Баскару есеби

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:51, реферат

Описание

Басқарушы есептің қалыптасуы, деп жазады Карпова Т.П. ол калькуляциялық есептің базасында қалыптасқан, сондықтан оның оның негізгі маөмұны болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде пайда болған аудармалы және отандық жүрген ақпараттарда, және бухгалтерлік есеп бойынша шыққан еңбектерде «Басқарушы есеп» туралы берген ұғымының анықтамасында кездеседі.

Работа состоит из  1 файл

Баскару есеби.doc

— 853.00 Кб (Скачать документ)

Жұмыс күшінің шығындары тап осындай болып топтастырылса, онда ол көп деңгейде өзіндік қүнның есебі мен табысты есептеудің, сондай-ақ ішінара шығыстарды бақылау және реттеудің мақсаттарына жауап береді. Шешім қабылдауға келсек, онда есепте жүмыс күшінің болашақ шығындарын бөлу мәселесін қарастыру керек.

Жүмыс күшіне арналған шығындарды есептеу  процедурасы жүйелі түрде еңбек ресурстарын басқару процесін және жүмыс күшіне жүмсалған шығындарын көрсетеді (26 сурет).

Келісімді еңбек ақы жекелеген тапсырыстар  мен процестердің өзіндік құнына шығындарды тікелей енгізуді қарастырады. Бірақта жүмыс күшіне жүмсалған шығындардың кейбір бөлігі жанама сипатқа ие. Бүл жағдайда істеген жүмыс күніне қарай төленетін ендірістік жүмысшьшардың еңбек ақы шығындарын, т. б. жекелеген тапсырыстар мен процестердің өзіндік қүнына жатқызудың мүмкіндігі бола бер-мейді.

Мүндай шығындардың  бір бөлігін үстеме мен жалпы-әкімшілік шығыстарына жатқызылады, бұл кезде ол кәсіпорында қабылданған әдістеме бойынша аратылады. Ал шығындардың қалған бөлігін жекелеген топқа бөліп алып, сосын оларды: нақты өнім түрлерінің

  Сурет. Жүмыс күшіне арналтн  шығындарды есептеу процедурасы

арасына, яғни дайын  өнім мен аяқталмаған өндірістің үлес салмағына қарап таратады. Осы түрғыдан бүйымның түрлері бойынша сметалық (нормативтік) мөлшерлемелері дайындалады. Мелшерлеменің есептік деңгейінің базасына жоспарланған өндірістік бағдарламалардың көлемі, тарифтік мөлшерлемесі және сыйақьшары, қызмет көрсету нормасы мен жүмыс уақытының бюджеті, істеген жүмыс күніне қарай төленетін еңбеккерлердің саны (жүмыс орыны) алынады. Мөлшерлеменің есептік деңгейінің базасы жиі өзгеріп отыруына байланысты көптеген ШС есепті айда калыптаскан пайыз бойынша жүмысшының істеген жүмысына қарай есептелген еңбек ақыларына тікелей пропорционалды түрде шығындарды таратады.

Бақылау мақсатында өндірістік бухгалтерияда нақты  шығындар сметалықпен салыстырылатын, шығындар сметаларын орындау жөніндегі жиындық ведомосттарын жасайды. Жекеленген мәліметтер бойынша ақау, тоқтатулар, жұмыс күшінің қозғалысы, жұмыс уақытын пай далану туралы ақпараттарды шолып, жалпылама қортынды жасалады.

 

3.Өндірістегі ақаулар есебі.

Өндірілген өнімнің сапасы әрбір  еңбек ұжымы бойынша олардың  қызметінің нәтижесін бағалауда  айқындаушы болып табылады. Әрбір  кәсіпорын өзінің абыройын, бәсекелестік қабілеттілігін, ұжымның кәсіби және патриоттық мақтанышын ақатағаны абзал. Кәсіпорын өнімнің сапасына бақылау жасап, техникалық-бақылау бөлімінің жұмысына жәрдемдесіп отыруға тиіс. Сапасыз өнім шығару ұжымның шаруашылық еебінде, жалақысында және әлеуметтік игіліктерінде сөзсіз шығынға әкеп соғады.

Сапасы жағынан белгіленген  немесе техникалық шарттарға сәйкес келмейтін және өзінің тікелей мақсатына  пайдалануға жарамайтын бұйымдар өнім ақауы  болып есептелінеді. Ақау бойынша жіктеледі:

    • ақау байқалған орны бойынша – ішкі (өнім сатып алушыға жіберілгенге дейін анықталған) және сыртқы (сатып алушыда анықталған) ақау;
    • анықталған ақаулардың сипаты бойынша – түзету мүмкіндігі жоқ немесе экономикалық жағынан алғанда түзетуі түпкілікті (жөндеуге келмейтін) және жөндеуге болатын ақаулар;
    • пайда болу себептері бойынша - өндіріс технологиясының бұзылуы, сапасыз шалафабрикаттар және т.б.

Өндірістегі ақау 930 шотта есепке алынады. Ақауды жөндеу жөніндегі шығындар «Цехтар  бойынша шығындар» ведомосында  көрсетіледі. Түзету болатын және түзетуге болмайтын ақаудан болған шығындар «Өндірістегі шығынды есепке алу» ведомосында айқындалады. Оған жазу үшін №12 ведомостағы ақау туралы хабарламалары негіз болады.

Ақаудың есебін жүргізу үшін 93 шоттар бөлімшесі арналған.

Ішкі түпкілікті ақаудың зіндік құнын мынадай шығындар бойынша  анықтайды: ақау болған өнімді жөндеу кезінде жұмсалған шикізаттар, матералдар, шалафабрикаттар шығындары; өндіріс  жұмысшыларының жалақысы; жалақыдан  еептелген аударымдар; үстеме шығыстар.

Сыртқы ақаудың құны тұтынушылардың біржола ақау деп танылға өнімнің өзіндік құнынан, осы німді сатып алуға байланысты атып алушыға өтелген шығындарынан, ақауға шығарылған бұйымдарды бөлшектеуге жұмсалға шығындарынан, сондай-ақ ақаулы өнімді ауыстыруға байланысты туындаға көлік шығындардан немесе егер өнім жөнделетін ақауға жататын болса, тұтынушыдағы ақаулы өнімді түзетуге жұмсалған шығындардан тұрады.

Өнімнің өзіндік құнына жатқызылған  сыртқы және ішкі ақаудан болатын  шығынды анықтау үшін түпкілікті ішкі және сыртқы ақаудың құнына ақауды түзетуге жұмсалған шығындары қосылады және ақаулы өнімнің пайдалынылуы мүмкін болатын бағасы бойнша оның құны, ақауды өнімнің жіберген кінәлілерден нақты сомасы ұсталынады, ал егер ол өнімді жеткізіп берушілердің кінәсінен болса, онда оның құны бүкіл сатып алынған нім құнынан шегеріліп тасталады.

Ішкі ақаудан болған шығындар ақау анықталған айдағы өндіріс шығындарында, ал сыртқы ақаудан болған шығындар ақауды өнімді сатып алушылардан келіп түскен талап қабылдаған айдағы өндіріс шығындарында көрсетіледі.

Бухгалтериялық есепті және ақаудан  болған шығынды анықтауды кәсіпорынның техникалық-бақылау бөлімі жүеге  асырылады.

Анықталған түпкілікті немесе түзетуге болатын ақау үшін ТББ «Ақау туралы актісі» жасайды. Жұмысшының кінәсінен  жіберілген ақауды түзету наряд жазылмай жүргізіледі. Егер осы ақаудың жіберілуііне кінәлі болып табылмайтын жұмысшы ақауды жөндесе, онда мұндай жұмысқа жалпы тіртіп бойынша наряд жазылып, оған «Ақауды қайта жасау» деген мөртаңбасы қойылады.

Ақаудан болған шығындарды тиісті дәрежеде есепке алуды және кәсіпорындардағы ақау туралымәліметтерді жүйелеудегі ұйымдастыру ақау себептерінің тізбесі және оған кінәлілер анықталғанға дейін жүреді.

Ақаудың себептері мен кінәлілергешифр  қойылып, осы мәселелер туралы мәліметтер барлық цехтардың және олардың бөлімшелерінің басшыларына дейін жеткізіледі, сосын олар құжаттарда көрініс табады.

Ақаудан болған шығын ай сайын өндіріс  шоттарынан көшіріліп алынып, өнімнің  тиісті түрлерінің өзіндік құнына енгізіледі. Жеке және ұсақ сериялы өндірістерде ақаудан болған шығындар толық бітпеген белгілі бір тапсырысқа қатысты болған жағдайда аяқталмаған өндірістің құнына жатқызылады. Одан бақа жағдайлардың бәрінде ақаудан болған шығындар, әдеттегідей, тауар өнімнің өзіндік құнына енгізіледі.

Өткен есепті кезеңде өндірілген негізгі  өнімге жататын сыртқы ақаудан болған шығындар ағымдағы еептік кезеңде жасалған осындай бұйымдардың өзіндік  құнына көшіріліп жазылады. Мұндай өнім ағымдағы айда дайындалмаған жағдайда, сыртқа ақаудан болған шығындар үстеме шығындар үшін белгіленген тәртіп бойынша тауарлы өнім түрлерінен бөлінеді.

Анықталған ақуды ақау туралы хабарламамен рәсімдейді. Онда бұйымның атауы, ақау байқалған операциясы, кінәлілер  және ақаудың туындау себептері, жарамай қалған бөлшектерге жатқызылған тікелей шығындарының сомасы көрсетіледі. Осы арада түзетуге келмейтін ақау бойынша кіріске алынуға жататын сынықтар мен бағалы қалдықтардың құны айқындалады.

Сыртқы ақау бойынша  операциялардың есебі. Сыртқы ақау – жоғарыда атап ткеніміздей, тұтынушылардың тапқан ақауды.

 

4.Алдағы кезең шығындарының еебі мен таратылуы.

 

Шарушылық қызметінің барысында кәсіпорындарда келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына  немесе айнлымына жатқызылатын шығндар  туындайды, яғни пайда болады Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында ндірісті дайындау бойынша; жаңа өндірісті, жаңа цехтарды, жаңа агрегаттарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша; өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру мен дайындау және технологиялық процесстер бойыша; тау-кен жұмыстарын жүргізуге даярлық жасау бойынша; егістік жерлерді қайта өңдеу; өндірісті ұлғайтқан немесе ұйымдастарған жағдайда жұмысшыларды жаппай жұмысқа қабылдаған кезде; жалға алушының қаржысының еебінен жасалатын жалға берілген  негізгі құралдарды күрделі  жөндеуден өткізген кезде; техникалық әдебиетке, газеттерге және журналдарға жазылған кезде; алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау  ақысы; алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және бақа да шығындары жатады.

Келешек кезең шығындарын есепке алу 34 «Алдағы уақыттың еебіне жататын шығындар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оларға мына шоттар кіреді.:

341 «Сақтандыру полисі»;

342 «Жалгерлік төлемдері»

343 «Болашақ кезеңнің есебінен  жататын бақа да шығыстар».

Алдағы уақыттың есебіне жататын шығындардың аналитикалық есебі шығынның әр түрі бойынш келешек кезең шығындарын еепке алу тізімдемесінде немесе тиісті машинорграммада жүргізіледі.

Тізімдемеге жазбалар 34 бөлімшенің шоттарының дебеті бойынша өңдеу кестелерінен «Еңбек ақыны бөлу», «Негізгі құралдардың амортизациясы», «Қосалқы өндіріс пен шарушылықтардың қызметін бөлу» және басқа да бастапқы құжаттар бойынша жазылады.

Нәтижесінде тізімдемеде немесе машинограммаларда 34-блімшенің шоттарының дебеті бойынша  түрлі шоттардың кредитінен айналым жинақталады.

Болашақ кезеңнің есебіне жататын  шығындар жыл сайын түгенделуі қажет. Бұл түгендеу осы шоттың келесі жылға  ауысатын қалдықтарының айқындалығын және олардың жыл ішіндегі өндіріс  шығындарына немесе айналым шығындарына  жататындығын қамтамасыз етеді.

 

 

 

Тақырып 5. Аяқталмаған өндірістің бағалануы, түгенделуі және есебі.

 

  1. Аяқталмаған өндірістің мәні.
  2. Аяқталмаған өндірістің бғалануы: орташа есеп әдісі, Фифо әдісі, Лифо әдісі, арнайы әдісі.
  3. Аяқталмаған өндірісті түгендеу.

 

1. Аяқталмаған өндірістің мәні.

Бухгалтерлік есеп стандарттары бухгалтерлік есепті қаржылық және басқару деп  бөлуді және осыған сәйкес орталық  бухгалтерияның құрамында екі бухгалтерия: қаржылық және басқару бухгалтериясын құруды көздейді.

Басқару бухгалтериясы 90-шы «Негізгі өндіріс», 91-ші “Меншікті өндірістің шала фабрикаттары”,  92 “Көмекші өндірістер”, 93 «Қосымша шығындар», 94 “Әлеуметтік сала», 95 «Өндірістегі ақаулар» бөлімшелерінің шоттарында жүргізіледі. Қалған шоттар қаржылық бухгалтерияда жүргізіледі.

Баланстық және басқа да есеп беруді жасау үшін әрбір есепті кезеңнің аяғында басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына аяқталмаған өндірістің қалдықтары беріледі. Аяқталмаған өндірістің құнын есепке алу үшін қаржылық бухгалтерияда 21-ші «Аяқталмаған өндіріс» бөлімшесінің мынадай шоттары көзделген: 211 «Негізгі өндіріс», 212 «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 213 «Қосалқы (көмекші) өндірістер», 214 «Басқалар» шоттар.

Аяқталмаған өндірістің қалдықтарын басқару бухгалтериясынан қаржы бухгалтериясына беру 211, 212, 213, 214-шоттардың дебеті бойынша 900 «Негізгі өндіріс», 910 «Меншікті өндірістің шала фабрикаттары», 920 «Көмекші өндірістер», 950 «Өндірістегі ақаулар» шоттарының кредитінен /ақауды өндірісте жөндеу немесе түпкілікті ақауды талдау аяқталмаған жағдайда/ бейнеленеді.

Келесі есепті жылдың басында аяқталмаған өндірістің 211,212,213,214-шотетарында есепке алынған  құны басқару бухгалтериясына беріледі. Ол операция жоғарыда аталған шоттардың  кредиті, 900, 910, 920, 950-шоттардың дебеті бойынша көрсетіледі.

Осылайша 211,212,213 жане 214-шоттардың дербес маңызы болмайды. Олар аяқталмаған өндірістің құнын қаржы бухгалтериясында есепке алуға және оньің қалдықтары туралы деректерді баланста көрсетуге арналған. 211-214-шоттар жай шоттар болып табылады, олар өнім түрлері, тапсырыстар, қайта жасаулар мен өндіріс сатылары бойынша талдамалық есеп жүргізуді талап етпейді.211-214 шоттарда есепке алынған аяқталмаған өндірісті талдамалық еепке алу толық көлемінде 900,910,920 және шоттарда басқару бухгалтериясында жүргізіледі.

 

2. Аяқталмаған өндірістің бғалануы: орташа есеп әдісі, Фифо әдісі, Лифо әдісі, арнайы әдісі.

Бухгалтерлік  есеп стандарттарында материалдық  құндылықтарды бағалаудың келесі әдістері ұсынылған: арнайы (жалпылама) ұқсастыру  әдісі, орташа құн әдісі, алғашқы  сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша («ФИФО») бағалау әдісі, соңғы сатып алынған босалқылардың бағалары бойынша бағалау әдісі ЛИФО әдісі.

Арнайы (жалпылама) ұқсастыру әдісі. Бұл әдіс босалқылардың партиялық есебін дәл үйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады.

Орташа құн  әдісі. Бұл әдіс материалдық құндылықтардың құны ай (кезең) басындағы қорлардың қалдығы мен осы ай (кезең) барысындағы түскен босалқы қорлардьщ құнының орташа қосындысы деп түсіндіріледі.

  ФИФО әдісі. Босалқыларды алғашқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі.

Ай соңындагы  қорлардың өзіндік құны соңғы  жеткізілгендерге жатқызылады, ол олардың  шығарылуы бастапқы әкелінгендерге жатқызылады.

     ЛИФО әдісі. Босалқыларды соңғы сатып алынғандардың бағасы бойынша бағалау әдісі. Соңғы алынған қорлардың өзіндік құны , бірінші кезекте жұмсалғандардың құнын анықтау үшін қолданылады, ал ай (кезең) соңындағы қорлардың өзіндік құны, бірінші сатып алынған қорлардың өзіндік құнымен есептеледі деген тұжырымға негізделген әдіс.

Материалдық қорлар мен КДШ сомасын бағалау тікелей  сатылған өнімнің өзіндік құны арқылы жалпы табыс мөлшеріне әсер етеді, олай болса, заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы көлеміне де әсерін тигізеді. Сондықтан материалдық қорларды бағалаудың дұрыстығын салық органдары тексеріп отырады.

 

  1. Аяқталмаған өндірісті түгендеу.

Информация о работе Баскару есеби