Бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 23:17, реферат

Описание

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Содержание

КІРІСПЕ 2
1-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 4
§ 1. Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру 4
§ 2. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп саясаты 9
§ 3. Бухгалтерлік қызметтің жұмысын ұйымдастыру. Құжаттау және есептік регистрлер 18
Пайдаланған әдебиеттер 30

Работа состоит из  1 файл

бух учкт реферат.doc

— 161.50 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР 
 
 

 

КІРІСПЕ

 

      Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

      Шаруашылық  жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі  экономикалық тетігін нақты, жақсы  жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

      Экономиканың  барлық саласындағы кәсіпорындардың  иелері мен еңбек ұжымдары шикізат  пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

      Есепке  алынған ақпараттардың көмегімен  шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел баскару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасының даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

      Экономиканың  саласындағы мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

 

1-тарау. БУХГАЛТЕРЛІК  ЕСЕПТІҢ ЖАЛПЫ  МӘСЕЛЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

§ 1. Шаруашылық етуші субъектілердің түрлері және олардың қызметін ұйымдастыру

 

      Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан  Республикасының аймағында тіркелген резиденттік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.

      Сот алдында жауап беретін және сотқа  шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.

      Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішіне өкілдік қызметі де кіреді.

      Филиал  да, өкілдік те заңды тұлға болып  табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ал екіншісінің өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі де және таза табысын өз қатысушыларының арасында бөлу жағдайы да шектелген.

      Коммерциялық  ұйымдар тек келесідей нысанда  құрылуы мүмкін:

      - шаруашылық серіктестіктер;

      -  акционерлік қоғамдар;

      - өндірістік кооперативтер;

      - мемлекеттік кәсіпорындар.

      Коммерциялық  емес ұйымдар заң актілерімен  қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, қоғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.

      1. Шаруашылық серіктестіктер. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.

      Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады.

      Толық серіктестікмұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.

      Коммандиттік  серіктестік — серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толык серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.

      2. Қосымша және жауапкершілігі  шектеулі серіктестік 

      Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік  (ЖШС). ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.

      Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда — қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.

      3. Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.

      Ашық  акционерлік қоғам — өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.

      Жабық акционерлік қоғам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз кұрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егерде жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.

      Ашык  қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың  нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың  айлық есепті көрсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.

      4. Өндірістік кооператив — бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері заңда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.

      5. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар:

  • шаруашылықты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;
  • ағымдағы (оперативтік) басқару құқығына (қазыналық кәсіпорын) негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады.

      6. Коммерциялық емес  ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады.

      Шаруашылық  жүргізуші субъект қызметінің мақсаттарын  оның меншік иесі белгілейді. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің  жарғысына жауап беретін болса, онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады.

      Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті  органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар құрып, ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болуы мүмкін. Меншік иесінің рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект заңды тұлға құқығы бар еншілес субъектілерді, сондай-ақ филиалдар, өкілдіктер, бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.

      Субъектінің құрылтайшылары (акционерлері) бекіткен жарғы негізінде қызмет етеді. Жарғының мазмұны заңға қайшы келмеуі керек. Жарғыда шаруашылық жүргізуші субъектілерінің түрлері, оның атауы, орналасқан жері, қызметінің мәні мен мақсаттары, басшысының өкілеттіктері, басқару және бақылау органдары, олардың кабілеттілігі, субъектінің мүлікті қалыптастыру және табысты бөлу тәртібі, қайта құру және қызметін тоқтату тәртібі белгіленеді. Жарғыда сондай-ақ құрылтайшылар, субъект әкімшілігі мен оның еңбек ұжымдарының арасындағы қарым-қатынастары да белгіленеді.

      Негізгі қорлар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ субъектінің дербес балансында көрсетілетін құндылықтары (мүліктері) субъектінің мүлкін құрайды.

      Субъектінің мүлкін қалыптастырушы көзі болып мыналар саналады: құрылтайшылардың ақшалай, материалдық және басқа да жарналары (үлестері); қызмет нәтижесінен алынған табыстары; бағалы қағаздардан түскен табыстары; банктер мен басқа несие берушілердің кредиттері; бюджеттен берілген күрделі салымдары және демеу қаражаттары; қайтарусыз немесе қайырымдылық жарналары; ұйымдардың, кәсіпорындардың және азаматтардың құрбандықтары; Қазақстан Республикасы заңдары тыйым салмайтын өзге де табыс көздері.

      Мемлекет  қолданылып жүрген заңдарға сәйкес субъектінің мүліктік құқықтарын қорғауға кепілдік береді. Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік меншік иесінің немесе оның уәкілетті органының келісімінсіз субъектіден оның негізгі қорларын, айналым қаражаттарын және олардың пайдалануындағы басқа да мүліктерін алуына жол берілмейді.

      Субъектіні  басқару оның меншік иесінің жарғысына  сәйкес ұйымдастырылады. Субъект басқарудың құрылымын, штаттарын, еңбекақы төлеудің жүйесін және т.б. мәселелерін дербес анықтай алады.

      Субъектінің еңбек ұжымы еңбек келісім-шартының негізінде, сондай-ақ кәсіпорын иесі мен жұмыскерлердің еңбек қатынасын  реттейтін басқа да келісім шарттарының  нысанында, өз еңбегімен қатысушы азаматтарынан  тұрады. Еңбек ұжымы меншік иесімен  және әрбір жұмыс істейтін қызметкерлердің мүддесімен үйлесуін қамтамасыз етуі керек.

      Шаруашылық  жүргізуші субъектісі өнім шығарушы болып табылатындықтан, ол өзін-өзі  қаржыландыруды және дербестік негізінде  енімді шығаруды, сатуды және қызмет көрсетуді  көздейді.

      Субъект өз қызметін дербес жоспарлайды және даму болашағын, материалдық-техникалық жағдайын қамтамасыз етумен қатар, ол күрделі құрылысын да белгілейді. Ол өз өнімін, жұмысы мен қызметтерін Қазақстан Республикасы заңдарында анықталған жағдайларды қоспағанда, өз бетінше белгілеген бағасына немесе шарттардың негізінде сата алады.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің жалпы мәселесін ұйымдастыру