Ендірілген дайын өнім шығымы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 15:32, курсовая работа

Описание

Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.

Содержание

Жоспар
I. Кіріспе................................................................................................................3
1.1 Шығындардың жіктелуі және тәртібі......................................................4
1.2 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі.......................................................10
1.3 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................................................11

II. Негізгі бөлім
2.1 Дайын өнімнің есебі.................................................................................21
2.2 Дайын өнім аудиті....................................................................................22
2.3 Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі............................................................................................................23
2.4 Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат.......................................................................................................27
2.5 Шығынды бюджеттеу және бақылау......................................................28
III. «Сұлтан Маркетинг» компаниясы
3.1 Компания туралы ақпарат.......................................................................31
3.2 Компания өнімдері...................................................................................31
3.3 Компанияның эксорт саясаты.................................................................32
IV. Қорытынды...................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................34

Работа состоит из  1 файл

Курсовой.doc

— 300.50 Кб (Скачать документ)

    «Стандарт-кост»  жүйесі бойынша шығын  есебінің әдісі.

    «Стандарт»  - өндіріске аса қажетті машина және еңбек шығынындағы өнім бірліктерінің саны немесе өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өндірісіне бұрын есептелген машина және еңбек шығыны.

    «Кост» - бұл өнімнің бір бірлігін әзірлеуге кететін өндірістік шығынның ақшадай көрінісі.

    Америкалық  әдебиеттерде «стандарт-кост» ұғымы өндірістің тікелей бұйымдарын реттеуге бағытталған бақылау аспабы ретінде баяндалады.

    «Стандарт-кост»  жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығын туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.

    Ауытқу – нақты және нормативті (жоспарлы) шығындардың арасындағы айырмашылық. Болжалды шығындар форманың ішінде есептелген стандарттар (нормалар және нормативтер) негізінде анықталады.

    Жоспарлау және есеп объектісіне өндірістің заттай негізін құрайтын өнім жатады.

    Барлық  стандарттар жиынтығы үш топқа бөлінеді:

  • баға деңгейінің есебіне қабылданғанға байланысты:
    1. идеалды – әлдеқайда қолайлы баға мен материал, қызмет көрсетудің тарифі, еңбекақы мөлшерлемелері және үстеме шығындардың сметалық мөлшерлемелері;
    2. қалыпты – экономикалық кезең ішінде орташа бойынша болады;
    3. ағымдық – нақты есептік кезеңдегі болжалды әрі қолданыстағы баға негізінде есеп айырысу;
    4. базистік – жылдың басында белгіленеді және жыл бойы өзгеріссіз қалады (негізінде баға индексін есептеуде қолданылады);
  • қуаттылықты пайдалану деңгейіне қарай:
  1. теориялық – кәсіпорын оны жақсы немесе идеалды орындауымен қол жеткізгені. Олар қуаттылықты толық пайдалануға, нормативті көлемге, демалыс уақытына (ақау, жұмыссыз бос тұру, бүліну уақыт шығындары қарастырылмайды) негізделген кәсіпорынның мақсаттары болып табылады;
  1. өткендегі орташа орындау – статистикалық деректермен есептеледі және ақау, жұмыссыз бос тұру, бүліну, яғни өткен кезеңдегі барлық кемшіліктер есепке алынады;
  2. қалыпты орындау – алдағы кезеңдегі норма кернеуінің болжалдық орташа деңгейінде қарастырылады;
  • өнім шығару көлеміне қарай:
    1. теориялық – кәсіпорынның теориялық қуаттылығы алдын ала анықталып қойылған. Оларға қол жеткізу мүмкін емес  немесе бір жолға тәртіппен қол жеткізуге болады;
    2. практикалық – кәсіпорын жақсы орындаумен қол жеткізеді, нақты қол жеткен шығарылым деңгейіне негізделеді және болмай қоймайтын шығындарды жібереді;
    3. қалыпты – кезең ішінде өндірістің жоғары және төменгі көлемінің орташа шамасында өнім шығарылымының қол жеткізген деңгейінде есептеледі;
    4. болжалды - өнім шығарылымының болжалды көлеміндегі өндірістің нақты шарты негізінде есептеледі;

    Бұл сипаттамалар мынаны көрсетеді: америкалық фирмаларда шығын баптары бойынша  стандарттарды белгілеудің әр түрлі  тәсілдемелері бар. Алайда қабылданған  стандарттың жаңа тәсілдемесінде өндіріс процесі басталғанға дейінгі стандартты өзіндік құн картасында бухгалтерияда қорытылады. Картаны бұйым, тапсырыс бойынша, бұл бұйым, тапсырыстарды дайындауға қатысатын өндіріс бөлімшелері бойынша жасалады.

    «Стандарт-кост» жүйесі – тікелей шығындарды басқару құралы. Бұл жүйенің бірнеше нұсқаларын пайдаланады:

    1-нұсқа.  Шығындар 8110 «негізгі өндіріс» шотының дебетіне жиналады және стандартты құн бойынша бағаланады, ал аяқталмаған өндіріс – стандартты құн бойынша бағаланады.

    2-ші нұсқа. 8110 «негізгі өндіріс» шот дебетінде қорытындыланған шығындар нақты құн бойынша бағаланады, ал 8110 «негізгі өндіріс» шот кредиті есептен шығарылады. Дайын өнім стандартты құн бойынша бағаланады. Аяқталмаған өндіріс нақты шығынның ана немесе мына жаққа ауытқуы қоса ескерілетін стандарттық құн бойынша бағаланады.

