Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 18:18, реферат

Описание

Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.

Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.

Содержание

Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы................3
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы........................................................................................................8
Бухгалтерлік есеп шоттарын классификациялау және бас шоттар жоспары........................................................................................................13
Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау..........................................21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25

Работа состоит из  1 файл

Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу.docx

— 83.44 Кб (Скачать документ)

Қазақстан Республикасының  Білім және ғылым министрлігі

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Экономика факультеті

 

 

 

 

Реферат

 

 

Тақырыбы:

«Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу»

 

 

 

                              

         Орындаған: МжЖБ мамандығының  студенті Искакова Л.М.

          Тексерген: Бухгалтерлік есеп  және аудит құжырасының аға  оқытушысы Алимова Д.Ж.

 

 

 

 

 

Қостанай, 2011 жыл

 

Жоспар

 

 

  1. Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы................3
  2. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы........................................................................................................8
  3. Бухгалтерлік есеп шоттарын классификациялау және бас шоттар жоспары........................................................................................................13
  4. Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау..........................................21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25

 

1. Бухгалтерлік есептің шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы

 

     Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан біртектес объектілері жіктелінеді.

     Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесіне ерекше рөл беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

     Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және көрсетудің әдісі.

     Шот — бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.

     Шоттар шаруашылық  қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көрсеткіштерге ауыстырылады.

     Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.

     Шоттың сол жақ бөлігі — дебет, ал оң жақ бөлігі кредит деп аталады.

     Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.

     Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттың растау қажет. Оған қағаздың алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.

     Шоттардың активтік және пассивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардың мазмұнын көрсетеді.

     Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Ағымдағы корреспонденттік шоттағы ұлттық валютадағы ақша» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және т.б.

     Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.

     Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.

     Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.

 

№ 2-кесте

Активтік шот

 

Дебит

Кредит

Операция басындағы қалдық (сальдо)

 

Шаруашылық қорларын кемітетін  шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының  сомасы кредит бойынша айналымды  құрайды

Шаруашылық операцияларының  сомасы дебит бойынша айналымды  құрайды

Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебит бойынша айналым – кредит бойынша айналым)

 

 

     Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетіні: шоттың дебит жағы бойынша — операция басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықты арттыратын шаруашылық операциялары; шоттың кредит жағы бойынша — қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

     Пассивтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.

 

Пассивтік шот

 

Дебит

Кредит

 

Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларының көздерін арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының  сомасы дебит бойынша айналымды  құрайды

Шаруашылық операциясының  сомасы кредит бойынша айналымды  құрайды

 

Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо  + кредит бойынша айналым – дебит бойынша айналым)


 

     Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:

     — шоттың кредиттік жағы бойынша операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар, сондай-ақ қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары;

     — шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады.

     Кез келген кәсіпорынның бухгалтерлік балансында сол ұйымның меншігіндегі шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайы көрсетіледі. Әйтседе ұйымның шаруашылық қызметін басқару үшін оның мүліктері мен қаржыларының және олардың қорлану көздерінің есеп беретін уақыттағы жағдайын ғана білу жеткіліксіз. Яғни кәсіпорынның қызметін басқару үшін оның шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерінің есепті кезең барысындағы, яғни күнделікті өзгерісін біліп, қадағалап отыру қажет. Кәсіпорында әрбір күнтізбелік жұмыс күні барысында бірнеше операцияның орындалуы мүмкін. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай да бір дәрежеде әсерін тигізеді. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлік баланс баптарындағы саңдарды өзгертіп отыру, яғни әрбір операциядан кейін кәсіпорынның жаңа бухгалтерлік балансын жасау мүмкін емес және олай жасау тиімді болып табылмайды. Осыған дейін айтылғандай бухгалтерлік баланс әрбір айдың (тоқсанның, жылдың) бірінші күніне қарай жасалады. Міне, осыған сәйкес ұйымдағы орындалатын әрбір операцияларды және олардың негізінде болатын өзгерістерді жіктеп (топтастырып) есептеп отыру үшін бухгалтерлік шот қолданылады.

     Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашьшық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.

     Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.

     Мысалы, ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған, дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер» деп аталатын шот және т.б. шоттар қолданылады.

     Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әрпі сияқты болып көрінеді. Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активтік» және «пассивтік» болып екі түрге бөлінеді. Активтік шоттар ұйымның колда бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған. Әдетте шоттың сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит» болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.

 

   Дебит                                        ШОТТЫҢ АТЫ                                 Кредит

   

 

     Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады. Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «қалдық» сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық — «бастапқы қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің соңыңдағы қалдық - «соңғы қалдық» деп аталады. Осы есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы «дебиттік айналым», ал кредит жағындағы сандардың қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады. Осы жоғарыда аталған әрбір шоттағы «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасы сол шоттың қалдық сомасы болып табылады. Ескеретін жағдай — шоттағы соңғы қалдық сомасын есептегенде ол шоттың бастапқы қалдығын естен шығармау керек. Яғни кез келген шоттың соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына «дебиттік айналым» мен «кредиттік айналымның» айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады. Егер шоттың бастапқы қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдық сомасына дебиттік айналым сомасы қосылып, одан кредиттік айналым сомасы шегеріледі. Ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болған жағдайда, соңғы қалдық сомасын есептеу үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, одан дебиттік айналымды шегеру қажет. Бұл айтқандарымыз түсініктірек болуы үшін төмендегідей екі шотты қарастырайық:

 

   Дебит                                      КАССА ШОТЫ                                     Кредит       

    Бастапқы қалдық 5000

  1.                  20000
  2.                  45000

    айналым       65000

    соңғы қалдық (5000+65000-60000)

                     10000

 

  1.                 50000
  2.                 10000

    айналым        60000


 

     Жоғарыдағы касса деп аталатын шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін сол шоттың бастапқы қалдығы (дебиттік) 5000 (бес мың) теңгеге дебиттік айналым 65000 (алпыс бес мың) теңге қосылып, кредиттік айналым 60000 (алпыс мың) теңге азайтылды. Соның нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (дебиттік) 10000 (он мың) теңге болды (5000+65000-60000=10000).

 

 

 

 

   Дебит                         Жұмысшылармен еңбекақы                               Кредит

                                     бойынша есеп айырысу шоты

 

      1. 180000
      2. 300000

айналым          480000

 Бастапқы қалдық   200000

      1. 250000
      2. 50000

айналым          300000

соңғы қалдық (200000+300000-480000)

                     20000


 

     Ал екінші көрсетілген жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу шотының соңғы қалдығын табу үшін бастапқы қалдығы (кредиттік) 200000 (екі жүз мың) теңгеге кредиттік айналым 300000 (үш жүз мың) теңге қосылып, дебиттік айналым 480000 (төрт жүз сексен мың) теңге азайтылды (шегерілді). Осының нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (кредиттік) 20000 (жиырма мың) теңгеге тең болатындығы есептеліп шығарылды. (200000+ 300000-480000=20000).

     Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, негізінде шоттардың бастапқы қалдығы дебиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да дебиттік, ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да кредиттік болуы тиіс.

Информация о работе Бухгалтерлік шоттар және екі жақты жазу