Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:23, лекция
ҚР ӘК ҰНЕ ұшудың негiзгi ережесiн, оны ұйымдастыруды, қамтамасыз етудi және орындауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында және әуе кеңістігінде әуе қозғалысын басқаруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасы авиациясының қызметiндегi нормативтiк құқықтық кесiм болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiндегi ұшудың негiзгi ережесi (бұдан әрi - ҚР ӘК ҰНЕ): «Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы» 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы заң күшi бар Жарлығының; Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1997 жылғы 28 ақпандағы № 285 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ереженiң; 2000 жылғы 18 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi туралы ереженiң талаптарына сәйкес, сондай-ақ Халықаралық стандарттар және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрi - ИКАО) ИКАО Конвенциясына қосымшаларында жазылған ұшуды жүргiзу және әуе қозғалысына қызмет көрсету саласындағы ИКАО ұсынатын практика негiзiнде әзiрлендi.
ҚР ӘК ҰНЕ ұшудың негiзгi ережесiн, оны ұйымдастыруды, қамтамасыз етудi және орындауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында және әуе кеңістігінде әуе қозғалысын басқаруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасы авиациясының қызметiндегi нормативтiк құқықтық кесiм болып табылады.
Ұшудың негiзгi ережесi аспаптар бойынша ұшу ережесiн, көзбен шолып ұшу ережесiн, биiктiк өлшеуiштердi анықтау ережесiн, бақыланатын әуе кеңiстiгiнде тiгiнен, бойлай және бүйiрлеу эшелондау ережесiн және көзбен шолып қонуға бет алу ережесiн, әуеайлақтың жұмыс алаңында әуе кемелерінің қозғалысын басқару тәртібін қамтиды.
Ұшудың Негiзгi ережесi, осы ереже үстiнен ұшып өтетiн аумаққа заң құзыретiн жүзеге асыратын мемлекет белгiлеген ережелерге қайшы келмеген жағдайда, олардың тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының ұлттық және тiркеу белгiлерi бар әуе кемелерiне қолданылады.
Азаматтық және эксперименттiк әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк қадағалауды азаматтық авиацияның уәкiлеттi органы жүзеге асырады.
Қазақстан
Республикасының әуе
ҚР ӘК ҰHE әуе кемелерi және ұшуды ұйымдастыруға, қамтамасыз етуге және орындауға қатысатын тиiстi қызметтерi бар барлық тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
Ұшу ережесiн бұзған әрбiр жағдай заңнамада белгiленген тәртiппен мiндеттi тексеруге жатады. ҚР ӘК ҰHE талаптарын бұзғаны үшiн кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
Адамдарды iздестiруге және құтқаруға байланысты ұшуды ұйымдастыру және орындау кезiнде немесе дүлей зiлзалалар жағдайларында және өзге де төтенше жағдайларда азаматтық авиация ұйымдар басшыларының ҚР ӘК ҰНЕ-нда мазмұндалған белгiленген ережелерден, сондай-ақ экипаж мүшелерiнiң алдын ала келісімін ала отырып және адамдарды iздестiру және құтқару жөнiнде ұшу орындалатын жауапкершiлiк аймағында әуе қозғалысына қызмет көрсететiн органдарды (бұдан әрi - ӘҚҚ), Қазақстан Республикасының ұшу қауiпсiздiгiн қадағалайтын мемлекеттiк қадағалау уәкiлеттi органдарының өкiлдерiн хабардар ете отырып, әуе кемелерi экипаждарының ұшу және жұмыс уақыты нормаларын сақтаудан ауытқуға құқығы бар.
Әуе кемесiнiң (бұдан әрi - ӘК) экипажы және ӘҚҚ диспетчерлiк органдарының персоналы ұшу кезiнде радиобайланыстың iстен шыққан, күтпеген жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ азаматтық әуе кемесiн басып алған кезде осы негiзгi Ереженiң 2-қосымшасында көрсетiлген талаптарға сәйкес iс-әрекет жасайды.
Мемлекеттердiң ең төменгi абсолюттiк ұшу биiктiктерi мен оларды белгiлеу кезiнде пайдаланылатын өлшемдердi жариялауына қатысты талаптар ИКАО-ның 15-қосымшасының 1-толықтыруында қамтылған. Кедергiлерден ұшып өту өлшемдерi PANS-OPS II томының VI бөлiмiнде (8168-құжат) келтiрiлген.
