Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2011 в 21:12, реферат
Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
1. Екінші деңгейдегі банктер.
2. Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі.
Банктердің бағалы қағаздармен операциялары қорлық, коммерциялық, эмиссиондық, саудалық, сенімділік, кепілдік, гарантиялық түрде болады.
Бағалы қағаздар қозғалысы – акцияларды сату, немесе қарыз беру – бағалы қағаздар нарығын қалыптастырады. Бағалы қағаздар нарығының негізін құрайтын биржа – бағалы қағаздар айналымын ұйымдастыратын ерекше экономикалық институт. Биржа – бұл екінші реттегі нарық, бұнда бағалы қағаздармен сауда-саттық нәтижесінде халық шаруашылығы ауқымында қаржылық ресурстарды қайта бөлу, бағалы қағаздардың өтімділігінің жүзеге асады және бағалы қағаздарды қосымша шығару үшін жағдай жасалады. Бар акционерлік қоғамдардың, компаниялардың, банктердің бағалы қағаздың қосымша эмиссиялауы алғашқы нарықты қалыптастырады.
Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлымдамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздардың бағамдары төмендеуде, сол сияқты бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.
Банктер бірден-бір акциялардың (үлесті бағалы қағаздың) эмитенттерінің анағұрлым белсенділері болып табылады. Үлестік бағалы қағаздардың эмиссиясы қарыздық бағалы қағаздың эмиссиясымен салыстырғанда анағұрлым тиімді болып көрінеді.
Акцияларды
орналастырудың нарықтық бағамына бағытталған
жоғары бағасы алғашқы шығарылған акциялардың
номиналдық құнсыздануымен байланысты
иелерінің инфляциялық
Қазіргі уақытта қарыздық міндеттемелер нарығының дамуына жақсы жағдай жасалған. Бірақ, бұл депозиттік және жинақ сертификаттарына, вексельдерге қарағанда, облигацияларға анағұрлым аз қатысты. Себебі, облигацияларды шығару банктермен қарыздық міндеттемелерді шығарумен салыстырғанда заңмен қатаңырақ бақылананды.
Ал, депозиттік және жинақ сертификаттарының нарығы жеткілікті мөлшерде ауқымды және бәсекелес болып табылады. Бірақ, сертификаттардың екінші реттік айналысы іс жүзінде дамымаса да, алғашқы орналастыру шегінде олар орташа табысты тұрақты бағалы қағаз ретінде үнемі сұраныста болады және сатып алушы үшін біршама қолайлы.
Банктердің үлкен қызығушылығы вексель айналысымен байланысты. Банктік вексель ақша сертификатының барлық қасиеттеріне ие. Оның артықшылығы – ол тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Коммерциялық
банктер пайда табу үшін басқа
эмитенттердің бағалы қағаздарымен
сауда-саттық операцияларды жүргізеді.
Берілген операциялар бірнеше қызметтерді
атқара алады: олар өтімділігі жоғары
табысты активтерді қалыптастыру құралы
бола алады. Бұл операциялардың басқаша
тағайындалуы алыпсатарлық табыс алу.
Бағалы қағаздар нарығының бағалық конъюктурасы
алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы
болып келеді. Банктер комиссиондық төлемақы
үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың
есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен
басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
Пайдаланған
әдебиеттер: