Бухгалтерлік есеп туралы мәліметтер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Апреля 2013 в 21:12, реферат

Описание

Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін зерттеп- білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген.

Содержание

Бухгалтерлік есеп туралы мәліметтер
Бухгалтерлік есептің объектілері
Бухгалтерлік есептің әдістері

Работа состоит из  1 файл

бухучет.docx

— 22.35 Кб (Скачать документ)

Жоспар

  1. Бухгалтерлік есеп туралы мәліметтер
  2. Бухгалтерлік есептің объектілері
  3. Бухгалтерлік есептің әдістері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік  есеп туралы мәліметтер

Кәсіпорын мүлкінің қандай қалыпта екенін және қандай дәрежеде пайдалынып отырғандығын анықтау үшін, нақты бір жүйеге келтіріп отыруға  бухгалтерлік есепте әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бухгалтерлік есеп пәнін  зерттеп- білу үшін, оны бір тиянақты жүйеде жүргізу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер тобы, басқа ғылым бухгалтерлік есеп пәнінің әдіс-тәсілдері сияқты, диалектикаға негізделген. Бухгалтерлік есеп өзінің әдіс-тәсілін қолдануда, есеп-қисап  ілімінің даму, зерттеу жолында диалектика тәсілін әр уақытта басшылыққа алады. Осы орайда, әрбір зерттеу әдіс-тәсілі кез-келген адам атының туындысы болуға тиіс емес. Ол зерттелетін пәннің негізгі  мазмұнына сәйкес және сол пәннің негізгі мазмұнын дәлелді түрде  бұлжытпай анықтайтын болу керек.

 Әрбір пәннің әдіс-тәсілі, сол пәннің ерекшелігіне сәйкес, алдына қойылатын мақсатын орындауға,  ғылыми негізін анықтауға бейімді  болуы керек. Сондықтан әрбір  пәннің әдіс- тәсілінің өзіндік  ерекше мағына – мазмұны болуға  тиіс. Оған жататындар: құжаттау, түгендеу, калькуляция, счеттар жүйесі, екі  жақты жазу, бухгалтерлік баланс, есеп беру, бағалау.

 Бухгалтерлдік есеп  кәсіпорында күнделікті болатын  шаруашылық процестерді түгелдей  есепке алады. Ал ол шаруашылық  процеске: сол кәсіпорындардағы  барлық кәсіпорын мүлкі, қорлары  және қаржыландыру қорлары қатысады. Бухгалтерлік есеп теориясында  шаруашылық процесі – «шаруашылық  операциясы» деп атау қалыптасқан.  Баланша айтқанда, шаруашылық процестерін  есепке алу үшін нақты бір  әдіс керек. Ол бухгалтерлік  құжат.

 Құжат дегеніміз –  ол шаруашылық операцияны бірінші  тіркеуге алатын бухгалтерлік  әдіс. Тек құжат арқылы ғана  әрбір шаруашылық операция есепке  алынады. Яғни, бухгалтерлік құжатта  шаруашылық операцияның мазмұны  толық көрсетеледі де, ол есеп-қисаптың  негізі ретінде саланады. Құжат  заң талабына сай толтырылып, бухгалтерлік есептің дәлелі  болуға тиіс. Барлық шаруашылықтағы  құбылыстарды есепке алу үшін, сол құбылыстар орындалу кезінде  құжатқа тіркеледі. Мысалы, товардың  табиғи шығыны, есеп-қисапка жіберілген  қателері, товардың түгелдігін анықтағанда  жетпей қалғаны, тағы басқалары,  сол жұмыс жүргізілген кезде  тиісті құжаттарға тіркеледі.

 Яғни, бухгалтерлік құжат  шаруашылық құбылыстың жасбаша  куалігі және оның заңдылық  құқысы болады. Сондықтанда құжаттауда  бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп санайды. Жалпы есеп информациясын автоматтандыру барысында алғашқы есеп сатысын өзінше бөлек автоматтандыру жүйесі деп санайды. Соған сәйкес есеп процесі автоматтандырылған жағдайда құжаттық функциясын техникалық материалдар магнит лентасы, дискасы атқарады.

 Бухгалтерлік есептің  өзіндік ерекшклігі ол тек  қана құжат арқылыжүргізілетіндігінде,  сонымен қатар құжат кепілдік, куәлік, құқылық қызметтерін атқарады.

