Баскару есеби

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 15:51, реферат

Описание

Басқарушы есептің қалыптасуы, деп жазады Карпова Т.П. ол калькуляциялық есептің базасында қалыптасқан, сондықтан оның оның негізгі маөмұны болашақтағы және өткен кезеңдердегі өндіріс шығындарының әр түрлі классификациялық аспектідегі есебін құрайды. Бұл жағдай, соңғы кездерде пайда болған аудармалы және отандық жүрген ақпараттарда, және бухгалтерлік есеп бойынша шыққан еңбектерде «Басқарушы есеп» туралы берген ұғымының анықтамасында кездеседі.

Работа состоит из  1 файл

Баскару есеби.doc

— 853.00 Кб (Скачать документ)

Аяқталмаған өндірісті  түгелдеудің мақсаты өнімнің  өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі ережелер мен тиісті салалық нұсқауларына сәйкес оның көлемін және іс жүзіндегі бағасын анықтау болып табылады.

Өнеркәсіп орындарында  бөлшектердің, тораптардың, агрегаттардың  артық жиналып, құрастырылып бітпеген бұйымдардың іс жүзінде бар-жоғын анықтау; есепке алынбаған ақауды табу; аяқталмған өндірістің іс жүзінде комплектілігін және құрастыру ісінің бөлшектермен қамтамасыз етілуін анықтау; күші жойылған тапсырыстар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығын табу; өндірісте артық жиналып қалған бөлшектердің, тораптар мен агрегаттардың және т.б. іс жүзіндегі өзіндік құнын анықтау қажет.

Түгендеуді  бастар алдында цехтаға қажет  емес барлық материалдар, сондай-ақ бұл  кезеңде өңделіп бітпеген барлық бөлшектер және тораптар мен агрегаттарды қоймаларға тапсыру қажет. Аяқталмаған өндірістің цехтарда жиналып қалған артық бөлшектер мен шалафабрикаттардың оларды ждұрыс санауға қолайлы болатындай тәртіпке келтіру керек. Аяқталмаған өндіріс қалдықтары тексеру, оларды нақты санау, таразыға тарту, өлшеу арқылы жүргізіледі.

Түгелдеу тізімдері  артыұ бөлшектердәің атауы, олардың  дайын болу сатысы немесе дәрежесі, саны немесе көлемі көрсетіле отырып, әрбір цех бойынша бөлек жасалады.

Жұмыс орындарында  тұрған өңдеуге ұшырамаған шикізаттар, материалдар мен сатып алынған шалафабрикаттар аяқталмаған өндіріс тізімінен енгізілмейді, олар жекелеген бөлек тізімдерге енгізіледі. Түпкілікті ақауға шығарылған блшектер аяқталмаған өндіріс құрамына енгізілмейді.

Біртекті емес массадан немесе әртүрлі қоспадан тұратын аяқталмаған өндіріс бойынша түгелдеу тізімдерінде, сондай-ақ салыстырмалы ведомостарында екі сандық көрсеткіш: осы массаның немесе қоспаның саны және оның құрмына кіретін шикізаттар мен материалдардың саны келтіріледі. Шикізаттардың немесе материалдардың саны алалық нұсқаулада белгілдеген тәртіп бойынша есепке алынады.

Сонымен қатар, болашақ кезеңдердің шығындары  да түгелденеді. Түгелдеу комиссиясы құжаттар бойынша 34 «Болашақ кезеңдердің шығындары» бөлімшесінің шоттарыдан көретілуге тиісті соманы анықтап, тізімдемеге енгізеді. Бұл бөлімшенің шоттарында шығындар қалдырылуы мүмкін, олар кәсіпорында әзірленген сметаларға сәйкес құжатпен негізделген мерзімінде өндіріс шығындарына, не кәсіпорын қаржысын тиісті көздеріне жатқызылуы мүмкін.

Түгелдеу кезінде  анықтлған аяқталмаған өндірістің артық қалдықтары жоспарлы өзіндік құн бойынша немесе зауыт ішіндегі жоспарлы-есеп бағасы бойынша  кіріске алынады:

-900 «Негізгі  өндіріс» шотының дебеті.

-709 «Негізгі  қызметтен түскен басқа да  кірістер».

Аяқталмаған өндірісті түгелдеу кезінде анықталған жетіспеушіліктері 900 «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен 334 «Тағы басқа да» шотының дебетіне жазылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып 6. Әлеуметтік сала шығындарының есебі.

