Аудиторлық қорытынды

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 23:53, курсовая работа

Описание

Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық қорытынды осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудиторлық қорытынды жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Аудиторлық қорытынды соңғы жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып келе жатқан сала.

Содержание

КІРІСПЕ.................................................................................................................4
1. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1. Ұйым басшылығына аудитордың жазбаша ақпараты.................................6
1.2 . Аудиторлық қорытындының құрылымы мен нысандары..........................8
2. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
2.1. Ескертусіз аудиторлық қорытынды ............................................................12
2.2. Арнайы мақсаттарға аудиторлық және теріс аудиторлық қорытынды (есеп)......................................................................................................................15
2.3. Тіркеме (аудиторлық қорытынды)...............................................................16
3. АУДИТОРЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................18
ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................26
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................................27

Работа состоит из  1 файл

auditorlyk_korytyndy.doc

— 273.50 Кб (Скачать документ)

Аудитордың мақсаты - ұсынылған құжат бойынша, 2008-09 жылдардағы  мәлімет бойынша тексеріс жүргізу.

Аудит мына заңдарға, стандарттарға  сәйкес жүргізіледі:

  1. Аудиторлық қызмет туралы  ҚР-ның заңы.2007 жыл, 26-наурыз. ( 2009 жылғы толықтырулар мен өзгертулер енгізілді)
  2. « Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның заңы. 2007 жыл, 28 ақпан.
  3. Салық кодексі. Алматы 2009 жыл.
  4. ҚР-ның Аудитор этикасының кодексі.
  5. Қазақстандағы халықаралық аудит стандарты. Алматы 2006 жыл.

Біз аудиторлық тексеруді  Қазақстанның  аудит стандартының  талабына сәйкес жүргіздік. Ондағы анықталған мақсат бойынша қаржы есебінің  дұрыстығын, айтарлықтай кемшілігінің жоқ екенін анықтап, бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін негізге ала отырып, аудиторлық қортынды мазмұнын анықтау. Сол үшін субьектінің шаруашылық барысының тапсырушыы шартында көрсетілген обьектілері тексерілді. Нақты айтқанда, банк операциясы, касса операциясы, өндіріс процесі, қызмет көрсету әрекеттері, еңбек ақы, төлем есебі, бюджет пен әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерімен есеп айырысу, негізгі құрал және материалдық емес активтер, несие алу және оны төлеу операциялары тексерілді.

        Түсіндірме 1. Жалпы мәліметтер   

«Казвторчермет» Акционерлік қоғамы заңды тұлға болып табылады. Бұл компания жұмыс, қызмет көрсету, табыс алу мақсатында құрылды. «Казвторчермет» АҚ-ның қызметінің түрі - мұнай тасымалдау  және су беру жөніндегі қызметтер.

    Бухгалтерлік  және қаржылық мәліметтердің  толық берілуіне мына тұлғалар жауапты:

  • «Казвторчермет» АҚ-ның директоры – Латипова И. М. -барлық кезеңде
  • Бас бухгалтер-Алипова А. К Тексерудің барлық кезеңінде жауапты.

     Түсіндірме 2. Қызметтің үздіксіз принципі

Қызмет үздіксіз жургізіледі.

    Түсіндірме 3. Есеп саясатының негіздері

ҚР-ның бухгалтерлік есептің  ұлттық стандартының  есеп саясатына  байланысты «Казвторчермет» АҚ-да заң  бұзушылық табылмады.

    Түсіндірме 4. Меншікті капиталдың аудиті

«Казвторчермет» АҚ-ның  меншікті капиталы- 349 940 теңге. Соның ішінде қосымша төленген капитал соммасы жоқ, бөлінбеген табыс- 42 440 теңге (Қосымша-1).

    Түсіндірме 5. Касса аудиті (таңдалған) 

     Әкімшілік  ғимаратының 1-ші қабатында касса  орналасқан. Ғимаратты күзетуші  жергілікті болып табылады. Ақша  қаражатының қозғалысы операцияларына кассир Алиева А.С. жауапты. Әкімшілік арқылы Алиева А. С.-мен материалдық жауапкершілік туралы келісім-шарт жасалған. Инвентаризация жүргізілді,  тексеріс кезінде кассир Алиеваның қатысуымен  жұмыс атқарылды. Тексеру барысында  артықшылық  және кемшілік болған жоқ. Кассалық кітап пен кіріс және шығыс құжаттарын тіркеу кітабы нөмірленген, тігілген, басшы мен бас бухгалтердің қолдары, мөрлері қойылған. Ақшаның түсуі MERKURY 115F  маркалы, фискалдық жадысы бар кассалық аппарат арқылы жүргізіледі. Кассалық чекте барлық реквизиттер толық көрсетілген. Кассалық есепті мүмкіндігінше ай сайын бірнеше рет жүргізіп отырған.