    Америкалық  фирмалар әдетте стандарттықтан болатын  нақты шығын ауытқуының өзіндік құнына жатқызбайды. «Өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар» шотына есептен шығарады. Бұл жүйеде басқару мақсатында нақты, жоспарлы немесе нормативті шығындарды салыстыру арқылы өндіріс шығынын талдауда ауытқуларды анықтаудың маңыздылығын қандай мәселелерді шешуде пайдаланғанын, олардың не көрсететінін ескеру үшін әрдайым бірнеше елеулі ауытқуларды қарастырады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    2.1 Дайын өнімнің есебі

    Дайын өнім – негізгі және қосалқы цехтарының сатуға арналған өнімі. Дайын өнімнің  өндірісте жасалғаны, оның біртұтастығы, стандартпен немесе техникалық шарттарға  сәйкестігі, техникалық бақылау қызметінен өткендігі, паспорты, сертификаты және басқадай құжаттармен куәландырғаны, қоймаға тапсырылғаны, тапсырыс берушілердің қабылдап алғаны және басқа жайлары – міндетті түрде актімен рәсімделеді.

    Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім»  деп аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

    Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік  кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

    Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной  бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.

    Қабылдау-тапсыру  құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.

    Қабылдау-тапсыру  құжаты аспаптық, радиотехникалық кәсіпорындарында, жаппай және сериялық өндірістерде, басқа  да өнеркәсіп салаларында өндіріс  есебінің тапсырыстарын есептеу  үшін қолданылады. Қабылдау-тапсыру  құжатын өнімді шығару көрсеткіштерімен қатар, өнімді өткізу үшін де пайдаланады. Бұл нысан жекелеген тапсырыс берушілердің бірлесіп әкелінген үлкен номенклатурада дайындалатын өнім тетіктерін есепке алу үшін де қолданылады.

    Өндірістік  тапсырмалардың орындалу барысын жедел  байқап отыру үшін және шығарылған дайын өнімнің құнын жедел есептеп отыру үшін өнеркәсіптің барлық салаларында «Өнім шығару жиынтығы» деген құжаттың нысаны қолданылады.

    Осы жиынтық бойынша бір айдағы өнімді кірістеуге болады. Бұл жағдайда оған тиісті накладнойлар тіркеледі.

    Қоймаларда  дайын өнім есебін, материалдар есебі  сияқты қойма есебінің карточкаларында  жүргізіледі. Айдың аяғында карточкалардағы  шығарылған қалдықтарды қойма меңгерушісі  дайын өнім қалдықтарының кітабына көшіреді. Дайын өнімнің кірісі мен  шығысы жөніндегі құжаттар, оның тізімдемесімен (реестрімен) бірге бухгалтерияға түседі.

    Дайын өнімнің кірісі мен шығысы жөніндегі  құжаттарды тапсыру тізімінің деректерін келіп түсулеріне қарай дайын  өнімнің жинақтау есебінің жинақ  ведомосына есептік топтар бойынша шығарады. Жинақ ведомосының деректерін дайын өнім қалдықтарының кітабымен салыстырып тексереді, бұл қойма есебінің бухгалтерияда жүргізілетін синтетикалық есебімен бірдей болып шығуын қамтамасыз етеді.

    Айдың аяғында есеп беру калькуляциясын жасағаннан кейін, барлық өнімнің нақты өзіндік құны және нақты өзіндік құны мен жоспарлы өзіндік құнының арасындағы, немесе нақты өзіндік құны мен кәсіпорынның келісімді бағалары бойынша есептелген өзіндік құнының арасындағы айырмашылықтары анықталады. Дайын өнімді шығарғаны туралы синтетикалық деректері 1320 «дайын өнім» шотының дебетінде жинақталып, 8110 «негізгі өндіріс», 8310 «қосалқы өндіріс» және 8210 «меншікті өндірістің жартылай фабрикаттар» деген шоттарының кредитінде көрініс табады. 

2.2 Дайын өнім аудиті

    Дайын өнім аудитінің5 басты міндеті - оларды есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың сақталу орындарындағы бар болуы мен қозғалысы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету және қабылданған нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету болып табылады.

    Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функцоналды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, әкономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.

    Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

    6Тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілерді сатып  алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің  маңызды кезеңдері мыналар:

    Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру  жағдайын тексеру.

    Қалыптасқан  тауарлык-материалдық   қорларды   басқару жүйесін талдау.

    Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу  деңгейін бағалау.

    Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.

    Тауарлық-материалдық  қорлармен жасалатын операцияларды  есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.

    Қорларды  түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зертгеу.

    Тауарлық-материалдық  құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау  жағдайын бағалау.

    Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар  әзірлеу.

    Тауарлық-материалдық  қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық кұндылықтарға деген кажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

    Арнайы  әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудиті бағдарламасы ұсынылады. 
 
 

    2.3. Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі

    Ақау  көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда  маңызды мәселелердің бірі әрі ол басқарушылық жоспарлау мен шығынды бақылаудың ең өткір проблемасы болып табылады.

Информация о работе Ендірілген дайын өнім шығымы есебі