Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:37, реферат

Описание

Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1.Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.Вексельдер арқылы есеп айырысу
2.Чектермен есеп айырысу
3.Төлем карточкаларымен есеп айрысу
4.Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
5.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі

2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу

3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.

ІІІ. Қорытын

Қосымшалар

Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Ақша қаражаттары - копия.doc

— 652.00 Кб (Скачать документ)

     Жалақы, уақытша еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем тізімдемесі бойынша тартылады, оның қас бетінде ақша беретін мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтнр қол қояды.

     Банктен ақша алғаннан кейін  үш төрт күн өткенннен соң, кассир төлем тізімдемесіне еңбек ақысы бойынша тиелілі сомасын алмаған адамдардың аты- тегінің тұчына төртабан соғады немесе « Депозитке салынды» деп қолмен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіиіне енгізіледі; тізімдемеде  нақты төленген сома мен депозтке салынуғ тиісті сома жөнінде жазылады.Егер төлемді кассир емес, уәкілдік адам жасайтын болса, төлем тізімдемесінде: « Тізімдеме бойынша  ақша тартқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

      Жазылған касса ордерлері немесе  олардың орнына жүретін құжаттар  кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тіркеуінде тіркеледі,ол кіріс және шығыс касса құжаттарына жеке-жеке ашылады. Онда мыналар көрсетіледі: кіріс және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмері, кассаға түскен және жұмсалған ақшалардың (жалақы, сыйлықтар, стипендиялар, іссапарға төленген жіне де шығыстар)нысыналы мақсаты көрсетіледі.Егер ақша қаражаттарының нысаналы мақсаты туралы деректерді машинограмма түрінде алатын болса, кіріс және шығыс касса құжаттарын тіркеу журналында тек құжаттың толтырыған күні, нөмері мен сомасы көрсетіледі.

   Касса ордерлері бойынша ақшаны  қабылдау мен беру тек олардың  рәсімдеген күнінде ғана жүргізіледі.  Ордерді алған кассир басшы  мен бас бухгалтердің қолдарын; олардың дұрныс рәсімделуін; ордерлерде  көрсетілген қосымшалардың болуын тексеруге міндетті. Операциялар жүргізіліп болғаннан кейін ордерлер кассир қол қояды,ал оған тіркелген қосымша құжаттарға штамп басылады немесе жазуымен: күнін,айы мен жылын көрсете отырып «Алынды» немесе «Төленді» деп белгі соғады.

   Касса оперрацияларының есебін кассир Касса кітабыда жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

    

      Касса кітабының әрбір парағы тең екі бөліктен тұрады. Олардың бірін (көлбеу сызықты) кассир бірінші дана ретінде толтырады және ол кітапта қалады; екінші (көлбеу сызықсыз) көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатың бөлігіне сай клетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағынан көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

     Есеп бланкісі операциялар аяқтанғанға  дейін бір күн бой жыртылмайды.

« Соның  ішінде жалақыға» деген жолдың бойында  ксса бойынша шығысқа есептен  шығарылмаған жалақыға арналған төлем  тізімдемелері бойынша сомасыда көрсетіледі.

     Касса операциялары шағын болса,  онда касса есебі 3-5 күнде бір  рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмері, корреспонденцияланған шоты, сомасы ( кіріс,шығыс) көрсетіледі. Күн сайын жұмыс күннің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді.Өшіруімен ескертілмеген түзетулер енгізілуге кітапта жол берілмейді.Түзіетілулерге кассир мен бас бухгалтердің қолы қойылуы керек.

     Кассирдің есебінде корреспонденциялнатын  шоттарға белгі жасалады, содан  соң оның деректері 1010 - «Кассадағы  ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша»  штының дебеті мен кредиты бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

      Касса бойынша операциялардың, яғни 1010 шоттың кредиты мен дебеті  есебін кассир жүргізеді.Ргеистрлерге  жазулары бухгалтерияға кассир  есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Біріңғай корреспондецияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есептің айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1010 шоттың қалдығына сәйкес келуі тиіс.

      Кассаға ақша кірістелігін кезде  1010- « Кассадағы ұлттық валюта  түріндегі қолма-қол ақша» шоты  дебетеліп- мына төмендегі шоттары  кредиттеледі:

1040- «  Есеп айрысу шотындағы қолма-қол  ақша» шоты- кассаға есеп айырысу  шотынан алынған сомаға;

1250- « Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары» қызметкерлердің есебіндегі сомалар, жалақы, жетпейтін сомалар, талан-таражға түскен сомалар және т.б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар;

6010- «  Дайын өнімдерді ( жұмыстарды,қызметтерді)  сатудан түскен табыс»

6020- «Сатып алынған тауарларды сатудан түскен табыс», 6030 - « Басқа табыстар» шоттары материалдар, жұмыстар мен қызметтер үшін қолма-қол ақша мен есеп айырысқан кезінде.

    Кассадан ақшар берілген кезде  1010-шоты кредиттеледі және мына  төмендегі шоттары дебеттеледі:

4230- «  Персоналдармен еңбек ақысы бойынша  есеп айырысу» шоты – кәсіп  орын қызметкерлеріне берілген  еңбек ақысының сомасына;

1250 -  « Қызметкерлер мен басқада  адамдардың қарыздары» шоты- кәсіаорын  қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға;

1040- «  Есеп айырысу шотындағы нақты  ақша» шоты- кәсіпорнының есеп  айырысу шотына өткізілген, депозтке  салынғн жалақы және басқа  да түсімінің сомасына.

    «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі. Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1020- « Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» шотын ашады.Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мұндай:

Кіріс және шығыс касса ордерлерінде, касса кітабында қаражатта сомалары шете лвалюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі. Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізіген кезінде жеке машиногромалардың және басқа да есеп регитрлерінің жүргізілуі мүмкін.

    Валюта түскен кезде 1020- шоты  дебеттеледі де және мына төмендегі  шоттар кредиттеледі:

1050 - «  Ел ішіндегі валюталық шоттағы  қорлма-қол ақша» шоты –валюта  шотынан валюта түскен кезде;

1210- «  Алынуға тиісті қарыздар» шоты- кассаға алынған валюта түімнің сомасына;

6250- «   Бағам айырмашылығынан түскен  табыс» шоты- тиісті шетел валюталарына  қатысты теңге бағымынының құлдырайы  жағадйындағы бағам айырмашылықтарының  сомасына;

1250- «  Қызметкерлер мен басқа да  адамрадың қарыздары» шоты-есеп бертін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

     Валюта кассасынан валюта берген  кезде- 1020- шот крелиттеледі және  мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

1250- «  Қызметкерлер мен басқа да  адамдардың қарыздары» шоты- есебіне  берліген шетел валютасының сомасына;

1050- « Ел ішіндегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша» шоты- валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

7430 - «  Бағам айырмашылығы бойыншы шығыстар»  шоты- тиісті валюталарға қатысты  теңге бағымының көтерілуі нәтижесінде  болған бағам айырмашылықтары сомасына.

    Ақша операциялық кассаға түскен  кезде 1010- « Операциялық кассадағы  қолма-қол ақша» аралық шоты  дебеттеледі және мына шоттар  кредиттеледі;

6010- «Дайын  өнімдер ( жұмыстарджы, қызметтерді  ) сатудан түскен кіріс»;

6010- «Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтернінен түскен табыс» шоттары жіне басқа да шоттар- кассаға алынған түсімнің сомасына;

2110- «Алынуға  тиісті қарыздар» шоты- сатып  алушылар мен тапсырыс берушілердің  кассаға талынға сомаға.

    Кәсіпорын кассасына түскен түсімді өткізгенде – 1010 шоты дебеттеледі де, ал 1010 шотының « Операциялық кассадағы қолма-қол ақша» субшоты кредиттеледі.            

    Кәсіпорынның нөмесе жеке кәсіпкердің қолма-қол ақша нысанында түсе-

тін  табыстарын фис-кальды жады бар бақылау - касса машинасын (бұдан

әрі - БКМ)қолдану  арқылы тіркеу және сатып алушыға БКМ бақылау чегін бе-

ру арқылы тауар  немесе қызмет құнының төлену фактісін растау қажеттілігі

туралы баршаға  белгілі.Бұл ретте қолма-қол ақшаны қабылдау тауар сатып

алу немесе тұтынушы  қандай да бір қызметті төлеген кезде дұкөнде жүр-

гізілсе, аталған  түсімдерді  БКМ арқылы өткізу қажеттілігі туралы мәселе

 туындамайды.  Сұрақтар стандарттан тыс жағдайларда  туындайды, айталық,

 кәсіпорынның  кассасына тікөлей дебиторлық берешек төленөді немесе кас-

 саға жарғылық капиталға салым ретін-де қолма-қол ақша сомасы енгізілді

делік. Басқа  да жағдайлар туындайды. 

 

          

            2.1  Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі 

     Банккі шоттары теңгемен де, шетелдік  валютасымен де ашылуы да мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауға, оның өзіне немесе үшінші иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға ( жактарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін қөрсетуге өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәлеметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және олардың төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

     Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты (мұның үлгісі төменде келтіріліп); клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төмендн келтірілген); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған  құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.

      Банкте  жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер  салымдарды салушылардан қабылдауға  келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері  мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және  келісілген  жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

      Егер  де банкте шот иесінің  пайдасына  жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім шартта қарастырылғаны жөн.

          Банктегі шоттардың көшірмесін  беру келісім-шартқа сәкес банктер  арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттырының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жумсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан республикасының заңына сәйкес , шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банктегі есепшоттары бойынша операциялардың жағ\ңартылуы осы шешімдерді ( қаулыларды) қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

      Жаңалавн ашылатын заңды тұлғалар  Қазақстан республикасының заңына  сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс; ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

Информация о работе Ақша қаражаты, құнды қағаздар, ақшалы құжаттар мен қатаң түрдегі есеп беру бланкілерді түгендеу