Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 19:02, курсовая работа
I Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Салық туралы түсінік
2 Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
3 Бюджет жүйесін жетілдіру
4 Фискалдық саясаттын міндеттері мен мақсаттары
5 Кірістер саясаты
6 Шығындар саясаты
7 Астана қаласы бюджетінің атқарылуы
8 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ЖОСПАР:
I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Салық туралы түсінік
2 Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
3 Бюджет жүйесін жетілдіру
4 Фискалдық саясаттын міндеттері мен мақсаттары
5 Кірістер саясаты
6 Шығындар саясаты
7 Астана қаласы бюджетінің атқарылуы
8 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
I
Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Қазіргі кезде бухгалтерлік есеп ең басты бір орын алады.Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешім қабылдаудың негізі.Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды.Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.
Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді:
Корпоративтік табыс салығы;
Жеке табыс салығы;
Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
Әлеуметтік салық;
Жер салығы;
Көлік құралдарына салынатын салық;
Мүліктерге салынатын салық;
ҚҚС;
Акциздер.
Алдыңғы жылдардың бюджеті келер жылдардың бюджетін қалыптастыруға және атқаруға едәуір ықпал етеді.Ұзақ мерзімді кезеңде оларды атқару тиімділігін барынша ұлғайту үшін бірнеше жылға есептелген тиісті іс-қимыл бағдарламасының болуы қажет.Мұндай бағдарламаның негізгі көрсеткіштерін мемлекеттік билік органдарының бюджет саясаты айқындайды.Экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылатын фискалдық саясат бюджет қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады.
Астана қаласы әкімдігінің
Орта мерзімді фискалдық саясат
әлеуметтік-экономикалық дамудың
негізгі бағыттарын іске
Орта мерзімді фискалдық
Бұл құжатта Астана қаласы әкімдігінің 2008-2010 жылдарға арналған фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары айқындалған.
Астана қаласы әкімдігінің 2008-2010 жылдарға
арналған орта мерзімді фискалдық
саясаты 2008 жылға арналған республикалық
бюджет жобасын қалыптастыру процесінің
негізі әрі бастауы және мемлекеттік
басқарудың барлық деңгейлерінде
салық және бюджет саясатын іске
асыру кезіндегі үйлестіруші құжат болып
табылады.
1.
Салық туралы түсінік
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мелекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді . Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен , жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар
барлық елдерде олардың қоғамдық-
Қазақстан Республиксы Конституциясының 35 – ші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады,-деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін бөлудің екі қағидаты қалыптасқан :пайда (алынған игіліктер) қағидаты″қайыр көрсету″(төлем қабілеттілігі) қағидаты.Тұңғыш рет Қазақстан Республиксында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген . Қазақстан салық заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі , салық салудың айқындығы , әділдігі ,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.
Салық
төлуеші салық заңнамасына
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуның барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты бірыңғай болып табылады.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік – экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
2.
Бюджетпен есеп айырысу
операцияларының есебі.
Бюджет – жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланады.
Қазақстан
Республикасының салық
Әлеуметтік салық
Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.
Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.
Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақытөлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де, келесі айдың 15-ші күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс. Кәсіпорында әлеуметтік салық сомасы есептелгенде оның бухгалтериясында мынадай жазу жазылады;
Д-т: «Жалпы және әкімшілік шығындар» 7210 деп аталатын шот.
К-т: «Әлеуметтік салық» 3150 деп аталатын шот.
Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төлегенде:
Д-т: «Әлеуметтік салық» 3150 деп аталатын шоты;
К-т: «Ақшалар»1000 деп аталатын шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.
Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы
Есепті
жылда салық салынатын
Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді.
Кәсіпорынның жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.
Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ салынатын табыс салығының мөлшері салық кодексінде қаралады.
Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының декларациясын» ұсынуға тиіс.
Ұйым өзінің есепті жылдағы алған табысы бойынша табыс салығы сомасын есептеу барысында бухгалтерлік есепте мына түрдегі екі жақты жазу жазылады: