Ақша теориялары және олардың дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Ноября 2011 в 12:50, реферат

Описание

Әр түрлі кезеңде жетілдірілген ақша теориясы мен ақша айналымын зерттеу ақша-кредиттік механизмі және экономиканың қаржы құралы ретінде жетілдіру тұрғысынан мүдделі, сондықтан ақша теориясының дамуы іргелі тарихи кезеңдерді зерттеуі қажет.
Ақша теориясында үш негізгі бағыт бөліп көрсетіледі: ақшаның металдық теориясы, номиналистік және сандық.

Работа состоит из  1 файл

Ақша теориялары және олардың дамуы.docx

— 26.89 Кб (Скачать документ)

       - ақша көрсеткіштері мен өндірістің  нақты факторлары арасындағы  өзгерістерінен туындайтын шығындарға  байланысты экономиканы реттеудің  мемлекеттік шараларының болымсыздығы туралы ереже;

       - цикл фазасына, шаруашылық күйінен  тәуелсіз түрде айналымдағы ақша  салмағының жылына бірнеше пайызға  өзінен-өзі арту ісіне байланысты  «монетарлық ереже»;

       -Сыртқы  экономикалық тұрақтылықтың «өзін- өзі реттеуіне» арналған «еркін жүзген» валюта курстарының жүйесі.

       М.Фридменнің «Ақшаның сандық теориясы бойынша зерттеулер»  кітабында көрініс тапқан жоғарыдағы ережелердің барлығы дамыған  елдерде, алдымен АҚШ-та,Англияда,  сондай-ақ социалистік елдер болып  табылған – Венгрияда, Польшада, Чехияда  т.б. экономиканы көркейту мақсатында жасалған экономикалық ақша-кредит саясаттарында  пайдаланылған.

       90-жылдарда  жүргізілген экономикалық саясат, инфляциямен күрес, социалистік  құрылым салдарын жеңіп шығу  барысында Қазақстан монетаристік саясатты ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, қолданды. Осы елдердің тәжірибесі монетаристік теорияның ғылыми негізі дұрыс болғанын, қазіргі экономиканың даму талаптарына толық сәйкестігін дәлелдеді.

       М.Фридмен  сандық теорияның ақша сұранысы теориясы екендігіне басты назар аударады, ал соңғысы – капитал теориясы тарауларының бірі. Ақша массасының нақты көлемі сатып алынатындай болып танылатын тауарлар мен қызметтердің көлемінен білінеді, яғни бұл жағдай ақша сұранысына байланысты.Бұл жерде ақшаның номиналды санының азаюы қоғам байлығының артуына себепкер болады ма?- деген сұрақ туады. Алғашқы нәтижелер қатарына бағаның бірқалыпты төмендеуі, табыстың арту көрінісі болуы мүмкін. Алайда, ақша массасының азаюы белгілі бір шекке жетіп, ақша тапшылығы мен өндіріс ресурстарының азаюына әкеліп соқтырады. М.Фридмен ақша салмағы мен бағалардың тиімді арақатынасы болу үшін кредит пен пайыз ақыны қосып көрсетеді. Сонымен, ол төмендегідей қорытынды жасайды: ақшаның тиімті саны, баға дефляциясының екпіні номиналды пайыз ақыны нөлге келтіргенде жетіледі. Ақша айналымының теңдігі қалпына келеді.

       Монетаризм, ақша сұранысы қызметін экономиканы  сараптау барысында ақша табысы мен  баға деңгейі сияқты шамаларды анықтау  үшін маңызды рөл атқаратын құрал ретінде қарастырады.Аталған жағдай тауарлар мен қызметтердің сұранысына емес, ақша сұранысына назар аударуға мәжбүр етеді.

       М.Фридмен  тиімді ақша мөлшерін бірқалыпты ұстау  үшін банктің міндетті қорларын қолдануды  ұсынады, бұл банктердіңарасындағы бәсекеге жеткізеді.Бәсекелестік негізінде  депозиттік және кредиттік пайыздар деңгейі белгіленеді. Экономикалық өсу жағдайында міндетті қорлану  нормаларының азаюы, қосымша қаржылар ақша қорларын кредиттеу үшін қосылуы  мүмкін. Банктердің қорларды азайтуға табиғи ұмтылысы қоғамға депозиттер арқылы өскен пайыздарды қайтару негізінде пайда әкеледі.

       Монетаристердің пікірінше, өсімін бақылауда ұстауды  қажет ететін ақшаның массасына  банктен тыс ақша, мерзімді және талап етілмелі депозиттер кіреді.

       Экономикалық  өсу жағдайында міндетті резервілеу нормаларының төмендеуі, қағаз ақша қорын кредиттеу үшін қосымша  ресурстар құйылу мүмкіндігі туындайды. Банктердің инфляцияны жасанда түрде  басуға ұмтылысы өсім пайызы бар депозиттер бойынша кредит беру түріндегіқоғамға тигізер пайдасы бар.

       Монетаристердің пікірінше, өсіиді бақылауда ұстаудың қажеттілі бар ақша массасының құрамына банктен тыс қағаз ақша мен  депозиттер кіреді.

       Ақша  массасы өсімінің тұрақтылығы ақырында баға өсіиінің тұрақтауына әкеледі. Жасанды түрде тоқтатылған инфляция өте қауіпті. Бұл жағдай нарық жүйесінің қызметіне кедеогі жасап, еркін кәсіпкерлік жүйесін қиратады.

       М.Фридмен  экономикалық саясатта екі тараптың- фискальды және ақшалы- қарама-қайшы бірлігін қарастырады, ол пайызды мөлшерлемені, валюта курсын және т.б. мемлекет бекітуінің уақытшы тиімділігін баса көрсетеді.

       Монетарлық  саясатты ұстанған кезде- М.Фридменше- қаржы органдар бақылау мүмкіншілігі бар параметрлерді қарау қажет. Бақылау мүмкіншілігі бар әр түрлі параметрлер ішінде ақша ауыстыру курсы, әр түрлі көрсеткіштермен тапсырылатын баға деңгейі және айналымдағы жалпы ақша көлемі ең тартымды болып табылады.

       ҚР  Ұлттық банктің 1994-1995 жж. жүргізген  экономикалық саясатында гиперинфляциямен күресу және макроэкономиканы тұрақтандыру үшін монетарлық теорияның негізгі қағидаларын, оның ішінде ақшалы және тауарлы массаларды және МV=PQ формуласын тең ұстанды.

       Басқаша айтқанда, ол айналымдағы ақша массасын барынша көп қысу жолымен, тауарлар мен қызметтер массаларына сәйкестендірді. Ақша массасын қысу айналымдағы жоғары кредиттік мөлшерлемені, банктің  міндетті қорларын және т.б. қолдану  арқылы ақша эмиссиясын қатаң бақылауға  алу әдісімен жүзеге асырылады. 
 
 
 
 
 

Информация о работе Ақша теориялары және олардың дамуы