Фискалдық саясат

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа

Описание

Нарықтық қатынастарға көшу Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына, әсіресе қаржы саласының дамуына аса көңіл бөлуді қажет етеді. Мұнда ерекше орынды салық жүйесі алады. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықтық қатынастарды реттеудің маңызды аспабы болып табылады. Салықтар жекелеген салықтардың дамуын ынталандырады немесе керісінше, оларды тежейді, жеке кәсіпорындар мен фирмалардың өндіріс және айналым ұстанымдарын төмендету үшін және әлемдік нарықта олардың бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін алғышарттар құрайды.

Содержание

Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Фискалдық саясат теориясы
1.1 Фискалдық саясаттың түсінігі және мәні..........................................................5
1.2 Фискалдық саясаттың механизмі.......................................................................6
ІІ. Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының жағдайы..................9
2.2 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатты жетілдіру жолдары........16
Қорытынды..............................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................19
Қосымша.............................................................................................................20

Работа состоит из  1 файл

Фискалдык саясат.doc

— 196.50 Кб (Скачать документ)

    Сондықтан ынталандырушы фискалдық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде бөліп көрсетеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік туғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді, мемлекет көтере сатып алудың көлемін кеңейтеді, кредиттің құнын реттейді. Кейнс шаралары салықтарды төмендетуді, шығыстарды көбейтуді, инвестицияларды ынталандыруды (пайыз мөлшерлемелерін төмендетудің көмегімен) қажет етеді.

    Монетаризмнің кейнс және неокейнс теорияларынан  айырмашылығы ол ақша айналысын экономикалық процестерді реттеудің басты  құралы деп мойындайды. Сонымен қатар  рыноктер-бәсекелестер макроэкономикалық  тұрақтылықтың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді деп болжанады. Экономиканың жұмыс істеуіне мемлекеттің араласуын азайту жөнінде курс жүргізіледі. Ақша экономикалық процестерді жанама реттеудің шешуші факторы ретінде қаралады. Айырбастың МхУ = РхО теңдеуіне салынған қағидат пайдаланылады. Теңдеудің сол жақ бөлігінде сатып алушылардың өндірілген игіліктердің көлемін сатып алуға жұмсалатын шығыстардың жалпы саны көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлігінде бұл көлемнің сатушыларының түсім-ақшасы көрсетіледі.

    Монетаристердің тұрақтандыру бағдарламалары мыналарды қамтиды:

    1) бюджет тапшылығын қысқарту (мемлекеттік  инвестицияларды, әлеуметтік шығыстарды, субсидияларды секвестрлеу, мемлекеттік  сектордың қызметтер көрсетуінің  бағасын арттыру, салықтарды көбейту);

    2)  тұтыну сұранымын қысқартуға бағытталған жалақының өсуін реттеу;

    3) шектеулі  кредит-ақша саясаты,  ақша эмиссиясына және Орталық  банктегі мемлекеттік қарыздарға  лимит енгізу, банк пайызының  мөлшерлемесін көбейту;

    4)   бағаға және экспорт-импорт операцияларына  бақылауды әлсірету, экономиканың экспорттық секторына ресурстардың қайта құйылымын көтермелеу;

    5) төлем балансын сауықтыру үшін  ұлттық ақша бірлігін де-вальвациялау ;

    Бірақ бұл үшін мына шарттарды орындау  қажет:

    1)    ақша массасына бағалардың жоғары  икемділігі;

    2)   дүниежүзілік бағалардың қозғалысына ішкі бағалардың жеткілікті икемділігі;

    3)    бағалардың қозғалысына тауарларды  өндірудің (үсынудың) жоғары икемділігі.

    4) экономикалық ресурстардың едәуір  өзара алмасушылығы (ұсынымның өзгергіштігімен  байланысты).

    Стагфляцияны  (құлдыраушылықты) жеңу үшін ұсыным экономикасы теориясының жақтаушылары ұсынған шаралар жарамды. Тұжырымдаманың мәнісі — өндіріс шығындарын төмендету жөніндегі қаржы және ақша саясаты шараларының кешені есебінен ұсынымға нысаналы ықпал ету, бұл рынок субъектілерінің инфляциялық болжамдарын төмендетуге жеткізеді. Ұсынымды ынталандыру жөніндегі шаралар мыналарды қамтиды:

    1)   өңдіріс шығындарына қосылатын  салықтарды қысқарту;

    2) еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын  шығындарды тежеу (еңбек өнімділігінің  өсу қарқынының оған ақы төлеудің өсу қарқынынан озық жүруі);

    3)  өндіріс ауқымын арттыру жөніндегі  ұйымдық-техникалық сипаттағы шаралар  (жабдықтың тиелімін, оның жұмысының  ауысымдылығын арттыру, бос тұрып  қалуларды азайту, өндірістің ырғақтылығына  жету);

    4)  өндірісті техникалық жағынан жетілдіру жөніндегі инновациялық бағдарламаларды енгізу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ.  ҚР –ң фискалдық саясаты

2.1 ҚР –ң фискалдық саясатының жағдайы 

2008-2010 жылдарға арналған  Өскемен қаласының  жергілікті атқарушы  органының орта мерзімді фискалдық саясаты

      2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесіне, 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізінде, мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларына, 2006 жылы экономика дамуының талдауына, 2007 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауын ескере отырып, нық өсу экономикасын басқаруды, өндірістің шикізат емес секторын, инновацияларды, экономиканың диверсификациясын дамытуды, атаулы әлеуметтік қолдауды, рыногтық көзқарастарда әлеуметтік саланы дамытуды қамтамасыз ететін басымдылықтарынан шығады. Орта мерзімді фискалдық саясат қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымды бағыттарын жүзеге асырудың негізгі механизімдерін (тәсілдерін) – кірістер мен шығыстар саясатын, бюджеттік несиелендіруді, бюджетаралық қатынастарды қамтиды.

      Орта  мерзімді фискалдық саясаты келесі мақсаттарға жету үшін әзірленді:

      алдағы үш жылдың кезеңге қолда бар ресурстардың көлемдерін анықтау;

      қаланың жергілікті атқарушы органның фискалдық  стратегиясын белгілеу, ағымдағы және болашақтағы мақсаттарға жету бойынша  оның жоспарлары;

      стратегиялық  басымдылықтарды жүзеге асыруға  шектеулі бюджеттік ресурстарды бөлу бойынша шешімді қабылдауға нақтылау;

      бюджеттік процестегі тиімділік пен айқындылықты арттыру;

      фискалдық тәртіпті арттыру мен бюджеттік  процестегі сабақтастықты қамтамасыз ету.

      Осы құжатта 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен  қаласының жергілікті атқарушы органының фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары анықталды.

      Орта  мерзім фискалдық саясаты қала бюджетін қалыптастырудың негізі және мемлекеттік  басқарудың барлық деңгейінде салықтық және бюджеттік саясатты жүзеге асыру кезінде үйлестіруші құжат болып табылады.

     2008-2010 жылдарға арналған  әлеуметтік-экономикалық  дамудың негізгі  көрсеткіштері және  Өскемен қаласының  әлеуметтік-экономикалық  дамуына талдау  жасау

      Соңғы жылдары облыс орталығының экономикасы  интенсивті дамуда. Өнеркәсіп және аграрлық секторда бірқатар жетістіктерге жетті.

      Экономикадағы позитивті қозғалыстар нәтижесінде  әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдағы проблемаларды шешуге мүмкіндік  берді (Қосымша А. Кесте 1).

      Орта  мерзімді фискалдық саясатты жүзеге асыруда негізгі бағыттар мен міндеттерді анықтау кезінде 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізге алынды (Қосымша Ә. Кесте 2).

      Облыс тұрғындары, атап айтқанда өндірістік сектордың қызметкерлері модернизациясыз және технологиялық процестерді техникалық қайта жабдықтаусыз шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін еместігін, ол уақыт әмірі екенін сезінеді.

      Осыған  байланысты, қаланың көптеген кәсіпорындары техника мен технологияны жетілдіруге, халықаралық сапа стандарттарын енгізуге кірісті.

      Азық-түлік  және өңдеу өнеркәсібінде, металлургияда, машина жасауда және көлікте локальдық  аймақтық кластерлерді ұйымдастыру  бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 

      2007 жылдың басынан Бизнесті дамыту  зонасын құру жүргізілуде, оған  жалпы көлемі 313 га төрт жер  телімі анықталды: Тас карьер  ауданы (143 га), Самар шоссесі ауданы (35 га), «ҮМЗ» АҚ (шығыс алаңшасы) ауданы (38 га), Овечий ключ кенті (97 га). Бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдерінің рыногын және сүт өндірісінің кластерін құру, құрылыс материалдарын шығару бойынша 7,7 млрд. теңге сомасына 15 инвестициялық жобаларды орналастыру басталды.

