Инвестиция есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 18:02, курсовая работа

Описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы:« Инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .

Содержание

Кіріспе
I. бөлім – Инвестиция ұғымы және теориялық мағынасы
1.1. Инвестиция ұғымы, жалпы сипаты
1.2. Инвестицияның жіктелуі
II.бөлім-Инвестиция есебі
2.1. Инвестиция түрлері және бағалануы
2.2.Инвестицияларды мүліктік түгендеу
2.3.Инвестициялық синтетикалық есебі
Қорытынды
Қолданған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 162.50 Кб (Скачать документ)

Қазтұтынуодағы  Қарағанды экономикалық университетінің 

Экономика, құқық және бизнес колледжі 
 
 
 
 
 

           

           

   0705002 мамандығы бойынша «Бухгалтерлік есеп» пәнінің                                                             

                                Курстық жұмысы                                                                                                                                                                  

    

       Тақырып: Инвестиция есебі

         

          
 
 
 
 
 

            

                                                               

                                                                                  Орындаған: Сыздықан.Д.А

                                                                                         Бух-33 (каз) тобы

                                                                                         57шифр

                                                                                         Тексерген: Өмірбаева. З.М 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   
 
 

Қарағанды қ. 2010-11ж. 
 

                                            Жоспар 

Кіріспе

I. бөлім – Инвестиция ұғымы және теориялық мағынасы

1.1. Инвестиция  ұғымы, жалпы сипаты

1.2. Инвестицияның  жіктелуі

II.бөлім-Инвестиция есебі

2.1. Инвестиция түрлері және бағалануы

2.2.Инвестицияларды  мүліктік түгендеу 

2.3.Инвестициялық синтетикалық есебі

Қорытынды

Қолданған әдебиеттер

Қосымшалар  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                               

                                                   

                                                Кіріспе

                                                                                                                                                                                                                                                                                               

    Менің курстық жұмысымның тақырыбы:« Инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде ҚР-ның экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды   тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы ҚР-ның экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды  тарту қажет» .  
       Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде аяғынан нық тұрды, өзінің әлеуметтік жауапкершілігін пайымдай бастады және өз қызметін соған сәйкес құруда. Бұл істе ұлттық компаниялар мен ірі инвесторлар қайырымдылық шараларына, білім, денсаулық сақтау, спорт пен мәдениет жобаларына қаржы бөлу арқылы үлгі көрсетуде...”, деп айтқандай еліміздің экономикасын жандандыру мақсатында құрылатын инвестициялық жобалардың маңызы зор.  
Бұл курстық жұмысымның мақсаты І бөлімінде инвестиция туралы ұғымға түсінік бере отырып, оның жіктелуіне тоқталамын, ал ІІ бөлімінде инвестиция есебін көрсете отырып, оның түрлерін, инвестицияның бағалауын анықтау, есеп беруде инвестицияны ашып көрсету болып табылады

      Инвестиция (лат. Investire – киіндіру ) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат. Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық, әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес. Инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді.                                                                              

    Негізгі капиталға салынатын инвестицияқұрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай – ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар. Мал, екпе ағаштары, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармаларының түпнұсқалары, жаңа ақпарат жатады.Негізгі капиталға салынған инвестиция елдің экономикалық өрлеуінің негізгі факторлары болып табылады.  Нарықтық экономика жағдайында шетелдік инвестицияны тарту  және пайдалану тек қаражаттың ғана емес, сонымен бірге шетелдік технологиялардың, басқару тәжірибесіннің де ағылып келуін қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарға жол ашады, ірі құрылымдық өзгерістерге, нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуына, инновациялық процестердің кеңеюіне, экономиканың жекеше секторының қалыптасуына серпін береді. Қазақстан үшін тікелей шетелдік инвестиция неғұрлым тиімді. Ол қабылдаушы елдің шаруашылық қызметінде инвестордың ұзақ мерзімді мүддесін қанағаттандырады және сыртқы борышты қалыптастырмайды. ТМД елдерінің арасында Қазақстан экономикаға тартылған шетелдіік инвестиция көлемі бойынша көш бастап келеді. Қазақстан шет ел капиталын несие мен қарыз нысанында да тартты. Қазақстанға Австрияның, АҚШ-тың, Қытайдың, Түркияның, Еуро.Одақтың және басқа елдердің несие желілері ашылды. Қазақстан ТМД елдерінің арасында сыртқы борыш бойынша міндеттемелерін мерзімінен бұрын төлеген жалғыз ел болды, мұның өзі еліміздің халықаралық инвестициялық беделін көтерді. Қоржындық инвестицияұзақ мерзімді борышқорлық міндеттемелер мен бағалы қағаздарға салынған қаражат, капиталға қатысуды және салынған капиталға шаққанда табыс алуды қамтамасыз етеді. Әлемдік практикада капитал қорланымы мен халықтың жинақ ақшасының көп бөлігі бағалы қағаздар мен басқа да қаржы қүұралдары арқылы жанама түрде өндірісті инвестициялауға қатысады. Мысалы, әлемдік инвестициялық байлықтың  жалпы көлеміндегі қаржы байлығының үлесі көп – 57,7%. Халықтың ақшалай қаражатының қорланымына келетін болсақ, АҚШ- та бағалы қағаздарға(негізінен акцияларға) салынған инвестицияның жалпы көлемдегі үлесі 50%-дан асады. Қазақстанда халықтың акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар сатып алуға жұмсалған шығыны олардың жалпы көлемінің 3%-ынан аспайды. Мұндай жағдайдың себебі қор нарығы мен қаржы құралдарының дамымағандығында. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

I. Инвестиция ұғымы және теориялық мағынасы 

1.1 Инвестиция  ұғымы және жалпы сипаты

 

  Инвестиция деген (лат. «Invest”) өндірісті дамыту үшін  ақшалай, материалды және еңбекті шығындар жиынтықтар болып танылады. Инвестициялық қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

   Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (кұрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) каражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айкындайды (борышқорлық).

    Инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне карай, қысқа, ұзақ мерзімді және орташа мерзімді болып бөлінеді.

    Инвестиция салынған максаты бойынша: нақты, қаржылық және интеллектуалды болып танылады.

   Накты инвестициялар - бұл салынған капиталдың нәтижесінде капиталдың өсуі немесе жаңа материалдық қордың (капиталдың) пайда болуы.

    Қаржылық инвестициялар (портфельді)— бұл акция, облигация және басқада құнды қағаздарға (банктік депозиттерге) салынған капиталдар, бұл жерде  капиталдың өсуі немесе жаңа материалдық қордың (капиталдың) пайда болуы болмайды, бұл жерде меншік тек сатылады, ауысады, беріледі.

   Интеллектуалды деген- ол, ғылыми ұйымдарға мамандар дайындау, тәжірибе алмасу, лицензия және «ноу-хау», бірлесіп ғылыми жұмыстар жасау және т.б. жатады.

  Меншік формасы бойынша (иелігі): мемлекетгік (Үкіметпен Ұлттық Банктін, борышкерлік міндеттемелері), муниципалдық (жергілікті атқару органдарының борышкерлік міндеттемелері) және корпоративтік (шаруашылық жүргізуші субъектілердің жарғылық капиталын қалыптастыру немесе қаржылық,-шаруашылық қызметін жүргізу үшін қажет қаражатты тарту максатымен колданыстағы заңға сәйкес шығарылатын), аралас, шетелдік болып бөлінеді.

   Мәмілеге байланысты шығарылатын бағалы қағаздар: фондық, (акциялар, облигациялар) және саудалық (коммерциялык векселдер, чектер, коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінді.

Фондылық, бағалы кағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар кор биржаларында айналыска түседі.

   Саудалык, бағалы қағаздар коммерциялық бағытка ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне кызмет көрсетуге арналган.

   Нарыктағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы кағаздарды нарыктық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

   Нарыкта болатын бағалы кағаздар биржалық немесе биржалык емес айналым шеңберінде нарыкта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсыньлмайды.

   Инвестор инвестициялық мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді қалыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету кабылданған: бірінші тип — өсім қоржыны, екінші тип — табыс қоржыны.

   Қоржынның бірінші типінің мақсаты өсімді көбіне дивиденттер мен проценттер алу есебінен емес, бағалы қағаздардың багамдық (курстық) өсімінің есебінен алу болып табылады. Бұл негізгі салымның басым бөлігін акция құрайды.

   Қоржындардың екінші дивидентгер мен процентгер есебінен табыс алу болып табылады. Қоржынның бұл типі тәуекел кезінде алдын ала жоспарланған табыстың деңгейін камтамасыз етеді және онда тәуекелділіктің деңгейі нольге тең болады. Қоржындардың аталған типін инвестициялау объектілері ретінде сенімділігі жоғары бағалы қағаздар алынады. Оның құрамына енетін корлардың инструменттеріне байланысты олар: конверттелетін, нарыктык ақшалай және облигациялар болып бөлінеді. Конверттелетін (айырбасталынатын) коржындар: айрықша акциялардан және облигацияларынан тұрады. Мұндай қоржын оны құрайтын бағалы кағаздардың есебінен нарық коньюктурасы мүмкіндік беретін болса, онда оларға жай акциялардың өзі де, қосымша табыс әкелуі мүмкін. Баскаша жағдайда, қоржын инвестициясы тек тәуекелділік төмен болған кезінде гана табыспен камтамасыз етіледі.

   Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толык сактау мақсатынан тұрады. Оның күрамына ақшалай каражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар коржындары облигациялардың есебінен калыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.Қоржындардың өсуіне қоржынға еңген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары түрақты кұрамға және кұрылымға ие.

  Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып бөлінеді.

Информация о работе Инвестиция есебі