Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:24, реферат
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы 4
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін қаржыландырудың көздер 7
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары.9
2 Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық-құықтық нысандары 14
2.1 Шаруашылық серіктестіктері
2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар 15
2.3 Кооперативтер 17
Қорытынды 20
Әдебиеттер тізімі 22
1.2 Коммерциялы емес қызметтiң ұйымдары мен мекемелерiн
қаржыландыңудың көздерi
Қызметтік коммерциялық емес түрлерi (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтiрiлген нарықтық. экономиқасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кiтапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлi қайырымдылық қорларды, кәсіптiк бiрлестiктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестiруге мүмкiндiк берідi. Бұл тәрiздi даму қоғамдық игiлiктердi өндiрушiлер пайдаланатын салық жеңiлдiктерiмен ғана түсiндiрiлмейдi. Жеңiлдiк беру кезiнде мемлекет әр түрлi ұйымдарды, сарайларды, мұндағы басты критерий — көрсетiлетiн қызметтердiң қоғамдық пайдалылығының дәрежесi. Мемлекет сондай-ақ халыққа қызмет көрсететiн белгiлi бiр ұйымдарды қаражаттаңдырады.
Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттiлiктердi қаржыландыру жөнiндегi мемлекеттің iс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөнiндегi олардың үлкен икемділiгiмен және жеделдiгiмен түсiндiрiледi. Қызметтің коммерциялы емес түрлерiнен алатын пайда немесе табысты пайдаланудың қаржы механизмi, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерiнiң арасында бөлiнбейтiнiн анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметiн пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсiнетiн азаматтар және т.б.) бағытталады.
Қазақстан Республиқасының заңнамалы практикасы басқаша iс-әрікет етедi; мұнда кәсiпкерлiк қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың өзге де объектiлерiне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б.) сияқты салық салынады. Коммерциялық емес ұйымның сыйақы, грант, кiру және мүшелiк жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусiз берiлген мүлiк, өтеусiз негiздегi аударымдар мен қайырымдылық түрiнде алған табысы салық салуға жатпайды.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiн қаржыландыру көздерi әр түрлi болып келедi. Оларды бұл құрылымдардың iс-әрікет етуiне, мемлекеттің қатысу дәрежесiне қарай топтастыруға болады:
Мемлекет тиiстi функцияларын толық атқарған жерде ұйымдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар мемлекеттiк бюджетiнiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады. Бұған мемлекеттiк басқару, құкықтық тәртiптi қорғау, қорғаныс, iшiнара бiлiм беру және денсаулық сақтау жатады. Іргелi ғылыми зерттеулерге жұмсалатын шығындардың басым бөлiгi осы қаражаттар есебінен қаржыландырылады. Бюджет ресурстары сондай-ақ мәдениет пен шығармашылық мекемелерiн: кiтапханаларды, мұражайлар мен көрмелердi, сарайларды, театрларды, филармониаларды, музыкалық ұжымдарды, ансамблдердi, мемлекеттiк теле-және радиостудияларды, киностудияларды және т.б. қолдап отыруға пайдаланылады.
Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландырудың маңызы жағынан екiншi көзi көрсетiлетiн қызметтерден, орындалатын жұмыстардан алатын табыстары (түсiм-ақша) түрiндегi меншікті қаражаттары, сондай-ақ ведомствоға қарасты кәсiпорындарда өнiм өндiруден алынған жалпы табыс (пайда) ұйымның меншiгiндегi басқа мүлікті пайдаланудан түскен табыстар болып табылады.
Қызмет көрсетуден алынған түсiм-ақша ұйымның оларды орындауға жұмсаған атығындарын жабады және ұйымның одан әрi өздiгiнше дамуына жеткiлiктi таза табысты (пайдалы) кiрiктiредi. Мұндай әдiстермен бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен шығармашылық мекемелерiнiң қызметтерiне деген халытың қосымша қажеттілiктерi қаржыландырылады.
Меншiктi көздердiң қатарына сонымен бiрге ғимараттарды, құрал-жабдықты және ұйымның басқа мүлкiн жалға беруден алынатын қаражаттар, мүлiк пен ғимараттарды кепілдiкке беруден алынатын қаражаттар жатады.
Қаржыландырудың үшiншi көзi — банктердің кредиттерi. Бұл көздi ақылы қызмет көрсететiн ұйымдардың пайдалануы мүмкiн, өйткенi қарыз қаражаттарын қайтарудың қажеттiгi ұйымның кредиттi пайдалану уақытынан асыл түсетiн мерзiмi бойынша жақсы жолға қойылған, бiрқалыпты жұмыс iстеуiн керік етедi. Қаржыландырудың бұл әдiсi, кредит қаражаттарының қамтамасыз етiлуi мен өтiмдiлiгiн кепілдендiретiн әдiс ретiнде, қарамағында ведомствоға қарасты кәсiпорындары бар ұйымдар үшiн аса қолайлы болып келедi.
Қоғамдық бiрлестiктер мен ұйымдарды (саяси партиялар, кәсiптiк, шығармашылық одақтар, азаматтардың дiни бiрлестiктерi, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар және басқалары) қаржыландырудың айрықшалықты әдiсi олардың қатысушыларының мүшелiк жарналары болып табылады. Олардың қаржылық өзара байланыстары қоғамдық бiрлестiктердiң өздерiнiң қызметiн ұйымдастыруға байланысты өзгешелiгiмен және сипатымен бөлектенедi. Қоғамдық бiрлестiктердi ұйымдастырудың ерiктiлiгi олардың қаржы ресурстарының негiзгi көзi кiру және мүшелiк жарналары болып келетiндiгiне соқтырады: оларға бюджет қаржысын (салық төлеушiлердiң табысынан қалыптасатын) пайдалануға рұқсат етiлмейдi. Қызметтің қоғамдық сипаты бiрлестiктер меншiгiн олардың мүшелерiнiң жеке-дара табыстар табуға пайдалану мүмкiндiгiнен айырады. Қалыптасатын қаржы ресурстары бiрлестiктердiң жарғысына байланысты шығындарды жабуға жұмсалады.
