Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:37, реферат
Нарықтық экономикада кәсіпорындар арасында еңбек құралдары мен заттарын сатып алу, өнімдерді, жұмыстар мен қызметкерді сату жөніндегі мәмілелер тұрақты түрде, жасалып отырады.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Ақша қаражатының жалпы сипаттамасы.Есеп айырысу нысандары.
1.Вексельдер арқылы есеп айырысу
2.Чектермен есеп айырысу
3.Төлем карточкаларымен есеп айрысу
4.Төлем талап – тапсырмалары арқылы есеп айырысу
5.Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу
2. Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі
2.1 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
2.2 Валюта шотындағы қолма-қол ақшаның есебі
3. Ақша қаржысы,құнды қағаздардың және қатаң есеп берудің бланкілерін түгендеу
3.1 Ақшалай қаражат қозғалысын іштей бақылау және ақшалай қаражаттарды түгендеу
3.2 Құнды қағаздар
3.3 Қатаң есеп беру бланкілерінің есебі.
ІІІ. Қорытын
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер
Занды тұлғалар — резидент еместермен шетел валютасында есеп айырысулар олардың есеп шоттарындағы қолындд бар валюталық қаражаттарының шегінде қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады. Валюталық қаражаттардың шығу тегі жариялы болуы және келесі көздерден заңды түрде алынуы тиіс; экспорттық валюталық түсім; жарғылық капиталға төленетін жарналар; резидент еместерге қаржылықжәрдем (грант) беру; өкілетті банктерден, шетелдікбанктерден, қаржылық мекемелерден және басқа шетеддік зандытұлғалардан алынатын несиелер, сондай-ақ жеке тұлғалар-резидент еместер берген қарыздар; өкілетті банктер және айырбас пунктері арқылы ішкі саудада (рьшогъінда) теңгеге сатып алынған валюта.
Занды тұлға резиденттерінің банк шоттарында шетелдік валютасында қолма-қол ақшасынан резиденттік емес еңбеккерлеріне жалақы төлеу үшін және қызмет бабы бойынша еңбеккерлердің шетелдік іс-сапарларға шығуына байланысты кеткен шығыстарын жабуға алынуы мүмкін. Осы қаражатты алу үшін занды-тұлға резиденттері өкілетті банкісіне тиісті дәрежеде рәсімделген құжатты ұсынады (іс-сапар туралы бұйрық, іс-сапарының шығыстарына жасалған сметасы, жалақы төлеу туралы өтініш т.б.).
Заңды тұлғалар - резиденттердің үшінші жақтар үшін контракт бойынша ақы төлеу валюталық операцияларына, сондай-ақ қолма қол ақша түрінде есеп айырысуларына тыйым салынады. Салық салудың ресми деңгейін Ұлттық банкінің бағамдық негізінде анықталған деңгейінде алынады және ол баспасөзде жарияланады.
Өкілетті банктер мен айырбас пунктері арқылы шетел валюталарын алып-сату арқылы екі жақты мәмілелер кезінде сатып алушылар мен сатушылардың өз беттерінше анықтаған бағамдық деңгейін алуға құқылы.
Резидент — занды тұлғалар ішкі валюталық нарығында шетелдік валютаны және тек резидент еместермен есеп айырысу үшін шетел валютасында несие алуына болады және шетел валютасында банкіден алған несие бойынша міндеттемелерін орындайды. Шетел валютасында несиелер қолма қол ақшасыз тәртіппен беріледі.
Банк мөрімен (штампымен) және кассирдің, орындаушы мен бақылаушының қойған қолдарымен куәландырылған банктік валюталық кіріс ордері валюталық шығыс касса ордерін толтыру үшін негіз болып табылады.
Қолма-қол
валютаны беру Тапсырмамен (валюталық
шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның
толтырылған үлгісі төменде келтіріліп
отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық
шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық
кіріс касса ордерін жазу үшін негіз
болып табылады.
Шетелдердегі бенефициарға (алушыға) валюта қаражаттарын аудару " Аударуға берілетін өтінішті" жазу арқылы рәсімделеді, ол төменде келтіріліп отьф.
Валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 1050 -"Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша" және 1050- "Шет елдердегі валюталық шоттағы қолма-қол ақша" — шоттарында жүргізіледі.
Аталған және басқа да құжаттардың негізіңде банк валюталық шотының бет есебіне тиісті жазуын жазады, ал оның көшірмесі кәсіпорынға жіберіледі.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының қалдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
Валюталық бақылау. Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.
Валюталық
бақылау Қазақстан
Қазақстан
Республикасының заңына сай валютаны
ретке келтіру міндеттерін
Алған
лицензияларына сәйкес операциялар
жүргізген кезде валюталық
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Валютамен операциялар жөнінде.гі бухгалтерлік есептегі жазулар бухгалтерлік есептің шоттарында операция жасалған күнгі Ұлттық банктің бағамына қайта есептелген ҚР-ның валютасында көрсетілуге тиіс. Бұған қоса, валюталық шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы туралы және шетелдік валютадағы басқа операциялар бойынша талдамалы шоттағы жазулар сонымен бірге есеп айырысу немесе төлем валютасында жургізілуге тиісті.
Қазақстан
Республикасында валюталық
Шетел валютасын сатып алу. Занды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.
Заңды
тұлға-резиденттер шетел
Заңды тұлға-резиденттердін ішкі валюталық саудада сатып алған шетел валютасы резидент емеске немесе валютаның заңды тұлғаның есепшотына қосылған күннен бастап, отыз күннің ішінде өкілеттік банкке аударылуы тиіс.
Заңцы тұлға - резидент толықтай немесе жартылай сатып алған шетел валютасын отыз күннің мерзімі өткенше пайдаланбаса, онда ол ішкі валюталық саудада міндетті түрде сатылады.
Занды
тұлға-резиденттерге валюталық
Теңгемен алынған несиелерді (кредиттерді), сондай-ақ олар бойынша пайыздар (проценттер) мен басқа да төлемдердің шетел валютасымен орнын жабуға тыйым салынады.
Тауарлар экспорті төлем, сондай-ақ несие (кредит) немесе инвестиция ретінде занды тұлғалар-резиденттер арқылы алынған болса, онда ол осы резиденттің 24 наурыз 1997 жылғы №130 шетел валютасын пайдалануға байланысты қызметін лицензиялау тәртібі туралы Ережеге сәйкес өкілетті банкілер арқылы төлем жасалынады.
Занды тұлға – резиденттер пайдасына тарту, қайырымдылық-жәрдем жасау, қайырымдылық жарналар және басқада түсімдер ретіндегі түскен шетел валютасы олардың өкілетті банкілері арқылы төленеді,
Өкілетті
банкілерден шетел валютасың
сатып алған кезде келесі шоттар
корреспонденциясы қарастырылады.
|
1050 шоты бойынша жазбалар есеп айырысу шотындағы жазбаларға сәйкес жазылады.
1050 шотының дебеті келесі шоттардың кредитімен корреспоңден-цияланады:
1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша» - валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасына;
1210 «Алынуға тиісті борыштар» - тиелген өнім қолма-қол ақша валюталық кассадан валюталық шотқа өткізілген валютаның сомасы;
6250 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» - шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өсуінің нәтижесінде пайда болған оң бағам айырмашылығына сомасына 1050 шотының кредиті келесідей шоттардың дебетімен корреспондецияланады:
1020 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты ақша» - валюталық шоттан валюталық кассаға алынған валютаның сомасына барабар;
4110 «Жабдықтаушылармен және мердәгерлермен есеп айырысу» - жеткізілген материалдық қорлар, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет үшін шетелдік фирмалардың (шот фактурлары) инвойсы төленеді;
7410
«Бағам айырмашылығы бойынша шыққан шығыс»
- шетелдік валютаның ұлттық валютаға
қатысты бағамның төмендеуінің нәтижесінде
пайда болған теріс бағам айырмашылығының
сомасына.
1. Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және қатаң есеп берудің бланкілерін түгелдеу
Кассаны түгелдеу кезінде қассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды
Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметгерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.
Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарыіі түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.
Жол үстіндегі ақша қаража.тарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссарторларынатүсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатар олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме (авизо) деректерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.