Бірреттік статистикалық байқаулар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 13:03, реферат

Описание

"Қазақстаннынң мемлекеттік статистикасы статистикалық қызметтің ұйымдастырылуы мен даму принциптер!" жинағын 'Қазакстан Республика­сы Статистика агенгтінің ақпараттық-есептеу орталығы" дайындаған.
Бұл бірреттік статистикалық байқаудың басты мақсаты - егеменді Қазақстан статистикасының ұлттык. жүйесін қалыптастыру және даму тәжірибесін жинақтап қоры­ту, статистикалық қызмет пен мемлекеттік статистикан ұйымдастыру принциптерін баяндау.

Работа состоит из  1 файл

Бірреттік статистикалық байқаулар.doc

— 74.00 Кб (Скачать документ)


Кіріспе

"Қазақстаннынң мемлекеттік статистикасы статистикалық қызметтің ұйымдастырылуы мен даму принциптер!" жинағын 'Қазакстан Республика­сы Статистика агенгтінің  ақпараттық-есептеу орталығы" дайындаған.

Бұл бірреттік статистикалық байқаудың басты мақсаты - егеменді Қазақстан статистикасының ұлттык. жүйесін қалыптастыру және даму тәжірибесін жинақтап қоры­ту, статистикалық қызмет пен мемлекеттік статистикан ұйымдастыру принциптерін баяндау.

Жинакта 1992-2005 жылдарда Қазақстанның мемлекеттік статистика-сын өзгерту және жеттілдірудің үш багдарламасын жүзеге асырудағы қол жеткен неізгі нәтижелер керсеткен.

Статистика нысанын өзгерту егеменді мемлекет мәртебесіне сәйкес ұлттык статистикалық жүйе құруға, непзгі халыкаралық стандарттар мен сараптамаларды, статистикалык байқау мен керсеткіштердің жаңа жүйесін енгізуге мүмкіндік береді.

Халықты статистикалық бақылау жүйесінің басқа маңызды құрамдас бөлігі - демографиялық оқиғаларды ағымдағы есепке алу (туу, өлу, некені қию және бұзу) - азаматтық хал актілерін жазу арқылы осы оқиғаларды мемлекеттік тіркеу, яғни халықтың табиғи өзгеруін тіркеу. Осы мәліметтерді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу негізінде жинау деректердің то-лықтығы мне жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Халық санағы жүйелі түрде, шамамен 10 жылда бір рет, еліміздің бар-лық түрғындарынан сауалдама алу арқылы және Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның үсыныстарына сәйкес дүние жузі халықтарының кезекті санағына түрақ-ты мерзімде өткізіледі.

Санақ - халық туралы деректердің жалғыз кезі емес. Санақпен қатар мүндай ақпараттың көзі - ағымдағы статистикалық есеп және іріктеу зерт-теулері болып табылады.

 

 

1. Бірреттік статистикалық байқаулар

1.1. Қазақстан Республикасының халық санағы

Санақ - халық саны, оның ел аумағында орналасуы және әлеуметтік экономикалық сипаттамалары, білімінің деңгейі және ел өмірін үйымдасты-ру үшін маңызды белгілері туралы негізгі, ал кейбір жағдайда, жалғыз де-ректер көзі болып табылады.

Халық санағы жүйелі түрде, шамамен 10 жылда бір рет, еліміздің бар-лық түрғындарынан сауалдама алу арқылы және Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның ұсыныстарына сәйкес дүние жузі халықтарының кезекті санағына түрақ-ты мерзімде өткізіледі.

Санақ барысында әр адамның түру факті ғана емес, сонымен қоса оның бір қатар демографиялық және әлеуметтік сипаттамалары ескеріледі. Бүл халықтың жалпы саны және барлық атап көрсетілген белгілер және осы белгілердің топталуы бойынша оның құрамы туралы дерек алуға мүмкіндік береді. Барлық мәлімет белгілі бір күн бойынша алынады, яғни халықтың тез арада түсірілген суреті Іспетті. Санақ барысында әр адамның нақты тұрғы-лықты орны есепке алынады және барлық деректер санаққа алынған адам-ның айтуынша жазылып алынады.

Халық санағын жүргізгенде, өзін-өзі айқындау принципі қолданылады, дерек көзі - адамдардың қүжаттары емес, сөзі болып табылады. Жауаптарды жазудың бірыңғай сипатын қамтамасыз ететін алдын ала белгілен-ген ережелер бойынша санақ парақтарына осы іске тартылған есепшілер жазып алады. Есепшілер әр ересек адамнан жауап алып, санақ парағына жазады, отбасының әр мүшесімен жёке кездесуге мүмкіндік болмаған жағдайда, осы үйдің басқа ересек мүшесі жауап бере алады.

Жауаптар сөзбен немесе кейін санақ материалдарын өңдеу үшін ар-найы құрылғыларды қолдану мүмкіндігі болса, арнайы графикалық таңба-лар арқылы жазылады. Халық санағын ел түрғындары көп жүре бермейтін жыл маусымында өткізеді. Алайда санақ үшін қажет мәлімет бір күндік санақ принципі бойынша, яғни халық санағының "сын сәттегі" қалып бойынша жинақталады (әдетте, бұл санақтың бірінші күні қарсаңындағы түн ортасы). Сөйтіп, осыған байланысты қиын жағдайдан соң қайтыс болған және дүниеге келген-дер есепке алынбайды, нәтижесінде бүкіл халықтың тез арада түсірілген суреті жасалады. Ешкім сынақтан тыс қалмауы немесе екі мәрте жазылмауы үшін арнайы шара қолданылады. Осы мақсатта халық санағының нәти-желері мен бағдарлама сұрақтарына жауаптардың дұрыстығын тексеруге үшін үй-үйді бақылап аралау жүргізіледі.

Ұйымдастыру тәртібі мен бақылау қатаңдығы арқасында санақ бүкіл ел және әр аймақ халқын толық қамтуды қамтамасыз етеді, сонымен бірге демографиялық деректердің анағұрлым сенімді көзі болып табылады.

Сонымен қоса санақты халық және демографиялық үрдістер туралы статистикалық ақпараттың бүкіл жүйесінің құрамдас бір бөлігі ретінде қабыл-дау қажет.

Халықты статистикалық бақылау жүйесінің басқа маңызды құрамдас бөлігі - демографиялық оқиғаларды ағымдағы есепке алу (туу, өлу, некені қию және бұзу) - азаматтық хал актілерін жазу арқылы осы оқиғаларды мемлекеттік тіркеу, яғни халықтың табиғи өзгеруін тіркеу. Осы мәліметтерді азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу негізінде жинау деректердің то-лықтығы мне жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Халықты статистикалық байқаудың үшінші құрамдас бөлігі - тұрғылықты орнын ауыстыруды әділет (ішкі істер) органдарында тіркеу кезінде тол-тырылған статистикалық есеп парақтарындағы деректер негізінде жасала-тын көші-қонның ағымдагы есебі. Санақ және демографиялық оқиғалар мен көші-қонның ағымдағы есебі - санақ аралығында халықтың саны мен қүра-мын бақылауға мүмкіндік беретін бірыңғай есепке алу жүйесінің элемент-терін қүрайтынын атап керсеткен жөн.

Қала және ауылды жерлер бойынша халық санын есептегенде әкімшілік-аумақтық өзгерістер де ескеріледі -ауылдық елді мекендердің (жартылай немесе толық) қалаларға айналуы, олардың қалалардың құрамына енуі,

сондай-ақ қалаларды селолық елді мекендерге айналдыру. Осындай есеп-терді жүзеге асыру және талдау мүмкіндігі, оларға сүйеніп жасалған болжау - халық туралы деректердің көзі бағдарламаларының үйлесімдігіне және есеп алу деректерінің дұрыстығына байланысты.

Санақтың бағдарламасы елдің бүкіл халқына бірдей болып белгіленеді. Оғаң әдетте, демографиялық белгілерді (жынысы, туған күні немесе жасы, некелік халі және т.б.), экономикалық белгілерді (кәсібі, экономикалық қыз-метінің саласы мен түрі, күнелту үшін қажет қаражат көзі, жүмыссыздарға арналған сұрақтар және т.б.}, білімі (сауаттылығы, білімінің деңгейі, оқу орындары және мектөпке дейінгі мекемелерге баруы) және этникалық бел-гілерді (ұлты және білетін тілдері) қамтитын мәлімет енгізіледі. Халық са-нағы барысында баспана туралы дерөк те жинақталады.

Дерек жинау - халық жинағының алғашқы сатысы ғана. Бұдан әрі жи-нақталған және санақ парақтарында жазылған жеке деректер санақ бағ-дарламасының әр сүрағына бірдей жауап берген адамдар саны туралы дерек болып еңделеді. Санақ парақтарындағы жазудың толықтығы мен дүрысты-ғын әр түрлі сатыларда бірнеше рет, дәріптеп тексеруден соң олар авто-маттандырылған өңдеуден өткізіледі. Санақ деректерін өңдеуде қатысушы-лардың аты-жөні керсетілмейтіндігі, жинақталған деректердің жасырын бо-луы қамтамасыз етіледі. Санақ материалдарын әзірлеудің алдын ала бел-гіленген бағдарламасы бойынша көрсеткіштер топтары жинақталған негізгі ақпарат топтамалары енгізілген стандартты кестелер шығарылады, олар: халықтың саны және аумақтық орналасуы; демографиялық сипаттамала-ры, халықтың білімінің деңгейі бойынша бөлінуі; әлеуметтік-экономикалық сипаттамалары; ұлттық-лингвистикалық сипаттамалары; үй шаруашылық-тары мен отбасыларының саны мен құрамы; халықтың пәтер үй жағдайла-ры және мемлекеттің экономикалық және саяси өмірін ұйымдастыру үшін қажет өзге жағдайлар, сондай-ақ еліміздің жеке аумақтары мен елді мекен-дерінің экономикалық және әлеуметтік дамуын ғылыми зерт-теу, тәжірбиелік басқару үшін қажет өзге көптеген деректер.

Санақ - халық туралы деректердің жалғыз кезі емес. Санақпен қатар мүндай ақпараттың көзі - ағымдағы статистикалық есеп және іріктеу зерт-теулері болып табылады. Алайда бүл шаралардың міндеті әр түрлі, сон-дықтан бір-бірін алмастыра алмайды. Сонымен қоса арасында тығыз бай-ланыс бар. Әр ақпарат көзі екіншісін толықтырады немесе жалғастырады, сондықтан бақылау бағдарламаларын әзірлеу барысында көрсеткіштер бір біріне сәйкес болуы тиіс. Ағымдағы бақылауда халықтың табиғи өзгеруі (туу, өлім, некенің қиылуы, некенің бұзылуы) және көші-қон фактілері (бір елді мекеннен басқасына көшу саны) есепке алынады. Осы деректер өздігінен демографиялық үрдістерді сипаттай алмайды. Санақ нәтижелері

бойынша алынған халық саны туралы деректермен салыстырғанда, олар демографиялық үрдістерді елшеуге, салыстыруға, талдауға және интен-сивтілігі мен ағымдарын болжауға мүмкіндік береді.

 

1.2. Қазақстанда халық санақтарын өткізу тарихынан қысқаша дерек

Бүгінгі Қазақстан аумағындағы жүйелі және орталықтандырылған ста-тистикалық қызмет, оның ішінде халықтың мерзімді есепке алынуы, Қазақ-станның Ресей империясы құрамына кірген кезеңнен, яғни XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастау алады.

Ресей империясының бірыңғай мемлекеттік статистикасының принцип-тері Қазақстан аумағында да енгізіле бастады және патшалық Ресей тара-пынан XIX ғ. 60-жылдарының аяғында Қазақстанның әкімшілік басқаруын реформалаудан соң өлкеде арнайы статистикалық және жергілікті қызмет-тер құрылып, қызмет ете бастағанда біржолата бекітілді.

Ресей империясының алғашқы және жалғыз жалпы халық санағы 1897 жылдың 9 ақпандағы (жаңаша жыл санауы бойынша 28 қаңтар) қалпы бо-йынша өткізілді. Ол сол заманғы ғылыми принциптерге сүйенді және оны ұйымдастыру негізін, бағдарламасының едәуір бөлігін әйгілі ғалым - сая-хатшы Семенов Тян-Шанскийдің жобасы құрады. Санақ бүкіл ел бойынша бірыңғай бағдарлама және бір нұсқаулық негізінде өткізілді, сондай-ақ бір күнгі (1897 ж. 9-ақпан) тұрақты және заңды тіркелген халық есепке алына-ды. Бағдарламасы 14 сұрақтан тұратын: адамның жынысы, жасы, некелік халі, сословиесі немесе атағы, туған жері тіркелу орны, тұрақты (әдеттегі) түратын орны, діни нанымы, туған тілі, сауаттылығы, кәсібі, дене мүше кемшілігі немесе психикалық аурулары.