Материалдық өндiрiс сферасының кәсiпорындары мен ұйымдары тарапынан болатын қайырымдылық мақсаттарына аударылатын аударымдар, шетелдiк мемлекеттердiң, ұйымдардың, компаниялардың, халықаралық ұйымдардың iзгiлiктi көмегi әлеуметтік бағытылық, мәдени және шығармашылық ұйымдары мен мекемелерiн, коғамдық ұйымдарды, қорларды қаржыландырудың көзi ретiнде қызмет атқарады. Осындай қаржыландырудың алуан түрлiлiгi ретiнде белгiлi бiр ұйымның немесе қызмет түрiнiң тұрақтылық, белгiсiмен ерікшелiктенетiн демеушiлiк қаржыландыруы бола алады.
Ғылыми зерттеулердi қаржыландырған кезде гранттар — жеке адам, компания, фирма, халықаралық ұйым, мемлекет тарапынан белгiлi бір бағыттағы ғылыми зерттемелердi, жобаны, ғалымдардың бiр тобын немесе жеке ғалымды зерттеудi аяқтап,оның нәтижелерiн өндiруге немесе басқаша қолдануға дейiн жеткiзу мақсатымен өтеусiз қолдау әдiсi қолдалынады.
Коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерiн ұстауға және дамытуға арналған қаражаттарды толықтырудың белгiлi бiр көзi олардың қарамағындағы ресурстардың бiр бөлiгiн коммерциялық, және жинақ банктерiнiң депозиттерiне, сондай-ақ қаржы рыногында бағалы қағаздарға орналастырудан алынатын табыстар болып табылады.
Қаржыландырудың аталған көздерi коммерциялық емес қызмет ұйымдары мен мекемелерiнiң ақша қаражаттарын әр түрлi үйлесiмдерде және аталған көздердiң толық жинақталымында қалыптастыруы мүмкiн. Мысалы, бiлiм беру жүйесiнде аталған көздердiң жинақталымы толығырақ, мемлекеттік басқаруда—екi-үш көздермен шектеледi. Бiрақ кез келген нұсқада — қаржыландырудың қосымша көздерiнiң көп немеес аз болуы — мемлекеттік бюджеттен оның кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiнде қарастырылған қаржыландырудың көлемдерi азайтылмайды. Ықпал жасаудың мұндай тұтқасы ұйымдар мен мекемелердiң қоғамдық пайдалы қызметiн дамытудағы, олардың жұмысылық тиiмдiлiгiн арттырудағы бастамасы мен шығармашылық iзденiсiн ынталандыруға шақырады.
1.3 Коммерциялык емес ұйымдар мел мекемелердiң шығыстары
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекiтiлген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының бiрiне тиiстiлiгiне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргiзуде пайдаланылатын әдiске қарай анықталады.
Шаруашылық есеп пен өзін-өзі өтеу негiздерiнде iс-әрекет ететiн үйымдар мен мекемелер жұмыстың қаржылық нәтижелерiн есептеп, жоспарлайды және оларды кәдуiлгi қаржы жоспарының немесе бизнес-жоспардың көресткіштерiнде ресiмдейдi. Бұл жағдайда өндiрiс пен қызмет көрестуге жұмсалатын шығыдардың тiзбесi материалдық өндiрiс сферасында жинақталатынға ұқсас болып келедi, бiрақ құрылымында материалдық шығындардың үлес салмағы едәуiр аз болып, еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдарға (әлеуметтік салықты коса) жұмсалатын шығындар басымырақ, болады. Басқа құрылымдық ауытқулар болуы мүмкiн, мысалы қымбат тұратын жабдық пен приборларды пайдаланатын ғылыми мекемелерде амортизациялық аударымдардың үлесi үлкен болады.
Коммерциялық
емес қызмет жүргiзетiн ұйымдар мен
мекемелер өздерiнiң қаржы
Коммерциялық негізінде жұмыс iстейтiн кәсіпорындардың қаржы жоспарларынан сметаның басты айырмашылығы сол, сметада шығындар анағұрлым егжей-тегжейлi негiзделсе, кiрiстер тек әр түрлi көздер тұрғысынан бейнеленедi.
Жеке мекемелер
мен ұйымдар бойынша өтпелi кезеңнiң
жоспарлы қаржы құжаты ретiнде олардың
бюджеттiк емес көздерi бола тұрса
да шығындардың сметасы
Экономикалық жiктеме бойынша сметаларда шығындар әдетте санатқа, сыныпқа, iшкi сыныпқа, өзгешелiкке топтастырылады.
Ағымдағы шығыстар санаты мына сыныптарды кiрiктiредi:
1. Iшкi сыныптардың
құрамында тауарлар мен
2. Сыйақылар (мүдделер) төлеу, iшкi сыныптардың құрамындағы басқадай ағымдағы шығыстар:
3. Iшкi сыныптардың
құрамындағы субсидиялар және
басқа ағымдағы трансферттiк
«Құрделi шығыстар» санаты мына сыныптарды кiрiктiредi:
«Кредит беру, үлескерлiкпен қатысу» санаты мына сыныптарды кiрiктiредi: