Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2012 в 18:47, курсовая работа
Жеке тұлғаларды дара кәсіпкер (ары қарай - ДК) ретінде тіркеу Қазақстан Республикасының салық қызметі органдарымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте ДК-лардың жіберетін құқық бұзушылықтарын талдай отырып, салық төлеушілер заңнаманы қарамайды деген қортындыға келуге болады. Дегенмен ДК-ны тіркеудің ықшамдалған тәртібі Заңға немқұрайлы қарауға болады дегенді білдірмейді. Бұнымен қоса заңдарды білместік жауапкершіліктен босатпайды. Осыған орай, ДК ретінде тіркелу алдында жеке тұлғаларға төмендегілердің мазмұнына қанық болып алу керек:
Салық кодексі,
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң,
Зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметттік сақтандыру туралы Заңнама, нақтылап айтсақ ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 15 наурызындағы «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және жинақтаушаы зейнетақы қорларына аудару Ережелерін бекіту туралы» № 245 Жарлығы, сондай-ақ
ҚР Үкіметінің 2004 жылдың 21 маусымындағы «Әлеуметтік аударымдарда есептеу мен аудару Ережелерін бекіту туралы» № 683 Жарлығы.