Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 12:45, реферат
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Қаржылық инвестиция есебі» болып табылады. Бұл тақырыпты таңдаған себебім, қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының экономикасына инвестицияны жұмылдыру, әсіресе отандық және шетелдік инвесторларды тарту өзекті мәселе болып отыр. Жалпы Қазақстан Республикасының экономикасын көтеру үшін белгілі бір бағытта ақша қаражаттарын салуды қажет етеді. Былай делінген: «Қазақстанда ең жоғарғы деңгейдегі осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші компанияларды тарту қажет» .
КІРІСПЕ: ............................................................................................5
I.Негізгі бөлім: Инвестиция есебі...................................................6
Инвестиция түсінігі және жіктелуі........................................6
Инвестицияның бағалануы...................................................10
II. Бөлім: Қаржылық инвестиция есебі......................................17
2.1 Қаржылық инвестиция есебі...............................................17
2.2 Қаржылық инвестицияның бағалануы және қайта
бағалануы...........................................................................................30
2.3 Инвестицияның синтетикалық есебі ..................................39
Қорытынды: .....................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі: ....................................................44
Қосымша: ..........................................................................................45
“Топар” АҚ сатып алғаннан кейін, бір жылдан соң, “Топар” АҚ өзінің кейбір негізгі құралдарына 300 мың теңгені қайта бағалауды жүргізген. Бірінші жылдың қортындысы бойынша “Топар” АҚ 9900 мың теңге зиян шексе, ал “Күнгей” АҚ 5000 таза табыс тауып, 2000 теңге деңгейінде дивидентті жария еткен. Ал келесі жылы “Арко” АҚ кейбір негізгі құралдарының бағасын 410 мың теңгеге түсірген, ал “Күнгей” АҚ керісінше, 500 мың теңгеге көтерген.
Екінші жылдың қорытындысы бойынша “Күнгей” АҚ 1000 мың теңге таза табыс тауып, 200 мың теңгеге дивидендті жария еткен, “Арко” АҚ – 1500 теңге деңгейінде зиян шеккен.
Енді осы жасалған операциаларымен байланысты бухгалтерлік жазбасын қарастырып көрейік.
Қатар № |
Шаруашылық операциялар мазмұны |
Сомасы, теңге |
Бухгалтерлік жазу | |
Дебет |
Кредит | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Заңды тұлғалардан оларда қалыптасқан баға бойынша акциялары сатып алынды: -«Арко» АҚ-33%айналысындағы акциясы -«Күнгей»АҚ-28%айналысындағы акциясы |
4600000 |
2210 |
3310 |
Жиыны |
7710000 |
|||
Бірінші жылы | ||||
2 |
“Арко” АҚ өзінің кейбір негізгі құралдарының обьектісін қайта бағалаудың нәтижесінде үлестік қатысу әдісі сомасы артып, инвестицияның құны өскен “Күнгей”АҚ үлестік қатысу сомасы қайта бағаланған сомаға өсіп, ол 99000 теңге құраған (300000*33%) |
|
|
|
3 |
Бірінші жылдық нәтижесі бойынша: -инвестицияның құнының өсуімен бірге «Арко» АҚ үлесі өскен, өйткені «Күнгей» ААҚ үлесі 1400000 теңге құраған(5000000*28%) -“Арко”АҚ зиян шеккендіктен
,”Күнгей”АҚ инвестициясының “Арко”АҚ шеккен зияннан “Күнгей” АҚ-на тиесілі 3267000(9900000*33%)теңге құраған (Шеккен зиянының үлесі инвести-цияның құнынан асып түскендіктен, инвестицияның құнын нольдік деңгейге дейін жеткізіп, ал қалған 58000 теңге сомасы баланстан тыс шотта есепке алынған(3267000-3110000-99000) -“Арко”АҚ –нан “Топар”АҚ
–на тиесілі, дивиденд |
3209000 58000 560000 |
7610, 7620 1220, 1240 |
2210 2210 |
Екінші жыл | ||||
5 |
“Топар” АҚ –ында инвестициясы-ның құны азайған, өйткені “Арко” АҚ өзінің кейбір негізгі құралдары-ның құнын арзандатқан. -бұрындары жасалған қайта бағаланған соманың -бұрындары артық жасалған соманың шегінде 36000 теңге(135300-99000) |
36000 |
7330, 7610 |
2210 |
6 |
“Арко”АҚ өзінің негізгі құралдарын қайта бағалаудың нәтижесінде, ”Топар” АҚ –ның қатысу үлестік құны, яғни инвестициясының құны өскен |
|
|
|
Екінші жылдың нәтижесінде “Топар” АҚ балансында 5160000 теңгеге “Арко” АҚ –ның және 70700 теңге “Күнгей” АҚ –ның инвести-циясы көрініс тапты. Нәтижесінде ол 5230700 теңге құрады. |
|
|
Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:
• шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табыстағы қатысу үлесі инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан бөлінеді;
• шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан бөлінеді;
• тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді.
