Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 13:11, реферат
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады.
Бухгалтерлік шоттар міндеттері мен құрылымы бойынша төмендегідей бөлінеді.
1. Негізгі шоттар
2. Реттейтін шоттар
3. Бөлетін шоттар
4. Калькуляциялық шоттар
5. Салыстырмалы шоттар
3,4,5 шоттар – операциялық шоттар
деп аталады.
1. Негізгі шоттарда кәсіпорынның мүлігінің түрлері мен олардың құралу көздері есептелінеді. Сондықтан оларды негізгі шоттар деп атайды.
Негізгі шоттар инвентарлық
Балансқа байланысты шоттар активтік және пассивтік болып екіге бөлінеді. Инвентарлық шоттар барлығы активтік шоттар болады. Қорларды есептейтін шоттар пассивтік шоттар болады, ал есеп айырысудағы дебиторлық бережақтар активтік шоттар болады, кредиторлық бережақтар пассивтік шоттар болады.
2.Реттейтін шоттар
Толықтырушы шоттар дербес
3. Бөлетін шоттар кәсіпорында кейбір шығындарды тікелей өндіріс шығынына, яғни өндірістен өнімге тікелей апаруға болмайды. Оларды әрбір өнім түріне бөліп апару қажет. Сондықтан әдейі жинақтап бөлу шоты қолданылады. Оған жанама шығындар шоты жатады. Бұл шот активтік шот, оның дебетінде жыл бойына болған бөлінетін шығындар есептеледі, ал кредитінде сол шығындардың белгілі бір әдіспен бөлінгені көрсетіледі. Шығындар бөлініп болғаннан кейін бұл шотта қалдық қалмайды. Бөлінетін шығындарға өндірісті басқару және ұйымдастыру шығындары, негізгі құралдардың тозу шығыны (амортизация) және т.б жатады.
4.Калькуляциялық шоттар - өндіріс шығындарын есептеуге және өнімнің өзіндік құнын табуға арналған.
Калькуляциялық шоттарға негізгі өндіріс, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары, көмекші өндіріс жатады. Бұл шоттар активтік шоттар. Дебетінде жыл бойында болған тікелей шығындар есептеледі. Жылдың аяғында оған бөлінген үстеме шығындар алынады. Сөйтіп дебетінде нақты шығындар есептеледі. Ал кредитінде жыл бойы алынған өнім, істеген жұмыс, көрсетілген қызмет жоспарлы өзіндік құнымен немесе нормативті өзіндік құнымен есептеледі. Ал жылдың аяғында ол нақты өзіндік құнға дейін жеткізіледі. Қалдық калькуляциялық шоттарда болмауы мүмкін, ал болған жағдайда ол тек қана дебет жағында жазылады және аяқталмаған өндірісті көрсетеді.
5.Салыстырмалы шоттар, яғни қаржылық
қорытынды шоттары