Әуе кемесiн ұшуда, сондай-ақ әуеайлақтың жұмыс алаңында басқару жалпы ережеге, ал ұшуда сонымен бiрге көзбен шолып ұшу ережесiне немесе аспаптар бойынша ұшу ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.02.02. № 61 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Осы Ережеде пайдаланылатын негiзгi анықтамалар мен терминдер:
Абсолюттiк биiктiк - теңiздiң орташа деңгейiнен вертикаль бойынша нүктенiң немесе нүкте ретiнде қабылданған объектiнiң деңгейiне дейiнгi қашықтық (MSL).
Шешiм қабылдаудың абсолюттiк/салыстырмалық биiктiгi (DA/DH) - егер ұшқыш қонуға бет алуды жалғастыру үшiн бағдарлармен қажеттi көзбен шолып көру байланысын орнатпаған немесе әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайы қонудың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпеген кезде қонуға дәл бет алу кезiнде екiншi шеңберге шығу басталуы тиiс болатын белгiленген абсолюттiк немесе салыстырмалық биiктiк. Шешiм қабылдаудың салыстырмалы биiктiгi (бұдан әрi - ШҚБ) ұшу-қону жолағының (бұдан әрi - ҰҚЖ) шегiнен асып түсуiнен бастап есептеледi.
Кедергiлерден ұшып өтудiң абсолюттiк/салыстырмалы биiктiгi (ОСА/ОСН) - ҰҚЖ-ның тиiстi шегiнен асып түсуiнiң немесе тиiстi жағдайда кедергiлерден ұшып өтудiң тиісті өлшемдерiн сақтауды қамтамасыз етуге пайдаланылатын әуеайлақтан асып түсуiнiң ең төменгi абсолюттiк немесе ең төменгi салыстырмалы биiктiгi. Кедергiлерден ұшып өту биiктiгi қонуға бет алу дәл болмаған жағдайда ҰҚЖ шегiнен асып түсуiнен немесе егер оның асып түсуi әуеайлақтың асып түсуiнен 2 метрден астам кем болса, әуеайлақтың асып түсуiнен немесе ҰҚЖ шегiнен асып түсуiнен бастап есепке алынады. Қонуға көзбен шолып бет алу үшiн тосқауылдарды ұшып өту биiктiгi әуеайлақтың асып түсуiнен бастап есептеледi.
Авиакомпания - азаматтық әуе кемелерiн пайдаланушының қолданыстағы сертификаты және жолаушыларды, багажды, жүк пен поштаны әуемен тасымалдауға және (немесе) авиациялық жұмыстарды орындауға лицензиясы бар заңды тұлға.
Авариялық жағдай (кезең) - әртүрлi жағдаяттар кезiнде белгiсiздiк кезеңiн, қобалжу кезеңiн немесе зiлзала кезеңiн бiлдiретiн жай-күй.
Авариялық хабарландыру - тиiстi қызметтер мен ұйымдарды iздестiру-құтқару қызметтерiнiң көмегiне мұқтаж әуе кемелерi туралы хабардар ету және осы қызметтер мен ұйымдарға қажеттi жәрдем көрсету мақсатында көрсетiлетiн әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң бiр түрi.
Авариялық фактор - авиациялық оқиғаға әкелiп соғуы мүмкiн кез келген жағдай, құбылыс немесе жағдаят.
Авиациялық оқиға - әуе кемесiн осы кеменiң, оның экипажының, басқа да авиациялық персоналдың қалыпты жұмыс iстеуiнiң бұзылуына байланысты ұшуды орындау мақсатына пайдаланған кезде орын алған немесе сыртқы жағдайлардың ықпалына байланысты және адам өлiмiне, елеулi зақымдануға, қирауға немесе әуе кемесiнен айырылуға әкеп соқтырған оқиға.
Авиациялық оқиға (адам құрбандығынсыз) - борттағы адам өлiмiне байланысты емес, планердiң қуат элементтерi зақымдалған немесе эвакуация техникалық жағынан мүмкiн емес немесе орынсыз жерде әуе кемесiнiң қонуы кезiндегi авиациялық оқиға.
Авиациялық жұмыстар - тапсырыс берушiнiң технологиялық және өндiрiстiк процестерiн (ауыл шаруашылығында, құрылыста, экспедицияларға қызмет көрсетуде) қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ эксперименттiк және ғылыми-зерттеу жұмыстарын, санитариялық және табиғатты қорғау iс-шараларын, халыққа медициналық көмек көрсетудi, дүлей зiлзалалардың, авариялардың және апаттардың зардаптарын жоюды жүргiзу үшiн шаруашылықтың жекелеген салаларында авиация құралдармен орындалатын мамандандырылған операциялар.
Авионика (борттық электрондық жабдық) - әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған, оның электрлiк бөлiгiн қоса алғанда, кез келген электрондық құрылғы, оның iшiнде радиожабдық, ұшуларды автоматты басқару жүйесi және аспапты жабдық.
Әуеайлақтағы атмосфералық қысым атмосфералық қысымның сынап бағанасы бойынша миллиметрмен (с.б.мм), миллибармен(Мбар) немесе ҰҚЖ шегi деңгейiнде гектопаскальмен (гпа) берiлген мәнi.
Әуеайлақ (тiкұшақ айлағы, гидроәуеайлақ) - әуе кемелерiнiң, ұшуын, қонуын, басқарылуын, тұрағын және қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз ету үшiн арнайы әзiрленген және жабдықталған жер немесе су учаскесi.
Әуеайлақтық қозғалыс - әуеайлақтың маневр жасау алаңындағы барлық қозғалыс, сондай-ақ әуеайлақ ауданында барлық әуе кемелерiнiң ұшулары.
Әуе кемесi ұшулардың әуеайлақтық шеңберiне кiргенде, одан шыққан немесе оның шегiнде болған жағдайда, әуе кемесi әуеайлақ ауданында ұшуларды орындайтын болып саналады.
Уақытша әуеайлақ - әуе кемелерiнiң жылдың белгiлi бiр мезгiлiнде ұшуларын қамтамасыз етуiне арналған және стационарлық ғимараттары мен жабдықтары жоқ, бiрақ белгiленген тәртiппен есепке алуға және тiркеуге жататын әуеайлақ.
Таулы әуеайлақ - ойлы-қырлы жер бедерiнде және салыстырмалы биiктiгi 500 м және одан да асатын әуеайлақтың бақылау нүктесiнен (бұдан әрi - ӘБН) 25 км радиуста орналасқан әуеайлақ, сондай-ақ теңiз деңгейiнен 1000 м және одан астам биiктiкте орналасқан әуеайлақ.
Санаттандырылған әуеайлақ - қонуға бет алуды және қонуды I, II, IIIА, IIIВ және IIIС санаттары минимумдары бойынша қамтамасыз ететiн байланыс құралдарымен және радиотехникалық құралдармен жабдықталған әуеайлақ.
Сыныпталған әуеайлақ - А, Б, В, Г, Д немесе E сыныпты әуеайлақ.
Taғайындалған әуеайлақ - ұшу жоспарында немесе ұшуға тапсырмада белгiленген қону әуеайлағы ретiнде көрсетiлген әуеайлақ.
Бiрлесiп орналасу әуеайлағы - оларда мемлекеттiк, азаматтық және эксперименттiк авиацияға жататын әуе кемелерi орналасатын азаматтық және әскери әуеайлақтар.
Бiрлесiп пайдалану әуеайлағы - азаматтық әуе кемелерiнiң кестесi бойынша осы әуеайлақтарға тұрақты орналасу құқығынсыз ұшулар орындалатын әскери әуеайлақтар.
Қосалқы әуеайлақ - егер тағайындалған әуеайлаққа ұшып бару немесе қону мүмкiн емес немесе қажетсiз болған жағдайда әуе кемесi бағыт алуы мүмкiн әуеайлақ.
Қосалқыларға мынадай әуеайлақтар жатады:
ұшу кезiндегi қосалқы әуе айлақ - егер ұшып көтерiлгеннен кейiн артынша қажеттiлiк туындаған және ұшып шығу әуеайлағын пайдалану мүмкiн болмаған жағдайда, әуе кемесi қонуды орындай алатын әуеайлақ;
бағыттағы қосалқы әуеайлақ - егер бағыт бойынша ұшу кезiнде ол оқыс немесе апаттық жағдайға тап болғанда әуе кемесi қонуды орындай алатын әуеайлақ;
тағайындалған жер үшiн қосалқы әуеайлақ - егер тағайындалған қону әуеайлағында қонуға мүмкiн емес немесе орынсыз болған жағдайда әуе кемесi ұшып бара алатын қосалқы әуеайлақ;
Информация о работе Есеп шоттар жоспары құрудың халықаралық тәжірбиесі