Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 18:18, реферат
Пассивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыты бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.
Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.
Бухгалтерлік есеп шоттары, олардың мақсаты мен құрылысы................3
Бухгалтерлік есеп шоттарындағы екіжақты жазу, оның мәні мен мағынасы........................................................................................................8
Бухгалтерлік есеп шоттарын классификациялау және бас шоттар жоспары........................................................................................................13
Ағымдағы есеп мәліметтерін қорытындылау..........................................21
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................25
Балансқа қатысты шоттардағы қалдықты есептеу тұрғысынан қарағанда шоттар қалдығы баланс баптарына түсірілетін шоттар және қалдығы басқа шоттарға көшірілетін шоттар болып екіге бөлінеді.
Шоттар бойынша қалатын қалдықтың түріне қарай - дебеттік және кредиттік шоттар болып екіге бөлінеді. Қалыптасқан тәжірибеге байланысты дебеттік шоттарды - активтік, ал кредиттік шоттарды - пассивтік деп атайды. Сонымен қатар активті-пассивті шоттар жөніңде түсінік бере кеткен жөн.
Бухгалтерлік
есеп тәжірибесінде бұл
Қалыптаскан
әдіс бойынша шоттардың
Бқ + Д - К = Сқ
Мұнда: Бқ - бастапқы қалдық;
Д - осы шоттың дебеттік айналымы;
К - осы шоттың кредиттік айналымы;
Сқ - соңғы қалдық.
Шоттардағы қалдық шоттарға тікелей жазылған жазулар бойынша шығарылады.
Алайда бухгалтерлік есеп тәжірибесінде аралас шоттар да қолданылатындығын білген жөн. Аралас шоттардағы қалдықты түгендеу әдісін қолдану арқылы бірдей уақытта дебеттік және кредиттік айналым ведомосын жасау арқылы есептеуге болады.
Мұның үшін төмендегі формуланы қолданған жөн:
Бқ + Да – Сқ = Ка - бұл формула дебеттік қалдық қалатын шоттар бойынша шығарылады. Ал кредиттік қалдық калатын шоттар бойынша мына төмендегі екінші формуланы пайдалану қажет:
Бқ + Ка - Сқ – Да.
Шоттар бұларға жазылатын мәліметтер мен ақпараттардың көлеміне қарай синтетикалық жинақтаушы және аналитикалық жіктеуші болып екіге бөлінеді. Аналитикалық жіктеуші шоттар уақытша құрылған, ағымдағы операциялар есебін жүргізуге арналған. Оның балансқа қатыспайтын сипаты болады. Экономикалық маңызы мен топтастыру сипатына қарай жинақталған операциялар маңызын көрсететін, қалдығы балансқа жазылатын шоттарды - синтетикалық шоттар деп атайды. Бұл жерде төмендегі қағиданы естен шығармаған жөн: шоттар бухгалтерлік есеп әдістерінің ең басты элементіне жатады; бухгалтерлік есеп пен шоттар арасындағы байланысты көрсететін ақпараттарды - корреспонденциялау (проводка) деп атайды.
Атқаратын міндетіне қарай шоттар - активтер (қаражаттар) мен меншікті капитал және міндеттемелер есебін жүргізуші болып екіге бөлінеді.
Осы заманғы нарықтық экономика мен қатынастар талабына қарай шоттарды екі топқа - меншік иесінің шоты және үшінші жақтың шоты деп бөлуге болады. Кейде олар: 1) заттық құқықтығы бар шоттар; 2) міндеттемелік құқы бар шоттар; 3) міндеттемелер бойынша есеп айырысу құқығы бар шоттар деп те бөлінеді.
Жоғарыда аталған меншік иесінің шотын - 1) меншікті көздерден тұратын қаражаттар шоты; 2) кәсіпорын агенттерінің (уәкілдердің) басқару өрісіндегі шоттар; 3) материалды жауапты адамдардың құзырындағы шоттар деп те жіктеуге болады. Шоттарды осылайша топтастыру 1) ұстау; 2) сақтау; 3) пайдалану; 4) иелік етудің ара жігін тиісті заңды тұлғалардың құқықтық қатысы бойынша анықтап отыруға мүмкіндік туғызады.
Үшінші жақтың шоттары заңды тұлғалардың (жауапкершіліктің түрлеріне қарай) және құқылы тұлғалардың шоттары болып екі топка бөлінеді.
Міндеттемелік құқы бар шоттар келісімшарттар жасау мен қаржы салу, үлес қосу негізінде қалыптасқан (іске асырылған) операцияларды жүргізуге арналған.
Келісімшарттар шоттары: 1) сыртқы (корреспонденттер деп - мемлекетпен, мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен, құқылы тұлғалармен болатын қатынастарды айтады) және 2) ішкі (агенттер деп - кәсіпорын мүшелері арасындағы болатын қатынастарды айтады) шоттар болып бөлінеді.
Келісімшарттардың түріне қарай сыртқы шоттар: 1) сату мен сатып алу, 2) қою, 3) несие, 4) қарыз алу, 5) сақтандыру, 6) жалдау, 7) сыртқы қоюшылардың құндылықтарын сақтау, 8) комиссиялар болып ажыратылады. Келісімшарттардың ішкі шоттары: 1) агенттердің мүліктерін сақтау; 2) жеке басты жалдау болып сараланады.
Міндеттемелер бойынша есеп айырысу шоты алашақтар мен берешектер тобынан тұрады.
Экономикалық маңызына қарай шоттар төмендегіше классификацияланады:
- мүліктер мен құндылықтардың түрі немесе бұларды сақтау орындары бойынша ашылған инвентарлы түгендеу шоттары;
- алашақ және берешектермен есеп айырысу үшін және заңды тұлғалармен есеп айырысуға арналған меншікті шоттар;
- біртектес бірнеше өнімдер өндіру үшін жұмсалған шығындарды арнайы баптарға қарай сабақтастықпен жинақтап жазуға арналған шоттар калькуляциялаушы шоттар;
- басқа да шоттарға таратуға, сомаларды уақытша жинақтауға арналған бөліп таратушы шоттар (сомалар бөлініп таратылғаннан соң уақытша қолданылған шоттар жабылады, ал бұл шоттарда қалған қалдық болса, онда шоттар әлі жабылмаған болып танылады);
- бір немесе бірнеше операциялардың маңызы ерекше қаралатын операция қорытындысын шығаруға арналған операциялық шоттар;
- жұмсалған шығындар мен түскен табыстарды салыстыру үшін уақытша ашылған (түбінде жойылатын) шоттар.
Нарықтық экономикаға тән барлық шоттар кәсіпорындардың шығындары мен бұлардың табысын есептеп, пайда түсіруге бағытталатындығын есте сақтау керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары ұйымдарына (принциптеріне) тән шоттар белгілі есепті кезеңде жұмсалған шығындар көлемі мен осы кезеңде түскен табыс көлемін қатаң түрде салыстырылуын талап етеді.
Шоттар ең әуелі екі үлкен топқа - 1) активті қаражаттар шоттары; 2) қор көздерінің шоттары болып бөлінеді. Бірінші топта әр түрлі қаражаттардың көлемі мен салынған қаржы сомалары көрсетіледі. Активті қаражаттардың есебін жүргізуге арналған шоттар инвентарлы және монетарлы мәліметтерден тұрады. Баланстың активті қаражаттар жағының есебін жүргізуші шоттар - материалдық және калькуляциялаушы шоттар болып екі топқа бөлінеді. Активті қаражаттарға арналған шоттар негізгі құралдар, материалдар, тауарлар, т.с.с. есебін жүргізеді. Бұл құндылықтар түгеңделіп отырылады.
Әдетте активті қаражаттар есебін ағымдағы өмірде жинақтап, бақылаушы шоттардың қалдығы дебеттік болатындығын есте сақтау керек. Активті қаражаттар натуралды және ақшалай өлшеммен өлшенеді. Натуралды өлшемді ақшалай өлшемге айналдыруды (таксировка) - бағаға келтіру деп түсіну керек.
Ендігі жерде калькуляциялаушы шоттарға тоқталалық. Құндылықтарды дайындау мен өнім өндіруге жұмсалған: дайындау мен тасымалдау шығындары, жұмсалған шикізаттар мен материалдар, еңбекақы, негізгі құралдардың тозған үлесі т.б. шығындардың есебін жинақтап, калькуляциялық объектілер бойынша жазуға арналған шоттарды - калькуляциялаушы шоттар деп атаймыз.
Калькуляциялауға жататын шығындар тікелей және жанама шығындар болып екіге бөлінеді. Өнімнің нақтылы түріне, тапсырысқа, объектіге және өндірілетін өнімдерге, сондай-ақ көмекші кәсіпорындар өндірісіне, күрделі қаржы игеруге, күрделі жөндеу, т.б. құнына тікелей жазылатын шығындарды тікелей шығындар деп атайды.
Жекелеген өнімдер мен жұмыстар және көрсетілетін қызметтер нысандарына тікелей жазылмайтын (мүмкін болмаудан), барлық салаларға жалпылама жазылатын шығындарды жанама шығындар деп атайды.
Жанама шығындар уақытша (кезеңдік) келтірілген шоттарда жүргізіліп, кезең аяқталған кезде тікелей шығындар құрамына ендіріледі. Арнайы шоттарда жинақталған тікелей және жанама шығындар сомасы, өндірілген өнімдердің жекелеген түрлеріне қарай таратылып жазылады. Шығындарды өнім түрлеріне қарай таратып жазу белгілі бір көрсеткішке (базаға) қарай пропорцияланып бөлінеді. Калькуляциялаушы шоттарда қалатын қалдық сомаларын дәлме-дәл есептеудің өз қиындығы болады, сондықтан бұл шоттардағы қалатын қалдықты түгендеу әдісін қолдану арқылы шығарған жөн. Барлық калькуляциялаушы шоттарда тек қана дебеттік қалдық болуы керек.
Жоғарыда айтылған монетарлық шоттар тобына ең әуелі ақша қаражаттары, қысқа мерзімді құнды қағаздар есебін жүргізуші шоттар жатады. Бұл шоттарда қалатын қалдықтар дебеттік болып келеді. Нарықтық қатынастарға байланысты көптеген шаруашылық операцияларын орындауда әр түрлі ақша өлшемдері (валюта) қолданылады. Осыған орай ақша қаражаттары есебін жүргізуші шоттарда курстық айырым сомалары жазылады.
Тағы бір қаралатын бухгалтерлік есеп шоттары тобы - бұл есеп айырысуда қолданылатын шоттар. Бұл шоттарға еңбекақы бойынша есеп айырысу, қоюшылар және мердігерлермен есеп айырысу, алашақтардың қарызы мен берешектердің қарызын жүргізетін шоттар, бюджетпен есеп айырысу, үлес қосушылармен есеп айырысу, т.б. қатысушы агенттер мен есеп айырысуды орындайтын шоттар жатады. Есеп айырысу үрдісі ақшалай өлшеммен жүргізілетіндіктен (көптеген жағдайда шетелдік валютамен) бұл шоттарды монетарлық шоттар тобына жатқызуға болады.
Есеп айырысу шоттарындағы қалдық ауыспалы болады. Ол әрбір есепті жылда бірде дебеттік, бірде кредиттік болуы мүмкін. Яғни, бір кәсіпорынның осы кәсіпорыннан алашақ сомасын, басқа да кәсіпорынның берешек қарызымен жабуға болмайды.
Есеп айырысу шоттарында қалған қалдықтардың дұрыстығын түгендеу үшін әрбір алашақтар мен берешектерден растаушы құжаттар алу арқылы орындау кажет.
Бухгалтерлік есеп шоттары қаржы бөлуші шоттар болып топ құрайды. Мұндай шоттарға шығындар мен табыстар есебін жүргізуші шоттар жатады. Мысал ретінде алдағы кезең шығындары мен алдағы кезеңге түсетін табыстар есебін жүргізуші шоттарды келтіруге болады. Алдағы кезең шығындары мен табыстары есебін бір шотта жүргізуге де болады. Мұндай жағдайда ауыспалы қалдық шығарылады. Ал шығындар есебін бір шотта, табыстар есебін екінші шотта жүргізген жағдайда шығындар есебін жүргізетін шотта дебеттік, ал табыстар есебін жүргізетін шотта кредиттік калдық қалады.
Кәсіпорынның және оның меншігіндегі ресурстардың тиімділігі мен басқару жүйесінің дәрежесін бағалауды сипаттайтын шоттар екі топқа - нәтижелік және өтпелі болып бөлінеді. Бірінші топқа "Пайда мен зиян" шоты жатады. Бұл шоттың қалдығы ауыспалы болып, мұның дебетіндегі қалған қалдық шеккен зиянды, ал кредитіндегі қалған қалдық түскен пайданы көрсетеді. Өтпелі шоттарда қалдық қалмайды. Мұндай шоттардың мысалына "Сату" шоты жатады. Аталмыш шот "Пайда мен зиян" шотымен тікелей байланыста ғана қызмет атқарады. "Сату" шоты бойынша тауарлар, өндірілген өнімдер, көрсетілген қызметтердің нәтижесі шығарылып, бұл мәлімет "Пайда мен зиян" шотына көшіріледі. Нәтижені анықтауға арналған "Сату" шотында ауыспалы қалдық қалады. Бұл шот есепті жылдың бір кезеңінде дебеттік, басқа кезеңінде кредиттік болуы мүмкін.
Келесі топ - айналымға түсетін шығындар есебін жүргізуге арналған шоттар. Айналымға түсетін шығындар өндірілген тек қана сату фактісімен байланысты болып, есепті жыл ішінде жұмсалады. Бұл топқа жататын шоттардың қалдығы әрқашан дебеттік болып келеді.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде жойылатын шоттар деп аталынатын шоттар да қолданылады. Кәсіпорынның жылдар бойы өз қызметін жалғастыруының нәтижесінде негізгі құралдар тозып жойылады.
Негізгі құралдарды ресурс деп қараған жағдайда бұлардың құнын анықтап отыру үшін және бұл нысан толығымен өз кұнын өтегендігі немесе өтемегендігі жөніндегі мәліметтерді арнайы шоттар арқылы алуға болады. Негізгі құралдар есебіне арналған аналитикалық жіктеу шоттары дебетіндегі сомалар негізгі құралдарды қанша сомаға сатып алғандықты және қаншама шығындар жұмсап пайдалануға қабылдағандықты көрсетсе, кредитіндегі сомалар бұл құралдарды жоюдың нәтижесінде түскен табысты көрсетеді. Негізгі құралдардың жекелеген түрлеріне қарағанда бұл шоттардағы қалдық ауыспалы болып келеді.
Соңғы топ - бұл номиналдық реттеуші шоттар тобы. Бұл шоттар нысандарсыз жүргізіледі. Есеп тәжірибесінде негізгі құралдардың тозуын көрсететін шоттарды реттеуші шоттар деп атайды. Реттеуші шоттардың жеке мәні болмайды. Мұндай шоттардағы айналым сомасы мен қалдық сомасы негізгі шоттардағы айналым мен қалдықты тексеру үшін жүргізіледі. Егер бұл шоттар реттеуші шоттардағы жазуды бағалау үшін қолданылса, онда реттеуші шоттарды қосымша реттеуші шоттар деп атауға болады. Қосымша реттеуші шоттардағы қалдық реттеуші шоттардағы қалдықпен бірдей болады.
Шоттар жоспары деп - бухгалтерлік есеп жүйесінде қабылданып, қолданылатын шоттар тізімін айтады. Атқарушы бухгалтерлік шоттардың экономикалық табиғатын, қолданылатын өрісін білуі керек. Бухгалтерлік есепті дұрыс ұйымдастыру және есеп нысандары мен есептің мақсатына байланысты шоттарды топтастыру үшін, бұлардың санын цифрлармен белгілеу жүйесін - бухгалтерлік есеп шоттарының жоспары деп атайды.
Қазақстан Республикасында күні бүгінге дейін қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп жүйесіндегі шоттар тізімі (Бас шоттар жоспары) Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы қаулысымен (1997 жылдың 10 қаңтарыңдағы № 8 қаулыда енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға сай) бекітілген.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкестенді бағытында жасалған Бас шоттар жоспарының мақсаты төмендегіше:
- елімізде өндірілген өнімдер мен шикізаттарды жержүзілік рынокқа шығару мен халықаралық валюта қорынан, басқа да шетелдік қаржы салымшыларынан инвестиция алу мақсатын орындау үшін халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына сай келтіру;