          Түсіндірме 6. Банктік шоттардағы (қолма  қол) аудит 

     Ақшалай  операциялар есеп айырысу және  волюталық шоттарда ҚР-ның ұлттық бухгалтерлік стандарттарына байланысты жүргізіледі. Шетел волютасы  бойынша курстық айырма ҚР-ның Ұлттық Банкісінің курсы бойынша 31. 12. 2004 ж., биржалық курс ҚР-ның Қаржы министрлігінің бұйрығы  №512 25. 10. 2002 ж. басталды.

        Түсіндірме 7. Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың аудиті

                                     ( таңдалған)

    Дебиторлық  қарыз- 470 334  теңге, кредиторлық  қарыз- 2008 жыл- 

475978теңге (Қосымша-1). Дебиторлық  және кредиторлық қарыздар уақытысында  төленіп отырған, олардың мерзімін ұзарту болмаған.

         Түсіндірме 8. Негізгі құралдардың және материалдық емес  активтердің         аудиті ( таңдалған)

        Негізгі құралдардың есебі  ұлттық бухгалтерлік  стандарттарға және салық есебіне сәйкес жүргізілген. Амортизациялық аударым бекітілген норма  бойынша тікелей әдіспен  жүргізілген.  Негізгі құралдарды жөндеуге кеткен  шығындарды акт құжаты арқылы есептен шығарған. Негізгі құралдар 2008 жылы 216 269 теңгені құрады (Қосымша-1).

         Түсіндірме 9. Тауарлы-материалдық қорлардың аудиті (таңдалған)

     Тауарлы-материалдық  қорлардың есебі орташа еселенген  құн әдісі бойынша жүргізіледі.  Сатып алынған материалдар, отын, құрал-жабдықтар кәсіпорынның орталық  қоймасына кірістеледі.

      Онда  қоймалық карточка есебі ұйымдастырылады. Тауарлы-материалдық қорлардың түсуі, кіру актісі арқылы ұйымдастырылады.  Тауарлы-материалдық қорларды алуға сенімхат құжаты негізінде  тіркеу журналы жасалған. Басшының шешімі бойынша тапсырыс арқылы тауарлы-материалдық қорлардың шығуына накладной жазылады. Тауарлы-маетериалдық қорларды түгендеу жылына 1 рет жүргізіледі. Дайын өнім қойма арқылы алынады. Ай сайын қоймада дайын өнім тугенделеді.

          Түсіндірме 10. Бюджетпен есеп айырысу ( таңдалған)   

    Бұл компанияны  тексеру барысында 2008 жылғы мәліметінде мынадай капитал мен міндеттемелер  анықталған (Қосымша-1):

  • бөлінбеген табыс - 42 440 теңге
  • ақша қаражаты- 101 752 теңге
  • негізгі құралдар - 216 269 теңге
  • меншікті капитал - 349 940 теңге
  • дебиторлық қарыз - 470 334 теңге
  • кредиторлық қарыз - 475 978 теңге

    Тексеру барысында ешқандай ауытқулар анықталмады. Субьектінің шаруашылық барысының тапсырушы шартында көрсетілген  обьектілері тексерілді. Нақты айтқанда, жалпы мәліметтер, үздіксіз қызметті қадағалау, есеп саясатының негіздері, меншікті капитал аудиті, касса аудиті (таңдалған), банктік шоттардағы қолма-қол есеп айырысу аудиті (таңдалған) дебиторлық және кредиторлық қарыыздардың аудиті (таңдалған), негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің  аудиті (таңдалған), тауарлы-материалдық қорлардың аудиті (таңдалған), бюджетпен есеп айырысу (таңдалған) тексерілді. Біздің ойымызша, тапсырушының қаржы есебі 30. 06. 2009 жыл аралығындағы барлық бөлімдердің қаржылық жағдайын толық дұрыс көрсеткен. Аудит ҚР-ның ұлттық бухгалтерлік есеп стандарттарына, заңдарына сәйкес жүргізілді.

     

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Бухгалтерлік баланстың дұрыстығына аудиторлық тексеру жаппай әдіспен жүргізілді.

 Аудитті жүргізудің  жалпы қабылданған әдістері, пайдаланушының  күтуі және бизнесті жүргізу практикасы аудитордың процедураны «қаржылық есеп беру бойынша пікірі шындыққа сәйкес келмейді» деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындауын талап етеді.

Аудиторлық тексеру  кезінде айтылған пікір пайдаланушы  үшін кәсіби стандарт сақталды, елеулі мәліметтер жинақталды және осы пікірді дәлелдеу үшін бағаланды дегенді білдіреді.

