Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 08:35, реферат
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдар, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындау есебін осы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады. Бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебі көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі.Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Қазақстан Республикасы өзге орталық өкілдік және жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментімен келісіп, қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің бюджеттік ұйымдарында бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығаруы мүмкін