Дебиторлық қарызды басқарудың теориялық негіздері”

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 18:47, курсовая работа

Описание

Жеке тұлғаларды дара кәсіпкер (ары қарай - ДК) ретінде тіркеу Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарымен жүзеге асырылады.

Бұл ретте ДК-лардың жіберетін құқық бұзушылықтарын талдай отырып, салық төлеушілер заңнаманы қарамайды деген қортындыға келуге болады. Дегенмен ДК-ны тіркеудің ықшамдалған тәртібі Заңға немқұрайлы қарауға болады дегенді білдірмейді. Бұнымен қоса заңдарды білместік жауапкершіліктен босатпайды. Осыған орай, ДК ретінде тіркелу алдында жеке тұлғаларға төмендегілердің мазмұнына қанық болып алу керек:
Салық кодексі,
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң,
Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметттік сақтандыру туралы Заңнама, нақтылап айтсақ ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 15 наурызындағы «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушаы зейнетақы қорларына аудару Ережелерін бекіту туралы» № 245 Жарлығы, сондай-ақ
ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 21 маусымындағы «Әлеуметтік аударымдарда есептеу мен аудару Ережелерін бекіту туралы» № 683 Жарлығы.

Работа состоит из  1 файл

11.doc

— 51.00 Кб (Скачать документ)

Жеке  тұлғалардың дара кәсіпкер ретінде  тіркелуі 

     Жеке  тұлғаларды дара кәсіпкер (ары қарай - ДК) ретінде тіркеу  Қазақстан  Республикасының салық қызметі  органдарымен жүзеге асырылады.

     Бұл ретте ДК-лардың жіберетін құқық  бұзушылықтарын талдай отырып, салық  төлеушілер заңнаманы қарамайды деген қортындыға келуге болады. Дегенмен ДК-ны тіркеудің ықшамдалған тәртібі Заңға немқұрайлы қарауға болады дегенді білдірмейді. Бұнымен қоса заңдарды білместік жауапкершіліктен босатпайды. Осыған орай, ДК ретінде тіркелу алдында жеке тұлғаларға төмендегілердің мазмұнына қанық болып алу керек:

  • Салық кодексі,
  • «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң,
  • Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметттік сақтандыру туралы Заңнама, нақтылап айтсақ ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 15 наурызындағы «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушаы зейнетақы қорларына аудару Ережелерін бекіту туралы» № 245 Жарлығы, сондай-ақ 
  • ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 21 маусымындағы «Әлеуметтік аударымдарда есептеу мен аудару Ережелерін бекіту туралы» № 683  Жарлығы.

     Жеке  тұлғаны ДК ретінде тіркеу есебіне  қою кезінде салық органдары  Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасымен (СҚ 565-бабы) анықталған тәртіп пен мерзімде ДК-ның мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік беріледі.

     Аталмыш Куәлікті алу үшін іс-әрекеттің жүзеге асуы басым орын (СК 560-б.) бойынша ДК ретінде тіркелу керек. ДК-ның орналасу орны – салық органында ДК ретінде тіркеу есебіне тұру кезінде аталған ДК іс-әрекетінің жүзеге асуының басым орны.

     ДК-ның  мемлекеттік тіркелуі туралы Куәлік алуға қажетті құжаттар тізімі:

  1. ДК-ның мемлекеттік тіркелуі туралы Куәлік алу бойынша салықтық өтініш;
  2. Жеке куәліктің көшірмесі;
  3. ДК-ның орналасу орнын растаушы құжат (үй кітабы);
  4. 1 фото (3*4);
  5. ДК-ның мемлекеттік тіркелуі үшін 2 826 теңге сомасында (2 АЕК * 1 413 тг., Бюджеттік топтау коды 105401, 80900 шоты) алым төлеу. 

     Салық органдары жеке тұлғаны ДК ретінде тіркеу есебіне салықтық өтініш алынғаннан соң үш жүмыс күнінің ішінде тұрғызады.

     ДК  ретінде мемлекеттік тіркеуден  өткен күні (мерзімі Куәлікте көрсетіледі) салықтық тәртіптемені таңдау қажет: Патент бойынша (10 күнтізбелік күннен кеш емес) немесе Оңайлатылған декларация бойынша (10 жұмыс күнінен кеш емес). 

 
 

 
 
 

 
 
 
 

Бақылау-кассалық машинаның болуы (ары қарай – БКМ) өзара есептесулер болған жағдайда: 

  • Патент бойынша ДК: БКМ талап етілмейді;
  • Оңайлатылған декларация бойынша және Жалпы белгіленген тәртіптемедегі ДК: БКМ-ны кәсіпкерлік әрекет жүргізілгенге дейін БКМ-ның орналасу орны бойынша салық органына тіркеу есебіне қою керек.
 

Толығырақ ақпарат алу үшін 58-09-09 Саll-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. 
 
 

ДК  ретінде тіркеу есебіне  тұру үшін Астана қаласының  салық басқармаларына хабарласу керек 

АСБ Мекен-жайы Кабинеті
1 Алматы ауданы бойынша Салық басқармасы Астана қ., Жұбанов көш., 16

(қалалық су каналының маңайында)

Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы

1 қабат

2 Есіл ауданы бойынша         Салық  басқармасы Астана қ., Тұран д-лы, 19/1

(Сол жағалауда)

Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы

1 қабат

3 Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасы  Астана қ., Республика д-лы, 52

(«Технопарк»  маңайында)

Ақпаратты қабылдау және өңдеу орталығы

1 қабат

Информация о работе Дебиторлық қарызды басқарудың теориялық негіздері”