Аудиторлық  тексерістер  тек  олар  қоғамдық  мүддені  білдіретін  жəне  ол  үшін мүмкіндіктер  болған (қысқа  мерзімді  перспективада)  жағдайда  міндетті  болуға тиіс:  Аудиторлық  тексерістер  заңнаманың  негізінде  міндетті  тəртіпте  жүргізілетін ұйымдардың  саны  қолда  бар  білікті  аудиторлардың  санымен  шамалас  болуға  тиіс. Экономикалық  саясатты  əзірлеушілер  аудиттың  заңнамалық  белгіленген  талаптарын, олар  Қазақстандық  аудиторлардың  мүмкіншіліктерінен  асып  кетпейтіндей,  біртіндеп енгізуге тиіс.

Тұжырымдамада баяндалған негізгі бағыттар бухгалтерлік есепке алуды және қаржылық есептілікті  реттеудің қолданыстағы жүйесіне тұжырымдамалық өзгерістерді енгізу, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу мен аудит саласында қалыптастырылатын ақпараттың сапасын арттыру қажеттілігінен туындады.

Ең  соңында,  бұл  қаражаттарды кəсіпорындардың  өздерінің  ішінде  де,  экономика  масштабында  да  анағұрлым  тиімді бөлуге жəрдемдеседі,  өйткені кəсіпорындардың жетекшілері мен инвесторлар қандай инвестициялық мүмкіншіліктер  мен іскерлік  операциялардың  жақсы,  ал қандайларының нашар екенін  жақсырақ  түсіне  алады. «Бухгалтерлік есеп  туралы» Заңға ұсынылған  түзетулермен  көзделген  ОПИ  үшін  өздерінің  қаржылық  есеп-қисаптарын  қоғамдық  депозитарийге  табыстау  туралы  талап  қаржылық  есеп-қисаптардың жұртшылық үшін қол жеткізу деңгейін көтереді.

 Қаржылық есеп беру  дәлділігінің толық кепілдігі  (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.

Аудитор клиент бизнесін зерттеп, қаржылық есеп беруді сыртқы пайдаланушылар сенімінің деңгейіне  әсер ететін факторлардың әрқайсысының мәнін бағалап, аудит аяқталғаннан кейін клиенттің, бизнестегі қаржылық жеңісінің ықтималдылығын анықтауы керек. Осы факторлар негізінде, аудитор «қаржылық» есеп беруде аудит аяқталғаннан кейін де елеулі қателіктер сақталады деп отырып, тәуекелдік деңгейін субъективті түрде қоя алады. Тексеру процесінде аудитор клиент туралы қосымша ақпарат алып, аудиторлық тәуекелдік дуңгейін бағалау жөніндегі ойын өзгерте алады.

Аудиторлық қорытынды Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша ұлттық комиссиясына үш беттен тұратын 3 дана етіп дайындалды.

 Аудиторлық қорытындының әрекет ету мерзімі – берілген күннен бастап үш ай.

 Аудиторлық қорытындыға акционерлік қоғамның 2003 жылдың 1 маусымындағы жағдайы бойынша құрылған бухгалтерлік балансы, кәсіпорынның 2003 жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымыны дейінгі табыстары мен шығыстары жөніндегі қорытынды есебі, төлей алу қабілетін, өтімділікті және тұрақтылықты есептеу көрсеткіштері тіркелді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 2006 ж
  2. «Қазақстан аудитінің халықаралық стандарттары» – Алматы 2004 ж
  3. Балапанова А.Ж. Аудиттің теориялық негіздері: Оқу құралы. – Алматы: 2003
  4. Ержанов М.С. Аудит-1: (базовый учебник). – Алматы: 2005
  5. «Стандарттар мен кодекстерді сақтау туралы есептеме», Қазақстан Республикасы,  2007 жыл мамыр

6. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. Аудит: Оқулық.-                                                                               Алматы: 2006

7.   «Қаржы жүйесін тұрақтандыруда кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлардың рөлі» тақырыбына өткізілген бухгалтерлер мен аудиторлардың ІІ Халықаралық құрылтайының (форумының) баспасөз – релизі, 18 қыркүйек 2009 жыл

8.  «НАТ Қазақстан» АҚ 2008ж. үшін қаржылық есептемесі туралы «АКФ Марка Аудит» ЖШС дербес аудиторының аудиторлық есебі , 31 желтоқсан 2008 жыл

9. Абленов Д.О. Аудит негіздері.- Алматы, 2006

10. Ажибаева З.Н. Аудит. – Алматы: Экономика, 2004

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                ҚОСЫМШАЛАР

 

Қосымша №1

“ КазТрансГаз” ЖШС

 
Бухгалтерлік теңгерім  
2008 жылдың 31 желтоқсанына 

Атауы

Ескерту

31 желтоқсан

2008ж.