 Құжат көрсеткіштерін  реквизит – деп атайды. Шаруашылық  операциялардың мазмұнына және  атқаратын қызметіне сәйкес құжаттық  ревизиттері әр түрлі болады. Оның ішінде міндетті реквизитке  жататындар: құжаттың аты, жазылған  күні және жылы, шаруашылық операция  мазмұны, жауапкердің қолы т.с.с.

 Қорыта келгенде, құжат  арқылы ғана кәсіпорын мүлкінің  түгелдігі тексеріледі, жеке адамдардың  материалдық жауапкершілігі анықталады. Әрбір шаруашылық процесінің  заңдылығы дәлелденеді.

 Келесі бухгалтерлік  есеп әдісінің бір түрі кәсіпорын  мүлкінің нақты ақшалай құнын  шығару. Шаруашылық процесі мейлінше  жан-жақты, әр-түрлі. Олар құжатта  бірнеше түрлі көрсеткіштермен,  өлшемдермен жазылады. Ал бухгалтерлік  есептің ерекшелігісол, ол барлық  көрсеткіштерді, бір өлшеммен ақша  өлшемінде көрсетеді. Сол үшін  еңбек көрсеткіштерін, заттай өлшемдегі  көрсеткіштерді ақша өлшеміне  аударып, кәсіпорын мүлкінің нақты  ақшалай құнын анықтайды.

 Кәсіпорын жұмысын  басқару үшін, сол шаруашылықтағы  процестердің барысын бақылап,  ондағы шығынның нақты көлемін  мүлтіксіз дәл анықтап біліп  отыру керек. Бізге белгілі,  өндіріс процесіне үш түрлі  элемент қатысады, ол адам еңбегі, шикізаттар мен материалдар және  негізгі қордың амортизациясы.  Әрине, өндіріс процесінде көптеген  қосалқы шығындар болады. Бухгалтерлік  есеп сол шығындарды жеке-жеке  есептеп қана қоймай, олардың  қортынды есебін шығарады да, онымен қатар өндіріс өнімінің  құнын немесе өзіндік бағасын  анықтау үшін қолданылатын әдіс-тәсілді  калькуляция деп атайды.

 Халык шаруашылығы  есеп-қисабының мақсаты туралы  айтылғанда, оның ерекше орындайтын  міндетінің бірікәсіпорын мүлкінің  түгелдігін қамтамасыз ету дегенбіз. Бұл үшін бухгалтерлік есепте  инвентаризация немесе түгелдеу  тәсілі қолданылады.

 Кәсіпорын шаруашылығында  әрбір өндіріс қоры, еңбек қоры, қаржыландыру қоры түгелдей қатысады  да, ал негізінде әрбір шаруашылық  процесі нәтижесінде олардың  әрқайсында өзгеріс болады. Осы  орайда олар өзара өте тығыз  байланысты. Онымен қоса кәсіпорын  шаруашылығына басшылық ету жұмысын  ұйымдастыру үшін, кәсіпорын мүлкінің  қай уақытта қаншасы бар екенін, қанша кіріс немесе қанша шығыс  болғанын білу өте қажет. Осындай  құбылысты түгелдей бір жүйедегі  есеп-қисапқа алу үшін, кәсіпорын  мүлкін жеке-жеке, түр-түрімен бөлек  еесптеу керек.

 Қорыта келгенде, кәсіпорын  мүлкінің және қаржыландыру қорларының  шаруашылық құбылысындағы өзгерісін,  тағы басқа шаруашылық операцияларды  топтап, бір жүйеге келтіріп, есептеу  үшін қолданылатын тәсілді счеттар  жүйесі немесе бухгартерлік счет  дейді.

 Шаруашылық процестерді  счеттар жүйесіне тіркеу үшін  қолданылатын бухгалтерлік есептегі  әдіс-тәсілді « екі жақты жазу»  дейді. Бұл әдістің негізі сол,  шаруашылық процестерді өзара  байланысты екі бухгалтерлік  счетқа тіркеу арқылы есепке  алады.

 Бухгалтерлік есептегі  әдіс-тәсілдің бірі-бухгалтерлік  баланс. Бухгалтерлік баланс дегеніміз,  кәсіпорын мүлкін және оның  қаржыландыру қорын өзара қарама-қарсы  байланыстыра отырып, бір жүйеге  келтіріп, қорытындылап, нақты бір  күнге қандай қалыпта екенін, қандай мөлшерде екенін экономикалық  топтау нұсқауында көрсететін  әдістәсіл.

