Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 16:24, реферат
Кәсiпорындарды ұйымдық-құкықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндiрiстiк-шаруашылық қызметiн қаржыландыруға, шаруашылықты жүргiзудiң нәтижелерiне әкеп соғады.
Кіріспе 3
1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы 4
1.1 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер қаржысының мазмұны және оны ұйымдастыру
1.2 Коммерциялық емес қызметтін ұйымдары мен мекелердін қаржыландырудың көздер 7
1.3 Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердін шығыстары.9
2 Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық-құықтық нысандары 14
2.1 Шаруашылық серіктестіктері
2.2 Мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар 15
2.3 Кооперативтер 17
Қорытынды 20
Әдебиеттер тізімі 22
2.3 Кооперативтер
Экономиканың кооперативтiк секторы бiрыңғай ұлттық шаруашылық кешенi буындарының бiрi болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншiк нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты жүргiзудiң бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлi салаларда оның кеңеюiне кең жол ашты.
Қазiргi кезде кооперация жүйесiнде кооперативтердiк екi негiзгi тұрпаты — өндiрiстiк және тұтыну кооперативтерi жұмыс iстейдi.
«Өндірістік кооператив туралы» заңда өндiрiстiк кооператив азаматтардың бiрлескен кәсіпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк салымдарын (үлестерiн) бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi делiнген. Өндірiстiк кооперативтер тауарлар, өнiмдер өндiрiп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргiзушi субьектiлерге және халыққа қызмет көрестедi.
Өндiрiстiк кооператив коммерциялы ұйым және заңи тұлға болып табылады. Ол жеке кәсiпкерлiк үшiн заңнамалық актiлермен тиым салынбаған кәсіпкерлiк қызметтің кез келген түрiн жүзеге асыруға құқығы бар.
Өндiрiстiк кооператив мүлкiн жарғы салымдары, оның қызметiнен алынған табыстар, заңнамамен тыйым салынбаған өзге де көздер құрайды.
Кооператив жыл сайынғы пайдасынан аударымдар жасаудың есебiнен резервтiк капитал құра алады, ол кооперативтiң несие берушiлер алдындағы мiндеттемелерiнің орындалуын қамтамасыз етуге және көзделмеген шығыстарды өтеуге арналады.
Өндiрiстiк кооперативтiн пайдасы жыл қорытындысы бойынша анықталады. Салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төленгеннен кейiн қалған пайда кооперативтiң толық қарамағында қалады және оның мүшелерiнiң жалпы жиналысы мен кооперативтiн құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарға бөлiнедi.
Тұтыну кооператтивтi сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көресту арқылы өзiнiң мүшелерiн және басқа азаматтардын қажеттілiктерiн қанағаттандырып отырады.
Қазақстан Республиқасыныы заңына сәйкес селолық тұтыну кооперативi мүшелiк негiзде оның мүшелерiнiң (пайшыларының) материалдық және өзге де қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктік (үлестiк) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардын ерiктi бiрлестiгi деп танылады.
Заңи тұлға да селолық тұтыну кооперативiне мүше бола алады.
Селолық тұтыну кооперативтерi коммерциялық емес ұйымдар болып табылады және кәсіпкерлiк қызметпен өздерiнiң жарғылық мақсаттарына сәйкес келетiндей дәріжеде ғана айналыса алады.
Селолық тұтыну кооперативтерi сауда, дайындау, өткiзу, өндеу, қызмет көрсету, жабдықтау қызметiн және заңнамаларда тиым салынбаған өзге де қыэметтi жүзеге асыру үшiн мүлiктiк (үлестiк) жарналар есебiнен құрылады.
Пәтерлер иелерiнiң тұтыну кооперативтерi — ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиiс.
1 сызба. Шаруашылық
жүргізуші субъектілер
Қызметтің сфералары бойынша |
Материалдық |
Материалдық емес (өндірістік емес) | |||||||||||||||
Өндірістің түрлері бойынша |
Тауарлар, жұмыстар |
Қызметтер | |||||||||||||||
Қызметтің сипаты бойынша |
Коммерциялық | ||||||||||||||||
Коммерциялық емес | |||||||||||||||||
Меншіктің нысандары бойынша |
Мемлекеттік меншік | ||||||||||||||||
Жеке меншік | |||||||||||||||||
Қоғамдық ұйымдардың меншігі | |||||||||||||||||
Шетелдік субъектілердің меншігі | |||||||||||||||||
Аралас | |||||||||||||||||
Ұйымдық-құқықтық түрлер бойынша |
Шаруашылық серіктестіктері |
Мемлекеттік |
Коопе-ратив-тік |
Қоғамдық ұйымдар |
Өндіріс- тік емес сфера- ның ұйымда- ры мен мекеме-лері | ||||||||||||
шаруашылық жүргізу құқығындағы |
жедел басқару құқығындағы | ||||||||||||||||
Толық серіктестік |
Жауапкешілігі шектеулі серіктестік |
Акционерлік қоғам |
Қосымша жаупкершілігі бар |
Сенім серіктестігі |
Басты |
Еншілес |
Қазыналық |
Өндірістік |
Тұтыну |
Қоғамдық бірлестіктер |
Қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары |
Қоғамдық қорлар |
Мемлекеттік |
Коммерциялық |
ҚОРЫТЫНДЫ
Ондiрiстiк емес сферада коммерциялық негізде қызмет ететiн тұрғын уй—коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсiпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдардың үлкен бөлiгi жұмыс iстейдi.
Кiрiс түсiру негiзгi мақсаты болып табылмайтын және алымған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтiн заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Коммерциялық емес ұйымдардың қаржысын ұйымдастыруға негiзiнен олардың ұйымдық-құқытық нысандары әсер етедi. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар қаржысының ерекшелiктерiн анықтау үшiн оның құрамына кiретiн мекемелердi, ұйымдарды, олардың қызметінiң сипатын, басқаруды ұйымдастырудың және қаржыландырудың әдiстерiн ескере отырып зерделеген жөн.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметiн қаржыландыру көздерi әр түрлi болып келедi. Оларды бұл құрылымдардың iс-әрікет етуiне, мемлекеттің қатысу дәрежесiне қарай топтастыруға болады:
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердiң шығыстары қағидада, жарғыда немесе өзге бекiтiлген құжатта қарастырылған олардың функциялық қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған. Шығыстардың құрамы мен құрылымы ұйымның немесе мекеме қатысушыларының қызмет бағыттарының бiрiне тиiстiлiгiне (қатыстылығына), сондай-ақ бұл қызметті жүргiзуде пайдаланылатын әдiске қарай анықталады.
Коммерциялық емес қызмет жүргiзетiн ұйымдар мен мекемелер өздерiнiң қаржы жоспарларын өздерi жасайды. Мұның үстiне тек бюджет қаражаттары есебiнен қаржыланатын мекемелер шығындардың сметалар жасайды, онда мекеме қызметiнің сипатты көрескiштерi және қаражаттарды сыныптаманың бөлiмшелерi бойынша бөлу қамтып көрестiледi, ал өздерiнiң қажеттiктерiн бюджет қаражаттарымен ғана емес, қаржы ресурстарының басқа да түрлерiмен қамтамасыз ететін ұйымдар мен мекемелер шығындар мен табыстардың сметаларын жасайды.
Қазақстан Республиқасы Президентiнiң «Шаруашылық серiктестiктерi туралы» заң күшi бар жарлығына сәйкес шаруашылық серiктестiгi — жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серiктестіктің мынадай нысандары белгiленген:
1) толық серiктестiк;
2) сенiм серiктестiгi;
3) жауапкершiлiгi шектеулi серiкт
4) қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк;
5) акционерлiк қоғам.
Экономикада едәуiр орынды мемлекеттiк сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай тұрлерi жұмыс iстейдi:
1) шаруашылық жүргiзу құкығына негiзделген кесiпорындар; бұл құкық мүлiктi мемлекеттен меншiк иесi ретiнде алған және осы мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құкықтарын заңнамада белгiленген шекте жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсіпорынның заттық құкығы болып табылады;
2) жедел басқару құкығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсіпорындар. Бұл құкық қазыналық кәсіпорынның меншiк иесiнен алған және өз қызметiнiң мақсатына, меншiк иесiнiң тапсырмалары мен мүлiктiң мақсатына сәйкес заңнамалық актiлерде белгiленген шекте сол мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын заттық құкық болып табылады.
Экономиканың кооперативтiк секторы бiрыңғай ұлттық шаруашылық кешенi буындарының бiрi болып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында меншiк нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылықты жүргiзудiң бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлi салаларда оның кеңеюiне кең жол ашты.
Пәтерлер иелерiнiң тұтыну кооперативтерi — ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық түр болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиiс.
Әдебиеттер тізімі
1. Қ.Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев «Қаржы оқулық» - Алматы, 2005 ж.
2. Толық-экономикалық
орысша-қазақша сөздік –
3. Құлпыбаев С. «Қаржы теориясы» - Алматы, 2001 ж.