 

  1. Әлеуметтік сала объектілерінің сипаттамасы.
  2. Әлеуметтік саланың жеке объектілері бойынша шығындар есебінің ерекшеліліктері.

3.Қосалқы ауыл шаруашылығының табысы мен шығындарының есебі.

 

1. Әлеуметтік сала объектілерінің сипаттамасы.

 

Кәсіпорын қызметкерлерінің тұрмыстық  мұқтаждығына тиісті өндірістер мен  шаруашылықтар (моншалар, кір жуу, тұрғын үй-тұрмыстық шаруашылық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, жөндеу және пішу шеберханалары және басқалар) қызмет көрсетеді. Осы өндірістердің өндірген өнімнің, атқарған жұмыстары мен көрсеткен қыметтерінің шығындарының есебі «Әлеуметік сала» шотында жүргізіледі; оның құрамыа мынадай субшоттар жатады:

  1. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы»;
  2. «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары»;
  3. «Тұрмыстық қымет көрсету, киім тігу және басқа да өндірістер»;
  4. «Демалыс және еңбек лагерьлері»;
  5. «Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелер»;
  6. «Мәдени-тұрмыстық мақсаттағы мекемелер»;
  7. «Басқа да өндірістері мен шаруашылықтар».

Қызмет көрсетуші  өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын еепке алу, олар үшін белгіленген  шығындар баптарының номенклатурасы бойынша  «Қызмет көрсетуші өндірістер мен шаруашылықтардың шығындарын есепке алу ведомосында» жүргізіледі.

Ведомосқа жазу «Жалақы мен материлдар шығындарын тарату», «Негізгі құрал-жабдықтардың амортизациясының есебі», «Көмекші өндірістер көрсеткен қызметтерін тарату»  талдамалы кестелерінен және басқа да құжаттарынан жасалынады.

Әлеуметтік  саланың шығындарын еепке алатын ведомоста көрсетілген мәліметтер әлеуметтік саланың әрбір объектілері  бойынша жұмсалған шығындарды бақылау  үшін пайдаланылады. Оның кптеген объектілерінде аяқталмаған өндіріс болмайды, не болмаса оның мөлшері азғантай болғандықтан калькуляциялау кезінде ескеріле бермейді.

 

2. Әлеуметтік саланың жеке объектілері бойынша шығындар есебінің ерекшеліліктері.

Тұрғын үй-коммцуналдық шаруашылықтарының шығындары мен табыстарын есепке алу.

Оның құрамына тұрғын-үй қоры, жалға тапсырылған  тұрғын үй емес үй жайлары, жол шаруашылығы, конақүйлер және т,б, ТҮКШ бойнша шығындар мен табыстарды еепке алу 900 шотта  шығыстар баптарының мынадай номенлатырусы  бойнша жүргізіледі:

  1. Жалақы мен жалақыдан жасалатын аударымдар – ТҮКШ қызметкерлеріне негізгі және қосыиша жалақы – аула сыпырушыларына, күзетшілерге, коменданттарға және аталған қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар.
  2. Үй шаруашылығын ұстау – қоқыстарды алып кету және қоқыстарды жағу, қардан тазарту, жалпы пайдаланудағы жерлерді күтіп-ұстау және т.б. бақа да шығыстар.
  3. Тұрғын үй құрылысын жөндеу – тұрғын үйлерді, ғимараттарды және бақа негізгі құралдарды жөндеу жөніндегі шығындар: жұмысшылардың еңбек ақысы, еңбек ақыдан аударылған аударымдар, жөнеу материалдарының құны, көліктік және бақа да шығындар, мердігерлік әдіспен және өзінің көмекші өндірісінің көмегімен атқаралған жөндеу жұмыстарға ақы төлеу.
  4. Тұрғын үй қорының негізгі құралдарының амортизациясы – ТҮКШ амортизацияланатын негізгі құралдары бойынша амортизациялық аударым сомасы .
  5. Тұрғын үй құрылысы бойынша бақа да шығыстар – бұрынғы баптарда есепке алынбаған шығындар.

Жекелеген талдамалық шоттарда тұрғын үй пәтерлері мен  жатақханалар тұрғындарынан орталықтандырылған жылу, канализация және ассенизация, ыстық сумен жабдықтау, телефонды және ұжымдық антенналарды пайдаланғаны үшін алынатын нысаалы алымдар есебінен жүргізілетін шығыстар есепке алынады. Олар бойынша шығыстар бұл қызметтерді осы кәсіпорынның коммуналдық шаруашылығы көрсетті ме, әлде бақа кәсіпорын көрсетті ме, оған қарамастан «Коммуналдық қызмет» арқылы жүргізіледі. Нысналы алымдарды есепке алу жекелеген талдамалық шоттардағы алымдар түрлері бойынша жүргізіледі.

ТҮКШ кірістері  мынадай баптар бойнша есепке алынады: пәтерақы, тұрғын үй емес үй жайға арендалық ақы төлеу, үй шаруашылығының пайдалану шығындарын жабу үшін арендаторлардан алым жинау, бақа да кірістер.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорыдардағы шығындары есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептеу.

Станционралық асханаларды ұстау жөніндегі  шығындар мынадай баптар бойынша  жүргізіледі:

  1. Жалақы және жалақыдан аударылатын аударымдар – асхана қыметкерлерінің негізгі және қосыша жалақысы және осы қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар.
  2. Шикізаттар – белгіленген рецептураға сәйкес тамақты дайындау үшін асханаға босатылған өнімнің құны.
  3. Отын, су – тамақты дайындау үшін жұмслған отын мен судың құны.
  4. Ғимаратты күтіп-ұстау – жарық, жылу, сыпыру, амортизация, жөндеу, транспорт, ыстық және суық су, тамақты дайындау үшін технологиялық отындар.
  5. Амортизация және бақа да ұсақ керек-жарақтар бойынша шығыстар. Бұл бапқа қоғамдық тамақтандару саласындағы негізгі құралдардың амортизациясы, сондай-ақ ұсақ керек-жарақтардың құны жатады.
  6. Бақа да шығындар – бұрынғы баптарда көрсетілмеген шығындар кіреді.

Дайын тағамдардың  өзіндік құнын анықтау жән  тағамның сатылу құнын есептеу олардың  калькуляциялық карточкаларында жүргізіледі. Оларда рецептуралар бойнша тағамдардың  реттік номері, рецепті бойынша тағамдардың  құрамына кіретін өнімдердің атаулары, өнімдердің жұмсалу нормалары және олардыі сатылу бағалары жазылады. Есептеу үшін 100 тағамдылық өлшем бірлігін алады. Есеп айырысу 100 тағамға жүргізіледі. Тағамның сатылу бағасына қосылатын үстеме ақыны  асханалар ндірісінің шығындарын жабу қажеттігін негізге ала отырып анықтайды. Тағамның құны шикізат жиынтығы немесе өнімдерге баға өзгергенге дейін сақталады. Сату бағасының дұрыс белгіленгені калькулятордың қолымен расталып, оны өндіріс меңгерушісі немесе асзана директоры бекітеді. Карточкалар нөмірленіп, арналу картотекаларда сақтлады.

Асхана қоймасына  келіп түскен өнімдер мен тауарлар материалдарды еепке алу карторчкаларында атаулары, сорттары, саны және құны бойынша  есепке алынады. Кәсіпорын бухгалтериясына  асханадағы өнімдер 222-шотта есепке алынады.

Қоймадан алынған  өнімдер асхана меңгерушісінің немесе басқа жауапты қызметкерлердің  есебіне жазылады, ол күн сайын  некладнойлардың, лимиттік- алу карталарының, кассалық чектердің негізінде ас-үй бұйымдарын сату мен босату есебін жасап, онда тағамдардың санын және олардың сату бағасын көрсетеді. Қолма-қол есеп айырысуға дайын тағамдары босатұан кезінде кәсіпорын бухгалтериясына кассирдің есеп беруінде көрсетілген сомасын түскен түсіммен салыстырады.

Мектепке дейінгі  балалар мекемелерін ұстау жөніндегі шығындарды есепке алу  олардың әрқайсысы шығындардың мынадай баптары бойынша жүргізіледі:

  1. Жалақы және жалақыдан аударылатын аударымдар – асхана қыметкерлерінің негізгі және қосыша жалақысы және осы қызметкерлердің жалақысынан аударылатын аударымдар.
  2. Шаруашылық шығыстары – үй-жайларда ұстау, жинау, жылыту, жарық беру, жөндеу, сумен жабдықтау, канализация, жаймаларды жуу, жөндеу және т.б. шығындар.
  3. Оқытуға байланысты шығыстар және кітапхана үшін кітаптар сатып алу – балалармен сабақ өткізу және балалар мерекелерін өткізу үшін қуыршақ, құралдар мен материалдар сатып алу.
  4. Тамаққа жұмсалған шығындар – белгіленген нормалар бойынша тамақ өнімдерінің құны.
  5. Шаруашылық мақсаттары үшін жұмсалған шығындар, яғн жабдықтарды және керек-жарақтарды, жихаздары сатып алуға.
  6. Жеке керек-жарақтар мен киім-кешек сатып алу- төсектер; тәрбиешілер, медициналық және бақа қызметшілер үшін арнаулы киімдер, ясли жасындағы балалар үшін киімдер мен жаялықтар, бақа да ұсақ-түйек керек-жарақтары атпы алуға жұмсалатын шығындар.
  7. Басқа да шығындар – іс-сапарларға, қызмет сапарларна жұмсалатын және бдан бұрынғы баптарда ескерілмеген бақа да шығындар.

Мектепе дейнгі балалар мекемесін ұстау қаражаты: бюджет субсидиясы, ата-аналардың жарнасы, кәсіподақ ұйымының дотациясы, жергілікті билік органдарының дотациясы, кәсіпорынның қаражаты және т.б. көздері болу мүмкін.

Монша, кір жуу, жөндеу-тігу шеберханасы, шаштараз т.б. әлеуметтік саладағ объектілердің есебі жоғарыда келтірілген объектілредің есебіне ұқсас жүреді.

 

3.Қосалқы ауыл шаруашылығының табысы мен шығындарының есебі.

Бұл субшотта қосалқы  ауыл шарушылығынан алынған өнім мен шығындары туралы ақпараттар жинақталады. Ол өнеркәсіп, құрылыс және бақа кәсіпорындардың жанынан құрылады, оның мақсаты сүтпен, етпен, жеміс-жидекпен және тб. Ауыл шарушылық өнімдерімен қажеттілігі қамтамасыз ету болып табылады.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің шығымын және шығындарын есептеу үшін «Әлеуметтік сала»  шотының «Қосалқы ауыл шаруашылығы деген» деген 6 субшоты арналғанғ ал қажет болған жағдайда, аталған субшотқа тағы да екі субшотта ашылуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығының ерекшелігіне  байланысты ҚАШ өнімдері жылына бір-ақ рет ауыл шаруашылығының жылы біткеннен кейін калькуляцияланады. Жыл бойыннда алыған бүкіл өнімді жоспарлы өзіндік құны бойынша бағалап, жыл соңында есеп беру калькуляциясы жасалғаннан кейін нақты өзіндік құнына дейін жеткізіледі, яғни тиісті кальляциондық айырмасына түзетулер жаалынады.

Сонымен қоса, көптеген ауыл шарушылығының өнімдері туралы өнім болып табыла бермейді демек олар келесі өндірістік кезеңге өтеді.

Атап айтсақ, олардың қатарына: тұқым, мал азығы, көшет материалддар, негізгі табынды  толықтыратын мал төлдері жатады.

Өсімдік шарушылығынан алынған өнім ме шығынның есебі. Өсімдік шаруашылығының өнімнің шығымы мен шығыны дақылдар топтары бойынша жүреді, мысалға:

    • дәнді дақылдар: күздік дәнді дақылдар; бидай, қара бидай, арпа, жаздық бидай, сұлы т.б.
    • техникалық дақылдар: мата, қант қызылшасы, күнбағыс, темекі т.б.
    • картоп, көкөніс, бақша дақылдары: картоп, қарбыз, помидор, сәбіз, капуста, қияр, пияз, асқабақ т.б.

 

 

 

Тақырып 7.  Мерзімдік шығындар.

  1. Мерзімдік шығындардың мақсаты жэне маңызы.
  2. Жалпы және әкімшілік шығындарының есебі, олардың қүрамы, жүйе 
    сипаттамасы.
  3. Мерзімдік шығындарды есептен шығару.

Кезең шығындары (регіосі созіз) айға, тоқсанға, жылға  жатқызылады, осы шығындардың жұмсалу барысын: қорлар шығыны деп есептелмейді, бірден олар табыстың есептелуіне эсер етеді. Сондықтан оларды экономикалық эдебиеттерде қорсыйымды емес деп те атайды, мысалы экімшлік жэне коммерциялық шығындар.

Информация о работе Баскару есеби