Ендірілген дайын өнім шығымы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 15:32, курсовая работа

Описание

Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті – қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.

Содержание

Жоспар
I. Кіріспе................................................................................................................3
1.1 Шығындардың жіктелуі және тәртібі......................................................4
1.2 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі.......................................................10
1.3 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау.........................................................................................11

II. Негізгі бөлім
2.1 Дайын өнімнің есебі.................................................................................21
2.2 Дайын өнім аудиті....................................................................................22
2.3 Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі............................................................................................................23
2.4 Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат.......................................................................................................27
2.5 Шығынды бюджеттеу және бақылау......................................................28
III. «Сұлтан Маркетинг» компаниясы
3.1 Компания туралы ақпарат.......................................................................31
3.2 Компания өнімдері...................................................................................31
3.3 Компанияның эксорт саясаты.................................................................32
IV. Қорытынды...................................................................................................33
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................34

Работа состоит из  1 файл

Курсовой.doc

— 300.50 Кб (Скачать документ)

    7Шоттардың Типтік жоспарын енгізумен бірге және «өндірістегі ақау» шотының ішкі бөлімшесін жоюда көптеген аспектілер тұрғысынан қарағанда маңызды болып қалатын бухгалтерлік есеп шотында оның көріну проблемасы пайда болды. Компанияны басқару үшін әлдеқайда экономикалық өндірістік процесс және осыған сәйкес бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде өндірілетін өнімде ақау жібермеуді бақылау аса қажет. Ақау белгіленген шектен аспауы керек. Ұйым өнімнің сапасын жақсартуға барынша күш салуы керек, бұл өз кезегінде жалпы шығындарды азайтып, өнімнің өткізілуін жоғарылатады.

    Ақау әдетте өнім өндірісі аяқталғаннан кейін байқалады, оған да сапалы өнімді жасауға кеткен еңбекпен бірдей еңбек күші шығындалады. Алайда, тиімді еңбек өндірісінде жұмысшы материалдарының сапасыздығынан, аспаптардың тозуынан өндірістің қордалы проблемасын құрайтын ақауы бар өнімдерді шығарады.

    Ақауға  стандартпен белгіленген сапаға, техникалық жағдайға немесе жобалық шешіммен сәйкес келмейтін, нақты (тікелей) тағайындауы бойынша пайдалануға жарамайтын, пайдаланса да оны түзеткеннен кейін ғана жарамды бұйым жатады.

    Әлдеқайда экономикалық өндірістік процестің  өнімділігін тудырған соң ұйым басшылығы  қалыпты деп аталатын ақау нормасын белгілеу керек, яғни ақау нормасын кондициялық (сапалық) өндірістегі шығынның бір бөлігі ретінде қабылдауға басшылық келісті болуы қажет. Бұл ақау өндірістік технологиядан пайда болады әрі оны болдырмау мүмкін емес, өйткені ол есептік кезеңде бақылауға көнбейді.

    Ақау  – кондициялық емес, яғни ақау деп  танылатын сапасыз өнім бірлігі  және мүмкін баға бойынша сатылып  кетуі де ықтимал. Өңделуі аяқталған  бұйым ақау деп бөлек немесе толық  танылуы мүмкін. Ақау деп танылған бұйымның таза құны бөлінген шығындардың жалпы сомасына тең.

    Ақау  – бұл өндірісте пайда болатын  өндірілмейтін шығындар. Ол өнімнің  шығарылымын кемітіп, оның өзіндік  құнын арттырады.

    Ақаудан басқа өндірісте ысырап та болуы  мүмкін. Мысалы, бастапқы материалдар  шығым кезінде өнімнің бір бөлігі болмайды, жоғалады, буланады, құрғаққа ұрынады немесе экономикалық құны жоқ тұнбаға айналады.

    Ақау, әдетте оның сапасын тексеру кезінде  өнім өндірісі аяқталған кезеңде  пайда болады.

    Бұл мәселемен шұғылданатын көптеген авторлар ақау, ысырапқа арналған эквиваленттік (баламалы өнім) бірліктің қорытынды есебін елемеуге болады дейді. Бұл бұлай түсіндіріледі: қалыпты ақаудың шығынында – осы әдісте эквиваленттік бірліктердің әлдеқайда жоғары шығындарын қолдану жолымен сапалы өнімдерге автоматты түрде бөлінеді. Алайда мұндай «жылдамдатылған» әдіс нақты нәтижені толық бермейді.

    Ақауды  дефект сипаттарына қарай мына белгілермен жіктеуге болады:

  • қалыпты – ол тиімді өндіріс процесінде пайда болмайды және іріктелген технологиялық процеске тән болып табылмайды. Мұндай ақауды көптеген жағдайларда бақылауға болады (сапасыз материалдарды пайдаланудағы станоктың сынуы, апат).
  • қалыпты емес (сапасыз өнім) – шығындар белгілі болған уақыттағы кезеңде залал ретінде есептен шығарылуы керек және кірістер мен шығыстар туралы есеп беруде жеке бап ретінде көрініс табуы керек әрі өндірілген өнімнің өзіндік құнында көрінбеуі керек.
  • техникалық бақылау бөлімі белгіленген кемістіктердің сипатына қарай – түзелетін және түзелмейтін болып бөлінеді.

    Түзетілетін (ішінара) ақау –  бұл оның түзетілуіне қосымша шығын жұмсалғаннан кейін (техникалық жағынан мүмкін және экономикалық мақсатқа лайықты) пайдалануға жарамды өнім. Алайда, мынаны да есте ұстау қажет, ақауды түзету тек мына жағдайда – егер шығындардың өсуінен табыстардың өсуі басым болғанда ғана, оған кірісуге, яғни ақауды түзетуге болады.

    Түзетілмейтін ақауды (түпкілікті) – бұл түзетілуі мүмкін емес және экономикалық мақсатқа лайықты емес бұйым;

  • ақау көзге түскен, яғни табылған орны бойынша дайындау барысында кәсіпорында анықталатын ішкі және жинау, монтаж және басқа пайдалану процесінде сатып алушымен анықталатын сыртқы деп бөлінеді.

    Өнімді  техникалық қабылдау процесінде анықталған кемістік тізімдемеде немесе ақау актісінде  ресімделуі керек. Түпкілікті ақау өндірістен алынып, изоляторға тапсырылады. Актіде ақау деп танылған өнімдердің саны, атауы, ақау түрі, оның себептері мен оған кінәлілер, өзіндік құны және кінәліден өндіріп алудың сомасы, ақау деп танылған өнімді қабылдап алғаны туралы қойманың белгілеуі көрсетілуі керек.

    Жабдықтаушыдан келіп түсетін сапасыз материалдар, дайындау кезіндегі немесе өткен операцияда өңдеу барысындағы жасырын кемістік, жөндеуге келмейтін жабдықтар мен аспаптар, өндіріс технологиясының бұзылуы, жобалық және технологиялық құжаттамалардағы дәлсіздіктер ақаудың негізгі себептері болуы мүмкін.

    Актіде, сондай-ақ, шығын баптары бойынша  ақаудың өзіндік құнын калькуляциялауға қажетті мағлұматтар көрсетіледі.

    Акт техникалық бақылау қызметкерімен, мастермен немесе цех бастығымен екі данадан жасалады.

    Ақаудың себептері мен оған кінәлілер анықталып, кінәліден түсініктеме алынған соң және өндірістік бөлім қорытынды шығарғаннан кейін акт бухгалтерияға тапсырылады. Әрбір акт бойынша ақау деп танылған өнімнің құрамы мен көлеміне сәйкес нормативті белгілеу бойынша мөлшері анықталып, ақаудан болатын ысыраптың және ішінара ақауларды түзетуге кеткен шығындардың есебі жасалуы керек (қосымша шығынға жұмсалған материалдың құны, кемістікті жою, тазалауға байланысты жүргізілетін басқа да қосымша жұмыстар мен жөндеу, монтаждау үшін есептелетін жұмыстардың еңбекақысы және бұрын өткізілген өнім бойынша анықталған кемістіктер кепілдеме берілген мерзім ішінде жөнделуге байланысты шығындар шоты арқылы тапсырыс берушілер және сатып алушылармен зиянның өтелуін қосқандағы үстеме шығындардың бір бөлігі). Актіде, сонымен қатар, сапасыз материалдармен жабдықтағаны үшін жабдықтаушылардың есебінен ұсталатын (егер олар өз кінәсін мойындаса) шығын сомасы, ақауды жіберушілердің зиянды өтеу сомасы, сондай-ақ пайдаланудың мүмкін бағасы бойынша ақау деп танылған бұйымды бөлшектеу мен жөндеуге кірістелген материалдардың құны көрсетіледі. Ақауды түзету мен зиянды өтеу шығын сомаларының арасындағы айырмашылық ақаудан болатын ысырапты білдіреді әрі шығын баптары мен экономикалық элементтерге сәйкес өнімнің өзіндік құнына қосылады. Актіні ақаудан болатын ысырапты кінәлінің есебінен немесе шаруашылық қызметтің нәтижесінің есебінен есептен шығару туралы шешімді қабылдайтын субъект басшысы бекітеді. Акт ақауды жою туралы бастапқы құжаттарға сәйкес келетін ресімдеудің негізі болады. Ақауды түзетуге төленетін жұмыстың ақысы ақаудың дабылдамалық жүктеліміне жазылады, ал ақауды түзету үшін пайдаланылатын материалдарды босатуға, өзгертіп жасауға – дабылдамалық талап етуге жазылады.

    Түзетілетін ішкі ақаудың өзіндік құны шикізат пен ақаудың түзетуге кететін материал құндарынан, ақауды түзету жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың еңбекақыларынан, осы жұмысшылардың еңбекақы қорынан аударымдардан тұрады. Ал, ақауды түзетуден болатын ысыраптар оның өзіндік құнынан кінәліден ұсталған соманы шегеру арқылы анықталады. Аса үлкен емес номенклатурадағы кәсіпорындарда ақау белгіленген калькуляция баптары бойынша бағаланады (материалдар, өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы, аударым, үстеме шығындар). Егер субъект үлкен бұйым номенклатурасына ие болса, ақау жоспарлы немесе нормативті өзіндік құндарымен бағаланады.

    Сыртқы  ақаудың өзіндік құны ақау деп  танылған өнімнің өзіндік құнынан  және оны сатып алушыға жөнелту  шығынынан, сондай-ақ ақау деп танылған өнімдерді ауыстыру барысындағы  көліктік шығындардан тұрады. Өнімді тұтынушылар төлеген айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық төлемі ақаудың өзіндік құнына қосылмайды, субъект қызметінің нәтижесіне есептен шығарылады.

    Ақаудан болатын ысыраптың синтетикалық есебі 8410 «үстеме шығындар» бөлімше  шотында, «ақауды түзету шығындары» қосалқы шотында жүргізіледі. Әрбір айдың аяғында ақаудан болатын ысырап өндіріс шығындарының есебіне есептен шығарылады және дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

    Өнім  өндіруде қалдықтарға жіберуге болатын  материал шығындарының сметалық нормасы пайдаланылады. Материалдың сметалық нормасы былай есептелуі мүмкін: дайын өнім бірлігіне кететін нормативті бағасы, дайын өнім бірлігіне кететін қалдықтардың нормативі ысырап салмағына көбейтілген өнім бірлігіне кететін қалдықтардың нормативі  бағасын азайту.

      Әдетте қалдықтарға өлшеуге (таразыға тартылатын, саналатын) келетін металл және ағаш кесінділері, тақтайлары, жаңқалары, үгіндісі, жоңқалары жатады. Қалдықтар сметалық нормаға сәйкес болуы керек, олардың шектен тыс көбеюі өндірістің тиімсіздігін көрсетеді.

    Ескерілген  және өткізілген қалдықтардың құны үстеме  шығындарды кемітуге қатысты болады.

    Алайда, егер қалдықтар ұзақ уақыт бойы өткізілмесе, онда олардың пайдалануының мүмкін бағасы мен сатудың таза құны бойынша  тауарлы-материалдық қор құрамында екенін ескеру керек.

    Егер  қалдықтар өткізуге арналмаса, ол негізгі  және қосалқы материал ретінде қайталап қолданылса қоймаға кірістеліп, қажетті  жағдайда өндіріске жіберіледі.

    Үстеме  шығындардың икемді бюджетін жасауда  оның құрамына ақаудың таза шығындары мен оның түзетуге жұмсалатын шығын, сондай-ақ қалдықтарға босатылатын шығын кіреді.

    Мұнда бұрын анықталмаған өндіріс ретінде  ескерілген ақау бірлігі оның құрамынан  шығарылып, өндірістік үстеме шығынға  қатысты болады. Ұйымның кезеңдік басшылығы нақты ақаумен өндірілген және қалдықтардан алынған бюджеттік босатуларды салыстырады. Мұндай салыстыру ақау деп танылған бұйымдарды бақылауға және осыған орай ақауды кеміту, өндірістің қалдықтарын азайту жолдарын іздестіру бойынша басқарушылық шешім қабылдауға пайдаланатын жалпылама ақпарат береді. 

    2.4. Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат

    Басқарушылық  шешімді қалыптастырудағы ақпарттық  қажеттіліктер әр түрлі деңгейдегі бөлімшелер шығындары өзара байланысты жүйемен басқарылғанда ғана қанағаттандырылады. Ұйымның есептік ақпараттық жүйесін құруға әсер ететін негізгі факторларға аса қажетті бастапқы талдамалық деректерді алу, тиісті көздерге бастапқы мәліметтерді қанағаттандыруды іске асыру процесінің жүруі жатады.

    Басқарушылық шешімді өндіру процесі мәселені шешудің бірнеше мүмкін жолдарын (нұсқаларын) салыстыра қарауды және олардың арасынан ең қолайлысын таңдап алуды білдіреді. Аса қажетті ақпараттарды бухгалтер береді.

    Бұл процестің мына кезеңдерін бөліп  көрсетуге болады: мәселенің пайда болуы, әрекетке жақын, яяғни мәселені шешуге септігі тиетін мүмкін нұсқаларды анықтау, шаруашылық операцияларына баламалардың ықпалын талдау: іске жарамды нұсқаларды іріктеу, нәтижелерді талдау. Шешімді қабылдау моделі (үлгісі) басқарушылық жүйемен бақыланатын және бақыланбайтын факторлардың сандық және символдық мағыналарын, сондай-ақ операциялық шарттар мен шектеулерді білдіреді.

    Басқарушылық  шешімді қабылдауға баламалы нұсқаларды қарастырғанда болжалды шығындар мен  табыстар баламалы нұсқалар бойынша айыратын релеванттық талдау қолданылады.  Яғни, алдағы басқарушылық шешімге қатысты, нұсқалар бойынша ерекшеленетін шығындар мен табыстар релеванттық бола алады.

    Басқарушылық  шешімді қабылдау процесіндегі мұндай тәсілдеме елеулі ақпараттарға ғана назар аудартады, ал, бұл өз кезегінде әлдеқайда жақсы шешімді өндіру процесін оңайлатады әрі тездетеді.

    «Шығындар – көлем – пайда» талдауы шығынның, түсімнің, өндіріс көлемінің және пайданың өзара байланысына негізделген әрі жоспарлау мен бақылаудың басқарушылық аспабы болып табылады. Мұндай талдау барлық шығындардың орнын толтыруға, бағалы шешімдерді қабылдауға және басқарушылық міндетті іске асыруға аса қажетті өндіріс көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

    Шығындарды  өзгермелі және тұрақты деп бөлу залалсыздық нүктесін, яғни ұйым зиянда шекпейтін, пайда да алмайтын аса қажетті өндіріс көлемін есептеуге мүмкіндік береді. Шығындардың мінез-құлқын бағалау залалсыздық нүктесіне жеткенге дейін өзіне тұрақты шығынды қосатын, ал жеткеннен кейін – салық салынғанға дейін пайданы қосатын маржиналдық табыстың тұжырымдамасымен тікелей байланысты. 

    2.5. Шығынды бюджеттеу және бақылау

    Бақылаумен  қатар басқару қызметінің маңызды  бір саласында жоспарлау жатады. Ол алдағы уақытта орындалуы тиіс әрекеттерді анықтау процесі болып табылады. Бюджеттік жоспарлау – құрылымдық бөлімшелер немесе ұйымның қызмет салалары бойынша жеке бюджеттерді әзірлеу процесін білдіретін жоспарлаудың детальданған деңгейі. Бюджет - әдетте жоспарланған кірістер мен шығыстарды көрсетуші белгілі бір кезең уақытына дейін әзірленіп, қабылданған ақшалай түрдегі сандық жоспар. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды орындауын бағалаудың негізі болып табылады.

Информация о работе Ендірілген дайын өнім шығымы есебі