Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:44, курсовая работа
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық принциптерді басшылықа алу керек. Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже – 1006. Халықаралық комерциялық банктердің аудиті.
Аудиттің халықаралық іс - тәжірибесі бойынша ереже –1008. Тәуеклділікті бағалау және ішкі бақылау жүйесі – компьютерлік ақпарат жүйесі мен осыған байланысты мәселелердің сипаттамасы.
Аудиттің пайда болуы
Аудит термин осыдан екі мың жыл бұрын «аудио» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе « естуші» дегенді білдіреді.
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клинттің нормативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын бақылауда үлкен мән беріледі. Компаниялардың қызмет нәтижелері және олардың заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз растауы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестеріне қажет.
Бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырды:
- ақпарат жасаушылардың және пайдаланушылардың мүдделерінің қабыспауы, яғни сәйкеспеуі ақпараттың объективті болмауына әкеп соқтыруы мүмкін;
- объективті емес ақпараттарға негізделген шаруашылық шешімдерді қабылдау жағымсыз экономикалық салдарды тудыруы ықтимал;
- алынған ақпараттың шындыққа жанасымдылығын бағалау немесе тексеру үшін фирманың пайдаланушыларында жоқ арнайы білім болуы қажет;
- компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқжат.
Қателер мен алаяқтық, олардың елеулігін бағалау
Елеулік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .
Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.
Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есепшоттардың сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.
Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).
Әдебиет
Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 138-140 б.
Аудиторлық тәуекелділік
Бухгалтерлік стандарттар бойынша комитет әзірлеген «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынудың негіздерінде» « елеулік» ұғымына былайша анықтама берілген: «Егер ақпаратқа рұқсатнама беріліп, тиісті жеріне жөнелтілгенде пайдаланушының қаржылық есеп беруінің негізінде қабылдайтын экономикалық шешіміне әсерін тигізетін болса немесе ақпараттың бұрмаланып көрсетілуі пайдаланушының экономикалық шешіміне зиянын тигізіп жатса, онда мұндай мұндай ақпарат елеулі деп саналады. Елеулік баптардың немесе қателіктердің шамасына байланысты болады әрі соған орай белгілі бір жағдайларда олардың рұқсатнамасына (пропуск) немесе бұрмалауына қатысыт уәжіп-пікір қабылданады. Яғни, елеулік көбінесе есеп берудің табалдырығын немесе межесін (нүктесін) көрсетеді және қандай да ббір пайдасын тигізетін ақпаратқа ие болатын сипаттамасы жоқ» .
Елеулі белгілерді бағалау кәсіби пікірдің мазмұның білдіреді. Тексерудің жоспарын жасау барысында аудитор сандық қатынастағы елеулі бұрмаларды анықтау мақсатында елеуліктің қолайлы деңгейін белгілейді.
Жоспарлау кезеңінде аудитор қаржылық есептемелерде елеулі бұрмаланған ақпараттарды тудыратын сәттерді де қарастырады. Нақты есепшоттардың сальдосымен жә»не операциялардың кластарымен байланысты елеуліктің аудиторлық бағалауы, мысалы, қандай баптарды зерттеу қажет, іріктемелерді пайдалану керек пе, әлде талдамалы процедураларды пайдаланған дұрыс па, міне осындай мәселелерге қатысты аудитордың бір шешімге келуіне септігін тигізеді. Бұл қолайлы деңгейге дейін аудиторлық тәуекелдікті кемітетін аудиторлық процедураларды таңдап алуына мүмкіндік береді.
Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктін арасында кері байланыс болады, яғни елеуліктін деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын аудиторлық тәуекелдіктің деңгейі соғұрлым төмен немесе осыған керісінше болады. Елеулік пен аудиторлық тәуекелдіктің арасындағы кері байланысы аудитор аудиторлық процедураның сипатын, орындалу мерзімін және көлемін анықтау барысында назарға алады (ХАС 320 «Аудиттегі елеулік»).
Қаржылық есептемелердің аудитімен бірқатар тәуекелдік аспекетілері тікелей байланысты. Тәуекелдіктің негізгі екі түрі болады: аудиторлық тәуекелдік және бизнес (аудитордың немесе оның фирмасының) тәуекелділігі.
Аудиторлық тәуекелдіктің мағынасын былай түсіндіруге болады: аудитор қаржылық есептілік дұрыс жасалған деген қорытындыға келеді, осының негізінде аудиторлық қорытындыға пікір-ескертпе айтылмайды, яғни пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді, ал шындығына келгенде – қаржылық есептіліктің елеулі ақауы болады.