Санақ бір күндік санақ принципі бойынша жүргізілді. Санақ парақтары ауылды жерлерде белгіленген күннен 20-30 күң қалаларда 5-10 күн бұрын таратылып, толтырылды. Содан кейін есепші-тіркеушілер толтырылған па-рақтарды қалаларда ақпанның 9-10-ында, ал ауылдарда - 9-12-Ісінде жи-нап, белгілі сәттегі қалпы бойынша түзету енгізді. Санақ материалы жалпы сапалы болып шықты, барлығы 100 том құрады, олардың бір бөлігі Қазақ-станға арналған.

1.3. Ауыл шаруашылығының санағы

Ауыл шаруашылығы статистика саласындағы мерзімді статистикалық қадағалауға санақтар жатады (іріктеп және жаппай өткізілетін). Алдыда еткізілетін жаппай ауыл шаруашылық санақтың бағдарламасы мен әдісна-масын сынақтан әткізу мақсатында 2000 жылдың күзінде Жамбыл облысы-ныңТұрар Рысқүлов атындағы ауданында сынақ санақ өткізілді. Ол 13 500 ауылшаруашылық объектілерін немесе тауар өндірушілердің барлық санат-тарын қамтыды. ҚАҚ (ФАО) әдіснамалық қолдауы және қаржылық көмегі-мен 2002 ж. мамыр айында республикамыздың үш облысында - Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстанда саяжай кооперативтерінің екінші сынақ санағы (іріктеп) еткізілді.

Ауыл шаруашылығы санағы саланың құрылымы, саны туралы ақпа-рат жинақтау мақсатын көздейтін кең ауқымды мерзімді статистикалық опе-рация және ауыл шаруашылық өнідірістегі деректердің негізгі кезі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы санағы Қазақстан Республикасының агенттігі бекіткен санақ парақтарын толтыру арқылы жүргізіледі.

Толтырылған санақ парақтары - ҚР ауыл шаруашылғының сандық көрсеткіштері туралы толық ақпарат тасушы құжат болып табылады.

Санақ парақтары қожалық басшысының қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады.

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 11 бабына сәйкес санақ парақтарындағы мәлімет құпия болып табылады, ол жинақтап қорытылған түрінде ғана таратыла алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25-қазандағы № 1119 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бірінші үлттық ауыл шаруашылық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының 9 т. сәйкес республика аумағында барлық елді мекендер бойынша әуыл шаруашылық өнім еніру, өңдеу және сақтаумен айналысатын тауар өндірушілердің тізімдері; жер телімдері, малы мен қүсы бар үй қожалықтарының тізімдері; бақ өсіру кооперативтері мен олардың қүрамындағы саяжай телімдерінің тізімдері жасалу үстінде.

Қазақстан Республикасында бірінші үлттық ауыл'шаруашылық санағы-на даярлық жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі жа-уапты.

Санақ мақсаттары:

- ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша санақтар ара-лығындағы мерзімде бағаларды әзірлеу барысында негізгі өлшем ретінде пайдаланылатын деректер жиынтығын алу;

- кейінгі ауыл шаруашылық іріктеу зерттеулерін жүргізу үшін объектілердің негізгі жиынтығын қүру;

-  барлық ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің толық сандық және сапалық сипаттамасын алу;

-  экономиканың аграрлық секторын басқаруды ақпараттық-статистика-лық қамтамасыз етілуіне қол жеткізу;

-  қазақстандық ауыл шаруашылық статистиканың халықаралық стан-дарттармен салыстырмалылығын қамтәмасыз ету;

-  санақтың деректер қоры негізінде ауыл шаруашылығы бойынша бар ақпаратты оңтайландыру;

- жинақталған статистикалық деректердің сапалы өңделуі мен талдану-ын және пайдаланушылардың қол жетімдігін қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы санағын жүргізу тәртібі - Ауыл шаруашылығы санағы осы саладағы өндіріспең өнімін өңдеу және сақтаумен айналысатын және қызмет көрсететін шаруашылықтардан жап-пай бақылау түрінде ақпарат алу негізінде жүргізіледі.

Информация о работе Бірреттік статистикалық байқаулар