      Мемлекеттің басымды міндеттерінің бірі кедейшіліктің  деңгейін төмендету болып табылады, Кедейшілікті төмендету бойынша өңірлік бағдарлама жүзеге асырылатын болады.

      Келер жылдардағы болжамға сай экономиканың өсу беталысы сақталады. 

      Келер үш жылдық кезеңде фискалдық саясаттың  негізгі мақсаттары: жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім беруді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, инженерлік-коммуни-кациялық желілерді, сумен қамтамасыз ету және суөткізгіш жүйесін, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту; бюджеттік жоспарлаудың перспективалық рөлін арттыру; көлеңкелі экономика үлесін төмендету; келер үш жылдық кезеңге қолда бар ресурстардың көлемін анықтау, бюджетаралық қатынастардың айқындылығымен тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру мен бюджеттік процестегі сабақтастықты қамтамасыз ету болып табылады (Қосымша Б. Кесте 3).

      2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының  бюджетінің кірістер саясатының  жобасы Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексімен, Қазақстан Республикасының  Салық кодексімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатымен, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерімен және 2008-2010 жылдарға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының параметрлерімен анықталды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы ескерілді.

      Нақты салық салу негізінде және салық  салуда жүргізіліп жатқан өзгерістерді ескеріп 2008-2010 жылдарға арналған қала бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру жүргізілді.

      2008 жылдан әлеуметтік салық 30 % кемиді, ол жұмыс берушілерді қызметкерлердің  еңбеақысын арттыруға ынталандыру  қажет, азаматтардың демалысына сауықтыру бойынша бір еңбекақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу қарастырылды. 2009 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу 25,0 %, ал 2010 жылдан тағы 25,0 % ұлғайтылады, 2009 жылы әлеуметтік есептеулердің ставкасы 4,0 % дейін, ал 2010 жылы – 5,0 % дейін (2007 жылы ставка 3,0 % деңгейінде қабылданды) өседі.

      2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес  субъектілері үшін салық салудың  кемітілген бірыңғай ставкасы  енгізілді. Жеңілдетілген процедуралар  нәтижесінде кәсіпкерлік белсенділікте,  шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірісін кеңейту мен дамытуда жандану жүргізілуде. Бұған Бизнесті дамыту зонасында жобаларды орналастыру негіз болуда.

      Президент Жолдауы бойынша әзірленген Қазақстан  Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына сай мемлекеттік бюджетке ақпараттық технологияларды кең тарапта пайдалану және салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі үшін электрондық бақылау, «электрондық үкімет» нормалары мен әдістерін ендіру арқылы салық ставкаларын арттырусыз түсімдерді барынша мол арттыратын болады.

      2008-2010 жылдарға арналған контингенттегі  жергілікті бюджет кірістерінің  болжамы кестеде келтірілген (Қосымша В. Кесте 4).

     2008 жылы контингентте салықтық түсімдердің  көлемі былтырғы жылдың қатынасы  бойынша 0,3 % (әлеуметтік салық  ставкасының орташа  30  % кемуіне байланысты) төмендеді, 2009 жылы – 15,1  %, 2010 жылы – 14,9  % өседі.

     Салықтық  түсімдердің болжамында ескерілді:

     Өскемен қаласында Тұрғын үй құрылысын дамытудың  мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудан ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді енгізу есебінен қосымша салықтық түсімдер;

     мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақыны 2009 жылы 25  %, 2010 жылы тағы 25  % көбейтуге  байланысты әлеуметтік салық және төлем  көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша қосымша түсімдер.

     2009 жылы 4  % дейін, 2010 жылы 5  % дейін   әлеуметтік есептеулерді ескеріп,  анықталған әлеуметтік салық  ставкасының өзгеруіне салықтық  түсімдер түзетілді. 

     Салықтық  түсімдер құрамындағы аса көп  көлемдер әлеуметтік салық және төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығының еншісіне келеді, салық салудың базасы еңбекақы төлеу қоры болып табылады.

Информация о работе Фискалдық саясат