31 желтоқсан

2007ж.

1

2

3

4

АКТИВТЕР

     

I. Қысқа мерзімді активтер

     

Ақша қаражаттары және олардың  эквиваленттері

5

101 752

205 084

Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз

6

470 334

401 404

Қорлар

7

39 108

132 638

Ағымдағы салық активтері

8

15 296

23 273

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

9

13 600

0

Басқа қысқа мерзімді активтер

10

68 899

369 498

Барлығы қысқа мерзімді активтер

 

708 989

1 131 897

II. Ұзақ мерзімді активтер

     

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар

11

102 079

115 679

Негізгі қаражаттар

12

216 269

267 034

Материалды емес активтер

13

3 762

4 091

Кейінге қалдырылған салық активтері

14

4 853

60 332

Басқа ұзақ мерзімді активтер

15

3 015

0

Барлығы ұзақ мерзімді активтер

 

329 978

447 136

БАРЛЫҒЫ АКТИВТЕР

 

1 038 967

1 579 033

МІНДЕТТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ КАПИТАЛ

     

III. Қысқа мерзімді  міндеттемелер

     

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

16

113 194

147 984

Салықтар бойынша міндеттемелер

17

55 415

55 726

Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер

18

3 845

5 283

Қысқа мерзімді кредиторлық қарыз

19

475 978

892 226

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

20

19 948

24 675

Басқа кредиторлық қарыз

21

20 388

342 987

Барлығы қысқа мерзімді міндеттемелер

 

688 768

1 468 881

IV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

     

Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

259

365

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері

 

0

11 335

Барлығы ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

259

11 700

V. Капитал

     

Жарғылық капитал

22

300 000

50 000

Үлестірілмеген табыс (жабылмаған шығын)

 

42 440

40 952

Қорлар

 

7 500

7 500

Барлығы капитал

 

349 940

98 452

БАРЛЫҒЫ МІНДЕТТЕМЕЛЕР  ЖӘНЕ КАПИТАЛ

 

1 038 967

1 579 033


                                                                                                                        Қосымша №2

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп 
2008 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл үшін

Атауы

2008 жыл

2007 жыл

I. Операциялық қызметтен  алған ақша қаражаттарының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі,  барлығы, оның ішінде:

4 197 592

4 582 424

тауарларды өткізу

2 308 933

2 113 398

қызметтерді көрсету 

733 701

770 496

Алынған аванстар

754 907

1 671 027

басқа түсімдер

400 051

27 503

2. Ақша қаражаттарының шығып  кетуі, барлығы, оның ішінде:

4 516 700

4 637 833

Жеткізіп берушілерге тауарлар мен қызметтер үшін төлем төлеу

2 078 877

339 321

Берілген аванстар

1 284 527

3 686 231

жалақы бойынша төлемдер

391 296

334 727

қарыздар бойынша сыйақы төлеу 

3 969

8 052

бірлескен табыс салығы

9 494

22 319

бюджетке төленетін басқа төлемдер

184 082

154 113

басқа төлемдер

564 456

93 069

3. Операциялық қызметтен  алған ақша қаражаттарының таза  сомасы

(319 108)

(55 409)

II. Инвестициялық қызметтен  алған ақша қаражаттарының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі,  барлығы, оның ішінде:

5 463

18 993

негізгі қаражаттарды өткізу

5 463

18 993

2. Ақша қаражаттарының шығып  кетуі, барлығы, оның ішінде:

4 899

65 246

негізгі қаражаттарды сатып алу

4 364

65 246

материалды емес активтерді сатып  алу

535

 

3. Инвестициялық қызметте  пайдаланылған негізгі қаражаттардың таза сомасы

565

(46 253)

III. Қаржылық қызметтен  алған ақша қаражаттарының қозғалысы

1. Ақша қаражаттарының түсуі,  барлығы, оның ішінде:

561 308

375 000

Акциялар мен басқа бағалы қағаздардың  эмиссиясы

250 000

0

қарыздарды алу

311 308

375 000

2. Ақша қаражаттарының шығып  кетуі, барлығы, оның ішінде:

346 096

350 478

қарыздарды төлеу 

345 474

347 000

үлесақыларды төлеу 

622

3 478

3. Қаржылық қызметте  пайдаланылған негізгі қаражаттардың  таза сомасы

215 212

24 522

Барлығы: ақша қаражаттарының өсуі +/– азаюы

(103 331)

(77 140)

Салық кезеңінің басындағы  ақша және оның эквиваленттері

205 084

282 224

Салық кезеңінің аяғындағы  ақша және оның эквиваленттері

101 752

205 084

Информация о работе Аудиторлық қорытынды