Бизнес тәуекелдігінің мағынасы мынаған саяды: клиентке ұсынылған аудиторлық қорытынды әділ жасалса да, аудитор немесе аудиторлық фирма клиентпен арадағы өзара қарым-қатынасында сәтсіздікке ұрынады. Бизнес тәуекелділігін бақылаудағы басты фактор аудиторлық тәуекелділіктің деңгейін мұқият анықтау болып табылады. Аудиторлық тәуекелділікті бағалаудың негізгі екі әдісі бөліп көрсетіледі:
а) бағалаушылық (интуициялық, яғни түйсіктік);
ә) сандық.
Арнайы әдебиеттерде сипатталған аудиторлық тәуекелдіктің үлгісі (моделі) SAS 47 (ол SAS 39 ( аудиттің іріктеу әдісі туралы) ережесіне және тәуекелдіктің елеулігіне негізделеді). Аудиторлық тәуекелдіктің алдын ала үлгісі мындай формада болуы ықтималы:
DAR = IR · CR ·DR,
мұнда DAR – қолайлы аудиторлық тәуекелдік (Desired audit risk);
IR – шаруашылық ішіндег ітәуекелдік (Internet risk);
CR – бақылау тәуекелдігі (Control risk);
DR – табылмау тәуекелдігі, яғни байқамай қалу қатері (Detektion risk).
Осы келтірілген үлгіге кіретін аудиторлық тәекелдік түрлерінің ерекшеліктерін қарастырайық.
1. Қолайлы аудиторлық тәуекелділік (DAR)- аудит аяқталғаннан кейін қаржылық есептемеде елеулі қателіктердің барын және стандартты аудиторолық пікір-ескертпесіз (пікірдің шынайылығына күмән келтірмейді) білдірілгенін аудитор мойындауға әзірлік шарасы.
2. Шаруашылық ішіндегі тәуекелділік (IR) – сегментте қателіктің барын және бұл қателіктің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесінің тексеруінде рұқсат етілген деңгейдегі шаманы тыс (артық) екенің аудитордың болжау шарасы.
3. Бақылау тәуекелдігі (CR) – сегменттегі шамадан тыс қателік клиенттің шаруашылық ішіндегі бақылау жүйесіндетабылмайтын және жойылмайтыны аудитордың болжау шарасы.
Әдебиет
Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005.– 139-144 б.
Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика,2004.– 133-150 б.
Аудиторлық дәлелдеулер
Әдіс кең мағынада нақты өмір шындығын, табиғи және қоғамдық құбылыстарды немесе шындықты белгілеу мен ғылыми таным жолын зерделеудің тәсілдемелік әдістерін білдіреді. әдетте жиі қолданатын ғылыми таным әдістері баршаға ортақ жалпы ғылыми және нақты ғылыми деп бөлінеді.
Маңыздырақ болып табылатын таным тәсілінің барлық ғылым салаларына әмбебап пен зерттеудің түрлі кезкңдерінде қолданылатын материалистік диалектика әдісі жатқызылып жүр. Әр білім саласындағы диалектикалық әдіс жиынтығында ғылымның әдістік негізін қалыптастырылған зерттеудің бірқатар жеке әдістері арқылы көрінеді.
Аудиттің жалпы және ерекше әдіснамасы бөліп көрсетіледі.
Аудиттің жалпы әдіснамасы табитғаттың, қоғамның және қоршағае ортаның даму заңдылықтарын зерттейтін диалектиканың және жалпы ғылыми таным теориясының принциптер жиынтығын білдіреді.
Аудиттің ерекше әдіснамасы экономикалық ғылымның заңдарына негізделіп, бір жағынан, теориялық қорытындылар мен принциптерден, ал екінші жағынан – оны зерттеудің қолданбалы әдістерінен көрінеді.
Аудиттің ерекше әдіснамасы – бұл талдамалы-бақылау, экономикалық және заң ғылымдарының теориясы мен практикасының жетістіктері негізінде әзірленген нақты құбылыстар мен процестерді зерттейдің әдістері мен тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелері. Олар аудиттің белгілі бір нәтижелерінің жетістіктеріне, зерделеу көлеміне, мақсатты функцияларына және ғылым мен практика салаларына сәйкес қолданылатын знрттеудің жалпы ғылыми әдістерімен олардың өзара байланысына қарай қалыптасты.
Тексеруге бел бұған, яғни тексеруге шешім қабылдаған аудитор зерттеу объектісі туралы шындыққа жанасымды айғақтарды алудың әр түрлі әдістерін таңдай алады. Бизнестің аудиті мен талдауын жүргізу барысында тексеруді жүргізудің мынадай арнайы әдістердің, тәсілдердің және процедура топтарын кеңінен қолдана алады:
Нақты бақылау тәсілдері: тексеру, зерттеу, түгендеу, бақылап жіберу, лабораториялық талдау, сараптау бағасы, нақты объектілерді тексеру және т.б.
Айғақтарды құжаттық тексерулер әдістері, оның ішінде, деректемелерді формалдық тексеру, құжаттарда көрініс тапқан операциялар мен фактілердің мәні бойынша бағалауларын тексеру.
Қадағалау тәсілдері: жаппай , тұтастай, іріктемелі, визуальды және тікелей.
Жауап алу тәсілдері: ауызша, анкеталық, корреспонденттік, өзін-өзі тіркеу және т.б.
Операциялармен міндеттемелердің шынайылығын тексеру тәсілдері: құжаттық растау, кезікпе тексеру, өзара тексеру, бақылау мақсатында салыстыру, сканерлеу және т.б.
Сандық параметрлерді нақтылау тәсілдері: өлшеу, салмақтау, қайта есептеу, салыстырып тексеру және т.б.
Талдамалы процедуралары: іздестіру, жоспарлы, шолу, елеулі, перспективалық, оперативті, ағымдық, диалностикалық және т.б.
Аудитте және қаржылық-экономикалық талдауда қолданылатын әдістерді жіктеу тәсілдемесі оларды мына қосалқы жүйелерде топтастыруға мүмкіндік береді: техникалық, талдамалы-есептік, құжаттық, қорытындылаушы және нақты бақылау. Олардың әрбіреуінің өз ерекшкліктері мен пайдаланатын салалары бар. Атап айтқанда:
техникалық тәсілдің қосалқы жүйесі талдамалы-бақылау міндетін шешу үшін қажетті бастапқы ақпараттарды алу, тексеру және дайындау барысында қолданылады;
талдамалы-есептік тәсілдің қосалқы жүйесі экономикалық талдау, талдамалы тексеру, статистикалық және экономикалық-математикалық әдістердің дәстүрлі және арнайы тәсілдері;
құжаттық тәсілдер ақпараттық модельдеуді, нормативті-құқықтық реттеуді, тексеруді зерттеу объектісі туралы есептік деректерді бақылаумен талдауды жүзеге асыру;
қорытындылау тәсілі жиынтық есеп берулермен баланыстарды жасауда, кешенді бағалауларды жүргізуде және ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуде олардың қорытындыларын зерттеу мен қалыптастырудың логикалық және синтетикалық тәсілдерімен бірге пайдаланылады;
нақты бақылау тәсілдері белгіленген тәсілдердің тексеріп қарау арқылы алынған мәліметтер бойынша оның нақты жағдайын зерделеуде қолданылады.
Айғақтарды алу үшін аудитордың сараптау. Қадағалау, сұрау, растау, тәуелсіз операциялық тестер мен сәйкестікке орай тестер, инспекция, есептеу, талдамалы тексеру және т.б. бақылау тәсілдерінің технологиялары туралы нақты түсініктері болуы керек.
Талдамалы процедураларды аудитті жоспарлауда да, процестік және кезеңдік тексерулерде де қолданады. Бизнестің аудитінде қаржылық-экономикалық талдау процедуралары мына түрде орындалады:
аудиторлық тексерулердің бағдарламаларын жоспарлау мен әзірлеу кезеңіндегі іздестірушілік жоспарлы және шолушылық талдау;
шаруашылық операциялар үшін есеп пен ішкі бақылау жағдайын тексеру барысындағы жүйелі, елеулі және функциональдық талдау;
дайындап-жабдықтау, өндіріс және қаржылық өткізу қызметтерінің оперативті, ағымдық және перспективті талдауы;
бизнес тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне әсер ететін факторларды зерттеу және қаржылық есеп берулерді тексеру кезеңдеріндегі ұйымдық, функционалдық және процестік талдау;
бизнесті басқару мен оның тиімділігін арттыру жүйелерін жетілдерудің жағдайы мен келешегін арнайы, толық, тақырыптық, локальды және кешенді талдау.
Талдамалы процедуралары жай саластырудан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметен кешенді талдаудың қүрделі экономикалық-математикалық үлгісіне дейін өзара байланысты көптеген факторларда әр түрлі болуы мүмкін.