылғы "Валютаны реттеу туралы" Зандарына және 31 наурыз 2001 жылғы №88 ҚР ҰБ басқармасының қаулысымен бекітілген "Капитал қозғалысымен байланысты валюталық операцияларын тіркеудің Ережелеріне" сәйкес қаражаттардың резидент еместерден резиденттердің пайдасына кешуін (орын ауыстыруын) қарастыратын капитал қозғалысына байланысты операциялардың есебін жүргізу және ұйымдастырудың тәртібі сол аталған қаулымен белгіленген.
Капитал қозғалысымен байланысты Қазақстан Республикасына келіп түсетін 100 мың АҚШ долларынан астам немесе соған сәйкес басқа валюталық операцияларынан түскен қаражаттар (мүліктерді) міндетті түрде тіркеуге жатады:
-резидент
еместердің төлем ретіңде
Бұл операцияларды тіркеу дегеніміз, ондағы тиесілі келісім-шарттарды тіркеу және әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей, келісім-шарттардың тіркелген тәртібі бойынша нақты қаражат қозғалысы туралы тоқсан сайын мәлімет беріп отыру болып табылады. Занды тұлға-резидент өзінің келісім-шартын тіркеген орны бойынша тіркелген келісімшарттың әрекет ету кезінде болған барлық өзгерістері мең қосымшадары туралы хабарлап отыруға міндетті.
Капитал қозғалысына
байланысты қаражаттардың резидент еместерден
резиденттердің пайдасына кәшуін (орын
алмастыруын) қарастыратын валюталық
операциялардыңтүрлері тәртіп бекітілгенкелесітәртіпбойыншаж
Занды тұлғалар — резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолындд бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс; экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге қаржылықжәрдем (грант) беру; өкілетті банктерден, шетелдікбанктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетеддік зандытұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада (рьшогъінда) теңгеге сатып алынған валюта.
Занды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма-қол ақшасынан резиденттік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін және қызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін занды-тұлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты ұсынады (іс-сапар туралы бұйрық, іс-сапарының шығыстарына жасалған сметасы, жалақы төлеу туралы өтініш т.б.).
Заңды тұлғалар - резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай-ақ қолма қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөзде жарияланады.
Өкілетті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.
Резидент — занды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.
Банк мөрімен (штампымен) және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Қолма-қол валютаны беру
Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен)
рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі
төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған
тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің)
көшірмесі валюталық кіріс
Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару " Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде келтіріліп отьф.
Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 1050 -"Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша" және 1050- "Шет елдердегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" — шоттарында жүргізіледі.
Аталған және басқа да құжаттардың негізіңде банк валюталық шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
Валюталық бақылау. Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.
Валюталық бақылау Қазақстан
Республикасында валюталық
Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Валютамен операциялар жөнінде.гі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жургізілуге тиісті.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Шетел валютасын сатып алу. Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.
Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағамы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.
Заңды тұлға-резиденттердін ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.
Заңцы тұлға - резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.
Занды тұлға-резиденттерге валюталық операциялар бойынша көрсетілген банктік қызмет түрлеріне өкілетті банктер арқылы тараптардың келісімі бойынша ұлттық немесе шетел валютасы түрінде төлемақы алады.
Теңгемен алынған несиелерді (кредиттерді), сондай-ақ олар бойынша пайыздар (проценттер) мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.