Аудит

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 13:44, курсовая работа

Описание

Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық принциптерді басшылықа алу керек. Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.

Работа состоит из  1 файл

Аудит Тусиниги (1).doc

— 239.50 Кб (Скачать документ)

Ең алдымен, аудит бағдарламасына сай Бас кітаптің мәліметтеріне баланс көрсеткіштерінің сәкестігі зияткерлік меншік объектілерінің бар екндігі және оның жағдайы, алу фактісін растайтын материалдық емес активтердің қабылдау-тапсыру актілері, бұл объектілер сипатталған немесе кесімді белгіленген жердегі ақпарат көздері мен өзге құжаттар тексеріледі.

Объектілерді кәсіпорынның пайдалануына жарамды жағдайға келтттіруге қажетті шығындар көлемін айқындаудың аңықтығы мен материалдық емес активтердің құн бағалаудың дұрыстығын айқындау керек. Аудитор материалдық емес активтердің алғашқы бағалаудың әр түрлі тәсілдермен анықталатындығын ескергені жөн:

жарғы капиталына санаткерлік меншік салынған жағдайда тараптардың келісімдері бойынша;

бұл объектілерді иелікке алу мен дайын жағдайға келтіру бойынша нақты шығындарға негізделе отырып;

басқа кәсіпорындардан және тұлғалардан өтеусіз алу күйінде сараптама жолымен.

Негізгі құралдардың қолда барының, сақталуы және пайдалану аудиті бағдарламасының құрамдас элементтері болып келесі тексерістер табылады:

негізгі құралдардың бар болуын сипаттайтын баланс баптарының Бас кітаптың мәліметтерімен сәйкестігі;

негізгі құралдардың қолда бары мен сақталуы;

негізгі құралдарға жатқызудың, оларды жіктеу бойынша топтастырудың, өндірістік процеске қатыстылығы;

негізгі құралдардың түсуі мен істен шыгуы жөніндегі операциялардың есебінде бағалаудың, ресімдеудің және көрсетудің дәлдігі;

негізгі құралдардың тозуы мен жөндеуін есептеу мен көрсетудің мақсатқа сәйкестігі;

бухгалтерлік есеп пен есептілік регистрлерінде негізгі құралдардың бар болуы мен қозғалысы туралы мәліметтерді дұрыс көрсетудің жүйелігі.

Негізгі құралдардың аудитінің негізгі процедуралары:

Бас кітаптағы мәліметтермен баланс көрсеткіштерінің сәйкестігін тексеру;

негізгі қаражаттардың синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру;

эксплуатациялау мен сақтау орындарындағы негізгі қаражаттардың болуы мен сақталуын бақылауды қамтамасыз етуді тексеру;

негізгі қаражаттар қозғалысы бойынша бастапқы кірістерді рәсімдеудің дұрыстығын тексеру;

негізгі қаражаттардың жіктелуін жүзеге асырудың дұрыстығын тексеру;

негізгі қаражаттарды бағалау мен қайта баға берудің дұрыстығын тексеру;

негізгі қаражаттарды кірістірудің дұрыстығын тексеру;

есепте тозудың дұрыс көрсетілуін тексеру;

жөндеуге шығындардың негізделгендігін тексеру және олардың шоттарда дұрыс көрсетілуі;

жалға беру бойынша операциялары мен жалға беру төлемінің шоттарда көрсетілуі және дұрыс есеп айырысуын тексеру;

есепте негізгі қаражаттардың кетуінің дұрыс көрсетілуін тексеру;

негізгі қаражаттарға қатысты салық есебінің дұрыстығын тексеру.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Материалдық емес активтердің аудиті.

2 Негізгі құрал – жабдықтардың аудиті.

3 Аудит жүргізгенде тексерілетін негізгі аудиторлық тұжырымдар.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 373-392 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 172-185 б.

 

Міндеттемелер мен капиталтардың аудиті

Капиталдардың аудиті. Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті. Басқа да кредиторлық қарыздар аудиті.

Әрекетін қамтамасыз ету үшін субъекті құру кезінде қатысушылардың мүлікке салымдарының жиынтығы болып табылатын жарғылық капитал меншік капиталдың (МК) негізгі элементі болып табылады.

ЖК тексерудің негізгі процедуралары:

ЖК қалыптасуының дұрыстығын тексеру (құрылтай келісім, заң);

құрылтайшылар салымдарының уақытында және толықтығын тексеру;

ЖК өзгеоуінің негізделгендігін және оны уақытында құрылтай құжаттарына енгізілуін тексеру;

мүлікті және салым ретінде енгізілген басқа мүліктік құқықтарды түгендеу;

әрекеттегі заңдар жиынтығымен салыстыру бойынша ЖК есебінде анықталған ауытқуларды жою бойынша ұсыныстарды дайындау және негіздеу.

ЖК аудитінің негізгі сатысы – бұл қалыптасудың дұрыстығын тексеру. Сонымен қатар қашан және қай ауданда субъект тіркелгендігін, оның құрылтайшыларын, олардың ЖК-ғы үлесін, оның қалыптасу тәртібін анықтау қажет.

Бюджеттен бөлінген қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік субъектілердің ЖК құқықтық формасының ұйымдасуы мен меншік формасына байланысты, қатысушылар енгізген (ақшалай және материалды) қаражаттар есебінен қалыптасқан мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдар бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың коллективті қабілеті болып табылады. Ақшалар мен құнды қағаздар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді пайдалану құқығы және интеллектуалды әрекет нәтижелеріне құқық жарғылық капиталға салым бола алады. ЖК-ға құрылтайшылардың табиғи формадағы немесе мүліктік құқық түріндегі салымдары барлық құрылтайшылардың келісімімен немесе жалпы жиналыстың шешімімен ақшалай формада бағаланады. Егер осындай салымның құны 20 000 АЕК эквивалентті сомасынан жоғары болса, онда бағалауды тәуелсіз эксперт өткізуі тиіс.

ЖК-ға салымдардың фактілік түсу моменті ақшалай қаражаттар үшін – есеп шотқа немесе кассаға ақшаларды есепке алу күні, негізгі қаражаттар үшін (материалды және материалды емес активтер) - негізгі қаражаттар мен басқа растайтын құжаттардың қабылдау-беру актісін құру күні. Қабылдау-беру актісінің мәліметтері бойынша аудитор салымдардың толық және уақытында кірістірілгендігін тексеру керек (ТТН, кіріс кассалық ордерлер). Тіркеуге дейін салымдардың бекітілген мөлшерін барлық құрылтайшылардың енгізгенін, құрылтай құжаттарымен сәйкес ЖК толық қалыптасқандығын, салымдар ретінде құрылтайшылар нақты не енгізгендігін, мүлікті тек пайдалануға беретін қатысушы салымының мөлшері қалай анықталатыны, құнды көріністе қатысушының салымы қалай бағаланатыны және қандай жағдайларда тәуелсіз сарапшының бағасы қажет екендігін анықтау қажет.

ЖК тексерудің негізгі процедуралары – ЖК өзгеруінің негізделгендігін тексеру, оның өзгеруі бойынша шешім қатысушылардың жалпы жиналысында оның толық төлемінен кейін ғана қабылдануы мүмкін.

ЖК тексерудің сапасын жоғарылату үшін аудитор салымға енгізілген мүліктік және басқа мүліктік құқықтарды түгендеуді жүргізуі тиіс.

Аудиттің аяқтаушы процедурасы – бұл жою бойынша ұсыныстарды жалпылау.

Қосымша төленген капиталдың аудиті бойынша (номиналды құннан меншік акцияларды сату құнын ҚТК-арттыру). Сонымен қатар ДОК мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеру қажет, 531 шоттың мәліметтерімен осы бап бойынша баланстағы қалдықтарды және ж/о №13 шоттың кредиті бойынша салыстыру қажет.

Қосымша төленбеген капитал – қайта бағалау нәтижесінде негізгі қаражаттар мен ұзақ мерзімді инвестициялардың алғашқы құнын арттыру сомасы. Сонымен қатар қайта бағалаудың дұрыстығы тексеріледі.

Резервтік капитал қарастырылмаған шығындарды жабу үшін және негізгі кірістің қаражаттары жетпеген жағдайда инвестордың құжаттарын төлеу үшін түзіледі.

Бөлінбеген кіріс (жабылмаған шығын). Сонымен қатар ж/о №13 және 561, 562 шоты бойынша бас кітаптың мәліметтерімен жыл басындағы және жыл соңындағы қалдықтарды салыстыру қажет.

Бөлінбеген кірістің көлемін бағалау алда өткен есеп беру кезеңімен салыстыру арқылы жүргізіледі.

Шаруашылық субъект міндеттерінің аудиті. Ұзақ мерзімді міндеттер – ұзақ мерзімді несиелер, ұзақ мерзімді займдер.

