Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 08:35, курсовая работа

Описание

Банктік жүйе  нарықтық экономиканың құрылымының ең маңызды және айырылмайтын бөлігі. Банктердің және тауарлы өндіріспен айырбастың дамуы тарихи пераллельді жүрді және бір-бірімен тығыз байланыста болды. Банктер, ақшалай есеп айырысу жүргізе отырып, шаруашылықты несиелеп, капиталдарды қайта бөлудегі делдалдар болып, өндірістің жалпы тиімділігін көтереді, қоғамдық еңбектің өнімділігінің өсуіне себеп болады.

Содержание

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасуы және дамуы
1.2. Қазақстанда банк жүйесінің қызметтін реформалау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының банк жүйесінде алатын орны мен рөлін бағалау
2.2 Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің қазіргі жағдайын талдау

3 Қазақстан Республикасының банк жүйесін жетілдіру 29

Қорытынды 36

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

макро курсовой.doc

— 868.00 Кб (Скачать документ)

       Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығы негізінде үш мемлекеттік банк ашылды: “Жилистройбанк”, “Эксимбанк” және Қазақстан даму банкісі; Арал регионының проблемаларын шешу үшін “Арал Экобанк”ашылды, украиндық “Приватбанктің” өкілеттілігі ашылды.

        1994 жылы жұмыс істеп тұрған банктердің ішінде 31 банктің (17%) 50-ден 200 млн. теігеге дейін жарғылық қоры болды. Ал жарғылық қоры 1 млн. теңгеден аз емес, сол кездегі банктердің жалпы санының 60%-де болған.

       1994 жылы ҰБ-те банктік қадағалауды жүзеге асыру үшін негіздерді құру процессі жалғастырылынды. Ортақлық аппараттың банктік қадағалау штаты өсті және ұйымдастырушылық құрылымы жұмыстың талаптарына және әлемдік тәжірибеге сай сәйкестендірінді.

       Пруденциалдық реттеудің нормативтік базасын құру бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Банктердің жұмысын реттейтін экономикалық нормативтер, Банктік қадағалау бойынша Базельдік комитеттің және басқа халықаралық қаржылық ұйымдардың ұсыныстарына кезең-кезең бойынша сәйкестендірілді. Банктердің қаржылық тұрақтылықты, ақша-несие жүйесінің тұрақтылықты және депозиторлардың мүддесін қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен банктердің миинмальды жарғылық капиталына талаптар жоғарыланды.

      1994 жылы сәуірде экономикалық нормативтер бекітілді, оларға – жарғылық қордың минимальді мөлшері, тәуекелді активтерге қатынасы бойынша банктердің капиталына жеткіліктік коэффиценті, өтімділік коэффициенті, бір қарыз алушыға шаққандағы тәуекелділіктің максималады мөлшері минималады резерфтік талаптар кірді.

       1994 жылы ҰБ-тарда, барлық банктік жүйеде де, бухгалтерлік есеп және есептілікке көп көңіл бөлінді. Шілде айынан бастап екінші деңгейлі банктердің есептілігін реформалау басталды. Банктердің шоттар жоспарында және ҰБ-тің шоттар жоспарында бухгалтерлік есептің облысындағы соңғы халықаралық принциптер және стандарттар ескерілді. Өз кезінде есеп айырысу проблемаларының маңызды шешімі-төлем жүцелерінің қызмет етуінің сапалы жаңа деңгейін құру болды. Бұл бағытта ҰБ-пен төлем жүйесін модернизациялау саясатын жүргізді. Осы мақсатпен Ұлттық төлем Кеңесі құрылды, оның негізгі міндеті – төлем жүйесінің құру облысында банктердің қызметін үйлестіру болып табылады. Кеңестің құрамына ҚР-сының қаржы министрлігінің, ҰБ-тің және 9 ірі комерциялық банктердің өкілдері кірді. Төлем жүйесін құрудың әсерлі механизмі құрылған, оының жұмысының негізгі принциптері Қаржы министрлігінің, ҰБ-тің және комерциялық банктердің үйлесімде шешімдерді қабылдау болып табылды.

       ҰБ-тің екінші деңгейдегі банктердің өтімділігінің және капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюуі нәтижесінде банктердің жалпы саны 1995 жылы 191-ден 130-ға қысыарды, филиалдары бар банктер 48-ден 36-ға қысқарды [8,б.69].

        Банктердің жалпы санының қысқаруы орта және кіші банктердің есебінен болды, ал сол уақытта бірнеше ірі банктер жағдайы жақсарта алды.

        Шетел банктерінің саны бұрынғыдай қалды (6), ал біріккен банктердің  саны 6-дан 7-ге өзгерді. 1995 жылдың соңына республикада шетел банктерінің 7 өкілеттілігі ашылды: Дойче Банк АГ, Дрезднер-банк АГ, Венгерский банк сыртқы сауда үшін, “Приват” коммерциялық банкі, Сити-Банк, Сосьете Женераль, Коммерцбанк АГ.

       1995 жылы Агропромбанкті санация жүзеге асты, Халық жинақ банкісінде мемлекеттік меншік формасы қалпына келтірілген. Реабилитациялық банк құрылып өзінің жұмысын жүзеге бастаған. Функциялардың қайталануын жоюі мақсатымен ҚР үкіметінің шешімімен Эксимбанкпен  Қазақстан даму банкісін қосу жүргізілді.

       1995 жылдың 16 қарашасында бекітілген “Ломбардтар туралы жағдайға” сәкес Қазақстан териториясында жылдың соңында 27 ломбард жұмыс істеді.

       1995 жылдың 15 сәуірінен бастап банктердің жарғылық қоры 500 мың АҚШ доллары болуға тиісті болды. Ал шетел валютасымен операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін лицензияларына ие болу үшін минималды жарғылық қоры 1,5 млн. АҚШ долларын құрауы керек болды.

       ҚР Президентінің жарлығымен 1995 жылдың 15 ақпанында Қазақстанда банктік жүйенің реформалау Бағдарламасы бекітілді. Реформаның басты мақсаты ақшалай ресурстардың қайта реттелінуінің орталықтандылығын максималды қысқарту болды. Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде ақша-несиелік реттеудің құралдары және әдістерінің дамуы жүрді, банктерді қайта қаржыландыру механизмі үлкен өзгерістерге ұшырады.

       1995 жылдың ақпанынан бастап директивті несие беру тоқтатылды. 1995 жылы  ҰБ-тің Басқармасымен 45 банктен бекітілген банктік заңдылық нормаларын бұзғаны үшін банктік операцияларды жүргізуге лицензиялар жойылды, банкті ашуға рұқсаттары қайта шақыралды. Жойылу процессі үстінде 62 банк болды, бұл процес 7 банкте аяқталған еді.

       1995 жылдың қаңтарында “Ұлттық Төлем Кеңесінің құру және ҚР-сының Ұлттық төлем жүесін құру облысындағы ынтымақтастық туралы” келісім жасалды. Ұттық Тлем Кеңесін ҰБ-тің және ірі екінші деңгейі   банктерінің өкілдерінен құралды. 1995 ж. Алматы клиринктік палатасы ұйымдастырылды. Ол халықаралық стандарттарға толық жауап берді.

       ҰБ-тің екінші деңгейі банктерінің өтімділігінің және капитализациясының жоғарлауына талаптарының күшеюі банктердің қосылу және жойылу процессін тездетті. 1996 жылдың аяғында ҚР-сында 101 екінші деңгейлі банкілері тіркелген, соның ішінде: мемлекетаралық – 1; мемлекеттік – 5; шетел қатысуымен – 8.

       1996 жылдың ақпанында ҰБ-тің есепайырысу-кассалық орталықтарының функциялары жаңа құрылған  Мемлекеттік кәсіпорынға жүктелді – Республикалық бюджеттік банкке. Сонымен бірге, 1997 жылдың 1 қаңтарында республикада мынадай банктік емес қаржылық мекемелер жұмыс істеді: 36 ломбарт, 1 зейнетақы қоры, 1277 айырбас пункттері банктермен өкілеттіктері және 1147 заңды тұлғалардың айырбас пункттері. 10 шетел банктерінің өкілеттіктері тіркелген, соның ішінде – Пакистан ҰБ-сінің өкілеттігі және Credit Commerciale France.

       Екінші деңгей банктерінің тіркелген жарғылық қорының жалпы соммасы 19646 млн. теңгені құрады, нақты төленгені 17740 млн. теңге болды. ҚР-сының екінші деңгейі жиынтық меншілік капитал 1996 жылдың аяңында 13533 млн. теңгені құрады. Меншік капиталының жеткіліктік коэффициенті (КІ) – 0,048 құрады, ал минималдыталап 0,04, бұл капиталдың адекваттылығын көрсетеді [8,б.136].

        Жалпы, банктік жүйенің 1996 жылғы дамуы оның себебі ҰБ-тің екінші деңгей банктеріне талаптарды жоғарлату болды. ҰБ-пен бұл мәселелерді шешу екінші деңгей банктерінің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасының құрамдас бөлігі ретінде болды. Банктер мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларын белгілі дәрежеде диверсифицикициялады. Бірқатар банктер халықаралық капиталдар жарықтарына шығу үшін әрекеттер жасай бастады, ол үшін олар халықаралық аудиторлық тексерулерден өтіп, халықаралық рейтингтерге қол жеткізуге бастады. Бірақ, 1996 жылғы екінші деңгей банктерінің қызметі нәтижесінде 1468 млн. соммада олар шығынға ұшырады. Алдыңғы жылдар шығындары 1236 млн. теңгені құрады. Банктермен резерфтік қор қалдықтары және тұтыну қор қалдықтары есебінен 821 млн. теңге соммасында шығын жабылды. Осыны алып тастағанда қаржылық қызмет нәтижесінде банктер 1883 млн. теңге шығынға ұшырады, бұл,әрине банктердің қызметінің негізгі принциптеріне жауап бермейді.

       1997 жылы екінші деңгейлі банктерінің жалпы саны 101-ден 82-ге қысқарды. 82 қызмет етіп тұрған банктердің ішінде: мемлекетаралық – 1, мемлекеттік – 5, шетел қатысуымен (еншілес банктерді қосқанда) – 22. Банктердің санының азаюы оларды жабудың есебінен де және олардың қосылуының есебінен де болды.

        ҚР-сының Үкіметімен банктердің жарғылық қорларында мемлекттің үлесін азайту үшін шаралар жүргізілді. 1997 жылы 3-ші қазандағы ҚР-сының Үкіметінің “ҚР Экспорттық-импорттық мемлекеттік банкісінің түрлендірілуі туралы”. Жарлығына сәйкес, Эксимбанк акционерлік банкке түрлендірілді. 1997 жылдың 27-ші маусымындағы ҚР-сының Үкіметінің “Қазақстанның Халық Акционерлік Жинақ Банкісінің кезең бойынша жекешелендіру бағдарламасы туралы”. Жарлығына сәйкес Қазақстанның Халық Акционерлік Жинақ Банкісінің жекешелендіру бағдарламасы бекітілді (1997-2001 жылдарға).

       1997 жылы 4 банк ашылды әжне 1 банк өзінің жұмысын жалғастырды. КАБ “Туранбанк” және АБ “ӘлемБанкҚазақстан” акцияларын мәжбүрлеп сатып алынғызылды. Олар кейін ЖАҚ “БанкТуранАлем” болып қайта құрылды. ААҚ “Каздорбанк” болып бірікті. ААҚ “Казкредсоцбанктің” акциялары мәжбүрлі түрде сатып алынып, ол ЖАҚ “Жилстройбанкке” қосылуы жүзеге асты.

       1997 жылдың 5-ші желтоқсанынна бастап жарғылық қордың минималды мөлшері ашылып жатқан банктер үшін – 300 млн. теңге, ла жұмыс істеп тұрған банктер үшін – 100 млн. теңге болды.

       Банктік жүйенің меншік капиталы 1997 жылдың аяғында 29,3 млрд. теңге құрады (1996 жылдың соңына – 29,9 млрд. теңге).

       Банктік жүйенің активтерінің құны 1997 жылдың аяғында 169,0 млрд. теңгені құрады (1996 жылдың аяғына – 141,0 млрд. теңге).

       Сыйақы алуменен байланысты активтер жиынтық активтердің 75%-н құрады [12,б.179].

       ҚР-сының 1997 жылғы 11-ші шілдесінен “Банктік қызмет сұрақтары бойынша ҚР-сының кейбір заңдылық актілеріне толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы.” Заңымен банктердің жойылу тәртібі өзгертілді. Банктердің дпозиттік және инвестициялыққа бөлінуі үшін жойған банктік қызметтің түрлерін кеңейту қарастырылған. Банктерді ашуға және лицензиялауға жоғарырақ талаптар енгізілген.

       Банктің қаржылық жағдайын CAMEL жүйесімен рейтингтің бағалауы енгізілді. Екінші деңгейлі банктеріне Ереже қабылданды. Банктердің мемлекеттік емес жинақ зийнетақы қорларындағы және зейнетақы активтерін басқаратын компаниялардың жарғылық қорындағы қатысулары анықталған.

       Бұл жылға банктердің жиынтық қаржылық нәтижесі 7,2 млрд. теңге көлемінде шығын болды, соның ішінде 15 банк шығынға ұшырады, 66 банк – пайда тапты.

       1998 жылы мемлекеттің 100%-тік қатысуымен банктердің саны 5-тен 1-ге азайды. Банктік секторда консолидация процессі белсенді жағдайда болды. 1998 жылда 9 бакн ҰБ-тан қайта құрылуға рұқсат алды, екі осы жылы қосылуын аяқтады.

       Отандық қаржылық нарыққа 3-ірі әлемдік банк кірді. Олар өзінің еншілес банктерін құрды, яғни: ЖАҚ “Банк Сосьете Женераль Қазақстан”, ЖАҚ “СитибанкҚазақстан” және ЖАҚ “HSBC Банк Қазақстан”. Жылдың соңына 16 шетел банкісінің өкілеттіліктері жұмыс жүргізді, 2 шетел банккілерінің өкілеттіліктері ашылды.

       Банктік сектордың копитализациясының деңгейі жоғарылады.банктік жүйенің жиынтық меншік копиталы 1998 жылдың аяғында 47,3 млрд. теңгені құрады. Банктердің жарғылық копиталының өсуі банктердің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасы есебінен өсті.

       1998жылы банктік копиталдың консолидациясы, банктік сектордағы мемлекеттік үлесті жекешендіру бойынша жүргізілген шаралар және жалпы банктердің санының азаюы кезінде, банктердің капитализациялану деңгейінің едәуір жоғарылауы ғана емес сонымен бірге жиынтық активтердің мөлшері үлкейіп банктік секторға тартылған ресурыстар анағұрлым өсті.

       Банктердің жиынтық активтері жылдың басына 169 млрд. теңгені құрады, ал жылдың соңынна 195,8 млрд. теңгені құрады (жылжың ішінде 26,8 млрд. теңгеге өсті немесе 16%-ке өсті). Банктік жүйенің міндеттемелерінің жалпы соммасы 146,3 млрд. теңгені құрады. 1998 жылы банктердің жиынтық міндеттемелерінің жалпы өсуге беталысы сақталды. Жылдың нәтижелері бойынша жеке тұлғалардың депозиттерінің өсуі байқалды (28,9 млрд. теңгеден 31,6 млрд. теңгеге). Осы жылы Қзақстанның 15 ең ірі банктері халықаралық қаржылық ұйымдары және банктердің зайымдарын игеруге қатысты жекелей айтсақ халықаралық Европалық даму және қайта құру банктерінің, Азия даму банккісінің және басқалардың.

       1998 жылы банктердің халықаралық стандарттарға өту бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылды. Бағдарламада жылдың басында 60 банк қатысты, жылдың соңына олардың саны 50-ге төмендеді.

       1998 жылдың  аяғында халықаралық агентіктерден несиелік рейтинг төрт отандық банктерде болды (ААҚ ”Казкоммерцбанк”, ААҚ “ Халық Жинақ банк Қазақстан”, ААҚ “ Банк ТуранАлем “, ААҚ “ТемірБанк”), сонымен бірге 9 еншілес банк –резиденттердің бас банктерінде болды. Бұл банктердің банктік сектордағы жиындық активтердегі үлесі 69,7%-ті  құрады

      1998 жылы банктердің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі бойынша олар 3,8 мрлд. теңге таза пайда тапты [12,б.188].

       1999 жылы банктік секторды сауықтыру және консолидациялау процесстері екінші деңгейлі анктерінің жалпы санының қысқаруына себеп болды. Екінші деңгейлі банктерінің саны 71 ден 55 банке қысқарды.

       Мемлекеттің 100%-ті қатысуы бар банк – жалғыз ЖАҚ  “Эксимбанк Қазақстан” қалды. Сонымен бірге жарғылық қорында мемлекеттің қатысуы 100%- тен аз 2 банк жұмыс істеп тұрды (ААҚ “Халықтық Жинақ Банкі Қазақстан”, ААҚ “Центр Кредит Банк”). Бұл банктердің банктік сектордағы жиындық активтерінің үлесі 25,5%-тен 24%- ке қысқарды, ал жиынтық меншік капиталдағы үлесі12,7%-тен 19,6%-ке көбейді.

 

       Кесте 1

       Халлықаралық сандарттарға өту бойынша банктердің топтары

 

Көрсеткіш

01.01.99

01.01.00

І топ банктері

16

11

ІІ топ банктері

34

25

Бағдарламаға кірмеген банктер

17

14

Резидент емес бас банктер “А” категориялы – еншілес банктері

4

4

Бағдарламаны орындаған                    банктер

 

1

Е с к е р т у - [8,б.142] әдебиеті негізінде жасалған

Информация о работе Қазақстан Республикасы қазіргі таңдағы банктік жүйесі