Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 23:53, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық қорытынды осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудиторлық қорытынды жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Аудиторлық қорытынды соңғы жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып келе жатқан сала.
КІРІСПЕ.................................................................................................................4
1. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты.................................6
1.2 . Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары..........................8
2. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Ескертусіз аудиторлық қорытынды ............................................................12
2.2. Арнайы мақсаттарға аудиторлық және теріс аудиторлық қорытынды (есеп)......................................................................................................................15
2.3. Тіркеме (аудиторлық қорытынды)...............................................................16
3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................26
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................27
мАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1. Аудиторлық қорытындының ерекшеліктері
1.1. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша
ақпараты......................
1.2 . Аудиторлық қорытындының құрылымы
мен нысандары.....................
2. Аудиторлық қорытындының түрлері
2.1. Ескертусіз аудиторлық қорытынды ..............................
2.2. Арнайы мақсаттарға аудиторлық және
теріс аудиторлық қорытынды (есеп)........................
2.3. Тіркеме (аудиторлық қорытынды)....................
3. АУДИТОРЛЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР....................
ҚОСЫМШАЛАР....................
КІРІСПЕ
Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық қорытынды осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудиторлық қорытынды жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Аудиторлық қорытынды соңғы жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып келе жатқан сала. Сол себепті аудитор қазіргі нарықтық жағдайда шаруашылық субъектіге тәуелсіз тексеру жүргізу арқылы қорытынды жасайды. Яғни, аудиторлық қорытынды экономика саласына ауадай қажет екендігін дәлелдеді деуге толық негіз бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланысы сауда-саттық қарым – қатынасы болып табылатыны мәлім. Яғни, курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі шаруашылықпен немесе
кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға аудиторлық қорытындыны қалай және қайтіп жүргізетіндігі туралы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың мәні: Аудит-бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді. Тәуелсіздік алып егеменді ел болған қазіргі таңда аудиторлық қызметке сұраныс күннен-күнге арта түсуде.
Осы курстық жұмыста аудиторлық қорытынды түсінігі ашылып, оның мақсаты, маңызы мен міндетері анықталды. Сонымен бірге Қазақстан аудитінің нормативтік базасы берілді. Кәсіпорынның аудиторлық қорытынды есебінің аудитін жоспарлау және жүзеге асыру әдістемесі келтірілді.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1 Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары
«Аудиторлық қызмет туралы» заңның 15 – бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.
Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар : «Каржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп» , «Салыстырмалы көрсеткіштер» «Арнайы мақсаттарға аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп» деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.
Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:
Аудиторлық қорытындының құрылымы мынандай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты, адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың (аудиторлық ұйымның) мекен – жайы, аудитордың қолы [1].
Қорытынды есептің аты. Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудитолық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сияқты басқа да тұлғалар жасауы
мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принцптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудитордың қорытынды есептернің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында «Тәуелсіз аудитор» деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.
Адерес иесі (Адресат). Аудиторлық қорытынды есеп жергілікті ережелер мен келісім – шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есеп акционерлерге, не болмаса қаржылық қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорынның директорлар кеңесіне арналып құрылады.
Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебіне қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырып, сол қаржылық қорытынды есеппен бірдей болуға тиісті.
Қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, онымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қорытынды есеп жайында өзінің қорытындысын беру болып табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.
Қаржылық қорытынды есеп – кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпараттар. Ондай қорытынды есепті дайындап, басшылықтан елеулі есептік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама – қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қортындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылдады.
Аудиттің масштабын анықтау. Аудиторлық қорытынды есепте аудитің Халықаралық аудит стандартына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз – аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орындауы болып табылады. Ақпаратты пайдаланушыға ол аудиттің жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға немесе тәжірибеге сәйкес орындалғандығының дәлелі ретінде керек.
Аудиторлық стандарттар немесе тәжірибе ретінде, егерде тек басқа стандарттар немесе тәжірибе ескеріліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірибесі есептелінеді.
Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орындалғандығы туралы пайымдаулар болуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреті болуаға тиісті:
Қорытынды есепке аудиттің қорытынды жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы кіруге тиісті.
Қорытынды жасау . Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.
Аудитарлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын « дұрыс және дәл көрініс» немесе «барлық маңызды аспектілірі бойынша дәлберілген» терминдері бір – бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.
Қаржылық қорытынды есеп дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге «дұрыстық» түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды « дұрыстық» түсінігім пайдаланылатын контекс (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды «Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес» деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізін көрсетуге тиісті.
Есеп беру мерзімі. Аудиторлық қорытынды есебінде қойылыатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл – аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғандығы туралы оқырмандарды хбардар етеді.
Аудитордың адресі (мекен-жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі орналасқан пункт (әдете қала) көрсетілуге тиісті.
Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылдады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді.
Аудиторлық ескертулердің нысандары
Барлық ескертулер аудит
масштабының шектеулілігінің
1.2. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты
Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге метериалдық қателер мен бұзушылықтарды өзінің орындылығын айқындайды.
Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық қызметтің белгіленген стандартының талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.
Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікті ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы текесеру жүргізуге тиісті:
Енді аудиторлық қорытынды жасауға болатын шығар. Бірақ тексеру нәтижелері бойынша клиент басшылығына ақпарат (хат) тапсыру орынды болар еді.
Клиент басшылығына хат – бұл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық қорытынды есептегі бұзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы толық мәліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған және аудиторлық қорытынды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар құжат.