Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа
Нарықтық қатынастарға көшу Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына, әсіресе қаржы саласының дамуына аса көңіл бөлуді қажет етеді. Мұнда ерекше орынды салық жүйесі алады. Ол мемлекеттік экономикалық саясат пен нарықтық қатынастарды реттеудің маңызды аспабы болып табылады. Салықтар жекелеген салықтардың дамуын ынталандырады немесе керісінше, оларды тежейді, жеке кәсіпорындар мен фирмалардың өндіріс және айналым ұстанымдарын төмендету үшін және әлемдік нарықта олардың бәсеке қабілеттілігін жоғарлату үшін алғышарттар құрайды.
Кіріспе..........................................................................................................................3
І. Фискалдық саясат теориясы
1.1 Фискалдық саясаттың түсінігі және мәні..........................................................5
1.2 Фискалдық саясаттың механизмі.......................................................................6
ІІ. Қазақстан Республикасының фискалдық саясаты
2.1 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатының жағдайы..................9
2.2 Қазақстан Республикасының фискалдық саясатты жетілдіру жолдары........16
Қорытынды..............................................................................................................18
Пайдаланылған әдебиеттер ..................................................................................19
Қосымша.............................................................................................................20
«Өндіріс, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционал-дық тобы бойынша шығындар аясында 2008-2010 жылдарға сәулет және қала құрылысы бөлімін және құрылыс бөлімін ұстауға ӨӨБ-ға 0,007 % деңгейінде қарастырылды.
«Көлік
және байланыс» функционалдық тобы
бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,344 % деңгейінде
шамаланды.
2.2
ҚР –да фискалдық
саясатты жетілдіру
жолдары
Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканы орнықты дамытудың іргетасы ретінде экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру жөніндегі жолдауына сәйкес салық жүйесінің ынталандырушы сипатын күшейту бағытында өзгерістер енгізілді.
2007
жылдан бастап салықтық
қосылған құн салығының ставкасы азайтылды (2007 жылдан бастап 14 %, 2008 жылдан бастап 13 % және 2009 жылдан бастап 12 %);
барлық жеке тұлғалар үшін жеке табыс салығының 10 процент деңгейінде тіркелген ставкасы енгізілді;
2008
жылдан бастап әлеуметтік
30 процентке азайтылды;
патент негізінде және жеңілдетілген декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режиміндегі салық ставкалары азайтылды;
ауыл
шаруашылығы шикізатын қайта
өңдеуші кәсіпорындардың
дивидендтерге қосарланған салық салу жойылды, бұны Дүниежүзілік Банк жоғары бағалады.
Мұның бәрі экономиканың шикізат емес секторын дамыту және оны әртараптандыру үшін шынайы ынталандыруға айналуға тиіс. Бұл ретте, бұл сценарий жеңілдіктер жойылмай және салық салынатын база кеңейтілмей, салықтық жүктемені азайту есебінен ғана іске асырылды.
Қазіргі уақытта дамыған елдердің салық саясаты экономикаларды жаһандандыру және салықтық бәсекені күшейту жағдайларында капиталдан алынатын кіріске салық салуды төмендету үрдісімен және салық салу ауыртпалығын ұтқырлығы неғұрлым аз объектілерге: тұтыну мен материалдық меншікке ауыстырумен сипатталады.
Осыған байланысты салық саясатын одан әрі дамыту оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның жаһандық процестердің қыр көрсетулеріне тиімділігіне бағытталуға тиіс.
Алдағы кезеңде шаруашылық жүргізуші объектілердің іскерлік белсенділігінің өсуін ынталандыруға, экономикаға салықтық жүктемені оңтайландыруға, салықтық рәсімдерді оңайлатуға және арттыруға бағытталған салық саясатында жаңа, қазіргі заманғы ұстанымды бастау жоспарланып отыр.