Инвестор «Топар» АҚ 70000 теңге құнындағы «Шығыс» АҚ қатысты 35% акциясын иеленді.
а) инвестицияның сату құнына :
Д К
2210 1030 70 000
Жыл қорытындысы бойынша:
- тәуелді серіктестіктің таза табысы-30000 теңге болады.
- жарияланған дивидендтер-15000 теңге
ә) таза табыс үлесіне:
Д К
2210 7610, 7620 30000*35%=10500теңге
б) дивиденттер үлесіне:
Д К
2170 2210 15000*35%=5250 теңге
Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвестицияның баланстық құны кемиді.
Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс.
Инвестордың қаржылық-шаруашылық
қызметінің нәтижелері туралы есепте
инвестиция табысы тәуелді шаруашылық
серіктестігінің жинақталған
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептелінеді, егер де инвестицияны жақын арада сату мақсатында алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын себептерінің катарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы дивидендтерді бөлудің саясатына араласса кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді (табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдың өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін жүзеге асуры туралы келісімдерде карастырылған дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне енуі және басқа да кедергілердің болуы мүмкін.
Егер де дивиденд инвестицияны алғанға дейін алынса, онда ол капиталды қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.
II. Қаржылық инвестиция есебі
2.1 Қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.
Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвестициялардың есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.
Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында І және ІІ бөлімдерінде 1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.
Еліміздің нарықтық экономикалық
жолымен дамуы барысында
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді.
Ал қаржылық инвестициямен
осы құнды қағаздар нарығы тікелей
байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік
қоғамдар мен басқа да шаруашылық
субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары,
инвестициялық және мемлекеттік
емес зейнетақы қорлары тіркелген.
Осы жоғарыда аталған субьектілер
барлық құнды қағаздар нарығының
потенциялды қатысушылары қатарына
жатады. Олардың кейбіреулері эмитент,
ғни айналымға құнды қағаздар
шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор
ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық
субьектісіне жаңа технология енгізу,
өндірісті модернизациялау, реконструкциялау
әрқашан ірі капитал салымын
керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару
үшін өндірушілерде әр уақытта капитал
бола бермейді. Бұл шаруашылық субьектілері
қарыз капитал нарығына несиелер
мен заемдарының қаражаттарын,
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады.
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.
Эмитент ретінде кім болғанына
Мемлекеттік құнды қағаздар бағалы қағаздардың бұл түрі ҚР-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі ҚР-сы Ұлттық Банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаздар болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республиканың бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес ҰБ мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
Муниципалды құнды қағаздар -бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат -құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу тағы да басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар -шаруашылық субьектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атаймыз. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай ;
ә) капиталды ;
Ақшалай бағалы қағаздар - ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни 1 жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субьектісінің қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвистициялық болып екі топқа бөлінеді:
Қарыздық құнды қағаздар бойынша эмитент
өзі белгіленген уақыт
Инвестициялық құнды қағаздар -иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екі түрге бөлінеді:
Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар мен облигациялар жатады.
Саудалық құнды қағаздар – белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықтық және нарықтық емес болып екіге бөлінеді:
Нарықтық құнды қағаздар -айналыста еркін сатылып немесе сатып алынады. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес құнды қағаздар - қолдан -қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді. Мұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.
Бағалы қағаздар атқаратын рөлі бойынша :
Акция- акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субьектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жай және артықшылығы бар деп екіге бөлінеді.
Жай акциялар -акционерлік қоғамды
Артықшылығы бар акциялар -басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивидендтер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар, артықшылығы бар акциялар шаруашылық субьектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылу кезінде жай акционерлер салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы акциялар мен ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөлінеді: