Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 08:35, реферат
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдар, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындау есебін осы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады. Бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебі көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі.Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Қазақстан Республикасы өзге орталық өкілдік және жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментімен келісіп, қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің бюджеттік ұйымдарында бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығаруы мүмкін
Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Тақырыбы: Бюджеттік ұйымдарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Бухгалтерлік құжаттар, оларды құру тәртібі, тексеру және өңдеу, есептік регистрлер.
Орындаған: Рүстемова А
УА - 903
Тексерген: Ахунова Д. З.
Семей – 2013
Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын ұйымдар, сондай-ақ жекелеген ұйымдардың жанындағы орталықтандырылған бухгалтериялар бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындау есебін осы нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады. Бюджет және бюджеттен тыс қаражаттар бойынша шығыстар сметасын орындаудың бухгалтерлік есебі көзделген шоттар жоспары бойынша біртұтас баланс негізінде жүргізіледі.Министрліктер, мемлекеттік комитеттер және Қазақстан Республикасы өзге орталық өкілдік және жергілікті органдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаментімен келісіп, қажет болған жағдайда өз қызметінің өзгешелігін ескере отырып, өз жүйесінің бюджеттік ұйымдарында бухгалтерлік есеп жөнінде жалпы ережелерді қолдану тәртібі туралы нұсқаулар шығаруы мүмкін.Шығыс сметаларын орьшдаудьщ бухгалтерлік есебі осы нұсқаулыкқа сәйкес бухгалтерлік есептің мемориаддық-ордерлік нысаны бойынша жүзеге асырылады.Есепті орталықтандырған кезде қызмет көрсеткіш ұйымдардың басшыларына лимиттерге иелік ету құқығы калдырылады, атап айтқанда: тауарларды жеткізіп беруге және қызметтер көрсетуге келісім-шарттар, орындалған жұмыстарға еңбек келісімін жасасу; белгіленген тәртіпте шаруашылық және басқа да мұқтаждарға аванстар алуға және өз қызметкерлеріне аванстар беруге рұқсат ету; бюджеттік каржы беру шегінде бөлінген лимиттердің есебінен шығыстарды төлеуге рүқсат ету; белгіленген нормаларға сәйкес ұйымдардың мұқтажына арнап материалдарды, тамақ өнімдерін және басқа да материалдық құндылыктарды жұмсау; есеп беретін адамдардың аванстық есебін түгендеу және т.б. бойынша күжаттарды бекіту.Орталыктандырылған бухгалтерия қызмет көрсететін ұйымдардың басшыларына осы ұйымдардың басшыларымен келісілген орталық бухгалтерияның бас бухгалтері белгілеген мерзімде шығыстар сметасының орындалуы туралы оларға қажетті мәліметтерді табыс етеді.Ұйымдар бюджеттік мақсаттарға сәйкес сметаларда көзделген бюджеттік сыныптаманың (бағдарлама, кіші бағдарлама, өзгешелік) коды бойынша шығыстарды жүзеге асырады.Бухгалтерлік қызмет басшылары өз жұмысында Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсанындағы № 2732 Заң күші бар Жарлыгын, белгіленген тәртіпте бекітілген бухгалтерлік есеп және есеп беру (бухгалтерлік қызмет) басқармалары (бөлімдері) туралы ережелерді, және Қазақстан Республикасъгаың басқа да нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасы Заңдарының сақталуына, шығыс сметаларының орындалу барысына, кәсіпорындармен, ұйымдармен және тұлғалармен есеп айырысудың жәй-куйіне, актылай қаражаттармен материалдық құндылықтардың сақталуына бақылау жасау үшін мемлекетгік органдардың қажетті ақпараттармен камтуы тиіс.
Бухгалтерлік қызметтің міндеттеріне мыналар кіреді:
Бюджеттік ұйымның басшысы есеп жұйесін жасауды және бухгалтерлік есепті ұжымдастыруды қамтамасыз етеді.Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтер басқаратын, оның құрылымдық бөлімшесі немесе орталықтандырылған бухгалтериясы болып табылатын бухгалтерлік қызметпен жүзеге асьірылады.Бухгалтерлік қызметі жоқ ұйымдарда бухгалтерлік есеп пен есеп беруді ұйым басшысьшьщ жазбаша өкімімен тағайындалған тиісті маманның жүзеге асыруы мүмкін.Басшы бухгалтерлік есепті дүрыс жүргізу, есепке қатысы бар ұйымның барлық бөлімшелері мен қызметкерлерінін құжаттар мен мәліметтерді рәсімдеудің және есеп үшін тапсырудың тәртібі бойынша бас бухгалтердің талаптарын мүлтіксіз орындауын қамтамасыз ету үшін кажетті жағдайларды жасауға міндетті.
Бюджеттік ұйымның бас бухгалтерін ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және босатады және тікелей ұйымнын басшысына бағьшады.
Бас бухгалтердің қызметіне арнаулы білімі бар тұлға тағайындалады.
Ұйымньң бас
бухгалтері бухгалтерлік есептің шоттарында барлық іске асырылатын шаруашылық
операцияларының бақылауын және көрсетілуін,
жедел операцияларды тапсыруды, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде
жасауды қамтамасыз етеді.Бас бухгалтер ұйымның
басшысымен бірге тауарлық-материалдық
құндылықтар мен актылай каржыларды қабылдауға
және беруге негіз болатын кұжаттарға,
сондай-ақ қаржылық міндеттемелер мен
шаруашылық шарттарына қол қояды. Ұйымның
басшысы бас бухгалтердің ұсынуы бойынша
жекелеген
учаскелер жөнінде кұжаттарға қол қою
құқығын осыған өкілеттік берілген тұлғаларға
тапсыра алады. Бас бухгалтердің қолынсыз
құжаттар жарамсыз деп саналады және орындаута
қабылданбайды.Материалдық жауапты
тұлғаларды тағайыңдау, босату және орын ауыстыру бас бухгалтердің
келісімімен жүргізіледі.Бухгалтерлік
есепті жүргізген кезде әрбір кызметкер
өзінің міндетін білуі және олардың орындалуына
жауап беру үшін бухгалтерия қызметкерлерінің
жұмыстағы міндеттерін белгілейді.Бюджеттік
ұйымның құрамына кіретін барлық бөлімшелер
бугалтерлік қызметке бухгалтерлік есеп
пен бақылау үшін кажетті құжаттарды уақытында
тапсыруға міндетті.
Бас бухгалтердің қажетті кұжаттар мен мәліметгерді рәсімдеудің тәртібі және бухгалтерияға тапсыру бойынша талаптары ұйымның бөлімшелері мен қызметкерлерінің барлық қызметкерлері үшін, ал есеп орталықтандырылған кезде — барлық қьізмет көрсетілетін ұйымдар үшін міндетті болып табылады. Бухгалтерлік есепті тізімдемелерге жазу үшін операциялардың жасалған фактісін белгілейтін кұжаттар негіз болып табылады.
Бастапкы құжаттар — операциялар іске асырылған сәтте, егер МҰНЫҢ мүмкіндігі болмаса тікелей операцияның аяқталуы бойынша жасалуға тиіс.
Құжаттардың уақытында және тиісті сапада жасалуы, олар-цыН бухгалтерлік есепте көрсету үшін белгіленген кажетті мерзімде тапсырылуы, құжаттарға камтылған деректердін шынайылшы үшін осы құжаттарды жасаған және оған қол қойған түлғалар жауап береді. Бастапқы күжаттардаң жазбалар ұзақ уақыт бойында олардағы жазулардың сақталуын қамтамасыз ететін құра-лдармен ғана жүргізілуге тиіс.Жазбаларды есеп тізбелерінде көрсету үшін шаруашылық операцияларының жасалган фактісін растайтын, дүрыс рәсімделген бастапқы құжаттар негіз болады.Бастапқы құжаттардың заңды күшке ие болу үшін мынадай реквизиттері болуы керек: күжаттың атауы (үлгісі), үлгінің коды; жасалган уақыты; шаруашылық операцясының мазмұны; сапалық және кұндық көріністердің өлшемдері; операцияларды жасау және олардың рәсімделуінід дұрыстығы және лауазымды тұлғаның атауы; жеке қойылган қолдар және олардың талдамасы.Бастапқы кұжаттың, электрондық бейнесі рәсімделген қағазда жеткізуші, бастапқы құжаттың күші болады. Электрондық қойылған қолдарды пайдаланушы электрондық қолдарды пайдаланудың және алудын құқықтарына қатысты, тиісті сақтық және бақылау шараларын белгілеуге тиіс.Қажетті жағдайларда бастапқы кұжатқа қосымша реквизиттер: кұжаттың нөмірі, ұйымның атауы мен мекен-жайы, құжатта расталған операцияны жасауға қажетті негіз, қосымша операциялардың сипатымен анықталатын басқа да қосымша реквизиттер енгізілуі мұмкін.
Бастапқы құджаттарда — мәтін бөлігінде де, сандық деректерде де тазартуға және келісілмеген түзетулерге жол берілмейді.Бастапқы құжаттардағы қателер қате мәтінді немесе сомаларды сызъп тастау және сызықтың үстінен дұрыс мәтінді немесе соманы жазу жолымен түзетіледі. Сызып тастау бүрынғы жазу көрініп тұратындай етіп жеңішке сызықпен жүргізіледі. Бастапқы құжаттағы қатені тұзету "түзетілді" деген жазумен көрсетілуі және түзету уакыты көрсетіліп, құжатка қол қойған түлға-ның қолымен расталуы тиіс.
Касса мен банк құжаттарында тузетуге жол берілмейді.
Есеп тіркемелеріндегі жазбалар үшін негіз болатын құжаттар ұйымның бас бухгалтері белгілеген және басшысы бекіткен мерзімдерде бухгалтерлік қьізметке тапсырылуы тиіс.Материалдътқ жауапты тұлғалар ф 442 құжаттарын тапсыруды тіркеген кезде, екі данада жасалған, тауарлық-материалдык. құндылықтардың кірісі мен шығысы бойынша бастапқы кұжаттарды (кіріс және шығыс кұжаттары бойынша жеке толтырылған) тапсырады. Материаддық жауап беретін тұлғаның қатысуымен жүргізілген, тапсырылған бастапқы құжаттардың дұрыс рәсімделуі тексерілген соң бухгалтер қызметкерінің қолы қойылған тізімдеменің бір данасы материалдық жауапты түлғаға қайтарылады, екінші данасы бухгалтерлік: кызметтің іс-қағазында қалады.
Ақшалар мен материалдътқ құндылықтардың сақталуы үшін жауапты түлғадармен толык жеке материалдық жауапкершілік туралы белгіленген тәртіітен жазбаша шарт жасалады.Бухгалтерлік қызметке келіп түскен бастапкы кұжаттар үлгісі бойынша да (бастапқы құжаттарды рәсімдеудің, реквизиттерді толтырудың толықтығы мен дұрыстығы), мазмұны бойынша да (құжатталатын операциялардьң заңдылығы, жекешеленген көрсеткіштердің пайымдық ҚИСЫНЫ) міндетті түрде тексеріледі.
Тексерілтен және есепке алынған кұжаттар операциялар жасалған уакыттар бойынша (хронологиялық тәртіппен) жүйеленеді және мемориалдык ордерлермен — жинақтаушы ведомстармен рәсімделеді, оларға мынадай тұрақгы нөмірлер беріледі:
_ 6-ші мемориалдық нөмір — н.408 жоспарлы төлемдер ретін есеп айырысу жөніндегі жинақтаушы ведомость;
__ 8-ші мемориалдықнөмір
— н.386 есепті тұлғалармен есеп айырыс
- 15-ш.і мемориаддық нөмір — н.406 балаларды асырағаны үшін ата-аналармен есеп айырысу жөніндегі жинактаушы ведомость;
Калған операциялар мен "Сторно" операциялары бойынша жеке-жеке әрбір ай ұшін 16-сынан бастап нөмірленетін н.274 жеке мемориялдық ордер жасалады.
Операииялардың көлемі бойынша жинақтаушы ведомостар құруды талап етпейтін бюджеттік ұйымдарда шоттардың деректері н.274 жеке мемориалдық ордерлерінде немесе жоғарыда көрсетілген тиісті нөмірлер беріліп, дәл бастапқы құжаттарға қойылатын бұрыштаманың таңбаларында көрсетіледі.