Бюджетпен есеп айырысу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2012 в 19:02, курсовая работа

Описание

I Кіріспе
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген,белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Содержание

I КІРІСПЕ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Салық туралы түсінік
2 Бюджетпен есеп айырысу операциялардың есебі
3 Бюджет жүйесін жетілдіру
4 Фискалдық саясаттын міндеттері мен мақсаттары
5 Кірістер саясаты
6 Шығындар саясаты
7 Астана қаласы бюджетінің атқарылуы
8 Салықтардың ашықтығы – жалған кәсіпкерлікке тосқауыл
III ҚОРЫТЫНДЫ
IV ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа состоит из  1 файл

2 БЮДЖЕТПЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ.doc

— 211.00 Кб (Скачать документ)
 

  

Әрбір субъект міндетті түрде салық  комитетінде тіркелуі тиістігін  бәріміз білеміз. Мұндай субъектілер  республикада қанша? Салық  органдарында тіркелетін салық төлеушілер санына ел экономикасының өсуі қаншалықты әсер етті? Осы және басқа да салық салу мен салық есептілігіне байланысты мәселелер жөнінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің Салықты әкімшіліктендіру басқармасының бастығы Арғын ҚЫПШАҚОВТЫҢ айтып беруін өтінген едік.  

– Салық  төлеушілер саны жылма жыл өсіп келеді. Бұл, әрине, мемлекетіміз экономикасы өсуінің арқасы. Мысалы, 2003 жылдың 1 қаңтарына салық органдарында 582 937 салық төлеуші салық салу мен салық есептілігіне тіркелген болса, 2005 жылдың 1 қазанында олардың саны 865 311-ге жетті. Өсу 48 пайызды құрады.  

Сонымен бірге тізімі ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында орналасқан салық төлеушілердің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару республика үшін өзекті мәселе болып отыр. Кім бұл тізімге кіреді және одан қалай шығуға болады?  

— Соңғы  екі жылда салық органдары әрекетсіз заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Салық төлеушілерінің мемлекеттік тізілімінен шартты түрде шығару бойынша жұмыс жүргізіп отыр. Бүгін олардың саны 72 мыңнан астам.   

Шартты  түрде корпорациялық табыс салығы туралы декларацияны немесе жеңілдетілген декларацияны Салық кодексінде белгіленген оларды беру мерзімінен бір жыл өткеннен кейін бермеген ұйымдар шығарылады, бұған аталған декларацияларды беру жөніндегі талаптар қолданылмайтын салық төлеушілер қосылмайды.   

Біз бұл  жөнінде бірнеше рет айтқан болатынбыз, алайда бәрібір салық төлеушілерге тағы да салық салу мақсатында шартты түрде шығарылған салық төлеушілер қызметінің тоқтатылатынын және олармен барлық өзара есептесу күмәнді болып есептелетіндігін мемлекеттік тізілімнен шартты түрде шығару арқылы ескертеміз.   

Бірақ әрбір шартты түрде шығарылған салық  төлеуші күшін жоймаған салық  төлеуші ретінде барлық қажетті  салық есептілігі, бюджетке салықтар мен төлемдерді тапсырғанда қайта  қалпына келтіріледі.   

— Былтыр “бір терезе” қағидаты бойынша заңды тұлғаларды тіркеу рәсімі оңтайландырылған болатын. Биылғы жылдың ақпан айында Мемлекет басшысы өзінің халыққа Жолдауында осы қағидат бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы тапсырма берген болатын. Бұл бағытта салық органдары қандай жұмыс жүргізіп жатыр?  

— Расында, өткен жылдың қыркүйек айында салық  органдары әділет және статистика органдарымен бірлесе отырып, “бір терезе” қағидаты бойынша заңды тұлғаларды (филиалдарын, өкілдіктерін) тіркеудің оңтайландырылған тәртібі енгізіліп, қазір жақсы жұмыс істеп жатыр.  

Мұндай орталықтарды құру ақпараттық жүйелерді де құруға алып келеді, оны қазір ҚР ҚМ Салық комитеті іске асырды. Қазір бұл жүйе арқылы салық төлеуші ретінде тіркеу туралы куәлік беруге және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы бюджетпен есеп айырысу туралы анықтама алуға мүмкіндік туып отыр. Сондай-ақ электронды сандық қол қоюы бар тұлғалар үшін бағдарламалық қамтамасыз ету әзірленген, оны пайдаланғанда кеңсеңізден шықпай-ақ құжат алу үшін электрондық өтінішті толтырып және жіберіп, құжатты әзірлеу кезеңімен таныса аласыз. Егер ол адамның тиісті түрдегі компьютерлік жабдығы болмаса, осы мақсатқа әдейі бөлінген “Терминал” бағдарламалық қамтамасыз ету орнатылған компьютерді пайдалана алады. Сұратылған құжаттың дайын немесе дайын еместігі туралы ақпарат алу үшін орталыққа әдейілеп келген азаматтар үшін арнайы электрондық экрандар орнатылған, ол жерде құжатты алуыңызға болатын “терезе” нөмірімен бірге беруге дайын құжаттардың тізімі көрініп тұрады.  

— Салық  органдары салық төлеушілерді салық есептілігін электрондық түрде тапсыруға жұмылдырып жатқандығы туралы естіп жатырмыз. Сонда салық есептілігін электрондық түрде тапсыратын салық төлеушілердің қандай да бір артықшылығы бар ма?  

— Көптеген дамыған елдерде қызмет көрсету  мен ақпараттармен өзара алмасу рәсімдері автоматтандырылған. Біз де заңды және жеке тұлғалар құжаттармен электрондық алмасуды пайдалану арқылы өз салық міндеттемелерін орындай алатын, оның ішінде салық есептілігін тапсыра алатын бірқатар ақпараттық жүйелерді әзірледік.  

Құжаттармен электрондық алмасудың негізгі  артықшылығы:  

– салық  есептілігін кеңседен шықпай-ақ және тәуліктің кез келген уақытында  тапсыру мүмкіншілігі;  

– салық  есептілігін толтырғанда жіберіп  алған қатені дер кезінде түзетуге (бағдарламалық қамтамасыз етуде салық есептілігін дұрыс толтыруды алдын-ала бақылау қызметі бар) мүмкіншілігі.  

Әрине, әрбір жаңалық кімнің болмасын түсінбеушілігі мен кірпияздығын тудырады. Сондықтан  ҚР ҚМ Салық комитеті егер кәдімгі  салық есептілігін электронды түрде тапсыратын болса, онда оның мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілетін бұйрық шығарды.   

– Соңғы  кездері автоматтандырылған камералы бақылау жиі сөз болып жүр. Бұл не – кезекті салық тексеруі ме?  

— Біріншіден, салық есептілігінің нысандарын камералы бақылау түрі салық тексеруі болып табылмайтындығын бірден айта кетейін. Бұл тікелей салық органында салық есептілігіндегі қателер мен қайшылықтарды салық тексеруін жүргізбей анықтайтын, керісінше, салық төлеушіге көрсететін қызмет түрі. Демек, салық төлеушілер үшін әкімшілік айыппұлдар салынбайды. Бұдан тыс, автоматтандырылған камералы бақылау ҚҚС әкімшіліктендіруді, оның ішінде “біркүндік” фирмалар мен жалған фирмалар берген жалған шот-фактураларды айқындауды күшейтеді.  

Салық есептілігінің нысандарын камералы бақылау бүгінгі таңда тек салық органдары үшін емес, жалпы республика үшін жетістік болып табылады. Тап қазір ЕурАзЭҚ-қа мүше барлық елдердің ішінде мұндай рәсімнің тек біздің елде ғана жүргізіліп отырғанын айта кету керек.  

– Сонда  мұндай бақылаудың нәтижелері қандай?   

— 2005 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша салық  органдары салық заңнамаларын бұзушылықты  өз бетімен жою туралы салық төлеушілерге 93676 хабарлама таратты. Бұл ретте  салық төлеушілер салық есептілігінің 39788 қосымша нысандарын өздері тапсырды, яғни жалпы сомасы 536,4 млн. теңге ҚҚС есептелді.   

Биылғы  жылдың 9 айы үшін салық төлеушілер салық есептілігінде көрсеткен  залалдар сомасы 12,3 млрд. теңгеге кемітті.   

Сондай-ақ салық есептілігін тапсыру мен  салықтарды төлеу мәселесіне салық  төлеушілердің бәрі бірдей адалдық танытып отыр деп айта алмаймын. Мысалы, 2004 жылдың қорытындысы бойынша салық органдары заңды мекен-жайы бойынша жоқ болып шыққан және салық есептілігін пошта арқылы не болмаса электронды түрде “нөлдік” көрсеткіштермен тапсырған 2693 салық төлеушіні айқындады. Оның ішіндегі 146 салық төлеуші 2004 жылдың төртінші тоқсанында 6875,3 млн. теңге сомасына шот-фактуралар берген. Бюджет тек ҚҚС-тан 1100,9 млн. теңге жоғалтып отыр. Қылмыс белгілері анықталған барлық материалдар жедел түрде іс қозғау шешімін шығару үшін қаржы полициясына жіберіледі.  

– ҚР ҚМ Салық комитетінің сайтында жалған кәсіпкер деп танылған салық төлеушілердің  тізімі орналастырылған. Ол қандай мақсаттар  үшін жасалған? Қандай нәтижелер күтіледі?   

– Заңды  күшіне енген соттардың үкімімен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз жалған кәсіпкерлік құрған бірқатар субъектілер анықталды. Аталған салық төлеушілер тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша жалған шот-фактуралар толтырған. Тек 2003 жылдан 2005 жылдың 1 қыркүйегі аралығындағы олардың жалпы сомасы 3892 млн. теңге, оның ішінде ҚҚС – 584,4 млн. теңге құрайды. Сөйтіп ҚҚС пен КТС бойынша салық салу базасын төмендетіп көрсету жолымен мемлекеттік бюджетке айтарлықтай зиян келтірілді.  

     Мұндай  салық төлеушілердің қылмысты әрекеттеріне байланысты мемлекеттік бюджеттің залалының алдын-алу мақсатында ҚР ҚМ Салық комитеті салық төлеуші қызметін жалған кәсіпкер деп тану туралы сот актісінің негізінде ҚҚС салық төлеуші куәлігінің күшін жоюды көздейтін бұйрық шығарды.Сонымен бірге заңды мекен-жайы бойынша өздері жоқ, бірақ шот-фактура толтырып беретін, сондай-ақ айыпталушы ретінде қылмыстық іс қозғалуы тоқтатылған салық төлеушілер бойынша ҚҚС салық төлеуші куәлігінің күшін тоқтата тұру бойынша жұмыс жүргізіліп отыр.Бұл ретте салық органдары мұндай салық төлеушілердің банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, олардың қызметін жалған кәсіпкерлік деп тану туралы сотқа берілетін талап-арызға бастамашылық жасайды.  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

III Қорытынды 

     Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.  

Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерді өндіруге, оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.  

Айтып өткендей салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. Салық  кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және баска да міндетті төлемдерді білгілейтін, Қазақстан Республикасы зандарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселерін коспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды кұжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың   негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды.  

     Есепке  алынған ақпараттардың көмегімен  шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебін және олардың құрылымдық бөлімшелердің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, мемлекеттік бюджеттің, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу мүмкіндіктері пайда болады.  
  
  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

IV Пайдаланған әдебиеттер  

     ҚР-ң 1999 ж. 17 сәуірдегі «Салықтар және тағы басқа да міндетті төлемдер туралы»  заң күші бар ҚР Президентінің  жарлығы;

     ҚР Президентінің жарлығы, заңды күшке ие «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру», 26.12.95  №309;

     В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп», Алматы 2002;

     Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері», Алматы 2003, Экономикс;

     Қ.К.Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева «Қаржылық есеп», Алматы 2001, Экономикс;

     13.11.96 ж. ҚР бухгалтерлік есеп бойынша Ұлттық комиссиясының «Бухгалтерлік есеп стандарттары және әдістемелік ұсынылымдары», бухгалтерлік бюллетені, 2003 ж. наурыз, №14;

     www.google.kz

     Баян  Көшенова , Оқу құралы  / Ақша,  несие,  банктер,  валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж

 
 
 
 
 
 
 

 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу