Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2011 в 19:23, лекция
ҚР ӘК ҰНЕ ұшудың негiзгi ережесiн, оны ұйымдастыруды, қамтамасыз етудi және орындауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында және әуе кеңістігінде әуе қозғалысын басқаруды регламенттейтiн Қазақстан Республикасы авиациясының қызметiндегi нормативтiк құқықтық кесiм болып табылады.
сол сияқты өзiнен әуе кемесi ұшып шығатын әуеайлақ осы әуе кемесi бағытындағы қосалқы әуеайлақ немесе тағайындалған жердiң осы әуе кемесi үшiн қосалқы әуеайлағы болуы мүмкiн.
Ұшулардың әуеайлақтық шеңберi - ол бойынша (немесе бөлiгi бойынша) ұшып көтерiлгеннен кейiн биiктiк алу, қонуға бет алу үшiн құлдилау, қонуды күту, әуеайлақ үстiнде ұшуды орындай алатын әуеайлақ ауданында белгiленген бағыт.
Аэронавигациялық ақпарат - әуеайлақтардың нақты жай-күйiнiң сипаттамасын, әуеайлақ ауданында маневр жасаудың, әуе трассасының және олардың радио электр техникалық құралдармен жабдықтау тәртiбiн қамтитын мәлiметтер.
Аэронавигациялық жанармай қоры - ұшу жоспарын өзгерту қажет болған жағдайда қосалқы әуеайлаққа бағыт алуға, бекiтiлген бағыттан ауытқуға, қарсы желдiң күшеюiне және басқа жағдайларға байланысты ұшып шыққан әуеайлақтан тағайындалған әуеайлаққа дейiн ұшып жету үшiн есептiк мөлшерден тыс жанармай.
Аэростат - тығыздығы ауаның тығыздығынан аз, оның қабығындағы газ есебiнен көтеру күшi пайда болатын, ауадан (қоршаған ортадан) жеңiл ұшу аппараты.
Аэростаттар:
1) басқарылатын (дирижабль);
2) шар нысанында қабығы бар басқарылмайтын (еркiн ұшатын) (стратостаттар, радиозондтар, ұшқыш-шарлар, секiргiш-шарлар, құтқарғыш шарлар);
3) байлаулы (жылан тәрiздi) болып бөлiнедi.
Аэроторап - оларда ұшуды және ұйымдастыру, орындау, сондай-ақ әуе қозғалысына қызмет көрсету, арнайы келiсiмдi және үйлестiрудi қажет ететiн жақын орналасқан әуеайлақтар.
Барометрлiк биiктiк - бұл барометрлiк биiктiктi өлшеу шкаласында орнатылған, атмосфералық қысымның изобарикалық бетiне қатысты ұшу биiктiгi.
Қауiпсiз биiктiк - әуе кемесiн жер (су) бетiмен немесе ондағы кедергiлермен соқтығысудан сақтауға кепiлдiк болатын ұшу биiктiгi.
Ұшқышсыз, басқарылмайтын аэростат - еркiн ұшуда болатын, ауадан жеңiл ұшқышсыз әуе кемесi.
Шайқалым - турбуленттiк атмосферада ұшу кезiнде әуе кемесiнiң ретсiз орын ауыстыруы. Шамалы шайқалым - күш түскен кезде +1,0-гe дейiн; күштi шайқалым - +1,0-ден және одан астам. Қондыру конфигурациясында - шамалы шайқалым +0,4-ке дейiн, күштi шайқалым +0,4-тен астам.
Борт жабдығы - борттың керек-жарақ қорын және қосалқы бөлшектерiн қоспағанда, ұшу кезiнде әуе кемесiнiң бортында пайдалануға арналған заттар, оның iшiнде алғашқы көмек құралдары және апаттық құтқару жабдығы.
Борттық ұшу-навигациялық жабдықтары - өлшеу, есептеу басқарушы жүйелер мен құрылғылардың, сондай-ақ ұшақ жүргiзудi (тiкұшақ жүргiзудi) ұшып көтерiлгеннен бастап қонғанға және ақпаратты экипажға беруге дейiн қолмен, автоматтандырылған, жартылай автоматты және автоматты түрде қамтамасыз етуге арналған әуе кемесiнiң бортындағы ақпаратты бейнелеу жүйесiнiң жиынтығы.
Борттағы өзi жазғыш - авиациялық оқиғаларды тексеру кезiнде жерде және ұшу кезiнде әуе кемесiн пайдалану параметрлерi туралы ақпаратты сақтау мақсатында, сондай-ақ әуе кемесi экипажы мүшелерiнiң бiлiктiлiк дайындығына бақылау жасау үшiн әуе кемесiнiң бортында орнатылған өздiгiнен жазатын кез-келген аспап.
Ұшу-қону жолағы - әуе кемесiнiң қонуы және ұшуы үшiн дайындалған құрлықтағы әуеайлақтың ұшу жолағының белгiленген тiк бұрышты учаскесi.
Ұшақтың ұшып көтерiлуi - ұшақтың қозғалыс алу нүктесiнен бастап қауiпсiз жылдамдыққа (V2) жету арқылы 10 м биiктiкке дейiнгi қозғалысы.
Ұшып көтерiлу қашықтығы - ұшақтың жерден көтерiлу және қауiпсiз жылдамдыққа жету (V2) нүктесiндегi ҰҚЖ шегiне қатысты старт нүктесiнен 10 м биiктiк нүктесiне дейiн өтетiн көлденеңiнен алғандағы ұзақтығы.
Көру мүмкiндiгi - атмосфералық жағдайға байланысты және қашықтық бiрлiктерiмен бөлiнетiн күндiз жарық түспейтiн елеулi объектiлерде және түнде жарық түсiрiлген елеулi объектiлерде көру және айырып тану мүмкiндiгi.
Тiгiнен көру мүмкiндiгi - жоғарыдан тiк төмен жер үстiндегi объектi көрiнетiн деңгейге дейiнгi жер бетiнен ең аз арақашықтық.
ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгi (ҰҚЖ-дағы көру мүмкiндiгiнiң қашықтығы) ҰҚЖ осьтiк жол сызығында тұрған әуе кемесiнiң кабинасынан ұшқыш ҰҚЖ бетiнде таңбаланған белгiлердi немесе ҰҚЖ шектейтiн не осьтiк жол сызығын белгiлейтiн оттарды көруi мүмкiн шектегi арақашықтық.
Жерден көру мүмкiндiгi - уәкiлеттi байқаушы (метеобайқаушы) хабарлайтын әуеайлақтағы көру мүмкiндiгi.
Көзбен шолып қарағандағы метеорологиялық жағдай - бұлтқа дейiнгi арақашықтық ұзақтығының және белгiленген минимумға сәйкес келетiн немесе одан асып түсетiн бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгiнiң шамаларын бiлдiретiн метеорологиялық жағдай.
Көзбен шолып ұшу - әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын және оның тұрған жерiн табиғи көкжиек және жердегi бағдар бойынша ұшқыш оны көзбен шолып анықтайтын кездерде орындалатын ұшу.
Көзбен шолып ұшу (түнгi) - әуе кемесiнiң кеңiстiктегi жағдайын және оның тұрған жерiн табиғи көкжиек және жердегi жарық бағдары бойынша аспаптармен бiр мезгiлде бақылау арқылы анықталайтын кездегi түнде орындалатын ұшу.
Векторлау (радиолокациялық дәлдеу) - радиолокатордың деректерiн пайдалану негiзiнде белгiлi бiр бағыттарды көрсету арқылы әуе кемелерiнiң навигациялық дәлденуiн қамтамасыз ету.
Әуе жағдайы - әуе кемесiнiң және басқа объектiлердiң тiк және көлденең жазықтықтарда әуе кеңiстiгiнiң белгiлi ауданында бiр уақытта өзара орналасуы (әуе трассасында және олардан тыс бағыттарда, әуеайлақ ауданында, авиациялық жұмыстар ауданында).
Әуе трассасы - әуе кемелерiнiң Ұшуына арналған және әуе қозғалысын басқару жүйесiнiң аэронавигациялық құрылғыларымен бақыланатын дәлiз түрiндегi әуе кеңiстiгi.
Әуе қозғалысы - ұшуда немесе әуеайлақтың маневр жасау алаңында қозғалып жүрген барлық әуе кемелерi.
Әуе қозғалысына қызмет көрсететiн әуе кеңiстiгi (бұдан әрi - ӘҚҚ) әріптiк таңбалармен белгiленген (А-G) белгiлi бiр көлемдегi әуе кеңiстiгi, оның шегiнде ұшулардың нақты белгiленген түрi орындалуы мүмкiн және ол үшiн ӘҚҚ және ұшулар ережесi белгiленген.
Әуе кемесi - жер (cу) бетiнен шағыласқан ауамен өзара ықпалдасудан өзгеше, ауамен өзара ықпалдасуы есебiнен атмосферада өзiн-өзi ұстап тұратын ұшу аппараты.
Апатқа ұшыраған әуе кемесі - ұшып шығу, ұшу немесе құлау кезiнде елеулi бүлiнген немесе толық қираған, сондай-ақ әуеайлақтан тыс мәжбүрлiкпен қонған әуе кемесi.
Апаттық жағдайдағы әуе кемесi - өзiне немесе бортындағы адамдарға тiкелей қауiп төнген, не онымен радиобайланыс үзiлген және оның тұрған жерi белгiсiз әуе кемесi.
Әуе шары - еркiн ұшудағы немесе зәкiрленген жағдайдағы, сфералық қабықшасы бар басқарылмайтын аэростат.
Әуе кемесiнiң ұшу уақыты (ұшу уақыты) - жерден ұшып шығу және әрi қарай жылдамдық алып, жерден ажырау мақсатында жылдамдық алу үшiн ұшу режимiне ауыстырған сәттен бастап тiгiнен қондырғаннан кейiн қозғалтқыштардың (қозғалтқыштың) газын азайтуға ауыстыру сәтiне дейiнгi есептелетiн уақыт.
Мәжбүрлi қону - жоспар бойынша ұшуды орындау мүмкiн болмайтын себептер бойынша әуеайлаққа немесе әуеайлақтан тыс жерге қону. Ауысу биiктiгi - белгiленген эшолонға шығу үшiн барометрлiк биiктiк өлшеуiштiң қысым шкаласын 760 мм сынап бағанасы (1013,2 мбр) қысым мәнiне ауыстыру үшiн әуеайлақ ауданында орнатылған салыстырмалы/абсолюттiк биiктiк.
Бұлттардың төменгi шекарасының биiктiгi және аспанның жартысынан көбiн жабатын 6000 метрден төмен тұрған, тiгiнен алғанда құрлық (су) бетi мен бұлттың ең төменгi қабатының төменгi шекарасының арасындағы қашықтық. Ұшу биiктiгi - тiгiнен алғандағы белгiлi бiр деңгейден әуе кемесiне дейiнгi қашықтық. Биiктiктер бастапқы есептеу деңгейiне байланысты: ақиқат, салыстырмалы және абсолюттiк болып бөлiнедi.
Ақиқат ұшу биiктiгi - метрмен (фунтпен) көрсетiлетiн, осы уақыт сәтiнде әуе кемесi оның үстiнде тұрған жер немесе су бетiнiң нүктесiне дейiнгi әуе кемесiнен тiгiнен алғандағы қашықтық.
Салыстырмалы ұшу биiктiгi - ұшу-қону жолағының шегi деңгейiнен, әуеайлақ деңгейiнен, жер бедерiнiң ең биiк нүктесiнен әуе кемесiне дейiнгi тiгiнен алғандағы аралық.
Көзбен шолып қонуға бет алғандағы үзiлген биiктiк (VDP) - егер әуе кемесiнiң кеңiстiктегi қалпы немесе оның қозғалу параметрлерi қону қауiпсiздiгiн қамтамасыз етпесе, екiншi шеңберге шығу маневрiн бастауы тиiс схемада көрсетiлген көзбен шолғандағы қону биiктiгi.
Бұл биiктiк қандай жағдайда болмасын осы үлгiдегi әуе кемесi үшiн ұшуды пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген (бұдан әрi - ҰПН) екiншi шеңберге шығудың ең төменгi биiктiгiнен төмен болуы мүмкiн емес.
Глиссада - қонуға бет алудың соңғы кезеңiнде тiгiнен дәлдеу үшiн белгiленген, әуе кемесiнiң төмендеу профилi.
Рұқсаттың қолданылу шекарасы - әуе кемесiне берiлетiн диспетчерлiк рұқсаттың оған дейiн жарамды деп саналатын межесi (пунктi, нүктесi).
Хабар жеткiзу геопунктi - оған қатысты әуе кемесiнiң орналасқан жерi хабарлануы мүмкiн белгiлi бiр географиялық бағдар.
Дельтаплан, планер - қуат қондырғысы қозғалысқа келтiрмейтiн, ұшудың берiлген жағдайында қозғалыссыз қалатын, көтеру күшi негiзiнен жер бетiндегi аэродинамикалық реакциялар есебiнен пайда болатын ауадан ауыр әуе кемесi.
Дирижабль - қуат қондырғысы арқылы қозғалысқа келтiрiлетiн, басқарылатын аэростат.
Диспетчерлiк аймақ - жер бетiнен бастап белгiленген жоғары шекараға дейiнгi созылатын бақыланатын әуе кеңiстiгi.
Диспетчерлiк аудан - жер бетiндегi белгiленген шекарадан бастап жоғары созылатын бақыланатын әуе кеңiстiгi.
Диспетчерлiк рұқсат - диспетчерлiк қызмет көрсету органдары белгiлеген шартқа сәйкес қолданылатын әуе кемесiнiң экипажына диспетчер беретiн рұқсат.
Диспетчерлiк ұсыным - экипаждың қалауы бойынша пайдаланылатын ұшуды орындауға қатысты шаралар қолдану жөнiнде экипажға ұсыным.
Әуе қозғалысына диспетчерлiк қызмет көрсету мынадай мақсаттарда ұсынылады:
1) маневр алаңда әуе кемелерiнiң бiр-бiрiмен және әуе кемелерiнiң кедергiлермен соғысып қалуын болдырмау;
2) әуе қозғалысын жылдамдату және реттеу мақсаттарында көрсетiлетiн қызметтер.
Диспетчерлiк нұсқау - нақты жағдайда ұшқыштың нақты iс-әрекет орындауына ұйғарым жасайтын, әуе қозғалысына қызмет көрсету органының директивалық нұсқауы.
Қонуға бет алуға байланысты тәуелдiктер - көршi ҰҚЖ осьтiк сызығының жалғасында тұрған әуе кемесiнде радиолокациялық эшелондау минимумдары белгiленген жағдайда қосарлас немесе қосарлас дерлiк жабдықталған бiр мезгiлде қонуға бет алу.
Ұшуға тапсырма - экипаж, әуе кемесi туралы қажеттi мәлiметтердi қамтитын, ұшудың (ұшулардың) бағыты мен мақсатын анықтайтын белгiленген нысандағы құжат.
Тыйым салынған аймақ - оның шегiнде әуе кемелерiнiң ұшуына тыйым салынған мемлекет аумағының немесе аумақтық суларының үстiнде белгiленген көлемдегi әуе кеңiстiгi.
Ұшуға жасалған өтiнiм (алдын ала жасалған ұшу жоспары) - белгiленген уақытта әуе қозғалысына қызмет көрсететiн тиiстi органға берiлетiн және ұшуды қамтамасыз ету үшiн қажеттi мәлiметтердi қамтитын белгiленген нысандағы құжат.
Информация о работе Есеп шоттар жоспары құрудың халықаралық тәжірбиесі