Түгендеу
Ұйымның шаруашылық
операцияларының орындалуы барысында
барлық операцияларын сол сәтінде
құжатқа жазуға мүмкіндік бола
бермейді.Тіпті құжаттар толтырылғанның
өзінде де қателіктер кетуі
мүмкін және материалдарды сақтау
кезінде олар табиғи кеміп
азайып отырады.Соған байланысты
кәсіпорындағы өндіріліп шығарылған
дайын өнімдерді, басқа ұйымдардан
алынған заттарды, сондай – ақ
басқа да қолда бар құралдарды,
мүліктерді терсеріп, түгендеп тұрмаса
олардың жоғалуына немесе ұрлануына
жол берілуі мүмкін.Сондықтан
түгендеу әдісі арқылы кәсіпорын
өзінің нақты қолда бар материалдық
құндылықтары мен ақшаларын және
тағы да басқа мүліктерін есептегімен
салыстырып отырады.
Шоттар
Бухгалтерлік есеп
шоттары дегеніміз – шаруашылық
құралдары мен олардың қорлану
көздерін белгілі бір ұқсастықтарына
және маңызы мен көрсеткіштеріне
сәйкес жинақтап топтау құралдары
болып табылады.Жалпы шоттар ұйымның
шаруашылық үдерістерінің, сондай
– ақ активтермен олардың қорлану
көздерінің түрлеріне қарай ашылады.Шоттар
кәсіпорында күнделікті болып
отыратын операцияларды үздіксіз
жазып отырмай,оларды экономикалық
маңызына қарай топтап жазу
үшін пайдаланылады.Жалпы айтқанда
ұйымның активтерімен міндеттемелеріндегі
және меншікті капиталындағы
әрдайым болып отыратын операцияларды
бір жүйеге келтіріп топтап, ақшалай
түрде есептеу үшін бухгалтерлік
есепте қолданылатын әдісті шоттар
деп атайды.
Екі жақты жазу әдісі
Шаруашылық үдерістері
барысында орындалатын әрбір
операция негізінде кәсіпорынның
қаржылары мен олардың пайда
болу көздерінде екі жақты
және тең өзгерістер болып
отырады.Олар екі жақты жазуды
керек етеді, яғни бір шоттың
дебитінде, екінші шоттың кредитінде
бірдей сомада көрсетілуі қажет.Ұйымдардағы
мұндай күнделікті болып отыратын
операцияларды, үдерістерді бір
шоттың дебитіне және екінші
шоттың кредитіне жазып есептеп
отыру үшін қолданылатын әдіс
бухгалтерлік есепте екі жақты
жазу әдісі деп аталады.
Калькуляциялау әдісі
Қандай ұйым болмасын
белгілі бір қызметпен айналысатындығы
белгілі. Осы үдерістерді орындау
барысында кәсіпорын жұмысшы
күшін, еңбек құралын және материалдық
құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан
барлық кеткен жұмсалған шығындардың
жиынтығын анықтауына тура келеді. Бұл
шығындардың жиыны өндірілген өнімнің,
көрсетілген қызметтің өзіндік құнын
құрайды. Сондай – ақ ол ұйымды басқару
үшін қажетті ақпараттық мәлімет болып
табылады. Бухгалтерлік есепте оны, яғни
өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтің
нақты өзіндік құнын анықтау әдісін калькуляциялау
деп атайды.
Бағалау әдісі
Бухгалтерлік есепте
материалдық құндылықтар ақшалай
өлшеммен есептелінеді. Кәсіпорындағы
мүліктердің және міндеттемелердің
құнын ақшалай өлшемге айналдырып
есептеу әдісн бухгалтерлік есептің
бағалау әдісі деп атайды.
Бухгалтерлік баланс
Кәсіпорынның активтерімен
олардың қорлану көздерінің белгілі
бір мерзімге бір жүйеге келтіріліп
ақшалай өлшем түрінде теңестіріліп
екі жақты кестеде бейнеленуін
бухгалтерлік баланс деп атаймыз.Оның
сол жағында кәсіпорынның активтері,
ал оң жағында қорлану көздері,
яғни міндеттемелерімен меншікті
капиталы бейнеленеді.