Екінші деңгейдегі банктер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 21:12, реферат

Описание

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

Содержание

1. Екінші деңгейдегі банктер.
2. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.

Работа состоит из  1 файл

Жоспар.doc

— 56.50 Кб (Скачать документ)

    Жоспар: 
     

  1. Екінші  деңгейдегі банктер.
  2. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Екінші  деңгейдегі банктер. 

     Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық  шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық  негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.

     «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болды. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін кредиттік мекемелердің тобын білдіреді.

     Бүгінгі коммерциялық банктер өз кленттеріне 200-ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай  отырып, қолайсыз жағдайда өзін де пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.

     Бір операциялардан болған зиян, екінші бір  операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері кредит жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-кредит нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.

     Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық банктер қаржы делдалы ролін орындайды. Банктің бұл қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер іскерлік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

     Шынында да, банктер мұндай операциялардан пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс  алады.

     Жалпы қоғамға көмек, олар банктен алған қарыздары есебінен өздерінің өнімдерін өндіріп, алға қойған мақсатына жеткенде ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда). Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай отырып, олардың ішінде берілетін қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге кімнің жағдайы келсе, соларға банктер ақшалай қаражаттарын бере алады.

     Осы уақытқа дейін Қазақстанда кредиттер  үкіметтің қажеттілігіне (Үкіметтің  үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.

     Коммерциялық  банктер өз клиенттерінің ақшаларын  сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның  сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады; көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

     Банктік кредит – ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмайтын қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.

     Қазіргі коммерциялық банктер туралы сөз  қозғағанда, кредиттік жүйенің басқа  да буындары сияқты олардың  үнемі  дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

     Коммерциялық  банктердің мынандай базалық негізгі  қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуды  жүзеге асыру, кредит беру.

     Коммерциялық  банктердің басқа қаржы институттаынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып  табылады. Бұл жерде ақша деп тек  қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді кредит жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк кредиттерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес, ал экономиканың басқа буынында қажетті қор пайда есебінен жиналуын күтіп, болмаса сырттан келуін күтіп қозғалыссыз жатыр. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі, бір жағынан, мынандай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалардың пжетіспейтіндігі сезіліп тұрады.

     Коммерциялық  банктер мұндай сұрақтарды шешуде маңызды  роль атқарады. өздерінің депозиттік және кредиттік операцияларының  көмегімен олар уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтайды және кредит түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.

     Банктер өз қызметінде ақшаның бір бөлігін  жоятыны да рас. Бұл біріншіден, клиенттің  банктегі шоттан нақты ақша алған  уақытында және екіншіден, кредитті қарыз алушының шотының есебінен қайтару барысында мүмкін болады.

     1985 жылы АҚШ-та 15 мыңнан астам коммерциялық  банктер қызмет еткен. Олардың  5 мыңға жуығы ұлттық, яғни федералдық  үкіметтен чартер (рұқсат) алған  банктер, 10 мыңнан астамы штаттардың банктері (штаттардың үкіметтен чартер алғандар). Ұлттық банктер мен штаттық банктерінің қызмет етуі банк жүйесінің қосарлы бағыныштылығын жасайды.

     ФРЖ-ге қабылдауға өтініш жасайтын және мүше болуға жіберілген коммерциялық банк ФРЖ-нің мүше-банкі болып табылады. Заң бойынша барлық Ұлттық Банктер ФРЖ-ге кіруі тиіс. Штат банктері өздерінің қалаулары бойынша және ФРЖ-нің мүше-банктерге қоятын талаптарына сәйкес келген жағдайда ғана жүйеге кіре алады. Қазір штат банктердің 10%-ға жуығы ФРЖ-ге мүше-банктер болып саналады. ФРЖ-ге мүше-банктер жалпы коммерциялық банктер қатарының 40%-ын құрайды.

     Депозиттік  мекемелерді реттеу және ақша айналасына бақылау, банктерді ФРЖ-нің банктік  резервтерге қойылатын талаптарына  бағындырды. Бұл ФРЖ-ге мүше-банктер мен мүше емес банктердің арасындағы басты айырмашылығын қалыпқа келтіреді. АҚШ-тағы ең көп тараған банктер типі – филиалсыз банктер.

     Екінші  дүниежүзілік соғыстан соң АҚШ-та банктердің бөлімшелерін ашу кеңірек қанат  жайып, олар штаттар шегінде, сондай-ақ одан тысқары және шетелдерде ашылған болатын көптеген ірі банктер банктік холдинг-компаниялардың бір бөлігі болып табылады. Банк ісінің бұл ұйымдастыру формасы тек қана банк бөлімшелерінің ашылуына жол беріп қоймай, сондай-ақ жаңа қызмет аумағына енуді жеңілдетті. АҚШ-та холдинг-компаниялар 6 мыңға жуық, олар 8,6 мың банктерді және 35,6 мың олардың бөлімшелерін бақылайды.

     Банктердің  бірігу процесін үкімет тарапынан реттеу сондай-ақ банктік холдинг-компаниялардың қызметін реттеу банк аумағында бәсекелестік жағдайды қолдап отыру мақсатын көздейді. Соңғы кездері бұл аумақтағы бәсекенің артыруына чартер берудің қатаң саясатын жүргізу, банктердің бөлімшелерінің ашылуын кеңінен қолдау, электрондық терминалдардың пайда болуы және АҚШ-та жалықаралық банктік операциялардың таралуы септігін тигізді. Сонымен қатар бәсеке, басқа да қаржы институттардың тез арада өсуіне байланысты күшейді (мысалға жинақ коммерциялық банктерге тән көптеген қызмет көрсететін мекемелер және ақша нарығының өзара қорлары). 
 
 
 
 
 
 
 

    Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметі. 

     Инвестиция  дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді  қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал-жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы (бағалы қағаздар портфелі) және ұзақ мерзімдік банк кредиттерін беру арқылы (қарыздар портфелі) жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.

     Қазақстанда заңға сәйкес инвестиция деп кәсіпкерлік  іс-әрекет және басқа да пайда әкелетін іс-әрекет объектілеріне салынатын  ақша қаражаттары мен бағалы қағаздарды айтады. Инвестициялық қызметтің  қатысушылары – жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сол сияқты шетелдік инвесторлар бола алады. Берілген жағдайдағы әңгіме коммерциялық банктердің инвестициялық қызметіне қатысты.

     Әдетте  банктердің инвестициясы деп, ақша қаражаттарын банктердің өздерінің басшылығымен табыс алу мақсатында, белгілі бір мерзіміне  ақшалай қаражаттар салу. Тар мағынада банктердің инвестициялық қызметі деп, банктердің салыстырмалы ұзақ мерзім ішінде қызмет ететін бағалы қағаздарға ақша қаражаттарын салу. Инвестицияның қарыздан бірқатар айырмашылығы бар. Біріншіден, қарыздар салыстырмалы қысқа мерзімде қайтарымдылық шартымен қолданылады, ал инвестиция салынған ақша иесіне қайтпас бұрын, салыстырмалы ұзақ мерзімде ақша қаражаттарының ағынын қамтамасыз ету мақсатында жасалыды. Екіншіден, кредиттеу кезінде  бастамашылық қарыз алушыдан болған, ал инвестиция кезінде – кредит берушіден (банктен) болады. Үшіншіден, кредиттік мәміле нақты кредит беруші мен қарыз алушы арасында жасалады, ал инвестициялау нарықта міндетті қызметті қарастырады.

     Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты – қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.

     Бағалы  қағаздар бұл арнайы түрде рәсімделген «қаржылық құжаттар», оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).

     Қорлық  бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.

     Олар  негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі  мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқықтар мен талаптарды білдіреді (купондар, талондар).

     Соңғыларына пайыз немесе дивидент түрінде табыс  алу құқығын беретін купондар – белгілі бір бағалы қағаздардың  сатылу құқығын беретін купондар жатады. Олар нарықта айналысқа түсе алады. Талондар купондарды алу құқығын  береді.

     Олар  өздерінің айналысқа қатысуының ерекшеліктерімен нарықтық және нарықтық емес болып бөлінеді. Бірінші нарықта еркін айналады, яғни биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде еркін сатып алынып, еркін сатылады және эмитентке мерзімі жетпей қайтарылмайды. Екіншілерінің керісінше екінші ретті айналымы (яғни биржада және тысқары жүруі) болмайды, бірақ мерзімі бітпей эмитентке қайтарылуы мүмкін.

     Бағалы  қағаздар иелерінің құқықтары ерекшеліктерімен байланысты мәлімдеуші, ордерлік және атаулы болып бөлінеді.

     Мәлімдеуші бағалы қағаздарбұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық анықтамалар және т.б.. Оларды сату және иесінің құқықтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.

     Ордерлік  бағалы қағаздар – оларды ұстаушылардың құқықтары сол қағаздың мәлімдеушісімен және сол сияқты аударып жазу белгілерінің сәйкестігімен расталады.

     Атаулы  бағалы қағазда ұстаушының аты міндетті болады.

     Қаржылық  бағалы қағаздар мемлекеттік және мемлекеттік  емес субъектілермен эмиссияланады.

     Мемлекеттік бағалы қағаздарға қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, қазыналық міндеттемелер жатады. Мемлекеттік еместерге акциялар, облигациялар, қысқа мерзімді міндеттемелер, депозиттік сертификаттар жатады.

     Бағалы  қағаздармен операциялар жүргізуде  коммерциялық банктерде мынандай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – депортамент немесе басқарма, орташаларында мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.

Информация о работе Екінші деңгейдегі банктер