Фискалдық саясатты жетілдірудің негізгі бағыттары мыналар:
салық салудың қолданыстағы жүйесін талдау және бағалау негізінде әлемдік тәжірибені ескере отырып, экономика секторларында қолданыстағы жеңілдіктер мен преференцияларды қайта қарау және тиімсіз жеңілдіктерді, өз мақсаттарына жеткен жеңілдіктерді, сондай-ақ салық жүйесінің бейтараптығын бұзатын жеңілдіктерді жою жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
кәсіпкерлік орта үшін маңыздылардың бірі болатын корпорациялық табыс салығын азайту;
халықтың әлеуметтік жіктеріне жүктеме деңгейін сақтауды ескере отырып, орта мерзімді кезеңде салық ауыртпалығын заңды тұлғалардың кірісінен жеке тұлғалардың кірісіне кезең кезеңімен қайта бөлу жөнінде ұсыныстар тұжырымдау;
инвестициялық преференцияларға қол жетімділікті оңайлату;
салықтық және кедендік рәсімдерді одан әрі оңайлату және олардың ашықтығын арттыру.
Бұл
Қазақстанның халықаралық деңгейдегі
салықтық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға,
экономиканың шикізат емес секторы
қызметінің тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді.
Қорытынды
Сонымен, қорыта келе, алдағы кезеңдерде мемлекеттің фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру қажет. Фискалдық саясат қызметтерін бір органға шоғырландыру мақсатында Кедендік бақылау агенттігін комитет ретінде қайта құрып, Қаржы министрлігінің құзырына беру керек. Ал, Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттіктің заңнамалық міндеттері Қаржы министрлігіне, бақылау қызметі жаңа құрылған Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетіне өтеді. Осы тұрғыдан алғанда, Қаржы министрлігінің басты міндеті өз құзыретіне сәйкес, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің түсімдерін, әдістемелік басшылығын ұйымдастыру болады. Осыған байланысты министрліктің орталық аппаратын қысқартып, оған жалпы әдістемелік және талдамалық жұмыс жүктеген жөн болады.
Қаржыландыру саласындағы реформалардың негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтер мен функциялардың сапалы орындалуын және тұрғындардың мұқтаж дәрежесінің максималдығын қамтамасыз ететін айқын, тиімді және қалыпты бюджетке жету болып табылады.
Қаланың экономикалық көрсеткіштері жоғары сапаға жеткендігі туралы айтады. Бюджеттік жүйені жетілдіру бойынша тұрақты жүргізілетін жұмыс – үлкен роль атқарды. Бюджет мақсатты құжат ретінде қаралатын болды, ол тек ағымдағы жылды ғана емес, орта мерзімді келешектерді, оның болашақ нәтижелері мен тиімділігін бағалау және болжаумен экономикалық-әлеуметтік міндеттерді орындауға бағытталады.
Орта мерзімді фискалдық саясат алдын ала қаржыландыруды қамтамасыз ету керек, ол алдын ала жоспарлауға; бюджеттік үрдістің айқындығы мен тиімділігін арттыруға, бюджеттік үрдістің сабақтастығын және фискалдық тәртіптің артуын қамтамасыз ету мүмкіндігін туғызады.
Фискалдық саясаттың механизмі жалпы мемлекеттік ретінде қала үшін шынайы болып анықталады. Өткен қаржы жылындағы бюджеттің орындалуы мен экономикалық көрсеткіштеріне талдау және бағалау жүргізу негізінде жыл сайын фискалдық саясаттың негізгі бағыттары түзетіліп отырады.
Болашақта
фискалдық саясаттың рөлін осы
құжатты әзірлеу кезінде қарастырылған
мақсаттардың қаншалықты орындалғаны
арқылы бағалауға болады.
Пайдаланылған
әдебиттер тізімі
1. Қазақстан
Республикасы Президентінің
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесі
3. 2008-2010
жылдарға арналған Өскемен
4. 2008-2010
жылдарға арналған Өскемен
5. ҚР Салық кодексі//Алматы, 2008
6. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы
7. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов Е.Қ. «Экономиялық теория», Алматы – 2004 ж.
8. Ілиясов
Қ. Қаржы: Жоғары оқу
9. Шеденов
Ө. Жалпы экономикалық теория//
10.Смағұлова Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері//Алматы, 2005
11. Төреғожина М.Б. Экономиканы мемелкеттік реттеу//Алматы-2008
12. Кенжеболатова
Б. Экономиканы мемелкеттік
13. Аймақтық экономика//Алматы - 2005
14. Ихданов
Ж.О. Экономиканы мемлекеттік
реттеудің өзекті мәселелері//
15. Бердалиев
К.Б «Қазақстан экономикасын
Алматы – 2001.
16. Бейсенова
М., Садықбекова А. «Кәсіпорын
экономикасы», Алматы – 2006.
Қосымша
А.
Кесте
1 2005-2007 жж. өнеркәсіптік
өнімдердің көлемі
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2005 жыл | 2006 жыл | 2007 жыл |
Өңірлік өнімнің барлығы | млрд. теңге | 181,77 | 269,81 | 316,33 |
Өнеркәсіптік өнімдердің көлемі | млрд. теңге | 134,06 | 206,47 | 245,72 |
оның ішінде: | ||||
тау-кен өнеркәсібі | 0,4 | 0,57 | 0,62 | |
өңдеу өнеркәсібі | 117,89 | 190,7 | 227,7 | |
электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату | 15,77 | 15,2 | 17,4 | |
ауылшаруашылық өнімдерінің барлығы | млрд. теңге | 2,51 | 2,04 | 2,01 |
оның ішінде: | ||||
өсімдік шаруашылығы өнімдері | 1,92 | 1,31 | 1,32 | |
мал шаруашылығы өнімдері | 0,59 | 0,73 | 0,69 | |
Шағын кәсіпкерлік | ||||
Шағын
кәсіпкерлік субъектілерімен |
млрд. теңге | 19,0 | 22,2 | 25,2 |
Негізгі капиталдағы инвестициялар | млрд. теңге | 26,2 | 39,1 | 43,4 |
Еңбекақы төлеу қоры | млн. теңге | 45127,1 | 56753,9 | 74971,95 |
Орташа номиналды еңбекақы төлеу | теңге | 30954 | 36654 | 45253 |
Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі | % | 8,7 | 8,6 | 8,4 |
Кедейшіліктің төмен деңгейінде тұратын тұлғалардың саны | мың. адам | 3,73 | 3,427 | 1,539 |
Кедейшіліктің (орташа жылдық) шегі | теңге | 2146 | 3211 | 3404 |
Қосымша
Ә.
Кесте
2. 2008-2010 жылдарға арналған
Өскемен қаласының
әлеуметтік-экономикалық
дамуының орта мерзімді
жоспары
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл |
Өңірлік өнімнің барлығы | млрд. теңге | 367,93 | 445,79 | 543,19 |
Өнеркәсіптік өнімдердің көлемі | млрд. теңге | 289,68 | 358,92 | 446,58 |
оның ішінде: | ||||
тау-кен өнеркәсібі | 0,68 | 0,75 | 0,82 | |
өңдеу өнеркәсібі | 266,93 | 333,079 | 418,9 | |
электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату | 22,07 | 25,09 | 26,86 | |
ауылшаруашылық өнімдерінің барлығы | млрд. теңге | 2,11 | 2,19 | 2,28 |
оның ішінде: | ||||
өсімдік шаруашылығы өнімдері | 1,38 | 1,43 | 1,48 | |
мал шаруашылығы өнімдері | 0,73 | 0,76 | 0,8 | |
Шағын кәсіпкерлік | ||||
Шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өнімдер, тауарлар шығару, жұмыстар мен қызмет көрсетулер | млрд. теңге | 28,82 | 33,1 | 38,1 |
Негізгі капиталдағы инвестициялар | млрд. теңге | 47,32 | 51,58 | 56,23 |
Еңбекақы төлеу қоры | млн. теңге | 94914,5 | 124219,3 | 165121,5 |
Орташа номиналды еңбекақы төлеу | теңге | 53493 | 65248 | 80454 |
Жалпы жұмыссыздықтың деңгейі | % | 8,1 | 7,6 | 7,2 |
Кедейшіліктің төмен деңгейінде тұратын тұлғалардың саны | мың. адам | 1,447 | 1,36 | 1,278 |
Кедейшіліктің (орташа жылдық) шегі | теңге | 3608 | 3825 | 4054 |