Келесі сұрақтарға басты назарды аудару қажет:

1 Қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу аудиті.

Тәжірибелік сабаққа берілген есепті шығару қажет.

Әдебиет

1 Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник. – Алматы: Экономика, 2004., 413-446 б.

2 Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005., 239-259 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорытындылай келе, аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен  әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын  немесе жалғандығын көрсетіп береді.

Аудит теориясың негізгі элементтері компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалардан тұрады.

Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан  ол аудиторға басшылыққа арналған  және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.

Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпарат жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді.

Аудиторлық қызметтің жалпы стандарттарының қызметінің жалпы стандарттарының негізін білдіретін қажетті шарттар мен логикалық принциптер, заңдылықтар. Олар аудиторға нақты стандарттардың белгілі бір  тұста қолдануға жарамайтын жағдайында есеп берулерді жасау пікірін қалыптастырудың схемасы ретінде қызмет етеді.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Аpенс А., Лоббек Дж. Аудит. Перевод с англ./ Гл. редактор серии пpоф. Я.В. Соколов. М.: ФиС, 2003 .

Ажибаева З.Н. Аудит: Учебник.– Алматы: Экономика, 2004

Аудит Монтгомери. М.:ЮНИТИ, 1997.

Абленов Д.О. Аудит негіздері: Оқулық.– Алматы: Экономика, 2005

Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ финансовой отчетности предприятия. Алматы, Гылым, 2000.

Шамрай И.Н. Аудит (часть 1): Учебное пособие. – Павлодар, 2004.

Шеремет А.Д., Суйц В.П. Аудит. – М.: ИНФРА – М, 2004.

Абленов, Д.О. Основы аудита: учебное пособие/ Д.О. Абленов. - Алматы: Экономика, 2003.

Адамс Р. Основы аудита. Пер. с англ. (Под ред. Я.В. Соколова). - М.: ЮНИТИ, 1995.

Андреев В.Д. Практический аудит: Справочное пособие. - М.: Экономика, 1994.

Каренова Г. С. Аудит: учеб. пособие/ Г.С. Каренова.-Караганда: КарГУ, 2007.

Статистический  бюллетень №10 (58)  2003ж. 

.Транзитная экономика  №5  2003ж

Экономическое обозрение  Национального Банка   №3  2003г.

Принципы бухгалтерского учета. – Финансы и статистика. 1997.

Л. Чедвик. Основы финансового учета.- Банки и Биржы 1997.

С. Хендриксон, Ван Бреда. Теория бухгалтерского учета. – Финансы истатистика.

.Байболтаева А. \ бухгалтерлік есеп принциптері\ оқулық\ Алматы\ экономика, 2002. – 361 бет

18.Бухгалтерлік Бюллетені\ қазан 2007 №42 \-21 бет

Бухгалтерлік Бюллетені\ақпан 2007 №30 \-21 бет

Нурсеитов Э.О.\бухгалтерский учёт в организациях\оқулық\ Алматы\экономика, 2007, -476 бет

Аубакиров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы

Әкімбеков С. «Экономикалық теория» Астана 2002ж.   .

Дорнбуш Р.  Фишер С.   «Макроэкономика» Алматы 1997ж.

Жүнісов Б.А. «Нарықтық экономика негіздері» Ақтөбе 2001ж.

Жұмаев Б.А. «Экономиканың мемлекеттік реттелінуі» Алматы 2001ж.

Иктанов.  Орманбеков. «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы 2002ж.

Ильясов К.К.   Исахова Г.Б. «Расходы Государственного бюджета»  Алматы 2003г.

Ильясов К.К.   Исахова Г.Б. «Государственный бюджет» Алматы  1994г.

Қабдиев.   Оралтаев.   Ескендіров.  «Экономикалық саясат»         Алматы  2002ж

Кеулімжаев Қ.К. «Қаржылық есеп»  Алматы 2001ж.

Мельников В.Д. Ильясов К.К.  «Қаржы» Алматы 1994ж.

Осипова Г.М.  «Экономикалық теория негіздері»  Алматы 2002ж.   

Ахметов Д. «Бюджетті толықтыру – экономиканы көтерудің бір жолы» Қаржы – Қаражат 2000 №3. 

Есенгелдин Б.  Орманбаев А.  «Бюджеттік жоспарлауды жетілдірудің жолдары» Қаржы – Қаражат  1998 №8.




Информация о работе Аудит