 Отчет. Бұл тәсіл  кәсіпорын шаруашылығын өткен  бір мерзіміндегі қорытындасын 

( нәтижесін ) көрсететін  әдістәсіл. Негізінде кәсіпорын  жұмысының қорытындысы әрбір  ай сайын шығарылады. Мысалы, айлық  пайда жоспарының орындалуы, тағы  басқа көрсеткіштер туралы отчет  жасалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік  есептің объектілері

Бухгалтерлік есеп объектілері  – бухгалтерлік есепті жүргізетін, бухгалтерлік есеп шоттарын шаруашылық процестерінде пайдаланатын ұйымдар  мен кәсіпорындар. Кәсіпорындар құрылған кезде, қатысушылар салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске, айналым мен тұтынуға қызмет етеді.

 Сонымен, қалыптастыру  көздерімен байланыстағы шарушылық  құралдары және шаруашылық қызметі  процесіндегі олардың айналымы  бухгалтерлік есептің пәні болып  табылады. Пәніне сипаттама бере  келіп, бухгалтерлік есептің объектілерін  айырып алу керек. Олардың құрамы  халық шаруашылығының алуан түрлі  салаларындағы кәсіпорындардың  меншік нысандарына, ерекшеліктеріне  және функцияларына байланысты.

Кәсіпорындағы есептің маңызды  объектілеріне: материалдық емес активтер, ақша қаражатары мен есеп айырысулар, негізгі құралдар, материалдар, еңбек  ақы бойынша есеп айырысу, өнім өндіру, жабдықтау, өнім өндіру мен сату процестеріндегі  шығындар, қаржы нәтижелері және т.с.с. жатады.

аңды немесе жеке тұлға  құқығы бар кәсіпорындар мен барлық шаруашылық субъектілерінде олардың  кімге және меншіктің қандай формасына  жататына қарамастан бухгалтерлік есеп түрінде ұйымдастырылған бақыланушы зат олардың ресурстарын қозғалысқа келтіретін шаруашылық қызметі болып  табылады.

 Субъект ресурстары  дегенде оның шаруашылық қызметі  барысында пайдаланатын түрлі  активтерінің, міндеттемелері мен  жеке меншік капиталының жиынтық  құңы түсініледі.

 Актив–субъектінің өткен  оқиғалар нәтижесі ретінде бақылайтын  ресурсы, оны пайдалану бәлкім  экономикалық пайда көзі болуы  мүмкін.

 Субъект міндеттемесі  өткен оқиғалардан туындайды,  ол бойынша жасалатын есеп  ресурстардың кері қайтуымен  аяқталады да, олар өзіне экономикалық  пайда қамтиды.

 Жеке меншік капитал–бұл  субъектінің бүкіл міндеттемелерін  ұстап қалғаннан кейінгі (немесе  субъектінің борыштан тысқары  мүлкін) активіндегі қалдық мүдде.

 Бухгалтерлік есеп  пәнімен егжей–тегжейлі танысу  үшін нарықтық экономика жағдайында  жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің  түрлерін және олардың қызметінің  ұйымдастырылуын қарастырып көрелік.

 Қазақстан Республикасының  экономикасы шаруашылық жүргізуші  субъектілердің әралуан түрлерін  қамтыған. Субъект қызметінің міндеттерін  оның иесі белгілейді. Ол міндеттер:  қоғамға қажетті сапалы, рентабельділігі  жоғары өнім шығару. Оларды өткізу  табысты молайтады, өнім тапсыру  келісімшарт орындауға ықпал  етеді. Өндірісті ұйымдастыруды  жетілдіруге жол ашады, осы  негізде бүкіл қаржы–шаруашылық  қызметтерінің экономикалық көрсеткіштері  жақсарады. Шаруашылық жүргізуші  субъект өз қызметін меншік  иесі берген өкілеттілік негізінде  жүзеге асырады.

 Нарықтық экономика  жағдайында басқарудың экономикалық  әдістері шешуші орын алады,  демократиялық негіздер мен өзін-өзі  басқару кеңейеді.

 Қазақстан Республикасындағы  Азаматтық кодекске сәйкес шаруашылық  субъектінің мынадай түрлері  құрылады:

1.Шаруашылық серіктестіктер:

* Толық серіктестік.

* Коммандитті серіктестік.

* Жауапкершілігі шектеулі  серіктестік (ЖШС).

* Қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік.

* Ашық акционерлік қоғам  (ААҚ).

* Жабық акционерлік қоғам  (ЖАҚ).

* Еншілес шаруашылық  серіктестік.

* Тәуелді акционерлік  қоғам .

2. Өндірістік кооператив:

3. Мынадай түрдегі мемлекеттік  кәсіпорындар:

* Шаруашылық жүргізу  құқына негізделінген мемлекет   кәсіпорын. 

* Шұғыл басшылық құқына  негізделінген мемлекеттік қазынашылық  кәсіпорыны, Қазақстан Республикасы  үкіметінің немесе жергілікті  атқарушы органның шешімі бойынша  құрылады.

*Еншіліс мемлекеттік  кәсіпорын тек қана мемлекеттік  кәсіпорын арқылы құрылады.

4. Коммерциялық емес ұйымдар.  Оларға жататындар:         

* Мекемелер, қоғамдық  бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну   

 кооперативтері, діни  бірлестіктер, ассоциация (одақтар)

 түріндегі бірлестіктер.

 Шаруашылық қызмет  дегеніміз шаруашылықпен айналысушы  субъектінің өмір сүру формасы;  ол оның қаржылық ресурстарының  қозғалысы (жағдайының өзгеруі)  шаруашылық қызметтің өмір сүруінің  экономикалық формасы болып табылады. Сондықтан қаржы ресурстарының  қозғалысы мен пайдаланылуын  басқарып алмайынша шаруашылық  қызметті басқару мүмкін емес.

Субъектілер мейлінше көп  заңды қаржылық шектеулер жағдайында жұмыс істейтінін атап өтеміз. Атап айтқанда, соның бірі мынадай: Қаржы  ресурстары  көзінің пайда болуын көбінесе олардың мақсаты анықтайтын, яғни оларды қалай пайдаланған жөн, қайда жұмасаған дұрыс. Сондықтан  да, жаңа ғана айтылған ақпараттың екі  түрі қаржы ресурстарының тиісінше салынуын салыстыруға, сөйтіп олардың  дұрыс пайдаланылғаны туралы қорытынды  жасауға, нормадан ауытқу себептерін анықтап, туындаған қолайсыз фактілерді жоюға  мүмкіндік береді.

 Субъектінің қаржы  ресурстары жағдайының бухгалтерлік, ақпараттық үлгісіне (бухгалтерлік  баланс) олардың құрамы мен орналасуы  жөніндегі аталған екі белгінің  бірі: Салынған қаржының бағыты  мен оның пайда болу көзі  бойынша цифрлық деректер қосылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бухгалтерлік  есептің әдістері

Бухгалтерлік есептің  әдістері

 Кәсіпорындар мен ұйымдарда  болып отыратын күнделікті операциялардың, үдерістердің маңызы әр түрлі.  Осы үдерістермен операцияларды  бухгалтерлік есептің көмегімен  бақылап, тексеріп олардың дұрыс  орындалмағандығын немесе орындалмай  жатқанын қарап, одан нәтиже  шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың  орындалуы барысында бухгалтерлік  есепте әр түрлі тәсілдер қолданылады.  Сол барлық қолданылатын тәсілдердің  жиыны және олардың ғылыми  тұрғыдан басқарылатындай бір  жүйеге келтірілуі бухгалтерлік  есептің әдістері болып саналынады.

 Бухгалтерлік есептің  әдістері келесідей түрлерден  тұрады:

 • Құжаттау;

 • Түгендеу;

 • Шоттар;

 • Екі жақты жазу;

 • Бағалау; 

 • Калькуляциялау;

 • Бухгалтерлік баланс;

 • Есеп беру;

 Құжаттау 

 Барлық ұйымдарда өздерінің  күнделікті жұмысы барысында  әр түрлі шаруашылық операциялары  орындалады. Ал бұл операцияларды  бухгалтерлік есепке алу үшін  оларға алдымен құжаттар толтырылуы  қажет. Құжат орындалған операцияның  жазбаша түрдегі анықтамасы болып  табылады.Құжатқа орындалған операцияның  аталуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бірлігі, орындаушы немесе  тапсырушы мен қабылдап алушы  адамдардың аты – жөні және  тағыда басқа деректер толтырылады.  Құжаттар заңды түрде белгіленген  дәлелді ақпараттық мәлімет болып  есептеледі.Құжатта міндетті түрде  көрсетілуге тиісті мәліметтерді  деректеме (реквизит) деп те атайды.

Информация о работе Бухгалтерлік есеп туралы мәліметтер